Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысы
(2021.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.15.06. № 433 Қаулысымен (бұр.ред.қара) күші жойылды
3. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары болып қайта ұйымдастырылсын.
Агенттiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 83-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 сәуірдегi № 500 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 176-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен ереже күшін жойды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен тізбе күшін жойды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2019.24.10. № 798 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 228-құжат):
2 және 5-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)»деген сөздермен ауыстырылсын.
3.ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2021.27.12. № 936 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 11.03.04 ж. № 307 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды
6. «Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөнiндегі бiрыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 3 шiлдедегі № 646 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген бiрыңғай конкурс өткізу жөнiнде жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«35 Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы)».