Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм
бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу
тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.05.03 ж. N 437;31.12.03 ж. N 1369
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 100 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ереже.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келiсiм бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттiк органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 наурыздағы N 373 қаулысы;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы N 101 өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі
N 784 қаулысына 1-қосымша
ҚР Үкіметінің 08.05.03 ж. N 437 (бұр. ред. қара); 31.12.03 ж. N 1369 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен
келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы
органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары
лауазымдарының тiзбесi
──────────────────┬────────────┬─────────────┬─────────────────┬──────────
Лауазымы │ Кiм │ Кім ұсынады │Кіммен келісіледі│ Ескерту
│тағайындайды│ │ (ұсынылады) │
──────────────────┴────────────┴─────────────┴─────────────────┴──────────
Министрлердiң Үкімет министрлер Президентпен
орынбасарлары* немесе оның
тапсырмасы бойынша
Әкiмшiлiк
Басшысымен
Орталық атқарушы Үкімет Премьер- Президентпен
органдар болып Министр немесе оның
табылатын Кеңсесінің тапсырмасы
агенттiктердiң Басшысы бойынша Әкімшілік
төрағалары* Басшысымен
Орталық атқарушы Үкімет агенттіктердің
органдар болып төрағалары
табылатын
агенттіктер
төрағаларының
орынбасарлары
Премьер-Министр Үкімет Премьер-Министр
Кеңсесi Кеңсесінің
Басшысының Басшысы
орынбасарлары
Кедендiк бақылау және Үкiмет агенттiктердiң Әкiмшiлiк
қаржы полициясы төрағалары Басшысымен
агенттiктерi
төрағаларының
орынбасарлары*
Премьер- Үкімет Премьер-Министр Мемлекеттiк
Министрдiң Кеңсесінің қызмет
Кеңсесi Басшысы туралы
құрылымдық Қазақстан
бөлiмшелерiнiң Республикасының
басшылары Заңына
сәйкес
Премьер-Министр Үкімет Премьер-Министр Мемлекеттiк
Кеңсесiнiң Кеңсесінің қызмет
құрылымдық Басшысы туралы
бөлiмшелерi Қазақстан
басшыларының Республикасының
орынбасарлары, Заңына
бас инспекторлар, сәйкес
Премьер-
Министрдiң
кеңесшiлерi мен
көмекшiлерi
Премьер- Премьер- Премьер-Министр
Министрдің Министр Кеңсесінің
штаттан тыс Басшысы
кеңесшiлерi
Қылмыстық Үкімет министрлер Әкімшілік
-атқару жүйесi; Басшысымен
нашақорлыққа
және есiрткi
бизнесiне қарсы
күрес жөнiндегi;
тiркеу қызметі;
мемлекеттiк
мүлiк және
жекешелендiру
комитеттерiнiң;
құқық қорғау
органдары комитет.
терiнiң төрағалары*
Орталық атқарушы Yкiмет министрлер
органдар
комитеттерiнiң
төрағалары
Орталық атқарушы министрлер министрлер Премьер-
органдар Министрмен
комитеттерi немесе оның
төрағаларының тапсырмасы
орынбасарлары бойынша
Премьер-
Министр
Кеңсесінің
Басшысымен
ҚР ІІМ ішкі Үкімет Ішкі істер
әскерлер министрі
қолбасшысы бас
басқармасы
бастығының
орынбасарлары
ЕурАзЭҚ бас Үкімет ЕурАзЭҚ
хатшысының мемлекетаралық
орынбасары кеңесі
Қазақстан Үкімет Сыртқы істер
Республикасы министрі
Yкіметiнiң
халықаралық
ұйымдардағы
өкілдері
Бiрлескен ядролық Үкімет Энергетика және
зерттеулер минералдық
институтына мүше ресурстар
мемлекеттер министрі
өкілетті
өкiлдерiнiң
комитетіндегі
Қазақстан
Республикасы
Yкiметiнiң
өкiлеттi өкілі
(Дубна қаласы)
Облыстар, Астана облыс әкімі облыс әкімі Премьер-
және Алматы Министрмен,
қалалары Әкімшілік
әкімдерiнiң Басшысымен
орынбасарлары,
әкiмдерi
аппараттарының
басшылары,
қалалардың,
аудандардың және
қалалардағы
аудандардың
әкiмдерi
Облыстық, Астана, Iшкi iстер Iшкi iстер Президентпен
Алматы қалалары министрі министрі немесе оның
көлiктегi iшкi тапсырмасы
iстер басқарма. бойынша
ларының (бас Әкімшілік
басқармаларының) Басшысымен,
бастықтары Әкiмшiлiк
Басшысымен,
Премьер-
Министрдiң
орынбасарымен,
Премьер-
Министр
Кеңсесiнiң
Басшысымен
ІІМ орталық Iшкі iстер Iшкi iстер Әкiмшiлiк
аппараты министрі министрі Басшысымен,
департаменттерiнiң Президентпен
бастықтары немесе оның
тапсырмасы
бойынша
Әкімшілік
Басшысымен,
Премьер-
Министрдің
орынбасарымен,
Премьер-
Министр
Кеңсесінің
Басшысымен
IIM Академиясының Iшкi iстер Iшкi iстер Премьер-
бастығы министрi министрi Министрдiң
орынбасарымен,
Премьер-
Министр
Кеңсесiнiң
Басшысымен
Облыстар, Астана және Әдiлет Әділет Әкімшілік
Алматы қалаларының министрi министрі Басшысымен,
әділет департаменттерiнiң Премьер-
бастықтары, облыстар, Министрдің
Астана қаласы, Алматы орынбасарымен,
қаласы мен Алматы Премьер-
облысы бойынша Министр
Қылмыстық-атқару Кеңсесінің
жүйесi комитетi Басшысымен
басқармаларының
бастықтары, Әдiлет
министрлiгiнiң "Сот
сараптамасы орталығы"
мемлекеттiк мекемесiнiң
директоры
Облыстар, Астана және Кедендік Кедендік Әкімшілік
Алматы қалалары кеден бақылау бақылау Басшысымен,
басқармаларының агенттігінің агенттігінің Премьер-
бастықтары" төрағасы төрағасы Министрдің
орынбасарымен,
Премьер-
Министр
Кеңсесінің
Басшысымен
Облыстар, Астана Қаржы Қаржы
және Алматы полициясы полициясы Әкiмшiлiк
қалалары қаржы агенттігінің агенттігінің Басшысымен,
полициясы төрағасы төрағасы Премьер-
департаменттерiнiң Министрдің
бастықтары және орынбасарымен,
көлiктегi қаржы Премьер-
полициясы Министр
департаменттерiнiң Кеңсесінің
бастықтары, Қаржы Басшысымен
полициясы агенттiгi
орталық аппараты
департаменттерiнiң
бастықтары
Ұлттық Директорлар уәкiлеттi Премьер-
компаниялардың кеңесі орталық Министрмен
президенттерi атқарушы
мен вице- орган
президенттерi
─────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
* - Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына сәйкес осы кадрлар Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкiмшiлiгі Басшысымен мiндеттi келiсуден өтедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі
N 784 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен
келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы
органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды
қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi
туралы ереже
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың,
Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси
қызметшiлерi бойынша
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсыныстарды тиiстi мемлекеттiк органның басшысы, Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептерi мен дәлелдерiн көрсете отырып, жазбаша нысанда Премьер-Министрдiң қарауына енгiзедi.
Почта арқылы келiп түсетiн пакеттерде "Кадрлар" деген мөртаңба қойылып, пакет мiндеттi түрде нөмiрленедi. Премьер-Министр Кеңсесiнiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi пакеттi Премьер-Министр Кеңсесiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне (бұдан әрi - Кадр жұмысы бөлiмi) ашпай бередi.
Кадр жұмысы бөлiмiне келiп түскен құжаттар тiркелген және зерделенген соң Премьер-Министрдiң жетекшiлiк етушi орынбасарына алдын ала келiсуге берiледi, ол бұрыштама соққан соң Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына (бұдан әрi - Кеңсе Басшысы) енгiзiледi, ол өз кезегiнде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды. Премьер-Министр бас тартқан жағдайда құжаттар тиiстi мемлекеттiк органның басшысына қайтарылады.
Жекелеген мемлекеттiк қызметшiлердi қызметке тағайындау немесе қызметтен босату жөнiнде Үкiмет мүшелерi енгiзетiн ұсыныстар Кадр жұмысы бөлiмiне берiлместен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жеке баяндалуы мүмкiн. Бұл ретте, олар Кадр жұмысы бөлiмiне Премьер-Министрмен келiсiлген соң берiледi. Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерiнiң мамандары немесе көмекшiлерi арқылы беруге рұқсат етiлмейдi.
Тағайындауға не атқарып отырған қызметiнен босатуға ұсынылатын кадрларды Премьер-Министрдiң немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесiнiң тиiстi бөлiмдерi алдын ала зерделеуi мүмкiн, олар Кадр жұмысы бөлiмiмен бiрлесiп тиiстi қорытындыны Кеңсе Басшысына ұсынады.
2. Премьер-Министрдiң келiсiмiн алған соң Кадр жұмысы бөлiмi кадрларды тағайындауға немесе босатуға қаулылар дайындайды, оларды Кеңсе Басшысына бередi. Кеңсе Басшысы оларды Премьер-Министрге қол қоюға енгiзедi.
3. Үкiметтiң келiсiмi бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келiсу нәтижесi ұсынысқа қарар түрiнде ресiмделедi және тиiстi орталық атқарушы органға берiледi.
4. "Мемлекеттік билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгi Басшысымен келiсiм бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиiс мемлекеттiк қызметшiлер жөнiндегi тиiстi орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Кадр жұмысы бөлiмiне енгiзiлген ұсыныстар Кеңсе Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келiсiлген соң тағайындауға немесе қызметтен босатуға келiсiм беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкiмшiлiгiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне берiледi. Ол Президент Әкiмшiлiгiнде келiсудi ұйымдастырады, содан соң Премьер-Министр Кеңсесiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне ұсынылып отырған не босатылатын кандидатура жөнiнде жауапты хабарлайды.
Келiсу рәсiмi аяқталған соң қызметке тағайындау не қызметтен босату туралы дайындалған құжаттарды Кеңсе Басшысы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне қол қоюға енгiзедi.
Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерi, кеден қызметi, қаржы
полициясы органдары бойынша
ҚР Үкіметінің 08.05.03 ж. N 437 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР 31.12.03 ж. N 1369 (бұр. ред. қара) қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Егер Премьер-Министр, Премьер-Министрдiң орынбасары немесе Кеңсе Басшысы өзгеше шешпесе, мынадай лауазымдарға кандидатуралар Премьер-Министр Кеңсесiнiң қорғаныс және құқық тәртiбi, заң, кадр жұмысы бөлiмдерiнде алдын ала зерделенуi тиiс:
Iшкi iстер вице-министрлерi, Iшкi әскерлер қолбасшысының орынбасарлары, Iшкi iстер министрлiгi комитеттерiнiң төрағалары, IIМ орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көлiктегi ҚIIБ (IIБ) бастықтары, IIМ Академиясының бастығы;
Әдiлет вице-министрлерi, Әдiлет министрлiгi комитеттерiнiң төрағалары, Әдiлет министрлiгiнiң "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң директоры, облыстар, Астана және Алматы қалалары әдiлет департаменттерiнiң бастықтары, облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармаларының бастықтары;
Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалалары кедендiк басқармаларының бастықтары;
Қаржы полициясы агенттiгiнiң төрағасы және төрағаның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының қаржы полициясы департаменттерiнiң және көлiктегi қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтары, Қаржы полициясы агенттiгiнiң орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары.
Зерделеу қорытындылары келiсiм беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды түрiнде ресiмделедi және Премьер-Министрдiң орынбасары мен Кеңсе Басшысына берiледi. Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгi Басшысымен келiсiм бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша қорытындылар Президент Әкiмшiлiгiне хатпен жiберiледi";
Аумақтық органдар бойынша
ҚР Үкіметінің 08.05.03 ж. N 437 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң орынбасарлары, әкiмдер аппараттарының басшылары қалалар, аудандар және қалалардағы аудандар әкiмдерi қызметтерiне тағайындауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына сәйкес Премьер-Министрмен немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды адаммен келiсiм бойынша жоғары тұрған әкiмдер жүргiзедi.
Президент Әкiмшiлiгiнiң Кадр жұмысы бөлiмiнен алынған жоғарыда көрсетiлген лауазымдарға ұсынылған кандидатураларды тағайындау жөнiндегi материалдар Премьер-Министр Кеңсесiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне жолданады, ол бұларды алдын ала зерделеп, Аймақтық даму бөлiмiмен және Кеңсе Басшысының орынбасарымен келiседi, содан соң кандидатураларды Премьер-Министрмен келiсу үшiн құжаттарды Кеңсе Басшысына бередi. Қажет болған ретте, келiспеу себептерi туралы Кеңсе Басшысы қол қоятын дәлелдi қорытынды дайындалуы мүмкiн. Мәселе Үкiметте қаралған соң материалдар қайтадан Әкiмшiлiктiң Кадр жұмысы бөлiмiне берiледi, ол Әкiмшiлiк Басшысының келiсiмiмен кандидатпен әңгiмелесу өткiзу және Президент Әкiмшiлiгiнiң мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiмен, Үкiмет және Премьер-Министр Кеңсесi басшылығымен келiсу үшiн оны шақыруды ұйымдастырады. Бұдан әрi, Үкiметте және Премьер-Министр Кеңсесiнде әңгiмелесу өткiзiлген кезде белгiленген нысанда "келiсу парағы" толтырылады, онда лауазымды адамдардың тағайындау туралы ұсыныспен келiсетiнi немесе келiспейтiнi туралы белгiлер енгiзiледi. Әңгiмелесуге, әдетте, Аймақтық даму бөлiмiнiң осы аймаққа жетекшiлiк етушi бас инспекторы, Кадр жұмысы, Аймақтық даму, Экономика, Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi, Кеңсе Басшысының орынбасары, жетекшілік етушi Аймақтық даму бөлiмi, Кеңсе Басшысы Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Премьер-Министр қатысады.
Жекелеген жағдайларда Премьер-Министр кандидатпен әңгiмелесу ұйымдастырмай келiсу жүргiзу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
Мәселе Үкiметте қаралғаннан кейiн келiсу парағы Президент Әкiмшілігiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне берiледi.
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң орынбасарларын, әкiмдерi аппараттарының басшыларын, қалалар мен аудандар әкiмдерiн қызметтен босату осы мәселе Премьер-Министрмен келiсiлген соң ғана жүргiзiледi. Қажет болған ретте, Премьер-Министрдiң нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысының қолымен Президент Әкiмшiлiгiне әлде бiр мемлекеттiк қызметшiнi босатумен келiспеу туралы дәлелдi қорытынды жолданады.
Ереженiң өзге де мәселелерi
7. Үкiметтiң лауазымды адамдарды тағайындау және босату жөнiндегi тиiстi қаулыларының немесе оларды келiсу жөнiндегi қарарлардың жобаларын дайындауды олардың келiсiмi бойынша, әдетте, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Кадр жұмысы бөлiмi жүргiзедi.
Мемлекеттiк лауазымға тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс:
- кадрлар есебi жөнiндегi жеке парақ;
- өмiрбаян;
- бiлiмi, берiлген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшiрмелерi;
- өмiрбаяндық ақиқат анықтама*;
- кандидаттың лауазымға тағайындалуы үшiн арнайы тексеруден өткенi туралы анықтама*;
- кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары туралы декларацияларды тапсырғаны туралы анықтама*;
- мөлшерi 4x6 см. 4 фотосурет;
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабымен және өзге де заңдарымен белгiленген шектеулермен келiсу туралы мәлiмдеме;
- мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi басқару шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi (қажет болған ретте).
Ұсынымда қызметке тағайындауға ұсынылып отырған кандидаттың кәсiби, iскерлiк және жеке басының қасиеттерi қысқаша сипатталуы қажет.
Мемлекеттiк саяси қызметшi орнынан түскен немесе ол өз еркiмен қызметтен босаған жағдайда материалдарға мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi өтiнiшi қоса берiледi.
Ескерту: * - осы құжаттар Үкiметтiң келiсiмi қажет облыстар әкiмдерiнiң орынбасарларын, қалалар мен аудандар, қалалардағы аудандар әкiмдерiн, сондай-ақ орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымдары бойынша ұсыныстарға қоса тiркелуi тиiс.