Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 шілдедегі № 991 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ғарышкерлікке кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін 4 000 000 (төрт миллион) теңге бөлсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі