заем туралы шарт (келiсiм) шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттар бойынша төлемдердi жүргiзген жағдайда құжаттардың көшiрмесін, олардың негiзiнде осы келiсім-шарттарға сәйкес ақы төлеу жүргiзiледi, олар бойынша бастапқы ақы төлеудi жүргiзу кезiнде осы келiсiм-шарттардың көшiрмесiн, сондай-ақ егер бұл заем туралы шарт (келiсiм) бойынша ресiмдерде көзделсе келiсiм-шарттарды жасасуға шетелдік несие берушiнiң ресми мақұлдауының көшiрмесiн;
келiсiм-шарттар жасамастан жүргiзiлетiн шығыстар бойынша бiр жолғы төлемдердi жүргізген жағдайда бастапқы құжаттардың көшiрмелерiн (шот-фактуралар, үстеме, кiрiс кассалық ордерлерi, түбiртектер, қолхаттар және т.с.с.);
заем туралы шарт (келiсiм) бойынша қабылданған қаржы ресiмдерiне сәйкес шетелдiк несие берушiге беруге міндеттi құжаттардың көшiрмелерiн;
15-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша берiлген рұқсаттар туралы анықтаманы;
Қаржы министрлiгiнiң сұрау салуы бойынша есеп беретiн сомалар жөнiндегi қосымша ақпаратты табыс етедi.
155. Қаржы министрлiгi 10 күннiң iшiнде несие шотынан үкіметтік сыртқы заемның қаражатын алуға арналған өтiнімнiң заемдар туралы шарттардың (келiсiмдердiң) талаптарына, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне бөлiнген тиiстi кезеңге арналған рұқсатқа сәйкестiгiн тексередi, қол қояды және шетелдік несие берушiге беру үшiн оны бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсiне қайтарады.
156. Егер уәкiлеттi банкте ашылған аккредитив арқылы үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру үшiн шетелдiк несие берушiнiң арнайы мiндеттемесiн алу қажет болған жағдайда, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қаржы министрлiгiне заем туралы шартта (келiсiмде) көзделген қаржы ресiмдерiне сәйкес нысан бойынша арнайы міндеттеме алуға өтінімдi табыс етедi.
157. Шетелдiк несие берушiнің арнайы мiндеттемелерiн алуға арналған өтiнiмге бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң Қаржы министрлiгiне мынадай құжаттарды:
жүргiзiлген аккредитивтi операцияның тағайындалуын көрсете отырып ілеспе хатты;
заем туралы шарттың (келiсiмнің) шеңберiнде жасалған келiсім-шарттың көшiрмесiн, оған сәйкес ақы төлеу аккредитив арқылы жүргiзiлуi тиiс;
келiсім-шартты жасасуға арналған шетелдiк несие берушiнiң ресми мақұлдауының көшiрмесiн;
уәкілеттi банкте ашылған аккредитивтiң көшiрмесiн;
заем туралы шарт (келiсiм) бойынша қабылданған қаржы ресурстарына сәйкес шетелдiк несие берушiге ұсынуға мiндеттi өзге құжаттардың көшірмелерін;
және Қаржы министрлiгiнiң сұрауы бойынша қосымша ақпаратты ұсынуымен ғана осы Ереженің 153-155-тармақтарына сәйкес ұқсас тәртiппен бұрыштама қойылады.
158. Несие шотынан аванс беру қаражаты ретiнде үкiметтiк сыртқы заемдар қаражатының түсуi жөнiндегi операцияны және бұл қаражатты кейіннен жұмсауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаның әкімшiсi жүзеге асырады.
159. Егер:
жүргiзілетiн қаржы операциясы заем туралы шарттың (келiсiмнiң) немесе заем туралы шарттың (келiсiмнің) шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттың ережелерiне қайшы келген;
тиiстi рұқсатпен республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн бекiтiлген лимиттер жоқ болған немесе аз болған;
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңдарында немесе заем туралы шартта (келiсiмде) көзделген тиiстi ережелер мен ресімдерді бұзған;
бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерi оларды жойғанға дейiн жүргiзiлетiн қаржы операциялары жөнiндегi құжаттарда сәйкессiздiктер мен қателер бар болған жағдайда несие шотынан қаражатты алуға арналған немесе 153-155 және 157-тармақтарға сәйкес қол қою үшiн бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнің ұсынған шетелдiк несие берушiнiң арнайы мiндеттемесiн алуға арналған өтiнiмдi Қаржы министрлiгi қабылдамауға құқылы.
Бұдан басқа, Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған жағдайларда несие шотынан қаражат алуға арналған өтiнiмге тиiстi түзетулер енгiзуге немесе бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсiнен түзетулер енгiзудi талап eтyгe құқылы.
18-тapay. Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң және жергiлiктi
атқарушы органдардың несиелердi беру жөнiндегi ресімдерi
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 160-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
160. Осы бюджеттердің қарыз алуы болып табылатын республикалық бюджеттен жергiлiкті бюджеттердi бюджеттiк несиелендiру "Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын жүзеге асыру ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 маусымдағы N 874 және Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдалану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулыларымен сәйкес анықталады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 160-1-тармақпен толықтырылды
160-1. Даму Банкiнiң бюджеттiк кредит беру тәртiбi мен шарты "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 қыркүйектегi N 1187 қаулысымен бекiтiлген Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумына және осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң немесе жергiлiкті атқарушы органның шешiмi негiзiнде анықталады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 161-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
161. Бюджеттiк несиелендiрудің мiндеттi шарты несие берушiнің мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету, несие тәуекелiнiң туындауын барынша болдырмау болып табылады.
Берiлген бюджеттiк несиелердiң талап етiлетін тиiмдiлiгiне және республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (бұдан әрi тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды) iске асыру кезiнде олардың уақытылы қайтарылуына қол жеткiзу мақсатында, банк-заемшыға қойылатын мәселелердi шешумен қатар нақтылы бюджеттік бағдарламалардың сипатына тәуелдi несие берушінiң талаптары:
түпкi заемшыларды бюджеттiк несиелендiру кезiнде банк-заемшылардың тиiстi кiрiстердi алу мүмкiндiгi мәселелерiн шешудi қарайды.
Қарыз алушы-банктерге түпкi қарыз алушыларға бюджеттiк кредит беру нәтижесiнде туындаған операциялық шығыстарды бюджет кредитiнiң есебiнен өтеу жүргiзілмейдi.
162. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген бюджеттік несиелендiрудің негiзгi бағыттары:
республикалық және жергілiктi жобаларды iске асыру;
экономиканың салаларын мемлекеттiк қаржылай қолдау;
шағын кәсiпкерлiкті аймақтық қолдау бағдарламасын орындау болып табылады.
163. Нысан бойынша берiлген бюджеттiк несие:
барлық бюджеттiк несиенің сомасын заемшының шотына бiржолғы аудару арқылы ұсынылатын мерзiмнен тыс несие не оның төлем құжаттарын бiржолғы төлеу;
несиелік желiлер - аудару кестесiне сәйкес заемшының шотына бюджеттік несие сомасын кезеңдiк аудару арқылы берiлетін несие не оның төлем құжаттарын бiржолғы төлеу болып бөлiнедi.
Бюджеттiк несиелендiру кезінде несие берушi мен банк-заемшы заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмдерiне сәйкес несиелердi берудің басқа да нысандарын пайдалана алады.
164. Мерзiмдерiне байланысты бюджеттiк несиелердi беру:
қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейінгi мерзімдi несие;
орта мерзiмдi - 1 жылдан жоғары, бiрақ 3 жылдан артық емес мерзімдегi несие;
ұзақ мерзiмдi - 3 жылдан жоғары мерзiмдегi несие болып бөлiнедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 164-1-тармақпен толықтырылды
164-1. Ұлттық валютадағы сыйақы ставкасы өтеуге дейiн бюджет кредитiнiң мерзiмiне тең мерзiммен Қаржы министрлiгi эмиссиялаған ұлттық валютадағы мемлекеттiк орта мерзiмдi индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша алдағы тоқсанда қалыптасқан кiрiстiлiктiң орта өлшемдiк ставкасына тең болып белгіленедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 164-2-тармақпен толықтырылды
164-2 Шетел валютасындағы сыйақы ставкасы өтеуге дейiн бюджет кредитiнiң мерзiмiне тең мерзiммен Қаржы министрлiгi эмиссиялаған ұлттық валютадағы мемлекеттiк орта мерзiмдi индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша алдағы тоқсанда қалыптасқан кiрiстiлiктiң орта өлшемдiк ставкасына тең болып белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 164-3-тармақпен толықтырылды
164-3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 шiлдедегi N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын бюджеттiк кредит беру кезiндегi сыйақы ставкасының мөлшерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен анықталады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 164-4-тармақпен толықтырылды
164-4. Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру кезiнде сыйақы ставкасының мөлшерi 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталатын тиiстi валютадағы сыйақы ставкасының 0,5 (нөл бүтiн оннан бec) есебiнен аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 164-5-тармақпен толықтырылды
164-5. Түпкi қарыз алушы үшiн сыйақы ставкасының мөлшерi 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталатын тиiстi валютадағы сыйақы ставкасының 1,5 (бiр бүтiн оннан бec) есебiнен аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 164-6-тармақпен толықтырылды
164-6. Егер Қаржы министрлiгi эмиссиялаған бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қайталама рыногындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңдегi тиiстi валютадағы сыйақы ставкасына тең белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 165-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
165. Бағдарламалар әкiмшiлерi тиiстi бюджеттердi қабылдағаннан кейiн екi айдан аспайтын мерзiмде қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлерге қойылатын талаптар анықталады.
Қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлерге қойылатын негiзгi талаптарға:
бұған дейiн республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен алынған несиелер бойынша берешектердiң болмауы;
конкурс өткiзiлген күннен кейiнгi соңғы үш ай iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң пруденциялық нормативтерiн сақтау;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген жарғылық және меншiктi капиталдардың ең aз мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау;
бюджеттiк несиелердi уақытылы қайтару бойынша тиiстi қамтамасыз етудің бар болуы;
қажет болған жағдайда филиалдық желiнiң және/немесе корреспонденттік желінің бар болуы;
қажет болған жағдайда ақпараттарды берудiң халықаралық электрондық жүйесiнiң (SPRINT, SWIFT, REUTER) бар болуы жатады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 166-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
166. Бағдарламалардың әкiмшiлерi екiншi деңгейдегi банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi берген лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi - банктер-қатысушылар) бойынша сұрауды бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған кредиттер бойынша берешектiң және бюджеттiк кредиттердi уақытылы қайтару жөнiндегi тиiстi қамтамасыз етудiң болуы жөнiндегi талаптарды қоспағанда, нақтылы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде несиелердi алу үшiн олардың арасында конкурс өткiзу үшiн негiзгi талаптарды қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жолдайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 167-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
167. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бес мерзiмдiк күн iшiнде конкурсқа қатысу үшiн белгiленген талаптарға сәйкес банктердiң-қатысушылардың тiзбесiн даярлайды және бағдарламалардың әкiмшілеріне жолдайды.
Қаржы министрлiгi және/немесе жергiлiктi атқарушы органдар бағдарламалар әкiмшiлерiнiң сұрау салулары бойынша бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған кредиттер бойынша қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлер берешегiнiң бар-жоғы туралы ақпаратты жiбередi.
168. Бағдарламалардың әкiмшiлерi тiзбеге сәйкес өтiнiш білдiрген мерзiмiн көрсете отырып нақтылы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде олардың несиелердi алуы үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң оң қорытындысы бар банктер-қатысушылар арасында конкурс жариялайды.
169. Бағдарламалардың әкiмшiлерi белгiлеген конкурс өткiзу мерзiмiнде банктер-қатысушылар конкурстың шарттарына сәйкестiгiн растайтын және бюджеттiк несиелердi алудың шарттары мен нақтылы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде түпкi заемшыға олардың несие беруiн жүзеге асыру бойынша ұсыныстары бар құжаттарды қоса конкурсқа қатысу үшiн өтініш бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 170-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
170. Конкурсқа қатысуға жiберiлген банктер-қатысушылардың ішiнен банк-заемшылардың құжаттарын қарау және iріктеу үшiн бағдарламалардың әкiмшiлерi конкурстық комиссия құрады.
Бюджеттiк бағдарламалардың орындалуын және бюджеттiк қаражаттың үнемделуiн қамтамасыз ететiн жеткiлікті несиелендіру мақсатында конкурстық комиссия банктер-қатысушылардың өтiнiштерiн қарайды және оларды:
түпкi қарыз алушылардың бюджеттiк несиелендiруге байланысты шығыстарының ең аз деңгейiне;
қамтамасыз ету сапасына (көлемiне, нысанына, өтiмдiлiгiне);
банктердің қарыз ақша портфелiнiң сапасына;
банктердің меншік капиталдарының көлемiне;
банктердің несиелендiру саласындағы жұмыс тәжiрибесiне негiздей отырып iрiктейдi.
171. Конкурстың қорытындылары бойынша бағдарламалардың әкiмшiлерi белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi шешімдерiне жобалар енгiзедi. Несие берушiлер нақтылы бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруға банк-заемшылар, олардың қатысу шарттары мен дәрежелерi анықталатын түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
172. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның оң шешiм қабылдауы негiзiнде, қажет болған жағдайда бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң қатысуымен банк-заемшылармен бiрлесе отырып несиелiк шарттарды және оларға байланысты құжаттарды (кепiл, кепiлдiк туралы шарт, төлемдердiң кестесi және басқалар) жасасуды жүргiзедi.
Heсие берушi терiс шешiм қабылдаған жағдайда бағдарламалардың әкiмшiлерi қайта конкурс өткiзудi ұйымдастырады.
173. Жасасқан күннен бастап үш күндiк мерзiмде:
республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiк несиелер бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттiк несиелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен жасасқан несиелiк шарттар тiркеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 174-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
174. Несиелiк шарттар тiркелгеннен және несие берушi мен банк-заемшы арасындағы міндеттемелер тiркелгеннен кейiн несие берушi банктердің-заемшылардың қаражатын алуға арналған өтінім және 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің өтiнімi және 12-1, 12-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қабылданған мiндеттемелерге арналған Хабарлама (Тапсырыс) негiзiнде және осы Ереженiң 11-тарауында сипатталған тәртiппен жүзеге асырады.
175. Тараптардың бюджеттiк несиелендiру кезiнде туындаған барлық даулары мен пiкiр қайшылықтары жасасқан несиелiк шарттардың талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
176. Несиелiк ресурстардан түпкi заемшылардың бюджеттiк несиелерiн банк-заемшыларға беру қолданылып жүрген заңдарға, несие берушiмен жасасқан несиелiк шарттарға және банк-заемшының iшкi несиелiк саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
177. Банк-заемшы түпкi заемшының несиелiк ұсыныстарына: түпкi заемшының төлем қабiлетiне және өтелмеген бюджеттiк несие тәуекелiнің дәрежесiне талдау, жобаның экономикалық тиiмдiлiгiне, техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiне талдау, көздердің бар-жоғын және несиенi өтеудiң қамтамасыз етiлуiне тексеру жүргiзу арқылы сараптама жүргiзедi.
178. Бағдарламалар әкiмшілерiнің келiсiмi бойынша банк-заемшылардың несиелiк ұсыныстарының сараптамасы нәтижесінде түпкi заемшыны несиелендiру туралы шешiм қабылданады, олармен несиелiк шарттар және бюджеттiк несиелерге байланысты басқа құжаттар жасасады.
179. Несиелiк шарттар және оларға байланысты құжаттар жасасқаннан кейiн банк-заемшылар түпкi заемшының атына қарыз ақша шотын ашады, оған несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттiк несиелердің сомасы есептеледi. Көрсетiлген шоттан түпкi заемшының есеп шотына ақшаны аудару арқылы несиелердi беру жүргiзiледi.
180. Негiзгi борышты өтеудi және есептелген сыйақыны төлеудi жасасқан несиелiк шартқа сәйкес заемшы жүзеге асырады.
Бұл орайда, төлемдердің мынадай кезегi белгiленедi:
есептелген айыппұлдар мен өсiмдер;
есептелген сыйақылар;
негiзгi борышты өтеу.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 180-1-тармақпен толықтырылды
180-1. Бюджеттiк кредиттiң негiзгi борышының жеңілдiктi кезеңiнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң тиiстi есептеулерiмен расталады. Бұл ретте жеңілдiктi кезеңнiң ұзақтығы кредит мерзiмi ұзақтығының 1/3 (үштен бiрi) аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 180-2-тармақпен толықтырылды
180-2. Бюджеттiк кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы есептеу тиiстi шарттарға қол қойған күннен бастап бюджеттік кредиттi құрылымдау кезiнде бюджеттiк кредиттiң қаражатын бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнің шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Кассалық алшақтықты жабуға берiлген кредиттердi қоспағанда, бюджеттiк кредит бойынша сыйақы төлеу бюджет кредитiн беру кестесiне сәйкес бiрiншi күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
181. Банк-заемшы несиелiк шарттың талаптарын бұзған жағдайда несие берушi несиелiк шартты мерзiмiнен тыс бұзуға және есептелген сыйақылармен және айыппұлдармен бiрге несиенiң iс жүзiндегi ұсынылған сомасын қайтаруға құқылы.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 182-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
182. Бюджеттiк кредиттi мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған кезде кредит берушi Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен кредит шартында айтылған мөлшерде айыппұл сала отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндiрiп алуға құқылы.
183. Заемшы несиелiк шартта белгiленген мерзiмде негiзгi борышты өтемеген және/немесе бюджеттiк несие бойынша сыйақыны төлемеген жағдайда жинақтаған берешектерге айыппұл проценттерi есептеледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 184-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
184. Бюджеттiк несие бойынша заемшының берешектерi пайда болған және несиелiк шарттың талаптарымен анықталған мерзiм iшiнде ол өтелмеген жағдайда республикалық және жергiлiктi бюджеттен берiлген несие бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органы не банк-заемшы (түпкi заемшы жағдайында) берешектердi қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай:
жергілiктi атқарушы органдардың жоғары тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер бойынша негiзгi борышты өтегенге және мақсатына сай пайдаланылмаған қаражатты қайтарғанға дейiн қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтарын өзге мақсаттарға жұмсауына тыйым салу;
заңдарда белгiленген тәртiппен заемшының берешектерiн өтеу жөнiндегi олардың міндеттемелерiн орындауы туралы құжаттарды гарантқа (алушыға) жiберу;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепiл туралы шарттың негiзiнде заемшының салған мүлкiн сату;
заемшы несие берушiнің не банк-заемшының пайдасына берген басқа тұлғаға заемшының талаптарын төлеуге ұсыну;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес соттың заемшыны банкрот деп жариялауға дейiн сот тәртiбіне өндiріп алу жүзеге асыру шараларын қолданады.
185. Республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен берiлген несие банк-заемшы тиiстi бюджетке негiзгi борыштың сомасын қайтару және сыйақыларды және айыппұлдарды қоса алғанда осы несиелерге байланысты басқа iлеспе төлемдердi толық көлемде төлеген жағдайда өтелген болып есептеледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 186-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
186. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен берiлген несиелердi қайта құрудағы өзгерiстер:
сыйақылардың ставкалары;
несиенi өтеудiң немесе кезектi төлемнiң мерзiмi;
несие валютасы;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе тиiстi әкiмияттардың шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Кредиттi қайта құрылымдау кезiнде кредит берушi мен қарыз алушы арасында қайта құрылымдау туралы келiсiм (шарт) жасалады.
Бұл ретте кредит беруші:
сыйақы ставкасын белгiлеудi осы Ереженiң 90-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
Бұл орайда, несиенi өтеудің немесе кезектi төлемнiң мерзiмiн өзгерту, сондай-ақ сыйақылардың ставкасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiмен бекiткен бюджеттің кiрiс бөлiгiнің мөлшерiне ықпал етпеуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 186-1-тармақпен толықтырылды
186-1. Даму Банкiне берiлген кредиттердi қайта құрылымдау шарты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде анықталады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 186-2-тармақпен толықтырылды
186-2. Даму Банкiн және Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, қарыз алушыларға кредиттердi қайта құрылымдау кезiнде сыйақы ставкасы тиiстi валютада 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталады.
187. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлген несиелердi қайта құру туралы шешiмдi "Республикалық бюджеттен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекет берген кепiлдiгi бар, мемлекеттiк емес сыртқа заемдар шеңберiнде республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттан берiлген несиелердi қайтару және қайта құру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына сәйкес құрылған Ведомствоаралық комиссияның ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 187-1-тармақпен толықтырылды
187-1. Бюджеттiк кредит беру туралы ақпаратты Қаржы және экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерi арасында келiсілген нысан бойынша және мерзiмде Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Қаржы министрлiгi бередi.
19-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған заңды
тұлғалардың қаржылық, жағдайы және төлем қабiлетi
мониторингiнiң ресiмдерi
§ 1. Мемлекет кепілдiк берген заемдар алған заңды тұлғалардың
қаржылық жағдайы мониторингiнiң ресiмдерi
188. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мониторингiнiң ресiмдерi Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес сыртқы заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мониторингiнің ақпараттық қамтамасыз етiлуiн және мониторингтi (бұдан әрi - мониторингі) жүзеге асырудың тәртiбiн анықтайды.
189. Мониторинг - мемлекет кепілдік берген заемдар алған заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын анықтауға арналған іс-шараларын кешенi және Қаржы министрлiгi алған ақпараттардың жиынтығы.
190. Мониторинг базалық талдаудан (заңды тұлғаның басшысы, қызметтердiң, салалардың түрлерi, бәсекелестiк және рынок, нормативтiк құқықтық орта туралы ақпарат) және қаржылық ақпараттан (қаржылық есептi, бизнес-жоспарды талдау) тұрады, сондай-ақ мониторингтi қамтамасыз ету жүйесі үшін ақпараттарды беру мақсатында мониторинг құрылуы тиiс.
191. Мемлекет кепiлдiк берген заемдар алған барлық заңды тұлғалар мониторинг жасауға жатады.
192. Заемшының қаржылық коэффициентiн талдау басқа заңды тұлғалар бойынша ұқсас көрсеткiштердi және салалар бойынша жалпы деректердi салыстыру арқылы жүргiзiледi. Қаржылық коэффициенттер заңды тұлғалардың қаржылық көрсеткiштерiнiң ара қатынасын бiлдiредi. Әрбiр коэффициент үшiн оңтайлы мән осы заңды тұлғаның басқа қаржылық коэффициенттерiн ескере отырып, заемшыға жататын салаға тәуелдi айқындалады. Талдауды жүргiзу үшiн негiзгi көрсеткiштердің екi тобы:
табыстылық көрсеткiш;
капиталға айналатын көрсеткiш пайдаланылады.
193. Қаржылық коэффициенттер кәсiпорынның қаржылық жағдайының көрсеткiштерiне негiзделе отырып, тоқсан сайын есептеледi (кәсiпорын балансының баптары және табыстар мен залалдар туралы есеп).