Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 шілдедегі № 816 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж, № 1, 10-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды Ресей тарапымен келiсу бойынша Ю.A. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығына дайындықтан өтуге жiберу үшiн оларды iрiктеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.»;
2) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Сапаров - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi
Мәлiк Мұхамеджанұлы Бас штабының бастығы - Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің бiрiншi орынбасары,
төрағаның орынбасары
Қосынов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Алмас Олжабайұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы
Сұлтанғазин - Қазақстан Республикасының Білім және
Өмiрзақ Махмұдұлы ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер
институтының директоры
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Наталья Артемовна
мына:
«Әубәкiров - Қазақстан Республикасы Президентінің
Тоқтар Оңғарбайұлы кеңесшiсi (келісім бойынша)
Қожақов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Асан Егiмбайұлы министрлігі Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығы департаментiнiң директоры»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Әубәкiров - Қазақстан Республикасының ұшқыш-
Тоқтар Оңғарбайұлы ғарышкерi (келісім бойынша)
Қожақов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Асан Егiнбайұлы министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығы iстерi жөніндегі комитетiнiң
төрағасы»;
көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Мейiрбек Молдабекұлы Молдабеков, Бақытжан Ертайұлы Ертаев, Нағима Әбенқызы Айтқожина, Едiге Асқарұлы Закарин, Анатолий Шьяпович Васимов, Александр Юрьевич Вершинин.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |