Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының
ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 7 қаңтардағы № 27 қаулысы
(2003.24.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысымен күші жойылды
Екі қазақстандық ғарышкерді жоспарлы дайындауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
ҚР Үкіметінің 23.07.02 ж. № 816 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды Ресей тарапымен келiсу бойынша Ю.A. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығына дайындықтан өтуге жiберу үшiн оларды iрiктеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.
ҚР Үкіметінің 23.07.01 ж. № 991 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ғарышкерлікке кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін 4 000 000 (төрт миллион) теңге бөлсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 7 қаңтардағы
№ 27 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының
ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
Құрамы
ҚР Үкіметінің 23.07.02 ж. № 816; 24.01.03 ж. № 88 қаулысымен құрам өзгертілді
Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Қажымұрат Ыбырайұлы коммуникациялар министрi, төраға
Циблиев - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей мемлекеттік
Василий Васильевич ғарышкерлер даярлау ғылыми-зерттеу
орталығы бастығының орынбасары
(келісім бойынша);
Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Владимир Сергеевич индустрия және сауда министрі, төраға
Смирнов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Анатолий Владимирович вице-министрі, төрағаның орынбасары
Сапаров - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi
Мәлiк Мұхамеджанұлы Бас штабының бастығы - Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрінің бiрiншi
орынбасары, төрағаның орынбасары
Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Алмас Олжабайұлы коммуникациялар министрлігі
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы
Комиссия мүшелері:
Әубәкiров - Қазақстан Республикасының ұшқыш-
Тоқтар Оңғарбайұлы ғарышкерi (келісім бойынша)
Мұсабев - Қазақстан Республикасының ұшқыш-
Талғат Амангелдіұлы ғарышкері (келісім бойынша)
Қожақов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Асан Егімбайұлы министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы істері жөніндегі комитетінің
төрағасы
Нұрмұхамедов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Игорь Хабирович қауіпсіздік комитеті департаментінің
бастығы
(келісім бойынша)
Глазков - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей Ғарышкерлер
Юрий Николаевич даярлайтын мемлекеттік ғылыми-зерттеу
сынақ орталығы бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Моргун - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей Ғарышкерлер
Валерий Васильевич даярлайтын мемлекеттік ғылыми-зерттеу
сынақ орталығының бас дәрігері
(келісім бойынша)
Воронков - Мемлекеттік ғылыми орталығы Медициналық
Юрий Иванович биологиялық проблемалар институтының бөлім
меңгерушісі (келісім бойынша)
Сұлтанғазин - Қазақстан Республикасының Білім және
Өмiрзақ Махмұдұлы ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер
институтының директоры
Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна және бюджеттік жоспарлау бiрiншi вице-
министрi";