Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 1293
қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 45-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының шекарасын карантиндiк және аса қауiптi инфекциялардың әкелiнуiнен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi оны: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мен "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемелерiне (бұдан әрi - Органдар) аталған Комитеттiң аумақтық органдары штат санының бекiтiлген лимитi шегiнде бөлу жолымен;
2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттiк мекемесi оны: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мен "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемелерiне (бұдан әрi - Мекемелер) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың бөлу теңгерiмдерiн, органдар туралы ережелерiн, мекемелердiң жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 9 желтоқсандағы N 1293
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
8-бөлiмiнде:
"Әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық станция 68"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңтүстiк-Шығыс аймақтық
әуе көлiгiндегі санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 26,
Солтүстiк-Батыс аймақтық
әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 11";
мынадай:
"Қазақстан Республикасының көлiктегi орталық
санитарлық-эпидемиологиялық станциясы 244 Ақмола аймақтық көлiктегi мемсанэпидқадағалау орталығы 229
Батыс аймақтық көлiктегi мемсанэпидқадағалау орталығы 175"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы аймақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 131 Ақмола аймақтық темiр жол көлiгiндегi
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 121 Батыс аймақтық темiр жол көлiгiндегi
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 90". 2. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
5 "Денсаулық сақтау" деген функционалдық топта:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" деген кiшi функцияда:
226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген
әкімшi бойынша:
051 "Қатерлi жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес
жүргiзу" деген бағдарламада:
032 кішi бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"032 Оңтүстiк-Шығыс аймақтық
әуе көлiгiндегі санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 5744,7";
мынадай мазмұндағы 000 кішi бағдарламамен толықтырылсын:
"000 Солтүстiк-Батыс аймақтық
әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 472,3".
3. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 21 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 7-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Органдар" деген бөлiмде:
1-тармақтағы:
1), 2), 3) тармақшалардың бiрiншi абзацтары "басқармасы" деген сөзден кейiн "төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бipгe" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.";
"Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер:
1) Алматы аймақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
Шымкент бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Жамбыл бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Семей бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Защита бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
2) Ақмола аймақтық темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
Қостанай бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Қарағанды бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Павлодар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Жаңа Арқа бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Көкшетау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Атбасар бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
3) Батыс аймақтық темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетілген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
Атырау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Орал бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Қызылорда бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Маңғыстау бөлiмшелiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
4) Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
5) Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгiндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы".
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 16-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
051 "Aca қауiптi жұқпалардың алдын алу және оларға қарсы күрес" деген бағдарламасында:
032 кiшi бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"032 Оңтүстiк- Осы мекемеге 2002 Қазақстан
Шығыс жүктелген жыл Республикасының
аймақтық функцияларды Денсаулық сақтау
әуе көлiгiндегi орындауға министрлігі
санитарлық- бекітілген штат Мемлекеттiк
эпидемиологиялық санының санитарлық-
сараптама 26 бiрлiгiмен эпидемиологиялық
орталығы Оңтүстiк- қадағалау комите.
Шығыс тінің Оңтүстік-
аймақтық әуе Шығыс аймақтық
көлiгiндегi әуе көлiгiндегi
санитарлық- санитарлық-
эпидемиология. эпидемиологиялық
лық сараптама сараптама
орталығын ұстау орталығы";
мынадай мазмұндағы 000 кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"000 Солтүстiк- Осы мекемеге 2002 Қазақстан
Батыс жүктелген жыл Республикасының
аймақтық функцияларды Денсаулық сақтау
әуе орындауға министрлiгi
көлiгiндегi бекітілген штат Мемлекеттiк
санитарлық- санының санитарлық-
эпидемиологиялық 11 бiрлiгiмен эпидемиологиялық
сараптама Солтүстiк-Батыс қадағалау кoмите.
орталығы аймақтық әуе тiнiң Солтүстiк-
көлiгiндегi Батыс аймақтық
санитарлық- әуе көлiгiндегi
эпидемиология. санитарлық-
лық сараптама эпидемиологиялық
орталығын ұстау сараптама
орталығы".