Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. N 1216; 22.11.02 ж. N 1239;
29.12.02 ж. N 1431; 01.04.03 ж. N 314; 18.07.03 ж. N 714;04.08.03 ж. N 780
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 827 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. N 1216 (бұр. ред. қара); 22.11.02 ж. N 1239 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстән Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып;
4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министр ұстауға рұқсат берілсін.
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. Штат санының лимиттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 366
оның ішінде:
1) Су ресурстары жөніндегі комитет бойынша 33
2) Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті 37;
реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 5657
бұдан басқа:
1) Су ресурстары жөніндегі комитет 161
2) Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті 305;
реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж.
7 қазандағы N 1096
қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ауыл шаруашылығы, орман, балық және аңшылық шаруашылығы, республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, су ресурстарын, өсімдік және жануарлар дүниесі ресурстарын басқару аясында, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақтаны және жүнді қайта өңдеуді, астық рыногын қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібі саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруды салааралық үйлестіруді, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, астықтың мемлекеттік ресурстарын басқаруды, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. N 1216 (бұрынғы ред. қара) 18.07.03 ж. N 714 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары жөніндегі комитет, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті,Балық шаруашылығы комитетi
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес өкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.
5. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. N 1431 қаулысымен 6-тармақ толықтырылды
6. Министрліктің толық атауы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемесі.
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы ветеринариялық бақылау бекеттерi бар шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi аумақтық органдары болады.
Министрліктің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
7. Министрлікті құру туралы акт пен осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаттары болып табылады.
8. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Министрліюсе өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәнінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық кесімдермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. N 780 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аңшылық және балық шаруашылығы өндірісінде, суды пайдалануда, астық өндірісі, тұқым шаруашылығы, ветеринария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта және жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп саласында, өз құзыретінің шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және үйлестіру;
2) өз құзыреті шегінде аймақтық саясатты іске асыруға қатысу;
3) денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, халықтың денсаулығын малға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
4) рыноктарда, өнім өндіру, дайындау (сойыс), сақтау, қайта өңдеу және сату кәсіпорындарында, сондай-ақ тасымалдау кезінде (мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктерді алмастыру; мемлекеттік ветеринарлық қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринарлық-санитарлық жағдайды бақылау; мал ауруларын анықтау және олардың туындауы мен таралуы себептерін және жағдайларын әрі олардың қоректеніп улануларын анықтау мен белгілеу) мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден шыққан жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан, сондай-ақ карантиндік объектілерден қорғауды және республика аумағын шет елдерден немесе карантиндік аймақтан карантиндік объектілердің әкелінуінен немесе өз бетімен еніп кетуінен қорғауды ұйымдастыру;
6) құзыреті шегінде ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалар қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жою жөніндегі іс- шараларды ұйымдастыруға қатысу;
7) ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік және өзге де бағдарламаларын әзірлеуге әрі іске асыруға қатысу;
8) агроөнеркәсіп кешенінің маркетинг қызметін дамытуға және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету;
9) ауыл шаруашылығы өндірісі, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта және жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуді өнеркәсіп саласында тікелей жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қызметіне, оларды реформалауға және заңнамаға сәйкес оларды қаржылай сауықтыруға әдістемелік басшылық жасау;
10) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығы суымен жабдықтау, мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
11) жер қатынастарын дамыту, әртүрлі ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық шарттарды жетілдіру, жердің құнарлылығын сақтау мен арттыруға әрі оларды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
12) ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж саласында астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы заңнаманың және белгіленген ережелердің сақталуын әрі республика аумағында өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) орман ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту, пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру , су ресурстарын пайдалану;
15) карантиндік объектілерді ашу, жайылуына жол бермеу және жою, сондай-ақ олар кездеспейтін республика аймақтарына олардың еніп кетуінің алдын алу;
16) пестицидтердің адамдар денсаулығына зиянды әсерінің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің, фитосанитарлық іс-шараларды өткізу кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оларды болдырмау;
17) қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамасыз ету;
18) ішкі және сыртқы азық-түлік рыноктарындағы жағдайды зерделеу әрі оны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына жеткізу;
19) селекция және асыл тұқымды өнім (материал) өсімін молайту саласында жаңа технологиялардың, құрал-саймандардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехнологиялық әдістердің қолданылуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. N 1216 (бұрынғы ред. қара); 04.08.03 ж. N 780 қаулыларымен 10-тармақ толықтырылды
10. Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ауыл, орман, балық, аңшылық, су шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бүйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттің аграрлық және аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларды, басымдықты және өзге де мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге, іске асыруға және үйлестіруге қатысады;
2) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақтандыру мен өсіру және тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту және астық рыногын реттеу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) ауыл шаруашылығы секторы үшін қаржы-кредит және салық саясатын қалыптастыруға қатысады;
4) су және орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану жөніндегі шаруашылық, ұйымдастыру, қорғау және рұқсат беру іс-шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады және үйлестіреді;
5) жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнетін түрлерін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастық рәсімін жүзеге асырады;
6) орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек кездесетін және қүрып кету қаупі төнетін түрлерінің мемлекеттік кадастрларын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді, Қызыл кітапты басып шығаруды қамтамасыз етеді;
7) қорық ісіне жалпы әдістемелік басшылықты үйлестіреді және жүзеге асырады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік инспекция үйымдастырады;
8) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады, асыл тұқымды мал шаруашылығы, құс шаруашылығы мен омарта шаруашылығы саласындағы, су ресурстарын пайдалану мен қорғаудағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді, мелиорация, ирригация мен дренаж функцияларын қоса алғанда, ауыл, балық, аңшылық, су шаруашылығын, ветеринария, фитосанитария, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп саласына инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға жәрдемдеседі
9) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында бағдарламалар, аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережесін, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді жүргізу ережесін, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережені, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімін, фитосанитарлық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нүсқауларды, хаттамалар мен нүсқамалардың нысандарын, сондай-ақ оларды жасау мен шығару тәртібін, фитосанитарлық нормативтерді, фитосанитарлық есеп пен есеп беру нысандарын, сондай-ақ оларды мемлекеттік статистиканың орталық атқарушы органымен келісім бойынша ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтерді қолдану құқығына тіркеу куәліктерін береді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жүмыстар мен қызмет көрсетулерді, сондай-ақ пестицидтердің қорын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
13) республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді фитосанитарлық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитарлық жағдайға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша таратады;
14) зиянкес және аса қауіпті зиянкес организмдер бойынша фитосанитарлық мониторинг және фитосанитарлық іс-шаралар, мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жүмыстарды ұйым д астырады;
15) фитосанитарлық іс-шараларды, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыстарды жүргізуде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
16) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырады;
17) белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині саласында нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлейді және келіседі;
18) карантиндік іс-шараларға бөлінетін мемлекеттік қаражат пен материалдық ресурстардың мақсатты әрі ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
19) әкелінетін және әкетілетін карантинге жататын өнімдерді оның шыққан аумағының және жерінің, сондай-ақ баратын пунктінің фитосанитарлық сипаттамасын ескере отырып, карантиндік қарау, зертханалық сараптама және фитосанитарлық сертификаттау жүргізеді;
20) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамасына сәйкес карантинге жататын өнімдерді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандыру жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және олардың орындалуын бақылайды;
21) интродукциялық-карантиндік питомниктерде карантинге жататын импорттық өнімдердің жасырын жұқпалы карантиндік объектілерінің және тегі жат түрлерінің болуына тексеруді ұйымдастырады;
22) Қазақстан Республикасында және басқа елдерде карантиндік объектілердің болуы әрі таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы дерекқор жасайды;
23) халықаралық нормалар мен үсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитарлық қатерді бағалаудың ғылыми принциптері негізінде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп карантиндік шараларды әзірлейді әрі оларды жеке және заңды түлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
24) карантинге жататын өнімдерге фитосанитарлық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар береді;
25) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады әрі жүргізеді, сондай-ақ карантиндік объектілерге зиянкес организмдер бойынша фитосанитарлық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді, мүдделі тұлғаларға өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен фитосанитарлық іс-шаралар туралы ақпарат береді;
26) халықаралық ұйымдар және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты және өсімдіктерді қорғау әрі олардың карантині саласындағы халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысуды жүзеге асырады;
27) мелиорацияны, ирригация мен дренажды қоса алғанда, ауыл, орман, балық және су шаруашылығы, ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, мемлекеттік астық ресурстарын басқару, мелиорация, суландыру және қашыртқы, ауыл шаруашылығы ғылымы мен аумақтық даму, ауыл шаруашығы машиналарын жасау, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп, астық қолхаттарының айналысы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдердің, сондай-ақ астық сапасының мемлекеттік стандарттарының жобаларын әзірлейді;
28) аттестаттауды жүргізу тәртібі, шаруашылық жүргізуші субъектілерге асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы мен дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру тәртібі туралы ережелерді әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
29) асыл тұқымды малдар мен табындардың есебін алудың ережесі мен нысандарын әзірлейді және статистика органдарына келісуге ұсынады әрі бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
30) асыл тұқымды мал өнімінің (материалдарының) асыл түқымдық қүндылығын анықтау жөніндегі және малдың өсімін молайту жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді;
31) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс-шараларды, ветеринариялық ережелер мен нормативтерді, ветеринариялық есеп пен есеп беру нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;