32) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді тасымалдауды (орын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін анықтайды;
33) мал ауруларының алдын алу мен диагностикасына байланысты ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруға бақылау жүргізу тәртібін белгілейді;
34) рыноктарды, мал өсіру, дайындау (сою), мал өнімдері мен шикізаттарын, ветеринариялық препараттарды, мал азықтары мен жемшөп қоспаларын сақтау, қайта өңдеу және сату ұйымдарын сәйкестендіру тәртібін белгілейді;
35) Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, мемлекеттік ветеринариялық бақылаудағы жүктерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді, тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан сақтау тәртібін анықтайды;
36) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібін анықтайды әрі түрлері бойынша оның нормативін белгілейді;
37) республиканың су және орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын, аңшылық, балық ресурстарын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ олардың өсіп-өнуі мен үтымды пайдаланылуы, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан қорғау, республика аумағына аса қауіпті жұқпалы мал ауруларының енуінен, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды, мал мен өсімдік тектес өнімдеріне, шикізаттарына ветеринариялық-санитарлық және фитосанитарлық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
38) өз құзыретінің шегінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын келіседі;
39) елді мекендердің, жекелеген аймақтардың экономикалық перспективалылығын анықтау үшін негізгі өлшемдерді әзірлейді;
40) агроөнеркәсіп саласындағы бюджет қаражаты, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларға қорытындылар береді;
41) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы ғылымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
42) мемлекеттік органдарға аймақтық саясатты жүргізуге жәрдем көрсетеді;
43) мемлекеттің аймақтық саясатын іске асыру және Министрліктің өз өкілеттіктерін іске асыруы жөніндегі өзге де шараларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
44) елдің экономикалық перспективалы аймақтары мен елді мекендеріне басқа аймақтар мен елді мекендерден көшірілуі ынталандыруға жататын адамдардың санын келіседі;
45) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын орындауына мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
46) алдын алу, диагностика және жою республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын аса қауіпті мал ауруларының тізбесін әзірлейді;
47) аса қауіпті аурулармен ауыратын мал ауруының алдын алу, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
48) мал ауруларының эпизоотиялық мониторингін ұйымдастырады және эпизоотиялық ахуалды зерделейді;
49) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-жабдықтарды, мал азықтары мен жемшөп қоспаларын, оларға наразылық түскен кезде, апробациялау, тіркеу сынақтарын, олардың топтарын (серияларын) бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
50) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-жабдықтарға, мал азықтары мен жемшөп қоспаларына қорытындылар береді;
51) мал шаруашылығы объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларға және мал өнімін өндіру, дайындау (сою), мал өнімдері мен шикізаттарын қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарға қатысады;
52) су ресурстарын, мелиорацияны, ирригация мен дренажды ұтымды пайдалану және қорғау, мемлекеттің аумақтық саясаты саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады ;
53) ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі, сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақта мен жүнді қайта өңдеуді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
54) Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің балық шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарымен Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мәселелерінде өзара іс-қимыл жасайды;
55) табиғи ресурстардың өсімін молайту мен оларды ұтымды пайдалану жөнінде шаралар әзірлейді және жүзеге асырады ;
56) астық туралы, ветеринария, фитосанитария және асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнаманың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүргізеді;
57) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнінде қызмет көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда, асыл түқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерге аттестат бере отырып, аттестаттауды жүргізеді;
58) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және оларды апробациялауды жүргізеді;
59) өндірісте пайдалануға жіберілген асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабын, асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі мен селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
60) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтатады, бұзуды қайталаған жағдайда, аттестаттан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;
61) тракторлар мен өзі жүретін ауыл шаруашылығы және мелиоративтік машиналардың есебі мен техникалық жағдайын тексеруді жүргізеді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібін белгілейді;
62) доңғалақты тракторлардың базасында дайындалған өзі жүретін шассилер мен доңғалақты тракторлардың құрамында қозғалуға арналған тетіктерді, тіркемелерді қоса алғанда, доңғалақты тракторларды мемлекеттік тіркеуді және олардың техникалық жағдайын тексеруді жүргізеді, сондай-ақ оларды жүргізудің тәртібін анықтайды;
63) астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
64) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды жүзеге асырады;
65) астық рыногының мониторингін жүргізеді;
66) ауыл шаруашылығы техникасының лизингін ұйымдастыру, селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту, дәнді дақылдарды өңдеу технологиясы және өсімдіктерді қорғау, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және іске асыруға қатысады;
67) заңнамалық кесімдерде белгіленген жағдайларда астық қабылдау кәсіпорындарын уақытша басқаруды енгізуге бастамашы болады, оны жүзеге асыруға қатысады және шешім қабылдайды;
68) астық қолхаттарының нысандарын, оларды беру, олардың айналысы мен өтелуі ережесін бекітеді;
69) тұқымды сараптау (сертификаттау) және олардың сорттық әрі егіс сапасын куәландыратын тиісті құжаттарды беру тәртібін анықтайды;
70) тұқымға сорттық үстемелердің нормаларын анықтайды;
70-1) селекция, сорттық сынақ және тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
70-2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
70-3) мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сандық-сапалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
70-4) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiн болжайды;
70-5) бірегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiрушiлердi, байқаудан өткiзушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сорттардың оригинаторларын тiркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
70-6) тиiстi куәлiк беру арқылы тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттауды жүргізеді;
70-7) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды; 70-8) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егiстердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау, зертханалық сорттық сынақтан өткiзу тәртiбiн бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
70-9) тұқым шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың тиiстi бюджеттiк бағдарламаларын әзiрлейдi және оған әкiмшiлiк етедi;
70-10) сортты сынақтан өткiзу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
70-11) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға тұқым шаруашылығы саласында бар мемлекеттiк стандарттарды, техникалық талаптар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
70-12) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттiк стандарттарда белгiленген көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуге рұқсат бередi;
70-13) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
70-14) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттiк сынақ ұйымдастырады;
70-15) сорттардың оригинаторларын тiркейдi;
70-16) аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн белгiленген квоталар шегiнде субсидиялануға тиiстi тұқымдарға шектi сату бағасын белгiлейдi;
70-17) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады;
70-18) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
70-19) субсидиялануға тиiстi тұқымдардың әрбiр түрi бойынша тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған субъектiлер үшiн көрсетiлген мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жыл сайынғы квоталарды белгiлейдi;
70-20) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;
70-21) бiрегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылып сатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
70-22) тұқым шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
70-23) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
71) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тауарлар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
72) ішкі және сыртқы азық-түлік рыноктарындағы жағдайды зерделейді және оны ауылдық тауар өндірушілерінің назарына жеткізеді;
73) өз құзыретінің шегінде агроөнеркәсіп кешені шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бюджеттік кредиттерді, үкіметтік және Үкімет кепілдік берген сыртқы қарыздарды игеру және қайтару жөніндегі қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
74) республикалық бюджетті әзірлеуге және атқаруға қатысады;
75) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекетті қолдау жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді;
76) көрсетілген мақсаттарға бюджетте көзделген қаражат шегінде асыл түқымды мал шаруашылығы саласында әр субъектінің әрбір түріне және жеке алғанда субсидиялауға жататын сататын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) жыл сайынғы квотасын анықтайды, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
77) республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеті мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және оларды пайдалану қүқығын жүзеге асырады;
78) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) және пайдалануды ұйымдастырады;
79) ветеринарлық препараттарды мемлекеттік сатып алу, ветеринария саласындағы жұмыстарды, ветеринарлық ғылыми зерттеулерге және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауға тапсырыстар беру саласындағы жүмыстарды орындау жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік конкурстық және тендерлік құжаттамаларды әзірлеуге қатысады;
79-1) балық аулауды, балық өсіру-өсiмiн молайту қызметiн мемлекеттiк реттеудi, балық ресурстарын қорғауды жүзеге асырады, балық жiберу, жаңа балық түрлерiн бейімдеу, мелиорациялық-техникалық және балық шаруашылығы саласындағы басқа да iс-шаралар бойынша жұмыс кешенiн ұйымдастырады;
79-2) балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
79-3) Қазақстан Республикасының Үкiметiне балық ресурстарын пайдалану лимиттерi мен квоталары жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
79-4) тиiстi мемлекеттік органдарға балықты, басқа да су жануарларын кәсіптiк аулауға құқық беру және балық шаруашылығы су қоймаларын бекiту жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
80) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды.
ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. N 1216 қаулысымен 11-тармақ толықтырылды (бұрынғы ред. қара)
11. Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:
1) өз құзыретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдауға;
2) мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекітуге, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;
3) Министрлікке жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
4) заңнамада белгіленген жағдайларда лицензиялауды және сертификаттар беруді жүзеге асыруға;
5) мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оны мемлекеттік астық ресурстарын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарынан тиеуді келісуге;
6) астық қолхаттарының нысанын бекітуге;
7) таңдаулы тұқымдарды өндірумен және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды атестаттауды жүргізуге;
8) тұқым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;
9) тұқымға сорттық үстеме нормаларын айқындауға;
10) өз құзыреті мен өкілеттіктерінің шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыруға;
11) мелиорациялық іс-шаралардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды және суармалы жерлердің мониторингін жүзеге асыруға;
12) мыналардың: астық туралы, фитосанитарлық қадағалау, мал тұқымын асылдандыру ісі, ветеринария, өсімдіктерді қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің сақталуына;
уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп орман және су ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үтымды пайдаланылуын, өсімінің молайтылуын және қорғалуына;
ветеринарлық препараттардың өндірілуіне және олардың сапасына;
мемлекеттік астық ресурстарын тиеуге және тасымалдауға;
астық сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
балық ресурстарын қорғауға, өсiмiн молайтуға, пайдалануға және балық шаруашылығын жүргiзуге.
12. Министрліктің барлық деңгейдегі мемлекеттік инспекторларының бақылау және қадағалау саласындағы өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдері, талаптары мен нұсқауларын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
3. Министрліктің мүлкі
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Министрліктің бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңнамада белгіленген жағдайда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
18. Министр осы мақсатта:
1) өзінің орынбасарларының және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен Министрліктің аумақтық органдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрліктің қызметкерлері мен аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлері мен аумақтық органдарының басшыларына тәртіптік жаза және оларды көтермелеу шараларын қолданады;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің және оның аумақтық органдарының құрылымын, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
5) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіреді;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Бірінші вице-министр министр болмаған кезде оның орнында қалады, Министрлік құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, оған Министр жүктеген өзге де міндеттерді орындайды.
20. Министрліктің, Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады.
Алқаның сандық және жеке қүрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж.
7 қазандағы N 1096
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 498-құжат).
2. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 129-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы N 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 207-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қыркүйектегі N 1222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 431-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне байланысты жекелеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 20, 215-құжат).
6. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтік техниканың есебін жүргізу, оны мемлекеттік тіркеу және техникалық жай-күйін тексеру мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі N 846 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 266-құжат).
ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 1239 қаулысымен осы қаулы жаңа қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 7 қазандағы
N 1096 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармаларының Тізбесі
Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттiк мекемелердiң атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитет мемлекеттік мекемелерiнiң атауы |
Ақмола облыстық орман және биоресурстар жөнiндегi аумақтық басқармасы Ақмола облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау aумақтық басқармасы | Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |