Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасында
жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу мәселелерi
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат):
1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) кiрiспе алып тасталсын;
3) бүкiл мәтiн бойынша:
"Жарлықта", "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлық", "Жарлықты", "Жарлықтың" деген сөздер тиiсiнше "Заңда", "Заңға" "Заңымен", "Заңмен", "Заң", "Заңды", "Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(уәкiлеттi мемлекеттік орган)", "(Блоктарды)", "(Блоктарының)" деген сөздер алып тасталсын;
"инвестициялық бағдарламалардың конкурсын", "инвестициялық бағдарламалар конкурсын", "инвестициялық бағдарламалар конкурсына" деген сөздер тиiсiнше "конкурс", "конкурсқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органмен", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органының", "Жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттік органның", "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік орган" деген сөздер тиiсiнше "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның", "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жер қойнауын пайдалану", "Жер қойнауы жай-күйiнiң", "Жер қойнауын пайдаланушы", "Жер қойнауы", "Жер қойнауын", "Жер қойнауының", "Жер қойнауын қалдық", "Жер қойнауын пайдаланушылары", "Жер қойнауын пайдаланушылардың", "Жер қойнауын пайдаланушының", "Жер қойнауын пайдалануға", "Жер қойнауын пайдаланушымен", "Жер қойнауында", "Жер қойнауынан", "Операциялар", "Операцияларын", "Операциялары", "Операцияларды", "Жер қойнауын пайдаланудың" "Пайдалы", "Техногендiк", "Техногендi", "Минералды", "Минералдық" "Учаскесiнiң", "Учаскелерiн", "Учаскелерiнiң", "Учаскесiнде", "Учаскелерiне", "Учаскелерi", "Учаскесi", "Модельдiк", "Контракт", "Контрактылар" "Контрактiнiң", "Контрактiге" "Контрактiлерге", "Құзыреттi", "Құқығын", "Құқығы", "Құқығынан", "Құқығының", "Құқығына", "Құқық", "Барлау", "Барлауға", "Барлаумен", "Өндiруге", "Өндiрумен", "Өндiру", "Кең таралған", "Мемлекеттік", "Салуға", "Салу", "Салуды", "Сервитутты", "Сервитут", "Тау-кендiк", "Өңдеу", "Жұмыс", "Контрактiнiң", "Кeн орны", "Геологиялық", "Мердiгер", "Мердiгердiң", "Коммерциялық", "Сақтық", "Теңiздi", "Ластануын", "Ластануы", "Лицензия" деген сөздер кiшi әрiптермен жазылсын;
4) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдаланудың қауiпсiздiгi - жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзген кезде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
2) жағалау жиегi - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi. Жағалау жиегiнiң нақты орналасу орнын белгiлеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды;
3) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген өнiмдi әлемдiк нарыққа ықпалдастыру мақсатында қолданылатын жаңа және жетiлдiрiлген өнiм мен барынша экологиялық таза технология ретiнде сатуға шығарылған техника мен технологиялық процестердегi жалпы жұрт мойындаған жаңа жетiстiктер;
4) геологиялық бөлу - жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргiзуге құқылы жер қойнауының учаскесiн схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын келісім-шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын барлауға, бiрлескен барлау мен өндiруге жасалатын келісім-шартқа қосымша;
5) тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi сатып алудың жылдық бағдарламасы - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң, оның iшiнде Қазақстанда шығарылғандарының, жер қойнауын пайдаланушы жоспарлайтын номенклатурасы мен көлемi және оларды иемденiп алудың тәсiлдерi мен мерзiмдерi;
6) жұмыстың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының күнтiзбелiк жылға арналған барлау, өндiру жөніндегі тау-кен жұмысының көлемi мен даму бағытын қамтитын iс-әрекеттерiнiң жоспары және қаржылық шығындары;
7) тау-кендiк бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндiрудi, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзуге құқығы бар жер қойнауы учаскесiн графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруге жасалатын келісім-шарттардың ажырамас бөлiгi не сервитут ресiмделген жағдайда дербес құжат болып табылатын құжат;
8) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйiнiң мониторингiне, жер қойнауы учаскелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген бөлiктерiнiң және тұтастай бүкiл аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын iздестiру және iздестiру-бағалау жұмыстарын жүргiзу арқылы анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негiзiн құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар);
9) өндiру - минералдық шикiзатты уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетiне шығаруға, сондай-ақ техногендi минералдық түзiлiмдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкiл кешенi;
10) кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждары үшiн өндiруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндiру;
11) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өз мұқтаждары үшiн өндiру - өндiрiлген кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейiннен мәмiлелер жасау ниетiнсiз, жеке меншiктегi, не тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнде жүзеге асырылатын өндiру;
12) теңiздi ластау - адамдардың денсаулығына, теңiздiң жанды ресурстарына және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не зиян келтiруге қабiлеттi, теңiзде не оның жағалауында заңды жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергiлер жасайтын немесе залал келтiретiн не залал келтiруге қабiлеттi материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстiң теңiз аясына келiп түсуi, сондай-ақ сәулелер мен өрiстердiң алуан үлгiлерiнiң пайда болуы;
13) қазақстандық өндiрушi - Қазақстанда шығатын тауарларды өндiретiн, жұмыстарды орындайтын және қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;
14) қазақстандық шығарылым (Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы тiкелей өндiрiсi (орындалуы);
15) қазақстандық мазмұн - жылдары бойынша:
қазақстандық кадрларды мiндеттi оқыту бағдарламаларын және олардың біліктiлiгiн арттыруды iске асыру шаралары бойынша жыл сайын саны азаюға тиiс шетелдiк қызметкерге шаққандағы арақатынасында әрбiр санат бойынша жеке проценттiк мазмұнын көрсете отырып, қызметкер санаты бойынша бөлiп, қазақстандық кадрлар келісім-шартты орындаған кезде қолданылған;
тiкелей де, қосалқы мердiгерлiк шарттарды жасасу арқылы да иемденiп алынған Қазақстанда шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiн қайта бөлу мүмкiндiгi бар проценттiк мазмұн;
16) коммерциялық табу - келісім-шарт аумағында өндiру үшiн экономикалық жарамды бiр немесе бiрнеше кен орындарын табу;
17) құзыреттi орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және келісім-шарттар жасау мен оларды орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет жасайтын мемлекеттік орган;
18) келісім-шарт - құзыреттi орган мен жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге не барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыста болған заң актілеріне сәйкес жасалған шарт;
19) келісім-шарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзуге құқылы, геологиялық не тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;
20) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою үшiн жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
21) кен орны - пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер қойнауының бөлiгi;
22) минералдық шикiзат - жер қойнауының (тау жынысы, кен шикiзаты және басқалар) жер үстiне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлiгi;
23) модельдiк келісім-шарт - келісім-шарттардың жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi, жер қойнауын пайдалану жөніндегі жекелеген операцияларды жүргiзу көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн және келісім-шарттар жасау кезiнде үлгi ретiнде пайдаланылатын типтiк келісім-шарт;
24) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - өзiнiң жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгiлi бiр саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған заңды тұлға;
25) жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң және басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке созылған жер қыртысының бөлiгi;
26) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу құқығын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;
27) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйiнде немесе сәл өңделiп, тазартылғаннан кейiн негiзiнен жергiлiктi шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық тас және басқалар);
28) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және өндiруге, соның iшiнде жер асты суларын, шипалы балшықты барлауға және өндiруге, жер қойнауын қалдық суларды ағызу үшiн барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес, жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
29) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауының ластануын болғызбауға, пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде оларды неғұрлым толық әрi кешендi түрде алуға, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi;
30) минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсiбi қызметiнiң өндiрiлген жерiнде жинауды, ұсатуды немесе үгiтудi, жiктеудi (сорттауды), брикеттеудi, агломерациялауды және физикалық-химиялық әдiстермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйiн, кристаллдық-химиялық құрылымын айтарлықтай өзгертпестен) қамтитын, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндiру жөніндегі жұмыстардың (жер асты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық ерiту, ұсақ тау-кен жынысты кен орнын ұсақтап және гидравликалық жолмен игеру) арнайы түрлерi болып табылатын өңдеу технологияларын қамтуы мүмкiн түрi;
31) минералдық шикiзатты өңдеу - минералдық шикiзаттан пайдалы қазбаны (пайдалы қазбаларды) бөлiп алуға байланысты жұмыстар;
32) жер асты сулары - жер қойнауында жатқан және осы Заңға сәйкес пайдаланылатын пайдалы қазба;
33) мердiгер - құзыреттi органмен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
34) iздестiру жұмыстары - пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерi мен кендiк нышандарын табу және сұлбасын жасау, болжамдық ресурстарын бағалау, оларға алдын ала геологиялық-экономикалық баға берiп, геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрi негiздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
35) iздестiру-бағалау жұмыстары - табылған объектiнiң жалпы ресурстарын анықтау, олардың өнеркәсiптiк маңызын бағалау және әзiрлеуге тартудың орындылығы мен қажеттiлiгiн техникалық-экономикалық негiздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
36) пайдалы қазба - жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйiнде кездесетiн (соның iшiнде шипалы балшық) материалдық өндiрiсте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзiлiм;
37) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесi - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде қолданылатын ұтымды, қауiпсiз, қажеттi және экономикалық тиiмдi деп саналатын жалпы қабылданған халықаралық iс-тәжiрибе;
38) жер қойнауын пайдалану құқығы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға берiлген келісім-шарт аумағы шегіндегі жер қойнауына иелiк ету және оны пайдалану құқығы;
39) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңiз жағалауы жиегiнен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
40) жұмыстар - тауарларды шығару (өндiру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, келісім-шартта көзделген қызмет үшiн де iлеспе ретіндегі өзге де қажеттi объектiлердi салу жөніндегі қызметтi ақылы негiзде жүзеге асыру;
41) жұмыс бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңның 41-5-бабының 5-тармағына сәйкес конкурстық ұсыныстардың шарттарын iске асыру жөніндегі iс-шараларды қоса алғанда, келісім-шарт күшiнiң толық мерзiмiне арнаған жоспарларының жиынтығы;
42) барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын iздестiруге және оларды бағалауға байланысты жұмыстар (операциялар);
43) пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалану - кен орнын игерудiң озық технологияларын пайдалану мен оң iс-тәжiрибесi негiзiнде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерiн экономикалық тұрғыдан тиiмдi игеру;
44) сервитут - жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда көзделген жағдайларда барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес барлау, өндiру, бiрлескен барлау жүргiзу және өндiру, не жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн басқа тұлғаларға берiлген жер қойнауы учаскесiнiң бiр бөлiгiн шектеулi түрде нысаналы пайдалану құқығы;
45) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру - мұнай мен газды сақтау үшiн жер асты құрылыстарын, сондай-ақ радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды және қалдық суларды көму үшiн жер асты инженерлiк құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
46) техногендiк су - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қалауы бойынша билiк етуге құқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде технологиялық процестердi өткізу үшiн мүлде жойылуы қажет су;
47) техногендiк минералдық түзiлiмдер - жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен өндiру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлi өндiрiстерiнiң қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттерi бар минералдық түзiлiмдердiң, кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың шоғыры;
48) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, келісім-шартта iлеспе ретiнде көзделген қызметтер үшiн де сатып алынатын жабдық, дайын өнiм және өзге де материалдық-техникалық құндылықтар;
49) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган - жер қойнауын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
50) қызметтер көрсету - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндiруге) бағытталмаған, келісім-шартта iлеспе ретiнде көзделген қызметтер үшiн де қажет қызметтердi ақылы негiзде жүзеге асыру;
51) жер қойнауы учаскесi - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн тұйықталған шекараларда бөлiп көрсетiлетiн жер қойнауының геометрияланған бөлiгi;
52) экологиялық қауiпсiздiк - қоршаған ортаға антропогендiк және өзге де әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерi мен құқықтары қорғалуының жай-күйi.";
5) 3-баптың 2) тармақшасындағы "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
6) 4-баптың 4-тармағындағы "осы Жарлықта немесе басқа заң актілерінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 5-бапта:
тақырыбы "Пайдалы қазбаларға" деген сөздерден кейiн ", техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттік сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келісім-шарт жасасуға мiндеттi.";
4-тармақтағы "(шаруашылық жүргiзу, жедел басқару)" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақта:
"түзiлiмдер" деген сөзден кейiн "мен техногендiк сулар" деген сөздермен толықтырылсын;
"(шаруашылық жүргiзу, жедел басқару)" деген сөздер алып тасталсын;
"түзiлiмдерге" деген сөзден кейiн ", техногендiк суларға" деген сөздермен толықтырылсын;
"заңды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзудiң жариялылығы
1. Барлық мүдделi тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкiлдi органының және жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыреттi органда:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
2) жасалған келісім-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарына, жоғары өкiлдi органы мен жергiлiктi өкiлдi органдарына беру құпиялылық режимдi бұзу болып табылмайды.
2. Мақсаты қоршаған ортаны қорғау болып табылатын барлық мүдделi қоғамдық бiрлестiктердiң жүргiзiлетiн немесе жоспарланатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға әсер етуiне қатысты толық және дұрыс ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен алуға құқығы бар.";
9) 7-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесiн негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдалану және қорғау ережелерiн белгiлейдi;";
3) тармақшадағы "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) конкурсқа шығарылуға тиiс, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;";
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде пайдалану үшiн немесе келісім-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн мiндеттi түрде конкурстық негiзде алынуға тиiстi тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмiн жүргiзу тәртібін бекiтедi;
13) келісім-шарттар шарттарының орындалуын қадағалаудың мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.";
10) 8-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы "жобаларын келiсудi" деген сөздер "жобаларына сараптама" деген сөздермен ауыстырылсын;
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келісім-шартты қоспағанда, келісім-шарт жасасу және оны тiркеу;
5) келісім-шарттардың орындалу талаптарын сақтаудың мониторингi және оны бақылау.
Келісім-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi;
6) осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге рұқсат беру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде және iлеспе қызметте жоғары технологияларды, жаңа және өңдеушi өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын конкурс талаптарына енгізу үшiн конкурсқа қатысушыларға ұсыныстар әзiрлейдi.";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзуге кен орындарының қорларына мемлекеттік сараптамадан және өнеркәсiптiк санаттағы қорлары бар екендiгi расталғаннан кейiн ғана конкурс өткізуге және келісім-шарттар жасауға мiндеттi;";
11) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
"8-1-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де
уәкiлеттi органдардың құзыретi
1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган:
1) қазақстандық өндiрушiлердiң және Қазақстанда шығарылатын, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және мiндеттi түрде осы Заңның 63-бабының 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес конкурстық негiзде алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жасайды және жүргiзедi;
2) мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес кeлетiн тауарларды өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтep көрсететiн салада тiркелген ұйымдар бойынша деректер тiзiлiмiн жасау жөніндегі облыстық атқарушы органдардың қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
3) құзыреттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын пайдалану контрактілерінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнның есеп-қисап әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;