Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімдi iске
асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 21 желтоқсандағы № 1337 Қаулысы
(2017.25.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімнiң 4-бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.21.06. № 568 (бұр. ред. қара); 2007.23.05. № 412 (бұр. ред. қара) ; 2007.13.09. № 800 (бұр.ред.қара); 2010.31.08. № 851 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметініің 2014.29.07. № 840 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.10. № 1079 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.08. № 488 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.25.01. № 14 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының шеңберiнде жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |