Мұнай туралы 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350
Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР 13.06.97 ж. N 122-I; 11.08.99 ж. N 467;
07.04.03 ж. N 403-II; 16.05.03 ж. N 416-II; 01.12.04 ж. N 2-III Заңдарымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен актiнiң нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер (1-4 баптар)
2-тарау. Мемлекеттiк басқару органдарының мұнай (5-7 баптар)
операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры
3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық (8-1 - 8-3 баптар)
5-тарау. Контрактiлер (25 - 29 баптар)
6-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзу (30 - 36 баптар)
6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай (36-1 - 39 баптар)
операцияларын жүргiзу
7-тарау. Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi (40 - 41 баптар)
8-тарау. Арналы труба құбыры көлiгi (42 - 45 баптар)
9-тарау. Айналадағы ортаны қорғау, халықтың (46 - 49 баптар)
және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi
10-тарау. Коммерциялық шарттар (50 - 52 баптар)
11-тарау. Құқықтық шарттар (53 - 59 баптар)
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен кіріспе алынып тасталды (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.08.99 ж. N 467-1; 07.04.03 ж. N 403-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. N 416-II Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жағалау жиегi - су объектici жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;
2) блок - мұнай операцияларын жүргiзу үшiн мердiгерге беруге арналған және блоктардың арнайы дайындалған картасында блок ретiнде белгiленген жер қойнауының учаскесi;
3) iшкi су айдындары - көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жер үстi су объектiлерi;
4) өндiру - мұнайды жер үстiне шығарумен байланысты кез келген операциялар және соның iшiнде:
жер асты және жер үстi өнеркәсiптiк жабдықтары мен құрылыстарын салу мен пайдалануды, оның iшiнде мұнайды өндiру орнынан мердiгердiң құбырынан магистральдық құбырға және (немесе) көлiктiң басқа түрiне аудару орнына дейiн тасымалдау үшiн;
мұнайды жер үстiне шығаруды, пайдалану ұңғымаларында жұмыс процесiн ұйымдастыруды және демеп отыруды;
мұнайды өңдеудi және механикалық қоспалар мен қабаттағы судан тазартуды;
мұнайдан iлеспе құрамдарды алуды, сондай-ақ табиғи газды және iлеспе газды кәдеге жаратуды;
жер асты қабаттарында бұрғылау шөгiндiсiн кәдеге жаратуды қамтиды;
5) теңiздi ластау - адамдардың денсаулығына, теңiздiң биологиялық ресурстарына және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не зиян келтiруге қабiлеттi, теңiзде немесе оның жағалауында жұмысты жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергiлер жасайтын немесе зиян не залал келтiретiн немесе келтiруге қабiлеттi материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстердiң теңiз аясына келiп түсуi, сондай-ақ сәулелер мен өрiстердiң алуан үлгiлерiнiң пайда болуы;
6) коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағында әзiрлеу үшiн рентабельдi бiр немесе бiрнеше кен орнын табу;
7) құзыреттi орган - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және келiсiм-шарттар жасаумен және орындаумен байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететiн мемлекеттiк орган;
8) келiсiм-шарт - мердiгер мен құзыреттi орган арасында мұнай операцияларын жүргiзуге арналған шарт;
9) келiсiм-шарттық аумақ - мердiгер келiсiм-шартта айқындалған мұнай операцияларын жүргiзуге құқылы, геологиялық және (немесе) тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;
10) магистральдық құбыр - мұнайды мердiгердiң құбырынан көлiктiң басқа түрiне аудару, өңдеу немесе тұтыну орнына дейiн тасымалдауға арналған желiлiк бөлiктен және онымен iргелес жатқан жер үстi объектiлерiнен, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын инженерлiк құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн құбыр магистральдық құбырға жатпайды;
11) кен орны - кез келген тұрпатты геологиялық резервуардағы көмiрсутектерiнiң бiр немесе бiрнеше табиғи шоғырлары;
12) теңiз - Каспий және Арал теңiздерiнiң қазақстандық бөлiгi шегiндегi су айдыны мен қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңiздерiнiң (көлдерiнiң) түбi;
13) теңiздiк ғылыми зерттеулер - теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу салдарларын зерделеумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары;
14) теңiздiк қорғау аймақтары немесе қауiпсiздiк аймақтары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, адамдардың, теңiздiң биологиялық ресурстарының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, сондай-ақ кеме қатынасын, балық аулауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың теңiздегi басқа да қызметтерiн қамтамасыз ету мақсатында теңiз құрылыстарының айналасында белгiленетiн аймақтар;
15) теңiздiк құрылыстар - жасанды аралдарды, бөгеттердi, қондырғыларды, жылжымайтын және жүзбелi жабдықтарды қоса алғанда, теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған жасанды құрылыстар;
16) теңiзде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi ең үздiк тәжiрибе - теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуде теңiздi ластаудың ең төменгi деңгейiн жасайтын не теңiздi ластауды толығымен болғызбайтын жалпы қабылданған халықаралық практика;
17) мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - өзiнiң жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын, осы Заңмен белгiленген жағдайларда мұнай операцияларын жүзеге acыpу үшiн құрылған заңды тұлға;
18) мұнай-газ құбырлары - мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның iшiнде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесi не оның жекелеген бөлiктерi арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөнiндегi жабдықтар мен тетiктер, бақылау және оқшаулау жүйелерi, электрлi-химиялық қорғаныс жүйелерi мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;
19) мұнай - шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикi мұнай, табиғи газ тазартылғаннан кейiн және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейiн алынған көмiрсутектерi;
20) мұнай операциялары - құрлықта, өзендердiң, көлдердiң және басқа да iшкi су айдындарының шектерiнде жүргiзiлетiн барлау, өндiру, жер асты қоймалары мен мұнай резервуарларын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар, сондай-ақ теңiздегi мұнай операциялары;
21) теңiздегi мұнай операциялары - теңiзде жүзеге асырылатын барлау, өндiру;
22) оператор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыреттi органның жазбаша хабарламасы бойынша мердiгерлер құратын немесе белгiлейтiн, келiсiм-шартты орындауға байланысты қызметтi жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның iс-әрекетi үшiн мердiгер мемлекет алдында мүлiктiк жауапкершiлiкте болады;
23) мердiгер - құзыреттi органмен мұнай операцияларын жүргiзуге контракт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
24) кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi - мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде ұтымды, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi болып саналатын жалпы қабылданған әлемдiк практика;
25) мұнайдағы iлеспе компоненттер - мұнай мен қабатты су құрамындағы технологиялық бөлiп алуды талап ететiн пайдалы қазбалар мен әртүрлi қосындылар;
26) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңiз жағалауы жиегiнен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
27) жағалау маңындағы мемлекеттер - Каспий және Арал теңiздерi (көлдерi) алабында iргелес және қарама-қарсы жатқан мемлекеттер;
28) шекара маңындағы кен орны - Қазақстан Республикасының аумағында немесе бiр бөлiгi теңiз аумағының шегiнде не iргелес немесе қарама-қарсы жатқан мемлекеттiң заңдық құзырындағы теңiзде орналасқан кен орны;
29) табиғи газ - майлы газдан сұйық көмiрсутектерiн сығымдаудан немесе айырудан кейiн қалатын, майлы газды, құрғақ газды, iлеспе газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температурада және қысымда газ тектес фазада болатын көмiрсутектерi және сұйық немесе газ тектес көмiрсутектерiмен бiрге алынған көмiрсутектi емес газ;
30) кен орындарын сынамалы пайдалану - қабаттардың геологиялық-физикалық сипаттамасы, тереңдегi көмiрсутектердiң жағдайлары, ұңғымалардың өнiмдiлiгi туралы бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу жөнiндегi жұмыстар, мұнай мен газ алудың жаңа немесе бұрыннан белгiлi технологияларын сынау;
31) барлау - мұнай iздеумен және барлаумен байланысты кез келген операциялар және олар:
геологиялық-геофизикалық зерттеулердi;
құрылымдық бұрғылауды;
iздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, сондай-ақ барлаудағы кен орнын сынамалы пайдалануды қамтиды;
32) стратегиялық серiктес - мердiгердi таңдау үшiн, ұлттық компания мен құзыреттi орган арасындағы тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша жасалған келiсiм-шарттар жөнiндегi жобаларды iске асыру жөнiнде немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемдер негiзiнде ұлттық компания құзыреттi органмен келiсе отырып таңдаған немесе айқындаған қазақстандық немесе шетелдiк заңды тұлға (олардың бiрлестiктерi);
33) мұнай-газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңiзде және басқа да iшкi су айдындарында мұнай-газ құбырларын салу, төсеу және пайдалану мақсатында жүргiзiлетiн кез келген жұмыстар (операциялар);
34) мұнай мен газдың жер асты қоймалары мен резервуарларын салу және (немесе) пайдалану - жер асты мұнай және газ қоймалары мен резервуарларын салумен және (немесе) пайдаланумен байланысты кез келген жұмыстар;
35) шикi мұнай - табиғи газдан табиғи сұйылу жолымен пайда болған дистиллят және конденсат атауымен белгiлi сұйық көмiрсутектерiн қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезiнде үлес салмағына қарамастан жер қойнауынан сұйық күйiнде алынатын кез келген көмiрсутектерi;
36) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган - жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;
37) табиғи және iлеспе газды кәдеге жарату - табиғи және iлеспе газды технологиялық қажеттiктер үшiн пайдалану және (немесе) оны тауарлы өнiмге дейiн дайындау мақсатында оны кен орнында кәсiпшiлiк жинауды қамтамасыз ету.
11.08.99 ж. N 467-1; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Заңды қолдану саласы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының қарамағындағы аумақта, соның iшiнде теңіздегi және ішкi су тоғандарындағы аумақта мұнай операцияларын жүргiзген кезде туындайтын қарым-қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен ұштастырылып қолданылады.
3. Осы Заң пен Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерi арасында мұнай операцияларын реттеуге қатысты қайшылықтар болған жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Заңда баяндалғаннан өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
5. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген лицензиялар мен жасалған контрактiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының соларға байланысты барлық актiлерi өз күшiн сақтайды.
5-1. Мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi қатынастарға жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптерi, сондай-ақ "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген терминдер мен анықтамалар қолданылады.
3-бап. Мұнайға меншiк құқығы
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауындағы табиғи жайылған мұнайдың бәрi де тек қана Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.
2. Жер бетiне шығарылған мұнайдың меншiк иесi контрактiмен айқындалады.
Жер бетiне шығарылған мұнайға иелiк ету құқығы, егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, меншiк иесiне берiледi.
3. Сақтау үшiн жер қойнауына қайтарылған мұнай жер бетiне шығарылған мұнай ретiнде қарастырылады және оның меншiк иесi Контарктiмен айқындалады.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң жариялылығы
Мұнай операцияларын жүргiзуге және келiсiм-шарттың талаптарына қатысты ақпаратты беру "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.
2-тарау. Мемлекеттiк басқару органдарының мұнай
операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры
ҚР 11.08.99 ж. N 467-1; 07.04.03 ж. N 403-II (бұр. ред. қара); 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыры
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мұнай ресурстарын пайдаланудың, ұдайы өндiру мен одан әрi ұлғайту қарқынының стратегиясын әзiрлейдi;
2) жер қойнауын пайдалану мен оны қорғау ережелерiн, мұнай мен газ кен орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн белгiлейдi;
3) мұнай қорларының республикалық балансын жасауды бақылайды, жер қойнауының (блоктарының) зерттеуiне мемлекеттiк есеп жүргiзудi ұйымдастырады;
4) мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды және олардың республика аумағында орналастырылу есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;
5) ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны қорғауды, халықтың қауiпсiздiгiн және болашақ ұрпақтың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген учаскелер жер қойнауын пайдалануға шектеулер енгiзедi, сондай-ақ кен орындарын игерудi тоқтатады;
6) баға саясатын белгiлейдi;
6-1) мұнай экспортын реттейдi, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждарының ставкаларын, мұнай экспортына квоталарды бекiту (өзгерту) жолымен реттейдi;
6-2) мұнайды көлiктiң әр түрлерiмен тасымалдауға сандық шектеулер (квоталар) белгiлейдi;
6-3) мұнай өндiрудiң және оның айналымының бiртұтас деректер базасын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
6-4) мұнай өндiрудiң, сақтаудың және оның айналымының технологиялық процесiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарының сақталуын бақылау жүйесiн ұйымдастырады;
6-5) жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау тәртiбiн бекiтедi;
9) мұнай операциялары саласында Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен өзiне берiлген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
9-1) 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
10) конкурсқа, оның iшiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуымен, қойылуға жататын блоктардың тiзбесiн бекiтедi;
11) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережелерiн бекiтеді.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-1; 07.04.03 ж. N 403-II (бұр. ред. қара); 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Құзырлы органның функциялары
1. Құзырлы органның функцияларына:
1) контрактiнiң шарттары туралы мердiгермен келiссөздер жүргiзу және мердiгермен бiрлесе отырып контрактiнiң жобасын әзiрлеу;
1-1) тiкелей келiссөздер негiзiнде мұнай операцияларын жүргiзу құқығын беру;
2) контрактiлiк құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
3) келiсiм-шартқа қол қою және оны тiркеу;
3-1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
4) ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
5) ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
6) контрактiнiң орындалу барысы туралы Үкiметке жыл сайын есеп берiп отыру;
6-1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне конкурсқа қойылатын, оның iшiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуымен қойылатын блоктардың тiзбесi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша контрактiнi орындау, мұнайды экспорттау үшiн олардың аумағында труба құбырларын салу мен пайдалану, тасымалдаудың басқа да құралдарын жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен келiссөздер жүргiзу және келiсiмдер жасасу енедi.
7-1) Барлауға, өндiруге, бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, конкурсты әзiрлеу мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;
7-2) осы Заңға және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 және 15-баптарына сәйкес мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беруге рұқсат етедi;
7-3) мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келiсiм-шарттар талаптарының сақталуына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады;
7-4) кен орнын әзiрлеу жобасына сәйкес мұнай өндiрудi, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады.
2. Құзырлы орган:
1) Қазақстан Республикасының мүддесiн сақтауды қамтамасыз етуге;
2) кен орындарының қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзiп, өнеркәсiптiк санаттар қорларының бар екенi расталғаннан кейiн ғана өндiруге арналған конкурс өткiзуге және келiсiм-шарттар жасауға мiндеттi.
11.08.99 ж. N 467-1; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыры
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
1) контракт жасалғаннан кейiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес мердiгерге жер бөлiгiн бередi;
2) өңiрдiң экономикалық және экологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, өңiрдiң тиiстi аумағында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуына қатысуға құқылы;
3) өздерiне заң актiлерiмен берiлген құзыры шегiнде мұнай операцияларын жүргiзу үшiн бөлiнген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына, экологиялық қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына, археологиялық ескерткiштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына бақылауды жүзеге асырады;
4) халық әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн мердiгермен келiссөздер жүргiзуге қатысады.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді
7-1-бап. Ұлттық компанияның мiндеттерi
Ұлттық компанияның мiндеттерi:
1) ұдайы өндiру қарқынын пайдалану және мұнай ресурстарын одан әрi арттыру стратегиясын әзiрлеуге қатысу;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен және келiсiм-шартта бекiтiлген өкiлеттiктер шегiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуын көздейтiн мердігерлермен жасалған келісім-шарттарда мемлекет мүддесiн бiлдiру;
2-1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша келiсiм-шарттарда үлестiк қатысу арқылы конкурс жеңiмпаздарымен бiрлесiп мұнай операцияларын жүргiзу;
2-2) оларға тiкелей келiсiм негiзiнде ұсынылған блоктарда мұнай операцияларын жүргiзу;
2-3) мұнай-газ саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының аумағында, Каспий және Арал теңіздерi секторын қоса алғанда, мұнай операцияларына конкурстар ұйымдастыруға қатысу;
4) Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөнiндегi халықаралық және iшкi жобаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысу;
5) Қазақстан Республикасының көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау жөнiндегi халықаралық және iшкi жобаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысу;
6) келiсiм-шарттардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жыл сайынғы есептерiн әзiрлеуге қатысу;
7) көмiрсутегiн барлау, әзiрлеу, өндiру, өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ кәсiпшiлiгi инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелерi жөнiндегi корпоративтiк басқаруды және мониторингтi жүзеге асыру болып табылады.
Ұлттық компания мердiгер болып табылатын келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына қол қою бонусын төлеу, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, барлауды қаржыландыруды оның стратегиялық серiктесi жүргiзедi.
Құзыреттi орган жосықсыз мердiгермен барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шартты бұзған кезде ұлттық компания келiсiм-шарттық аумақты өз қарамағына алады. Құзыреттi орган келiсiм-шартты бұзған кезде көрсетiлген аумақтағы бұрынғы мердiгердiң мүлкi, ғимараттары, жабдықтары белгiленген тәртiппен республиканың меншiгiне өтедi.
Ұлттық компания және құзыреттi орган бұрын қолданылған келiсiм-шартқа белгiленген тәртiппен қажеттi өзгерiстер енгiзедi.
Ұлттық компания келiсiм-шарттарда мiндеттi үлестiк қатысумен мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру мақсатында операторды құру кезеңiнде оператордың жарғылық капиталының кем дегенде елу процентiн иеленуге тиiс.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды
7-2 бап. Ұлттық компанияның үлестiк қатысу арқылы мұнай операцияларын жүргiзуi
1. Ұлттық компанияның келiсiм-шарттарға үлестiк қатысу арқылы конкурс жеңiмпаздарымен бiрлесiп мұнай операцияларын жүргiзуi кезiнде ұлттық компания мұнай операцияларын жүргiзу құқықтарының бiрлескен иегерi ретiнде жүредi. Мұндай мердiгерлердiң өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ құзыреттi органға қатысты құқықтары мен мiндеттерi контрактiде айқындалады.
2. Ұлттық компания "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын еншiлес ұйымға беруге құқылы.
3-тарау. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
8-бап. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
9-бап. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
10-бап. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
11-бап. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
12-бап. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
13-бап. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
14-бап. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен жаңа 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық
8-1-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың пайда болуы
1. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық:
1) Осы Заңға сәйкес мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;
2) Осы Заңмен белгiленген шектерде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;
3) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың ауысуы арқылы пайда болады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы үшiн белгiленген заңдардың нормалары осы Заңмен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың пайда болуымен тең дәрежеде қолданылады.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 8-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру
1. Барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi мұнай операцияларын жүргiзуге, жер асты мұнай қоймалары мен резервуарларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған құқық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен берiледi.
2. 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Мұнайгаз құбырларын Салуға арналған құқық тиiстi мемлекеттiк органның рұқсаты арқылы берiледi.
4. Мұнайгаз құбырларын пайдалануға арналған құқық құзыреттi органның тиiстi рұқсаты арқылы берiледi.
8-3-бап Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беру
1. Барлау, өндiру, бiрлесiп барлау жүргiзу мен өндiруге арналған, сондай-ақ жер асты қоймалары мен мұнай резервуарларын Салуға және пайдалануға арналған құқықтарды беруге Контарктiге тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген тәртiпте жол берiледi.
2. Теңiзде мұнайгаз құбырларын Салуға және оларды пайдалануға арналған құқықты беруге жол берiлмейдi.
4-тарау. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
15. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
16. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
17. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
18. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды
19. ҚР 11.08.99 ж. N 467-1 Заңымен алынып тасталды