Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм
бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу
тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 8 мамырдағы N 437 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ереже.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келiсiм бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттiк органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 наурыздағы N 373 қаулысы;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы N 101 өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі
N 784 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен
келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы
органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары
лауазымдарының тiзбесi
Лауазымы | Кiм тағайындайды | Кім ұсынады | Кіммен келісіледі (ұсынылады) | Ескерту |
| Конкурс- тық рә- сімдер арқылы Конкурс- тық рә- сімдер арқылы |
* - Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N
828 Жарлығына сәйкес осы кадрлар Қазақстан Республикасының Президентiмен
немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкiмшiлiгі Басшысымен мiндеттi
келiсуден өтедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі
N 784 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен
келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергілiктi атқарушы
органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды
қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi
туралы ереже
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың,
Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси
қызметшiлерi бойынша
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсыныстарды тиiстi мемлекеттiк органның басшысы, Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептерi мен дәлелдерiн көрсете отырып, жазбаша нысанда Премьер-Министрдiң қарауына енгiзедi.
Почта арқылы келiп түсетiн пакеттерде "Кадрлар" деген мөртаңба қойылып, пакет мiндеттi түрде нөмiрленедi. Премьер-Министр Кеңсесiнiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi пакеттi Премьер-Министр Кеңсесiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне (бұдан әрi - Кадр жұмысы бөлiмi) ашпай бередi.
Кадр жұмысы бөлiмiне келiп түскен құжаттар тiркелген және зерделенген соң Премьер-Министрдiң жетекшiлiк етушi орынбасарына алдын ала келiсуге берiледi, ол бұрыштама соққан соң Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына (бұдан әрi - Кеңсе Басшысы) енгiзiледi, ол өз кезегiнде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды. Премьер-Министр бас тартқан жағдайда құжаттар тиiстi мемлекеттiк органның басшысына қайтарылады.
Жекелеген мемлекеттiк қызметшiлердi қызметке тағайындау немесе қызметтен босату жөнiнде Үкiмет мүшелерi енгiзетiн ұсыныстар Кадр жұмысы бөлiмiне берiлместен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне жеке баяндалуы мүмкiн. Бұл ретте, олар Кадр жұмысы бөлiмiне Премьер-Министрмен келiсiлген соң берiледi. Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерiнiң мамандары немесе көмекшiлерi арқылы беруге рұқсат етiлмейдi.
Тағайындауға не атқарып отырған қызметiнен босатуға ұсынылатын кадрларды Премьер-Министрдiң немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесiнiң тиiстi бөлiмдерi алдын ала зерделеуi мүмкiн, олар Кадр жұмысы бөлiмiмен бiрлесiп тиiстi қорытындыны Кеңсе Басшысына ұсынады.
2. Премьер-Министрдiң келiсiмiн алған соң Кадр жұмысы бөлiмi кадрларды тағайындауға немесе босатуға қаулылар дайындайды, оларды Кеңсе Басшысына бередi. Кеңсе Басшысы оларды Премьер-Министрге қол қоюға енгiзедi.
3. Үкiметтiң келiсiмi бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келiсу нәтижесi ұсынысқа қарар түрiнде ресiмделедi және тиiстi орталық атқарушы органға берiледi.
4. "Мемлекеттік билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгi Басшысымен келiсiм бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиiс мемлекеттiк қызметшiлер жөнiндегi тиiстi орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Кадр жұмысы бөлiмiне енгiзiлген ұсыныстар Кеңсе Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келiсiлген соң тағайындауға немесе қызметтен босатуға келiсiм беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкiмшiлiгiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне берiледi. Ол Президент Әкiмшiлiгiнде келiсудi ұйымдастырады, содан соң Премьер-Министр Кеңсесiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне ұсынылып отырған не босатылатын кандидатура жөнiнде жауапты хабарлайды.
Келiсу рәсiмi аяқталған соң қызметке тағайындау не қызметтен босату туралы дайындалған құжаттарды Кеңсе Басшысы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне қол қоюға енгiзедi.
Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерi, кеден қызметi, қаржы
полициясы органдары бойынша
5. Егер Премьер-Министр, Премьер-Министрдiң орынбасары немесе Кеңсе Басшысы өзгеше шешпесе, мынадай лауазымдарға кандидатуралар Премьер-Министр Кеңсесiнiң Қорғаныс және құқық тәртiбi, Заң, Кадр жұмысы бөлiмдерiнде алдын ала зерделенуi тиiс:
Ішкі iстер вице-министрлерi, Iшкi әскерлер қолбасшысының орынбасарлары, IIМ Жол полициясы комитетiнiң төрағасы, облыстық, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер басқармаларының бастықтары, IIM орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, IIМ академиясының бастығы, көлiктегi iшкi iстер басқармаларының бастықтары;
Әділет вице-министрлерi, Әдiлет министрлiгi комитеттерiнiң төрағалары;
МКМ Кеден комитетiнiң төрағасы, облыстар, Астана және Алматы қалалары кеден басқармаларының бастықтары;
Қаржы полициясы агенттiгiнiң төрағасы мен төрағасының орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары қаржы полициясы департаменттерiнiң және көлiктегi қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтары;
Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiктiң төрағасы және төрағасының орынбасарлары.
Зерделеу қорытындыларын Кадр жұмысы бөлiмi Қорғаныс және құқық тәртiбi, Заң бөлiмдерiмен бiрлесiп, келiсiм беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды түрiнде ресiмдейдi және Премьер-Министрдiң орынбасары мен Кеңсе Басшысына бередi, ал Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгi Басшысымен келiсiм бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша қорытындылар Президент Әкiмшiлiгiне хатпен берiледi.
Аумақтық органдар бойынша
6. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң орынбасарлары, әкiмдер аппараттарының басшылары қалалар, аудандар және қалалардағы аудандар әкiмдерi қызметтерiне тағайындауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына сәйкес Премьер-Министрмен немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды адаммен келiсiм бойынша жоғары тұрған әкiмдер жүргiзедi.
Президент Әкiмшiлiгiнiң Кадр жұмысы бөлiмiнен алынған жоғарыда көрсетiлген лауазымдарға ұсынылған кандидатураларды тағайындау жөнiндегi материалдар Премьер-Министр Кеңсесiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне жолданады, ол бұларды алдын ала зерделеп, Аймақтық даму бөлiмiмен және Кеңсе Басшысының орынбасарымен келiседi, содан соң кандидатураларды Премьер-Министрмен келiсу үшiн құжаттарды Кеңсе Басшысына бередi. Қажет болған ретте, келiспеу себептерi туралы Кеңсе Басшысы қол қоятын дәлелдi қорытынды дайындалуы мүмкiн. Мәселе Үкiметте қаралған соң материалдар қайтадан Әкiмшiлiктiң Кадр жұмысы бөлiмiне берiледi, ол Әкiмшiлiк Басшысының келiсiмiмен кандидатпен әңгiмелесу өткiзу және Президент Әкiмшiлiгiнiң мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiмен, Үкiмет және Премьер-Министр Кеңсесi басшылығымен келiсу үшiн оны шақыруды ұйымдастырады. Бұдан әрi, Үкiметте және Премьер-Министр Кеңсесiнде әңгiмелесу өткiзiлген кезде белгiленген нысанда "келiсу парағы" толтырылады, онда лауазымды адамдардың тағайындау туралы ұсыныспен келiсетiнi немесе келiспейтiнi туралы белгiлер енгiзiледi. Әңгiмелесуге, әдетте, Аймақтық даму бөлiмiнiң осы аймаққа жетекшiлiк етушi бас инспекторы, Кадр жұмысы, Аймақтық даму, Экономика, Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi, Кеңсе Басшысының орынбасары, жетекшілік етушi Аймақтық даму бөлiмi, Кеңсе Басшысы Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Премьер-Министр қатысады.
Жекелеген жағдайларда Премьер-Министр кандидатпен әңгiмелесу ұйымдастырмай келiсу жүргiзу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
Мәселе Үкiметте қаралғаннан кейiн материалдар қайтадан Президент Әкiмшілігiнiң Кадр жұмысы бөлiмiне берiледi.
Облыстар әкiмдерiнiң орынбасарларын, қалалар мен аудандар әкiмдерiн қызметтен босату осы мәселе Премьер-Министрмен келiсiлген соң ғана жүргiзiледi. Қажет болған ретте, Премьер-Министрдiң нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысының қолымен Президент Әкiмшiлiгiне әлде бiр мемлекеттiк қызметшiнi босатумен келiспеу туралы дәлелдi қорытынды жолданады.
Ереженiң өзге де мәселелерi
7. Үкiметтiң лауазымды адамдарды тағайындау және босату жөнiндегi тиiстi қаулыларының немесе оларды келiсу жөнiндегi қарарлардың жобаларын дайындауды олардың келiсiмi бойынша, әдетте, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Кадр жұмысы бөлiмi жүргiзедi.
Мемлекеттiк лауазымға тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс:
- кадрлар есебi жөнiндегi жеке парақ;
- өмiрбаян;
- бiлiмi, берiлген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшiрмелерi;
- өмiрбаяндық ақиқат анықтама*;
- кандидаттың лауазымға тағайындалуы үшiн арнайы тексеруден өткенi туралы анықтама*;
- кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары туралы декларацияларды тапсырғаны туралы анықтама*;
- мөлшерi 4x6 см. 4 фотосурет;
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабымен және өзге де заңдарымен белгiленген шектеулермен келiсу туралы мәлiмдеме;
- мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi басқару шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi (қажет болған ретте).
Ұсынымда қызметке тағайындауға ұсынылып отырған кандидаттың кәсiби, iскерлiк және жеке басының қасиеттерi қысқаша сипатталуы қажет.
Мемлекеттiк саяси қызметшi орнынан түскен немесе ол өз еркiмен қызметтен босаған жағдайда материалдарға мемлекеттiк қызметшiнiң тиiстi өтiнiшi қоса берiледi.
Ескерту: * - осы құжаттар Үкiметтiң келiсiмi қажет облыстар әкiмдерiнiң орынбасарларын, қалалар мен аудандар, қалалардағы аудандар әкiмдерiн, сондай-ақ орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымдары бойынша ұсыныстарға қоса тiркелуi тиiс.