Қазақстан Республикасы Индуcтрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі N 996 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. N 1233; 01.04.03 ж. N 314; 08.04.03 ж. N 334
12.05.03 ж. N 442; 20.05.03 ж. N 467; 29.07.03 ж. N 759; 18.09.03 ж. N 951;
06.10.03 ж. N 1027 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Осы редакция ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. N 1235 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 29.07.03 ж. N 759 қаулысымен; 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң бес, соның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 467 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мыналар құрылсын:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Сауда комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi.
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. N 951 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi және Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттерiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарын қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Сыртқы iстер министрлiктерiн және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгін ұстауға арналған 2002 жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгi берiлетiн функциялар мен өкiлеттіктер шегiнде, Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 12 қыркүйектегi
N 996 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі туралы
epeже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 06.10.03 ж. N 1027 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте өнеркәсіпті, сауданы, құрылысты, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару, шағын бизнестi және инвестицияларды мемлекеттiк қолдау, қорғаныс тапсырысын орналастыру және орындау, елдің инновациялық дамуы саласында мемлекеттiк саясат әзiрлеудi және оны iске асыруды салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрлiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес өкiлеттік берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33.
6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық кесiмдермен Министрлiкке кірістер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
2. Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 06.10.03 ж. N 1027 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) индустрия саласында, соның ішінде өнеркәсіптің тау-кен металлургия, химия, өңдеу салаларында, саудада, сәулетте және құрылыста, стандарттауда, метрологияда және сертификаттауда, инвестициялық және инновациялық қызметте мемлекеттiк саясат әзiрлеу және оны iске асыруға қатысу;
2) шағын бизнестi, инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау;
3) ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негізiнде өз құзыретi аясында өнеркәсiп және құрылыс салаларын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзiрлеу;
4) сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу саласында басымдықтар әзiрлеу;
5) өз құзыреті шегiнде Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) кiру және Еуразия Экономикалық Қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) және өзге де халықаралық сауда ұйымдары мен одақтарға мүшелiк мәселелерi жөнiнде саясат әзiрлеу және жүргiзу;
6) тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу;
7) адамның өмiр сүруiнiң және тыныс-тiршiлiгiнiң толыққанды ортасын қалыптастыру, әлеуметтiк өндiрiстiк, көлiктiк инженерлiк және коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу;
8) өнеркәсiп саласында Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысу және iске асырылуын қамтамасыз ету;
9) қорғаныс тапсырысын және конверсиялық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
9-1) қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнің мәселелерi бойынша мемлекетаралық әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысу;
10) тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен сыртқы сауда қызметiн реттеуге қатысу;
11) отандық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы бақылауды және шаралар кешенiн жүргiзуi қамтамасыз ету;
12) мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару саясатын жүргізуге қатысу;
13) экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіру;
14) мемлекеттiк органдардың шағын бизнестi қолдау саласындағы iс-қимылын үйлестiру;
15) кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) өнеркәсiп, жобалау және құрылыс өнiмiн қоса алғанда, өнiм сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
17) ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiктi, инновациялық қызметті дамыту, ғылыми-техникалық өнiм рыногын қалыптастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
18) Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың даму стратегиясын, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру;
19) мүдделі мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, ықтимал инвесторларды тарту және инвестициялық және инновациялық жобаларды iске асыру жөнiнде ұйымдарға жәрдемдесу;
19-1) инновациялық қызметтi дамытуды және инновациялық қызмет субъектілерінің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;
19-2) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар инновацияларды және инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысу;
19-3) инновациялық қызметті дамыту жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру;
19-4) инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
20) оған заңнамамен жүктелген өзге де мiндеттер болып табылады.
ҚР Үкіметінің 08.04.03 ж. N 334; (бұр. ред. қара); 06.10.03 ж. N 1027 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Министрлiк өз құзыреті шегiнде және заңнамамен белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) индустрия, оның iшiнде өнеркәсіптің кен металлургия, химия, өңдеу салаларында, сауда, құрылыс, стандарттау, метрология және сертификаттау, инвестициялық және инновациялық қызмет салаларында мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
2) шағын бизнесті, инвестициялар мен инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
3) Министрлiктiң құзыретiне кiретiн бағыттар бойынша мемлекеттiк және салалық (секторальдық) бағдарламаларды әзiрлейдi және үйлестiредi;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының сараптамасын жүзеге асырады;
5) инвестициялық жобалардың және құрылыс жобаларының сараптамасын жүргiзедi;
6) өз қызметi саласында заңнаманың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысады, оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
7) мемлекеттік активтердi тиiмдi басқару саясатын жасауға және оны iске асыруға қатысады;
8) өз құзыретi шегінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) және өзге де қызмет түрлерiнiң экспорты мен импортын лицензиялауды, сондай-ақ лицензиаттардың белгiленген бiлiктiлiк талаптарының және лицензиялық ережелердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргізеді және шарттар жасасады;
10) индустрияны басқару саласында:
индустрия және инновация саясатын iске асыру жөнiндегi iс-қимылдардың салааралық жоспарларын әзiрлеудi және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
елдiң өнеркәсiп және құрылыс кешендерiнiң даму жоспарларын әзiрлейдi;
ғылыми-техникалық зерттеулердiң даму жағдайына және серпiнiне талдау жүргізедi, зерттеу нәтижелерiнiң технологиялық сараптамасын жүзеге асырады және оларды өнеркәсiптiк игеру және енгiзу үшiн ұсынымдар бередi;
конкурстық негiзде қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын, инновациялық бағдарламаларды қалыптастыруды жүзеге асырады;
ғылыми сыйымды өндiрiс құруға және оқытуға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындаушы ұйымдардың республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми, конструкторлық, технологиялық және инновациялық жұмыстардың жүргiзiлуiн үйлестiредi;
қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау және дамыту бағдарламасын iске асырады;
әскери және қосарлы мақсаттағы өнiмдi жасаудың, өндiрудің және жоюдың ағымдағы және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларының iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының қорғаныс тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
қорғаныс тапсырысы тапсырмаларын салааралық үйлестiрудi және орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
11) сауданы басқару саласында:
сыртқа сауда саласында басымдықтар әзiрлейдi және мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасалатын сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы шарттар мен келiсiмдер бойынша ұсыныстар енгізедi;
Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелiк мәселелерi бойынша саясат әзiрлеуде және жүргiзуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi және өз құзыретi шегiнде ЕурАзЭҚ-ға және өзге де халықаралық сауда ұйымдары мен одақтарға қатысады;
Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының қызметiне қатысуына байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға, шет елдермен сауда ынтымақтастығы жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысады;
тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен сыртқы экономикалық қызметтi реттеу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
сауда қызметін дамыту және тауарларды өндіру және сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
iшкі және сыртқы тауар рыноктарының конъюнктурасын зерделейдi және экспорт пен импорт құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
импорттың немесе демпингтiк немесе субсидияланған бағалар бойынша импорттың өсуiмен отандық тауар өндiрушiлерге келетiн нұқсанды аластау мәселелерi бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау баждарын, сандық шектеулер енгiзу мәселелерi бойынша басқа елдердiң мүдделi органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
тауарлар импорты мен экспортын реттеу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
сыртқы рыноктарға қазақстан тауарларының жетуiн шектейтiн сыртқы сауда дауларын реттеу жөнiнде шаралар әзiрлейді;
экспорттың өсуiне және әртараптануына ықпал етедi;
мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен шет мемлекеттер рыноктарында өздерiнiң экономикалық мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша қазақстандық өндірушiлер мен экспорттаушыларға әдiстемелiк және ұйымдық көмек көрсетедi;
сауданы дамытумен байланысты мемлекетаралық сауда көрмелерiн, жәрмеңкелерiн, аукциондарын, жарнама және басқа да iс-шараларын жүргiзудi үйлестiредi және оған қатысады;
Қазақстан Республикасының шет елдердегi сауда өкiлдiктерiнiң қызметiне басшылық етедi, сондай-ақ оларды кадрлық қамтамасыз етудi және қаржыландыруды жүзеге асырады;
экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк саясатын iске асыруды қамтамасыз етедi;
12) сәулеттi, қала құрылысын және құрылысты басқару саласында:
сәулеттi, қала құрылысын және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласында басшылықты жүзеге асырады;
осы салада Қазақстан Республикасы аумағында нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарының, мемлекеттiк нормативтердiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
13) стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару саласында:
халықаралық талаптарға сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiртұтас ғылыми-техникалық саясатты iске асырады;
осы салада мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ өзге ұйымдардың және жеке тұлғалардың қызметін үйлестiредi;
14) шағын бизнесті қолдау саласында:
шағын бизнестiң дамуына ықпал жасайды;
республика аймақтарында шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал жасайды;
шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) жай күйiне және мемлекеттiк қолдау шараларының тиiмдiлiгіне талдау жүргiзедi;
шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) дамытудың аймақтық бағдарламаларына талдау жүргiзедi;
шағын бизнесті (кәсiпкерлiктi) қолдауға және дамытуға бағытталған мемлекеттік қаржы қаражатты пайдалану тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алу жүзеге асырылуы тиiс тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерiнiң номенклатурасы және олардың көлемi бойынша ұсыныстар дайындайды;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржы, материалдық-техникалық және ақпарат ресурстарын, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелерді және технологияларды пайдалануының жеңілдiктi жағдайларын жасау туралы ұсыныстар дайындайды;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiмен байланысты проблемаларды шешуде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
оларды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты салық салу жүйесiн жетiлдiру, қаржы және кредит саясатын өзгерту жөнiнде Үкiметке ұсыныстар енгiзедi;
мемлекеттiк меншiктегi ғимараттарды, құрылыстарды, өндiрiс үй-жайларын және өзге де мүлiктi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеңiлдiктi беру бойынша ұсыныстар дайындайды;
шағын кәсiпкерлiктiң дамуына жәрдемдесетiн шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстардың дамуын қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiктi, оның субъектiлерiнiң сыртқы экономикалық қызметiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi заңнаманың бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабардар етедi;
15) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
15-1) елдiң инновациялық дамуы саласында:
елдiң инновациялық даму болжамдарын әзiрлейдi;
инновациялық қызметті дамыту жөнiндегi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар салааралық инновациялық бағдарламаларды, инновациялар мен инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерін құру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметтi қаржыландыру және ынталандыру, инновацияларды құруға мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жөніндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзірлейді;
үлгi құжаттардың нысандарын, мемлекеттiк сараптаманы ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн, инновациялық жобаларды конкурстық іріктеу және қаржыландыру ережелерiн әзiрлейдi;
16) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 06.10.03 ж. N 1027 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне өнеркәсiптi, сауданы, құрылысты, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды басқару, шағын бизнестi және инвестицияларды мемлекеттiк қолдау, қорғаныс тапсырысын орналастыру және орындау, елдің инновациялық дамуы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
2) өз құзыретi шегінде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға;
3) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
4) өз құзыретіндегi мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
5) сараптамалар және консультациялар жүргiзу үшін орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
6) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасасатын сауда-экономикалық шарттары мен келiсiмдерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
7) Министрлiктiң ведомстволық бағынысындағы ұйымдар банкроттығының алдын алу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
8) қорғаныс өнеркәсiбi конверсиясын iске асыруға қатысуға;
9) iшкi және сыртқы рыноктарда отандық тауар өндiрушiлер өнiмiнiң бәсекелестiк қабiлетiн бағалауға және жылжуына мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етуге, өнеркәсiптiң импорт алмастыру және бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру саясатын iске асыру шеңберiнде тиiстi бағдарламалар әзiрлеуге;
10) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
11) Министрлiктiң қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болуға;
12) Үкiмет шешімдерi бойынша Министрлiктiң құзыретi аясында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк үлестерін және пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға;
13) заңнамамен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрлiктiң мүлкi
12. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Егер заңнамалық кесiммен өзге белгiленбесе, Министрлiк өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгiнен шеттетуге немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 29.07.03 ж. N 759 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді
15. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Министрдiң өз ұсынысы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бес орынбасары (вице-министрлерi), соның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болады.
16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi.
17. Министр осы мақсаттарда:
1) өз орынбасарларының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
2) заңнамаға сәйкес Министрлiк қызметкерлерiн лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
3) заңнамамен белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiн көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң құрылымын және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Министрлiктi барлық мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда бiлдiредi;
7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
19. Министрлiктiң Министр жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Министр Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 12 қыркүйектегi
N 996 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. N 1233; 12.05.03 ж. N 442; 20.05.03 ж. N 467 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қарағанды қаласы;