Темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы № 258 қаулысы
(2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Заңды және жеке тұлғалар жүк қатынасында темір жол көлігімен Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы транзит режимімен тасымалдайтын тауарларды кедендік ресімдеуді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеудің тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 18 наурыздағы № 258 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы темір жол
көлігімен тасымалданатын транзиттік тауарларды
кедендік ресімдеудің
Тәртібі
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен мәтіндегі сөздер ауыстырылды
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Тәртіп заңды және жеке тұлғалар қатынасында темір жол көлігімен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзит режимімен тасымалдайтын және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) тасымалдайтын тауарларды кедендік ресімдеу кезінде қолданылады.
2. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) салық салынатын тауарлардың бірлігі - бір темір жол жүк қағазы (коносаменті, өзге де көлік құжаты) бойынша тасымалданатын тауарлардың партиясы;
2) жөнелтуші кеден органы - тауарлар партиясы үшін кедендік бақылау мен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы тасымалдау басталатын кеден органы;
3) арналған кеден органы - тауарлардың партиясы үшін кедендік бақылау мен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы тасымалдау аяқталатын кеден органы.
3. Темір жол станциялары жөнелтуші кеден органына жол ведомосын (үш данада) және басқа да тауарға ілеспе құжаттарды ұсыну арқылы тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келгендігі туралы хабарлауға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың партиясы тізілімге енгізіледі. Тізілімді жасауды жол ведомостары мен темір жол жүк қағазы деректерінің негізінде жөнелтуші кеден органдарымен бірлесіп «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың тиісті аумақтық құрылымдары жүзеге асырады.
Тізілімге енгізілуге жататын мәліметтердің нысаны мен тізбесін кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы белгілейді.
Тізілімдердің көшірмелері бақылау үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы белгілейтін кеден органына жолданады.
5. Жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы жол ведомосына Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келген тауарларды кедендік бақылаудың басталғандығы туралы куәландыратын белгіленген үлгідегі мөртаңба мен ішкі транзиттік құжаттарды тіркеу журналы бойынша берілетін анықтамалық нөмір қояды.
Жол ведомосының бір данасы жөнелтуші кеден органында қалады, ал басқа екі данасы арналған кеден органына жеткізу үшін тасымалдаушыға беріледі.
6. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде арналған кеден органының лауазымды тұлғасы жол ведомосына тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығару үшін негіз болып табылатын кедендік бақылаудың аяқталғандығы туралы қажетті белгілер соғады.
Жол ведомосының бір данасы арналған кеден органында қалады, арналған кеден органының тиісті белгілері бар келесі данасы тасымал- даушыға беріледі.
7. Арналған кеден органы тауарлар өткеннен кейін он күндік мерзім ішінде жөнелтуші кеден органына тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілгендігі туралы жазбаша құлақтандыру жібереді.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдар 14 АҚШ долларына бара-бар мөлшерде алым салынатын тауарлардың бірлігі үшін арнаулы ставка бойынша есептеледі.
Транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдарды кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы белгіленген кеден органы алады.
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі көрсетілген кедендік алымдарды республикалық бюджетке уақытылы аударуды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдарды төлеу тізілімдердің негізінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жасайтын жиынтық ведомость пен оның электронды көшірмесінің негізінде жүргізіледі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бекіткен жиынтық ведомость темір жол көлігімен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу кезінде декларацияның нысаны болып табылады.
Жиынтық ведомость пен оның электронды көшірмесі кеден органына айына бір рет ұсынылады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заң актілері мен осы қаулыда көзделмеген өзге де алымдар мен төлемдерді алуға жол берілмейді.
10. Төлеуге жататын транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдардың сомасы ай сайын жиынтық ведомстың негізінде есепті айдың бірінен бастап соңғы күніне дейінгі кезең үшін есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 қаулысымен 11тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Транзиттік тауарларды кедендік ресімдеуге арналған кедендік алымдарды декларациялау мен төлеу кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы белгілейтін тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.