Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық
бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 31 қаңтардағы № 143 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 143а; 07.06.02 ж. № 611; 17.07.02 ж. № 795;
19.08.02 ж. № 143б; 21.10.02 ж. № 143в; 02.11.02 ж. № 143г; 22.11.02 ж.
№ 143д; 28.11.02 ж. № 143е; 09.12.02 ж. № 1293; 21.12.02 ж. № 143ж;
27.12.02 ж. № 143з қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 12.04.02 ж. № 143а қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. 1-46-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі
2002 жылға арналған
007 "Орта кәсiптiк білімдi мамандарды республикалық деңгейде даярлау"
Республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 54519 мың теңге (елу төрт миллион бес жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 273-ІІ "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389-1 "Білім туралы" Заңының 4, 8, 24, 35, 43-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы № 4153 "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 "Қазақстан Республикасының "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында 2000-2005 жылдары денсаулық сақтауды одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" № 790 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республика азаматтарының денсаулығын сақтау мен нығайту, халыққа жоғары біліктi медициналық көмек көрсету, салауатты өмiр салтын насихаттау мақсатында денсаулық сақтау саласын орта медициналық және фармацевтикалық білімi бар біліктi мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: орта медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды білім берудің Мемлекеттік стандартына сәйкес даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 007 Орта кәсіптік Білім берудің 2002 жыл Қазақстан білімді Мемлекеттік стандарт- Республика- мамандарды тарына сәйкес оқу сының республикалық процесiн жүргiзу Денсаулық деңгейде Оқушылардың жылдық сақтау даярлау орташа контингентi 600 министрлігі адамды құрайды. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: алғашқы
медициналық көмек көрсету, санитарлық-эпидемиологиялық және зертханалық
қызмет, балалар мен босандыру ұйымдары үшiн орта медициналық білімдi
мамандарды, обаға қарсы станциялар, туберкулезге қарсы және жүйке
неврологиялық диспансерлерi үшiн, геронотологиялық ұйымдар, хоспистер,
аллергиялық-иммунологиялық орталықтар, ЖҚТБ орталықтары үшiн еңбек
нарығында бәсекеге қабiлеттi мамандар даярлап шығару.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
2 қосымша
ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. № 143в қаулысымен 2 қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі
2002 жылға арналған 010 "Кадрлардың біліктiлiгiн көтеру
және қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 132022 (жүз отыз екi миллион жиырма екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" № 389-1 Заңы, 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" № 453-1 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы "Мемлекеттік қызметтi атқарудың тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" № 357 Жарлығы, 1998 жылғы 18 мамырдағы "Мемлекеттік қызметкерлердi даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн көтерудi жетiлдiру жөніндегі бұдан әрi шаралар туралы" № 4075 Жарлығы, 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстанды 2030 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 3956 Жарлығы; 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы" № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды одан әрi дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 25 мамырдағы № 790 қаулысы; Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкi арасындағы 1999 жылғы 20 мамырдағы Заем туралы № 4457 келісім.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қойылған біліктiлiк талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердiң, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң кәсiби білімi мен дағдыларын жаңарту және тереңдету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: саланың қажеттiлiгiне сәйкес кадрлардың біліктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметкерлердiң, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн көтеру мен қайта даярлау жөніндегі білім беру функцияларын жүзеге асыру, алдыңғы қатарлы тәжiрибенi насихаттау мен тарату және отандық және шетелдiк медицинаға қол жеткізу, мемлекеттік қызметкерлер мен медициналық кадрлардың емдеу, педиатрия, стоматология, фармацевтика, медициналық-биологиялық, медициналық-алдын алу, медбикелiк бейiн, шығыс медицинасы бойынша біліктiлiгiн көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
010 "Кадрлардың біліктiлiгiн көтеру және қайта даярлау" 005 Мемлекеттік Біліктілікті арттырудың 2002 жыл Қазақстан қызметкерлер- бекітілген жоспарына Республикасы дің біліктi- сәйкес Қазақстан Денсаулық лiгiн көтеру Республикасы Денсаулық сақтау сақтау министрлігінің, министрлігі Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің, аумақтық бөлімшелердің 160 қызметкерінің білік- тілігін көтеру- 030 "Мемлекеттік Жоспарға сәйкес емдеу, 2002 жыл Қазақстан денсаулық педиатрия, стоматология, Республикасы- сақтау фармацевтика, медициналық- ның Денсаулық ұйымдары биологиялық, медициналық- сақтау кадрларының алдын алу, медбикелiк министрлігі біліктiлiгiн бейiн, шығыс медицинасы көтеру және бойынша мемлекеттік қайта денсаулық сақтау даярлау" ұйымдарының 9500 кадрларының біліктiлiктерiн көтеру мен қайта даярлау (мерзiмi 2 аптадан 5 айға дейiн)- Медицина академиясы мен дәрiгерлердiң білімiн жетiлдiру институтының маңында жалпы практика дәрiгерлерiн оқытудың 7 клиникалық үлгiлiк орталықтарын құру. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: практикалық
денсаулық сақтаудың талаптарына сәйкес келетiн кәсiби білім мен дағдыларды
тереңдету, жаңа кәсiп пен мамандықтарға иелiк ету. Бiлiктiлiк өткеру мен
қайта даярлаудың бюджеттік қаражатын тиiмдi әрi мақсатты пайдалану.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
3 қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі
2002 жылға арналған 009 "Жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау"
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 594299 мың теңге (бес жүз тоқсан төрт миллион екi жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 273-II Заңы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 18 мамырдағы "ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" № 3956 Жарлығы; 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" № 4153 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында 2000-2005 жылдары денсаулық сақтауды одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" № 790 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық білімi бар біліктi мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1999 жылға дейiн медициналық жоғары оқу орындарына түскен жоғары медициналық білімi бар мамандарды сапалы даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 009 "Жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау" 091 "Ел iшіндегі Оқу процесiн білім 2002 жыл Қазақстан жоғары оқу берудiң мемлекеттік ішінде Республика- орындарында стандарттары талаптарына сының кадрларды сәйкес жүргiзу; Денсаулық даярлау" Оқу, әдiстемелiк сақтау жұмыстар, енетiн білім министрлігі беру қызметiн жетiлдiру; Оқу процесiн ұйымдастыру үшiн жағдай жасау; Оқытудың орташа жылдық контингентi 5208 студент. |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындаудан күтiлетін нәтижелер:
Мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес жоғары
кәсiби білімдi, еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттi мамандарды уақытылы әрi
тиiмдi даярлау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
4 қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі
2002 жылға арналған 050 "Жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім
беру гранты бойынша" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 363861 мың теңге (үш жүз алпыс үш миллион сегiз жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 273-II Заңы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389-I Заңы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 "Қазақстан Республикасының "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" қаулысы; "Мемлекеттік білім беру гранттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; 1999 жылғы 24 сәуірдегі "Мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде студенттер контингентiн қалыптастырудың жаңа үлгiсi туралы" № 464 қаулысы; "Жоғары білімдi мамандарды даярлауға 1999-2000 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 1999 жылғы 2 маусымдағы № 698 қаулысы; "Жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiн ел iшiнде білім алған мамандарды даярлауға 2000-2001 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 731 қаулысы; "Жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiн ел ішінде білім алған мамандарды даярлауға 2001-2002 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2001 жылғы 30 мамырдағы № 738 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Жоғары медициналық білімдi кадрларды өтеусiз негiзде сапалы даярлауды қамтамасыз ету; білім беру бағдарламаларын жетiлдiру, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын енгізу, кәсіптiк білім берудің деңгейiн көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 050 "Жоғары оқу Кәсіптiк жоғары білiмдi 2002 жылғы Қазақстан орындарында және жоғары оқу орнынан қыркүйек, Республика- мемлекеттік кейiн ел ішiнде кәсiптiк желтоқсан сының білім беру білім алған мамандарды Денсаулық гранты даярлауға жыл сайын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы министрлігі кадрларды Үкіметі қаулысымен даярлау" бекітілетiн мемлекеттік білім беру тапсырысына 034 Елдiң жоғары сәйкес студенттердi оқу орындары- қабылдау- Оқу процесiн на қабылдау- білім берудің мемлекеттік дың жаңа түрі стандарттарына сәйкес шеңберiнде жүргiзу, оқу, әдiстемелiк кадрларды жұмыстар, енетiн білім даярлау" беру қызметiн жүзеге асыру оқу процесiн ұйымдастыру; үшiн жағдай жасау, білім бағдарлама- ларын жетiлдiру- Оқытудың орташа жылдық контингентi 367 студент- 091 Кәсiптiк жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiн ел iшiнде кәсiптiк білім алған мамандарды даярлауға жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілетiн мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқу процесiн жүргiзу- Оқу процесiн білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүргiзу, оқу әдiстемелiк жұмыстар, енетiн білiм беру қызметiн жүзеге асыру, оқу процесiн ұйымдастыру үшiн жағдай жасау, білім бағдарламаларын жетiлдiру. Оқытудың орташа жылдық контингентi 3110 студент. |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Кәсiптiк
жоғары білім алу үшiн мемлекеттік білім беру несиелерiн беру жолымен
кәсiптiк білім берудің деңгейiн көтеру; қоғам дамуындағы интеллектуалдық,
мәдени және рухани деңгейдi жоғарылату.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
5 қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі
2002 жылға арналған 057 "Ғылыми кадрларды стипендиямен
қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 34776 мың теңге (отыз төрт миллион жетi жүз жетпiс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 273-II Заңы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 қарашадағы "Мемлекеттік білім беру гранты туралы" № 1781 қаулысы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң 2000 жылғы 6 желтоқсандағы № 1134 бұйрығымен бекітілген және 2001 жылғы 10 қаңтардан бастап Әдiлет министрлігінде тiркелген "Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білім беру туралы ереже".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік тапсырыс бойынша кандидаттық, докторлық және клиникалық ординатураға дайындық кезеңiнде оқитын ғылыми кадрларды әлеуметтiк қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын ғылыми кадрларға тамақ, тұрмыс, оқу-әдiстемелiк әдебиеттер алу шығындарын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 057 "Ғылыми Аспирантурада, 2002 жыл Қазақстан кадрларды докторантурада, iшiнде Республика- стипендиямен клиникалық ординатурада сының қамтамасыз оқитындарға оқитындардың Денсаулық ету" жеңiлдiк санаттарына сақтау стипендия тағайындау министрлігі және төлеу тәртібі жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік 273 стипендия төлеу- |
7- Бюджеттік бағдарламаның орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
аспиранттарды, докторанттарды, клиникалық ординаторларды стипендиямен
қамтамасыз етуге бағытталған қаражатты уақытылы әрi мақсатты пайдалану.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
6 қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсі
2002 жылға арналған 058 "Ғылыми кадрларды даярлау"
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20063 мың теңге (жиырма миллион алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 273-ІІ Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы", 2001 жылғы 9 шiлдедегi "Ғылым туралы" Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 "ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жоғары білiмдi мамандарды даярлауға 1999-2000 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 1999 жылғы 2 маусымдағы № 698 қаулысы; "Жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiн ел iшiнде білім алған мамандарды даярлауға 2000-2001 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 731 қаулысы; "Жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiн ел iшiнде білім алған мамандарды даярлауға 2001-2002 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" 2001 жылғы 30 мамырдағы № 738 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында 2000-2005 жылдары денсаулық сақтауды одан әрi дамыту тұжырымдамасы туралы" № 790 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары оқу орнынан кейін алған кәсіптік білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қазіргі кездегі жоғары білікті мамандарға қойылатын талаптарды ескере отырып, жоғары білікті ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 058 "Ғылыми Жоғары оқу орындарында Жыл бойы Қазақстан кадрларды және ғылыми ұйымдарда Республика- даярлау" докторлық және сының кандидаттық диссерта- Денсаулық циялар түрiнде өзектi сақтау тақырыптар бойынша министрлігі жеке ғылыми зерттеулер әзiрлеу; Докторанттардың, аспиранттар мен клиникалық ординаторлардың жылдық орташа саны - 273 |