Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму
Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу
және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімдi iске
асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 21 желтоқсандағы № 1337 қаулысы
(2007.23.05. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 13 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімнiң 4-бөлiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.21.06. № 568 (бұр. ред. қара); 2007.23.05. № 412 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберiнде Жыл сайынғы техникалық ынтымақтастық бағдарламалары мен әкiмшiлiк қаржы сметаларын бекiтуге өкiлеттiк берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |