г) шетел қатысқан банктердің барлық қызметкерлерінің кем дегенде жетпіс проценті Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
2. Ұлттық Банк шетелдер қатысушы банкiлерге олардың органдарының құрамына, орындалатын банк операцияларының тiзбесiне, сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi пруденциалдық қалыптар мен есептесу тәртiбiне қатысты қосымша талаптар қоюға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 23-бап өзгертiлдi
23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi қарау тәртiбi
1. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi Ұлттық Банк өтiнiш берушi Ұлттық Банк сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бiрақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс.
2. Ұлттық Банк қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.
3. Ұлттық Банк банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
ҚР 11.07.97 N 154-1 Заңымен 25-бап өзгертiлдi
24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) банкiнiң құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;
б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;
в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкiнiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi;
г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы;
д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
е) осы Заңның 20-бабының 3-5-тармақтарында белгiленген ең төменгi талаптарға банкiнiң басшы қызметтерiне кандидаттардың сәйкес келмеуi;
ж) осы Заңның 22-бабының 1-тармағында белгiленген қалыптарға шетелдер қатысушы банкiнiң құрылтай құжаттары сәйкес келмеуi;
з) құрылатын банкiнiң бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
2. Ұлттық Банк бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Осы Заңның 18-22-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1 ; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 25-бап өзгертiлдi
25-бап. Банкiнi мемлекеттiк тiркеу
Банкiнi мемлекеттiк тiркеудi Ұлттық Банкiнiң банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары Ұлттық Банкпен келiсiлгендiгiн растайтын деректер.
Құрылтайшылар Ұлттық Банкiнiң банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банкiнi мемлекеттiк тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 26-бап өзгертiлдi
26-бап. Банк операцияларын лицензиялау
1. Ұлттық Банк осы Заңға сәйкес банк операциялары санатына жатқызылған операциялар жүргiзуге лицензия беруге уәкiлдiгi бар Қазақстан Республикасы аумағындағы бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
Банк операцияларын жүргiзуге лицензиялар Ұлттық Банк белгiлеген тәртiп бойынша берiледi.
Ұлттық Банк лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде:
а) барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшiнде Ұлттық Банкiнiң қалыптық талаптарына сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтар әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер жалдауға;
б) жарғылық капиталға төлем жасауға тиiс.
3. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды табыс етуге мiндеттi.
4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi өтiнiштi Ұлттық Банк өтiнiш қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
5. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс.
7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi шешiмдi Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында жариялайды.
9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.
27-бап. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден бас тарту негiздерi
Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден бас тарту:
а) осы Заңның 26-бабының 2-тармағында белгiленген талаптардың кез келгенi сақталмаған ретте;
б) егер банк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап бiр жыл iшiнде лицензия алу жөнiнде өтiнiш жасамаған ретте жүргiзiледi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 28-бап өзгертiлдi
28-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн оның iшiнде, Әдiлет органдарында қайта тiркеуден өту талап етiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Ұлттық Банкiмен мiндеттi түрде алдын ала келiсiлуге тиiс.
2. Банкiнiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру туралы мәселенi Ұлттық Банк бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртiбi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 29-бап өзгертiлдi
29-бап. Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерiн және есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жабу
1. Банкiнiң филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банкiнiң атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзiне банк берген өкiлеттiк шегiнде әрекет ететiн банк бөлiмшесi.
Банк филиалының банкiмен бiрыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетiн атауы болады.
2. Банк өз филиалын ашуға, бiрiктiруге Ұлттық Банкiнiң келiсiмiн алуға мiндеттi.
Банк филиалын ашуға келiсiм беру туралы мәселенi Ұлттық Банк үш ай мерзiмде қарауға тиiс.
3. Банкiнiң филиалын ашуға келiсiм беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) филиал жүргiзуге уәкiлдiгi болатын банк операцияларының тiзбесiн қоса банк филиалы туралы ереже;
б) осы Заңның 19-бабы 3-тармағының және 20-бабы 3-5-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi қызметiне кандидаттар туралы мәлiметтер.
4. Қазақстан Республикасының аумағында банкiнi, банк филиалын немесе өкiлдiгiн құруға жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың келiсiмi талап етiлмейдi.
5. Банк филиалын ашуға келiсiм беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) осы Заңның 19-бабының 3-тармағының және 20-бабының 3-5-тармақтарында белгiленген ең төменгi талаптарға банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi қызметiне кандидаттардың сай келмеуi;
б) Ұлттық Банкiнiң қалыптық талаптарына банк филиалының үй-жайлары мен жабдықтарының сай келмеуi;
в) банкiнiң Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық қалыптарды және немесе өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамауы;
г) қолданылып жүрген заңдарды және Ұлттық Банкiнiң қалыпты құқықтық құжаттарын бұзу.
6. Банкiнiң өкiлдiгi - заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банкiнiң атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететiн банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлiмшесi.
7. Қазақстан Республикасының резидентi емес банкiнiң өкiлдiгiн ашуға келiсiм беру жөнiндегi өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) өтiнiш берушi банкiнiң құрылтай құжаттары;
б) өтiнiш берушi банкiнiң тиiстi органының Қазақстан Республикасының аумағында өкiлдiк ашу жөнiндегi шешiмi;
в) өтiнiш берушi банкiнiң банк қызметiн жүргiзуге қолданылып жүрген лицензиясы бар екендiгi туралы тиiстi мемлекеттiң банк қадағалау органының жазбаша растамасы;
г) өтiнiш берушi банкiнiң соңғы қаржы (операциялық) жылындағы (топтастырылған балансты және пайда мен залал жөнiндегi есептi қоса) тиiстi дәрежеде ресiмделiп, осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн аудиторлық ұйым куәландырған жылдық есебi;
д) тиiстi мемлекеттiң банк қадағалау органының өтiнiш берушi банкiнiң Қазақстан Республикасы аумағында өкiлдiк ашуға қарсылығы жоқ екендiгi жөнiндегi жазбаша хабарламасы, не тиiстi мемлекеттiң банк қадағалау органының немесе беделдi заң қызметiнiң өтiнiш берушi банк мемлекетiнiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiндiгi жөнiндегi мәлiмдемесi;
е) өкiлдiк қызметкерлерiнiң көзделiп отырған саны және оның басшысы жөнiндегi мәлiметтер.
7-1. Банктiң есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) - банктiң Ұлттық Банк келiсiмi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық не өкiлдiк мәртебесi жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындайтын аумақтық оқшау бөлiмшесi.
8. Банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн жабу қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Есеп айырысу-касса бөлiмдерi (жинақ кассалары) қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес ашылады және жабылады.
Банк филиалын жапқан кездегi есептiк тiркеу деректерiне өзгертулер Ұлттық Банкпен алдын ала келiсiлгеннен кейiн әдiлет органдарына табыс етiледi.
3-тарау. Банк қызметiн жүзеге асыру
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 10.07.98 ж. N 282-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 28.03.03 ж. N 399-II; 08.05.03 ж. N 411-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертiлдi
30-бап. Банк қызметi
1. Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банкiлердiң осы бапта белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуi банк қызметi болып табылады.
2. Банк операцияларына мыналар жатады:
а) заңды тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
б) жеке тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
в) банкiлер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк есепшоттарын ашу және жүргiзу;
в-1) осы адамның иелігiндегi тазартылған бағалы металдардың нақты саны көрiнiс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу;
г) кассалық операциялар: банкноттар мен мәнеттердi қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау;
д) аудару операциялары:
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
е) есептеу операциялары:
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерi мен өзге де қарыз мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);
ж) заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес:
ақшалай түрде несие беру;
з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банктiк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
и) сенiм операциялары: сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және оның тапсыруымен ақшаны және тазартылған бағалы металдарды басқару;
сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металдарды және құнды қағаздарды басқару;
к) клиринг операциялары:
төлемдердi жинау, салыстыру, сорттау және растау, сондай-ақ олардың өзара төлемдер өтеуiн жүзеге асыру және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;
л) сейфтiк операциялар:
сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылғанбағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөнiндегi қызметтер;
м) ломбард операциялары:
сақтауға алынып оңай өтетiн бағалы қағаздарды және қозғалатын мүлiктi кепiлге алып, қысқа мерзiмдi несие беру;
н) төлем карточкаларын шығару;
о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау және басқа жаққа салып жiберу;
п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдердi қоспағанда);
с) чек кiтапшаларын шығару;
т) бағалы қағаздар рыногындағы клирингтiк қызмет;
у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.
Жоғарыда аталған операцияларды жүргізу үшін банкілерге және басқа заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк қана беруге құқылы.
Осы тармақтың т) тармақшасында көзделген операциялар жүргiзуге арналған лицензия уәкiлеттi органның келiсуi бойынша берiледi.
2-1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталғаннан басқа банкiлер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкiнiң лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
а) қымбат тазартылған бағалы металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйiнде, қымбат тазартылған бағалы металдардан жасалған мәнеттердi, дәрiгерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
б) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
в) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшiлердiң вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртiбiмен ескертпелi вексельдердi, вексельдер акцептiн төлеу;
г) алынып тасталды
г-1) алынып тасталды
д) лизинг қызметін жүзеге асыру;
е) өз меншiгiндегi бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) эмиссиялау;
ж) факторингтiк (сауда-саттық) операциялар:
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлем төлеудi талап ету құқығына ие болу;
з) форфейтингтiк операциялар (форфетингтеу):
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының қарыз мiндеттемесiн сатушыға айналым түспейтiн жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.
4. Банктер бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай:
а) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша - делдалдық;
б) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;
б-1) бағалы қағаздарды басқару;
в) кастодиалдық;
г) клирингтiк түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.
Банктердiң клирингтiк қызметтi қоспағанда бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды Ұлттық Банктiң келiсiмiмен уәкiлеттi орган бередi.
Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
5. Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде қызметтiң жекелеген түрлерiне банктердiң лицензия алуымен байланысты олар үшiн, сондай-ақ осы Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктер үшiн қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 31-бап өзгертiлдi
31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар
1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шараттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.
2. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк директорларының кеңесі бекiтуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс:
а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi;
б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының шектiк мөлшерi;
в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы (мүдде) төлеудiң шарттары;
г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;
е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
ж) банк директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер.
3. Банкiнiң iшкi ережелерi:
а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
г) банкiнiң атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 32-бап өзгертiлдi
32-бап. Банкiнiң банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндетi
1. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына қолданылмайды.
2. Банкiлер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесiн беруге мiндеттi.
3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 33-бап өзгертiлдi
33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты
1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 34-бап өзгертiлдi
34-бап. Заем операциясы
1. Заем операциясы дегенiмiз банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың басқа тұлғаларға қайтарымдылық және ақы төлеу мерзімі шартымен ақша беруi болып табылады.
2. Банкiнiң қарыз операциясы оның банк директорларының кеңесі бекiтетiн Iшкi кредит саясаты туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Банкiнiң заем комитетi iшкi несие саясатын жүзеге асырушы орган болып табылады.
4. Iшкi заем саясаты туралы ережелер қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi бәсеңдету мақсатында жасалып, мыналарды:
а) заңды және жеке тұлғаларға заем беру шарттарын;
б) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне заем беру шарттарын;
в) заем комитетiнiң ұйымдық құрылымын, қызметi мен өкiлеттiгiн;
г) заем комитетi мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;
д) заем берудiң шектi өлшемiн;
е) заем шарттарын бекiту рәсiмiн белгiлейдi.
5. Осы баптың 2-4-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер және кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларына қолданылады.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 35-бап өзгертiлдi
35-бап. Несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету
1. Несиелердiң қайтарымдылығы айыпақымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және заңдармен немесе шартпен көзделген басқа әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
2. Клиенттiң несиенi қайтаруға жоғары қабiлеттiлiгi мен сенiмдiлiгi болған жағдайда банк несиенi қамтамасыз етусiз-ақ (банкiлiк несие) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Банк бiр заемшыға осы заемшының банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алған заем қаражатының көлемiн шегерiп тастағанда активтердiң орташа жылдық құнынан асып кететiн жалпы сомаға банк кредитiн беруге құқылы емес. Заемшының активтерінің орташа жылдық құны есепті жылдың басынан осы кредитті алған күнге дейінгі кезеңге есептеледі.
3. Кепiл туралы шартпен, сондай-ақ заң актiлерiмен көзделген реттерде кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртiппен сауда (аукцион) өткiзу арқылы өз бетiмен өткiзуге құқылы.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1 Заңдарымен 36-бап өзгертiлдi
36-бап. Төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
Несие берушi банк несие шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға:
жаңадан несие бермеуге;
қарыз алушының кез келген есепшотындағы ақшасынан (егер бұл несие шартында ескерiлген болса) қарыз алушының келiсiмiнсiз өндiрiп алуға;
төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тану туралы сотқа талап арызын беруге құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 37-бап жаңа редакцияда
37-бап. Талап қою және қуынымның ескiру мерзімi
Банктердiң кредит шарттарын тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн қарыз алушыларға қойған талаптарына талап қою мен қуынымның ескiру мерзiмi қолданылмайды.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 38-бап өзгертiлдi
38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру
1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады.
3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.
4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) есепшотынан есептелген ақшаны олардың келiсiмiнсiз есептен алып қоюға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда
39-бап. Ставкалар мен тарифтер
Сыйақылар (мүдде) мен комиссиялардың ставкаларын, сондай-ақ банк қызметi көрсетiлгенi үшiн тарифтердi банкiлер дербес белгiлейдi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 40-бап өзгертiлдi
40-бап. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салу
1. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға банкiлерге тыйым салынады.
2. Жеңiлдiк жағдайлар жасау дегенiмiз:
табиғатына, мақсатына, ерекшелiктерiне және тәуекел етуiне қарай банк өзiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар болып табылмайтын клиенттермен мәмiле жасай қоймайтын, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесіне мәмiле жасасу.
Банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз заемдар (бланктік заемдар) бере алмайды.
банк операциясын орындағаны немесе басқа клиенттерден талап етiлетiнiне қарағанда төмен қамтамасыз етудi қабылдағаны үшiн сыйақылар (мүдде) мен төлемдер өндiрiп алу.
3. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар деп мыналар танылады:
а) аталған банкiнiң кез келген лауазымды адамы немесе басшы қызметкерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары;
б) аталған банкiнiң iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банкiнiң iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жақын туыстары;
в) осы баптың 3-тармағының (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген адамдар iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлға;