490-бап. Төлеушiлер
1. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке және заңды тұлғалар (соның iшiнде жеке кәсiпкерлер) төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары олардың өз функцияларын iске асыруына байланысты орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
491-бап. Төлемақы ставкалары
Төлемақы ставкаларын жарнама объектiлерiнiң көлемiн негiзге ала отырып:
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша - Қазақстан Республикасының Yкiметi;
2) жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша - жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.
492-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат құжатында белгiленген, бiрақ бiр күнтiзбелiк ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектiлерiн орналастырудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып анықталады.
2. Бiр күнтiзбелiк ай үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiстi төлемақы сомалары келесi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
3. Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде жол органына немесе жергiлiктi атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бiрiншi айы үшiн төлемақы сомасын бюджетке енгiзгендiгiн растайтын құжатты табыс етедi.
4. Төлемақы сомалары бюджетке сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң орналасқан орны бойынша енгiзiлуге тиiс.
5. Төленген төлемақы сомалары қайтарылуға тиiс емес.
90-тарау. Мемлекеттік баж
§ 1. Мемлекеттiк баж
493-бап. Жалпы ережелер
Мемлекеттiк баж - уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
494-бап. Төлеушiлер
Заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде мемлекет уәкiлдiк берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 495-бап өзгертілді
495-бап. Баж алу объектiлерi
1. Мыналардан:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
2) нотариаттық iс-қимылдар жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн;
3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайтадан бергенi үшiн;
4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;
5) шетелдiктердiң паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергенi үшiн;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;
7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;
8) аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;
9) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн бергенi үшiн;
10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды және аэрозольдық газды құрылғыларды қоспағанда) тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
13) жүргізуші куәлігін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж алынады.
2. Мемлекеттiк баждың тiркелген проценттiк ставкалары, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заң актiсiмен мемлекеттiк баж төлеу күнiне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 496-бап өзгертілді
496-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары
1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:
1) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 1 процентi;
заңды тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 3 процентi;
2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 30 процент;
3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 500 процент;
4) салық тексеруi актiлерi бойынша хабарламаларға дауласу туралы талап арыздардан:
жеке кәсiпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшiн - есептелген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетiлген айыппұлдардың 0,1 процентi;
заңды тұлғалар үшiн - есептелген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (өсiмпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетiлген айыппұлдардың 1 процентi;
5) некенi бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент.
Неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай белгiленедi;
6) белгiленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;
8) ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;
9) сот шешiмiне жасалған апелляциялық шағымдардан - мүлiктiк емес сипаттағы талап арызды берген кездегi алынатын мемлекеттiк баж мөлшерiнен - 50 процент, ал мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша - арыз берушi дауға салып отырған сома негiзге алына отырып есептелген мемлекеттiк баж мөлшерiнен;
9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;
10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақ шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын бергені үшін - 500 процент;
11) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (дубликаттарды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар берген iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайталап бергенi үшiн - әрбiр құжат үшiн 10 процент және, одан басқа, әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;
12) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.
2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар қоса көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 497-бап өзгертілді
497-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары
Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 1000 процент;
құны 30 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - мәмiле құнының 5 процентi;
басқа адамдарға - мәмiле құнының 10 процентi;
құны 30 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 500 процент;
басқа адамдарға - 700 процент; егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса 200 процент;
2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 100 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 50 процент;
басқа адамдарға - 70 процент;
3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса - 700 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi, апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент;
басқа адамдарға - 500 процент;
4) жалға беру, қарыз (ипотекалық тұрғын үй заемын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiм-шарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн - 500 процент;
4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшiн - 200 процент;
5) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;
6) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi беру үшiн - берiлген әр куәлiкке 100 процент;
7) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi беру үшiн - 100 процент;
8) мүлiктi пайдалану мен иелену құқығы туралы сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 50 процент;
9) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;
10) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 200 процент;
11) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:
жеке тұлғаларға - 10 процент;
заңды тұлғаларға - 50 процент;
12) мұраға қалдырылған мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн - 100 процент;
13) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн - 50 процент;
14) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің растығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):
жеке тұлғаларға - 5 процент;
заңды тұлғаларға - 10 процент;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден басқа тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):
жеке тұлғаларға - 3 процент;
заңды тұлғаларға - 10 процент;
16) жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтiнiштерiн бергенi үшiн - 20 процент;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 20 процент;
18) дубликаттарды бергенi үшiн - 100 процент;
19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшiн (әр құжат үшiн):
жеке тұлғаларға - 10 процент;
заңды тұлғаларға - 50 процент;
20) жылжымайтын мүліктің кепiл шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап етілетін құқықтарды және ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;
21) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 50 процент;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 10 процент;
23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 50 процент;
24) Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.
ҚР 12.06.01 ж. N 210-11 Заңымен 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасының күші 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды; ҚР 21.03.02 ж. N 310-11 Заңымен 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталды (бұл өзгеріс 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
498-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
1. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, өлiм туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) тууды тiркегенi, әкелiктi анықтағаны, Қазақстан Республикасы азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 100 процент;
2) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 30 процент;
3) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша - 200 процент;
сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);
белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде 10 процент;
4) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн - 10 процент;
5) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн - 10 процент;
6) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн - 100 процент;
7) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент.
2. Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру мемлекеттiк баж алынбай жүргiзiледi.
499-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу кезiндегi мемлекеттiк баж ставкалары
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретiн виза бергенi немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп өту құқығына виза бергенi үшiн - 200 процент;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 100 процент;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгенi туралы құжаттар бергенi үшiн - әрбiр шақырылған адам үшiн 50 процент;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;
6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген құжаттарды ауыстырып бергенi үшiн - осы баптың тиiсiнше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 500-бап өзгертілді
500-бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн:
1) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
2) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - 10 процент;
3) мыналарды бергенi үшiн:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты - 400 процент;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігi - 20 процент;
4) мыналарды бергенi үшiн:
қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;
қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;
қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;
қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент;
қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;
қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;
қаруды және оның патрондарын қайта тiркеуге рұқсат - 100 процент;
қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға рұқсат - 100 процент;
5) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық және газды аэрозольдi құрылғыларды қоспағанда) тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн 10 процент;
6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 10 процент;
7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшін 20 процент;
8) мыналар үшін:
жүргізушінің куәлiгін бергені үшін 125 процент;
көлік құралдарының мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәліктi бергені үшін - 125 процент;
автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 280 процент;
мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттiк тiркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 140 процент;
көлік құралын айдап әкелгені үшiн мемлекеттік тіркеудің нөмір (транзиттік) таңбасын бергені үшін 35 процент мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 10.07.03 ж. N 483-II (01.01.04 ж. күшіне енеді) (қолданыстағы ред. қара) Заңдарымен 501-бап өзгертілді
501-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату
Соттарда:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкерлер - авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашуға, өнертабысқа, рационализаторлық ұсынысқа және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;
3) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
4) талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
5) талапкерлер - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;
6) жеке адамдар - некенi бұзу туралы iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;
7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар бергенi үшiн;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу қаражатын мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша;
9) бiлiктi еңбек қызметкерлерiн және бiлiктiлiгi көтерiңкi деңгейдегi жұмысшы кадрларын дайындауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды күтіп-қарауға мемлекет шығарған шығындарды өндiрiп алу жөнiндегi талап қоюлар бойынша;
10) жеке тұлғалар - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өндiрiп алудың дұрыстығына дау айтылатын қылмыстық iстер бойынша апелляциялық шағымдардан;
11) заңдарда көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
13) талапкерлер - оралмандар (репатрианттар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздарды бергенi үшін:
іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе соттың iс жүргiзудi қысқарту туралы мәлiмдемесiн қарамай қалдыру немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;
шешiмдi орындаудың әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы;
талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын керi бұрып атқару туралы;
сондай-ақ:
сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;
соттың сырттай шешiмiнiң күшiн жою туралы;
апелляциялық арызға қосылу туралы;
15) прокуратура органдары - барлық талап қоюлар бойынша;
16) мемлекеттiк мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;
17) мүгедектердiң қоғамдық ұйымдары - өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезiнде;
18) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша;
19) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не тұтқынға алу немесе түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз әкiмшiлiк жазаға тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезде;
20-1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;
21) ерiксiз таратылатын банктердің тарату комиссиялары - қарыз берешегiн өндiрiп алу туралы және таратылатын банктердің борышкерлерiн банкрот деп тану туралы талап қоюлар бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен (01.01.04 ж. күшіне енеді) (қолданыстағы ред. қара) 502-бап өзгертілді
502-бап. Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
Нотариаттық iс-қимылдар жасаған кезде мыналар:
1) жеке тұлғалар - өздерiнің, мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;
2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;
3) жеке адамдар - оларға мұраға құқық туралы куәлiктер берiлгенi үшін:
Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкi;