2. Мердiгерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлердi өндiрiстегi бақытсыз жағдайлар мен кәсiби аурулардан сақтандыруға мiндеттi.
3. Сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен 3-1-тармақ 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі
3-1. Теңiзде барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгерлер мүлiктiк тәуекел мен жауапкершiлiк тәуекелiн:
1) скважинаны бақылауға алу жөнiндегi шығыстары;
2) скважина бақылаудан шыққан жағдайда, қайта бұрғылау операциялары бойынша шығыстары;
3) теңiздiң ластануы жағдайында тазалау және оқшаулау жөнiндегi шығыстары;
4) теңiзде авариялық жағдайлар мен олардың зардаптарын жою бойынша мамандандырылған компанияларды тарту жөнiндегi шығыстары бойынша сақтандыру өтеуiн қамтамасыз ететiндей түрде сақтандыруға мiндеттi.
56-бап. Еңбектегi құқық қатынастары
Мердiгерде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке ақы төлеу шарттары, жұмыс iстеу мен тынығу режимi, әлеуметтiк қамсыздандырылуы мен әлеуметтiк сақтандырылуы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Мердiгер құқықтарының кепiлдiктерi
Мердiгерге оның құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатынына кепiлдiк берiледi. Мердiгердiң жағдайын нашарлататын заңдардың өзгертулерi мен толықтырулары, ондай өзгертулер мен толықтыруларға дейiн жасалған контрактiлерге қолданылмайды.
Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету, ұлттық қауiпсiздiк саласындағы, экологиялық қауіпсiздiк, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен 58-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
58-бап. Дауларды шешу
1. Келiсiм-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не дауларды шешудiң келiсiм-шартта бұрын келiсiлген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Егер келiсiм-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты дауларды осы баптың 1-тармағына сәйкес шешу мүмкiн болмаса, онда тараптар дауды шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес сотқа;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке бере алады.
59-бап. Заңды күшiне енгiзу тәртiбi
Осы Заң 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының