Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 1293
қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 29.10.04 ж. № 1125
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 45-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының шекарасын карантиндiк және аса қауiптi инфекциялардың әкелiнуiнен қорғау жөніндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi оны: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мен "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемелерiне (бұдан әрi - Органдар) аталған Комитеттiң аумақтық органдары штат санының бекітілген лимитi шегiнде бөлу жолымен;
2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесi оны: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мен "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемелерiне (бұдан әрi - Мекемелер) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың бөлу теңгерiмдерiн, органдар туралы ережелерiн, мекемелердiң жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 1293
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
8-бөлiмiнде:
"Әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық станция 68"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңтүстiк-Шығыс аймақтық
әуе көлiгiндегі санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 26,
Солтүстiк-Батыс аймақтық
әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 11";
мынадай:
"Қазақстан Республикасының көлiктегi орталық
санитарлық-эпидемиологиялық станциясы 244
Ақмола аймақтық көлiктегi мемсанэпидқадағалау орталығы 229
Батыс аймақтық көлiктегi мемсанэпидқадағалау орталығы 175"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы аймақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 131
Ақмола аймақтық темір жол көлiгіндегі
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 121
Батыс аймақтық темір жол көлiгіндегі
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 90".
2. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
5 "Денсаулық сақтау" деген функционалдық топта:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" деген кiшi функцияда:
226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген
әкімшi бойынша:
051 "Қатерлi жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес
жүргiзу" деген бағдарламада:
032 кішi бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"032 Оңтүстiк-Шығыс аймақтық
әуе көлiгiндегі санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 5744,7";
мынадай мазмұндағы 000 кішi бағдарламамен толықтырылсын:
"000 Солтүстiк-Батыс аймақтық
әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 472,3".
3. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1125 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 16-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
051 "Aca қауiптi жұқпалардың алдын алу және оларға қарсы күрес" деген бағдарламасында:
032 кiшi бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"032 Оңтүстiк- Осы мекемеге 2002 Қазақстан
Шығыс жүктелген жыл Республикасының
аймақтық функцияларды Денсаулық сақтау
әуе көлiгіндегі орындауға министрлігі
санитарлық- бекітілген штат Мемлекеттік
эпидемиологиялық санының санитарлық-
сараптама 26 бiрлiгiмен эпидемиологиялық
орталығы Оңтүстiк- қадағалау комите.
Шығыс тінің Оңтүстік-
аймақтық әуе Шығыс аймақтық
көлiгіндегі әуе көлiгіндегі
санитарлық- санитарлық-
эпидемиология. эпидемиологиялық
лық сараптама сараптама
орталығын ұстау орталығы";
мынадай мазмұндағы 000 кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"000 Солтүстiк- Осы мекемеге 2002 Қазақстан
Батыс жүктелген жыл Республикасының
аймақтық функцияларды Денсаулық сақтау
әуе орындауға министрлігі
көлiгіндегі бекітілген штат Мемлекеттік
санитарлық- санының санитарлық-
эпидемиологиялық 11 бiрлiгiмен эпидемиологиялық
сараптама Солтүстiк-Батыс қадағалау кoмите.
орталығы аймақтық әуе тiнiң Солтүстiк-
көлiгіндегі Батыс аймақтық
санитарлық- әуе көлiгіндегі
эпидемиология. санитарлық-
лық сараптама эпидемиологиялық
орталығын ұстау сараптама
орталығы".