ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 88-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
88. Үшінші топтың шығыстары бойынша мiндеттемелердi тіркеу мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн мемлекеттiк мекеме жүргiзгеннен кейiн басталады.
Мемлекеттiк сатып алу жөніндегi рәсімдерге дайындалу кезiнде конкурстың мiндеттi шарттарының құрамына рәсiмдердің қатысушыларына сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ұсынылатын бағалардың негiзi туралы талаптар енгiзiлуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 88-1-тармақпен толықтырылды
88-1. Төртiншi топтың шығыстары бойынша қабылданған мiндеттемелердi тiркеу мыналарға бюджеттiк кредит беру кезiнде жүзеге асырылады:
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жүргiзген конкурстық iрiктеудiң нәтижелерi бойынша екiншi деңгейдегi банктi немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдарға. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар осы Ережеде анықталады;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi);
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi екіншi деңгейдегi банктердiң, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiне ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдар арасында кредит шарттарын жасасуды, кредит беруді, мiндеттемелердi орындаудың және кредиттердi қайтарудың мониторингiн жүзеге асыруды қоса алғанда агент қызметтерiн көрсетуге конкурс өткiзгеннен кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарын. Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру жөнiндегi агенттер "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады;
үкiметтiк сыртқы қарыздардың қаражаты есебiнен инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi Қазақстан Республикасының резиденттерiн;
мәслихат жергiлiктi атқарушы орган кредит, оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдағаны туралы шешімдi бекiткеннен кейiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жергiлiктi атқарушы органға.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 89-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
89. Мемлекеттiк сатып алуға арналған тендердiң нәтижелерi бойынша мемлекеттiк мекеме мынадай талаптарды әкеле отырып, берiлген рұқсаттың шегiнде тиiстi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлермен шарт жасасады:
шарт бойынша міндеттемелердің қатысушылары;
тараптардың толық атауы және мекен-жайлары;
бюджеттiк бағдарламаның атауы;
шарт жасасу мәнi;
тараптардың міндеттемелерiн атқару нәтижелерiн кiм қабылдайтыны;
мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын атқару мүмкiндiктерi туралы;
міндеттемелердi атқару барысы туралы ақпаратты беру туралы;
мiндеттемелердi атқарудың бiр қалыптылығын талап ету;
ақшалай мiндеттемелердiң мөлшерi;
төлемдер мен есептемелердi жүзеге асыру тәртiбi және тәсілдерi;
Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТН), жеке бiрегей коды, банктік бiрегей коды және тараптардың толық мекен-жайы;
шарт бойынша мiндеттемелердi атқару күнi немесе ол атқарылуы тиiс уақыт кезеңi, бұл ретте шарт бойынша міндеттемелердi атқару мерзімдерi бюджеттiк бағдарлама паспортында көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаның кiшi бағдарламасы және бюджеттiк бағдарламаларды орындау нәтижелерi бойынша iс-шараларды iске асыру мерзімдеріне сәйкес келуi тиiс;
шарт бойынша мiндеттеменi орындау орны;
қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын Шартты жасасу кезiнде шарт шеңберінде сатып алынатын тауарлардың құны (бұдан әрi - Шарт сомасы), сомаларды тиiстi қаржы жылдарына бөле отырып, Шарттың жалпы сомасы көрсетiледi, валютада және немесе өтiнiмнiң жалпы сомасының пайыздарында алдын ала төлеу мөлшерiн көрсете отырып, ақы төлеудiң схемасы және шарты;
сандық (табиғи) және құндық түрде орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемi. Құндық түрде орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң айлар бойынша көлемдерi тиiстi бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларындағы көрсетілген сомаларға сәйкес келуi тиiс;
шарттың ережелерiн орындау үшін тараптардың жауапкершілігі;
орындалған жұмыстардың (берулердiң, көрсетілген қызметтердің) кесiмiн мiндеттi жасауды көздейтiн шарт;
тараптардың оның шарттарын орындамау кезiндегi iс-әрекетi және шарттың екiншi тарапының айыппұл мен өсiмақыны бюджетке есептеуi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 89-1-тармақпен толықтырылды
89-1. Агенттiк келiсiм мыналарды қамтуы тиiс:
тараптардың толық атауы мен мекен-жайлары;
бюджеттiк бағдарламаның атауы;
агенттiк келiсiмдi жасасу мәнi;
агент функцияларының, ол орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құрамы мен мазмұны;
агент орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құны;
жұмыстар мен қызметтердi орындау мерзiмi;
жобаны қаржыландыру жөнiндегi төлемдер мен есеп айырысуларды, бюджеттiк кредиттi беру мен қаражатты бюджетке қайтаруды (қайтарымды қаржыландырған жағдайда) жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсілдерi;
бюджет қаражатын агент шотына аудару кестесi;
агенттiң бюджет қаражатын пайдалануды растайтын құжаттарды беру тiзбесi, тәртiбi және мерзiмi;
қаржы агентiнiң қызметтерiне ақы төлеу көздерi мен тәртiбi;
агенттiк келiсiм тараптарының өзара мiндеттемелерi;
тараптардың агенттiк келiсiмнiң шарттарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершілiгi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 90-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
90. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
кредит берушi - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергіліктi атқарушы органдар;
бюджеттiк несие - мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайларында тиiстi бюджеттерден кредит берушiлер ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттiк кепілдiк жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға оқшауландырылатын ақшалар;
заем алушы - тиiстi бюджет алдында кредиттi қайтару жөнiнде тiкелей мiндеттемелерi бар бюджет қаражатынан кредит алушы;
банк-заемшы - Даму Банкі,банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар, түпкi заемшыларды одан әрi несиелендiру үшiн тиiстi бюджеттерден бюджеттiк кредит алатын екiншi деңгейдегi банк немесе ұйым;
түпкi заемшы - банк-заемшы арқылы бюджеттік кредит алатын заңды немесе жеке тұлға.
Агент - екiншi деңгейдегi банк, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйым немесе агенттiк келiсiмнiң негiзiнде Даму Банкi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің (жергiлiктi атқарушы органның) актiсiне республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмiне сәйкес қайтарымды негiзде бюджеттен жеке және заңды тұлғаларды, төмен тұрған бюджеттердi қаржыландыру үшін тағайындалған бюджеттік бағдарламалар бойынша төртiншi топтың (бұдан әрi - кредит алушылар) мiндеттемелерiн тiркеу үшiн Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында шарт жасалады, ал банктер-қатысушылар арасындағы конкурстың нәтижелерi бойынша:
кредиторлар мен банктер-заемшылар;
банктер-заемшылар және түпкі заемшылар арасында шарт жасалады.
Бюджеттiк кредит беру оларды түпкi заемшыларға кейіннен бере отырып банк-заемшыларға бюджеттік кредит беру жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттерін банк-заемшыларға беру жөнiндегi рәсімдер осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет ақшаларының есебiнен бюджеттік кредиттер беру туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
Жергiлiктi бюджет ақшаларының есебiнен бюджеттiк кредиттер беру туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу жергілiктi атқарушы орган атынан әкiм немесе оларды ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Кредитор мен кредит алушы арасындағы шартта мыналар:
шарт бойынша мiндеттеменiң қатысушылары - кредитор және кредит алушы;
толық атауы, СТН, және тараптардың мекен-жайы;
бюджеттiк бағдарламаның атауы;
шарт жасасудың мақсаты;
ақшалай мiндеттеменiң (кредиттiң) мөлшерi;
кредит валютасы;
кредит беру нысаны;
сыйақы ставкасы;
борыштың негiзгi сомасын өтеу мерзiмi;
борыштың негiзгi сомасын өтеу кестесi және сыйақы;
міндеттемелердi кредит алушылардың мерзiмiнен бұрын пайдалану мүмкiндiгi туралы;
кредит қайтарымдылығын қамтамасыз ету;
борыштың негiзгi сомасын өтеу және сыйақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiк кезеңiнiң болуы (болмауы);
кредиттi қамтамасыз ету (кепiл түрi);
шарт талаптарын орындағаны үшін тараптардың жауапкершiлiгi;
оның талаптарын тараптар орындамаған кезде iс-әрекеттер және айыппұл мен шарттың екiншi тарабының өсiмiн есептеу ескерiледi.
Бұл ретте:
бюджеттік бағдарламаның атауы, шарт жасасудың мақсаты, ақшалай міндеттемелердің (кредиттің) мөлшерi паспортқа сәйкес көрсетіледі;
бюджеттік кредиттің мөлшері абсолюттiк шамада қалай болса, сомада да, шетелдік валютадағы баламалы анықталған сомада айқындалуы мүмкін;
кредит валютасы ұлттық валютада айқындалады;
кредит беpy нысаны төлемдердi жүзеге асыру тәсiлiне және тәртiбiне тәуелдi болады;
бюджеттiк кредиттер тiркелмеген (құбылмалы), және сыйақының тiркелген ставкасы болып берiлуi мүмкiн;
Тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджет кредитiнiң бүкiл мерзімiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы.
Өзгермелi сыйақы ставкасы - капитал рыноктарындағы конъюнктураға байланысты өзгеретiн сыйақы ставкасы;
Бюджет кредитiнiң мерзiмi бюджет кредитiн қарыз алушының шотына аударған күннен бастап есептеледi.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен кредит бойынша жоғарыда аталған шарттың талаптары жергілікті атқарушы органдардың шешімдерiмен жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен анықталады.
Мемлекеттiк мекемелердi қайта ұйымдастыру және тарату кезiнде құқық мирасқорлары Қаржы министрлiгiнiң органдарында тiркелген шартқа өзгерiстер енгiзуге өтiнiм бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 91-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
91. Шарттың сомасы мемлекеттiк мекеменiң қабылдаған мiндеттемелерiн және жылдың басталуынан тиісті айдағы керi қайтаруды шегерiп тастағаннан кейiн және Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесi шығыстарының бюджеттiк жіктемесінің тиiстi кодтары бойынша мемлекеттiк мекемелерге бөлiнген рұқсаттардың мөлшерінен аспауы тиiс.
Егер шарт тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілермен бiр жылдан асатын мерзiмге жасалса, онда шарт мемлекеттiк мекемеге берiлген ағымдағы қаржы жылына арналған рұқсаттардың шегiнде қабылданған мiндеттемелер бөлiгiнде ағымдағы қаржы жылына тiркеледi.
Егер бiр бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) орындау үшiн Шарттар бiрнеше берушiлермен жасалса, мұндай шарттардың жалпы сомасы бюджеттiк тағайындаулардың сомасынан аспайды, оның шегiнде осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шарттар жасасуға жол беріледi.
Шарт сомасының берiлген рұқсаттардың сомасынан асып түсуi қосымша сомаға рұқсаттар беру жолымен бюджеттiк бағдарлама және кiші бағдарлама жөнiндегi мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сомалар шегiнде жол берiледi.
Қосымша сомаға рұқсаттар жылдың басынан бастап ағымдағы айға арналған тиiстi кодтар бойынша мемлекеттiк мекемеге берiлген рұқсаттарды шегере отырып, бағдарлама, кiшi бағдарлама және мемлекеттік мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сомалар шегiнде берiлуi мүмкiн.
Егер бағдарлама, кiшi бағдарлама кодтары және жылдың басынан бастап ағымдағы айға арналған тиiстi кодтар бойынша мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттарды шегере отырып, бағдарлама, кiшi бағдарлама және мемлекеттiк мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сома қосымша сомаға рұқсаттар бepyгe мүмкiндiк бepмece, онда осы Ережеде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныс енгiзiледi.
92. Бiрiншi және екiншi топтардың шығыстары бойынша мемлекеттiк мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына Ақы төлеуге шот ұсынады.
93. Екiншi және үшiншi топтардың шығыстары бойынша мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) бiр және одан көп атаулары үшiн бюджет қаражатын әрбiр алушыға жеке Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiнiң әрбiр коды бойынша өтінімдi (мекеме/бағдарлама/кішi бағдарлама/ерекшелiк), сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шартты немесе Қаржы министрлiгi (жергiлiктi уәкiлеттi орган) мен несие алушы арасында жасалған шартты бередi.
Қазынашылық органдары Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен және осы ережеге сәйкес Өтiнiмдi және шартты тексередi.
94. Өтiнiмдi қалыптастыру мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудің бiрiншi сатысы болып табылады. Өтiнiмдердi нөмiрлеудi мемлекеттiк мекемелер жүзеге асырады.
95. Өтiнiмнің бiрiншi бөлiмiнде мынадай деректемелер:
мемлекеттiк мекеменiң коды;
мемлекеттiк мекеме берген Өтiнiмнің нөмiрi:
санаты:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық бюджет және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi; 03 - аудандық (қалалық) бюджет;
05 - арнайы;
қаржыландыру көзi:
1 - бюджеттiң есебiнен;
мемлекеттік мекеменің атауы;
шығыстардың сипаттамасы;
бюджеттiк сыныптаманың кодтары (мекеме/бағдарлама/кiшi бағдарлама) ерекшелiк);
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнiң коды, атауы және мекен-жайы;
бiр бiрлiк үшiн атауы, саны, бағасы және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) топтарының жалпы құны және Өтiнiмнiң жалпы сомасы көрсетiледi. Өтiнiмнiң жалпы сомасы жылдың басынан бастап тиiстi айға қабылданған міндеттемелер мен қайтарып алулардың сомасын шегере отырып және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша мемлекеттiк мекемелерге берілген рұқсаттардан аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 96-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
96. Өтiнiмнiң бiрiншi бөлiмiнiң "Шығыстардың сипаттамасы" алаңында Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi бекiткен экономикалық сыныптаманың құрылымына сәйкес келетiн шығындардың түрi, тауардың (жұмыстар мен қызметтердiң) шығу тегi туралы ақпарат мемлекеттiк сатып алу туралы заңға сәйкес және заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес мемлекеттiк сатып алудың тәсілдерi келтiрiледi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмдерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер мiндеттемелер қабылдаған жағдайда мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеу үшiн Өтiнiмдер қалыптастырған кезде сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмiнiң нөмiрi және күнi "Шығыстардың сипаттамасы" алаңында көрсетiледi.
97. Өтiнiмнiң "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Негiздеме-құжат" алаңында құжаттың атауы көрсетiледi, оның негiзінде төлем жүргізіледі.
Мұндай құжаттар осы Ережеде анықталған көрсеткiштердi қамтитын мемлекеттiк мекеме мен бюджет қаражатын алушы арасында жасалған шарт және осы Ережеге сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттiк мекеменiң ақы төлеуіне шоты болуы мүмкiн.
98. Өтiнiмнiң "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Төлем күнi" және "Сомасы" алаңдарында төлемнiң жоспарланған күнi мен сомасы көрсетіледi. "Сомасы" бағанындағы жалпы сома Өтiнiмнің жалпы сомасына сәйкес келуі тиіс.
99. Өтінімнің "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Өтiнiмнiң %" алаңында қажет болған кезде түпкi төлемнің сомасы көрсетiледi. Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беру туралы шарттың ережелерiне сәйкес валютамен және Өтiнiмнің жалпы сомасының пайыздарымен алдын ала төлеудiң мөлшерi көрсетiледi.
Алдын ала төлеу шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi үшiн мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
100. Yшiншi топтың қабылданған мiндеттемелерiн төлеу үшiн:
Ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 процентiнен аспайтын мөлшерде шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi үшiн алдын ала ақы төлеуге рұқсат етiледi:
131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу",
132 "Дәрi-дәрмектердi және медициналық сипаттағы өзге де құралдарды сатып алу",
134 "Мүлiктiк керек-жарақ заттарын және басқа пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектердi сатып алу, тiгу және жөндеу",
135 "Ерекше жабдықтар мен материалдарды сатып алу",
139 "Өзге тауарларды сатып алу",
411 "Активтердi сатып алу",
412 "Ғимараттар мен үй-жайларды сатып алу";
138 "Yй-жайларды жалға алуға ақы төлеу", 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу" және 144 "Электр энергиясы үшiн ақы төлеу",
145 "Жылу үшiн ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi үшiн алдын ала ақы төлеуге рұқсат eтiлмейдi;
145 "Жылу үшiн ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша алдын ала ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 процентiнен аспайтын мөлшерде отын сатып алу бөлiгiнде ғана рұқсат етiледi;
жоғарыда санамаланған тiзбеге кiрмейтiн шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша Ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 процентiнен аспайтын мөлшерде алдын ала ақы төлеуге рұқсат етiледi.
101. Өтiнiмге мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтерi қол қояды, олар оның дұрыс ресiмделуiне жауап бередi. Өтiнiм мемлекеттiк мекеменiң мөрiмен куәландырылады.
Бiрiншi басшы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтер болмаған жағдайда бiрiншi басшының оларға мiндеттер жүктеу туралы бұйрығына сәйкес жауапты тұлғалар қол қояды.
102. Мемлекеттiк мекеме қол қойылған және мөрмен куәландырған шартты және Өтiнiмдi Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен қазынашылықтың тиiстi органдарына берiледi. Тауарды (жұмысты, қызметтi) бiр көзден сатып алған жағдайда мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк сатып алу туралы заңға сәйкес бiр көзден сатып алуға рұқсат туралы мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органның басшысының қолымен хат бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 102-1-тармақпен толықтырылды
102-1. Шарт сомасын арттырған немесе азайтқан жағдайда мемлекеттiк мекеме Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органына негiзгi Шартқа қосымша келiсiмдi және берiлген рұқсаттардың шегiнде арттыру сомасына Өтiнiмдi, азайтқан жағдайда - бұрын орындалған мiндеттемелердi ескере отырып, негiзгi Шартқа азайту сомасына арналған қосымша келiсiмдi және Шарттың жаңа сомасына арналған Өтiнiм бередi.
103. Қаржы министрлiгi құжаттарға сәйкес бюджет қаражатын алушылардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргiзедi, олардың негiзiнде мiндеттемелер тiркеледi.
104. Өтiнiмнен басқа мемлекеттiк мекемелер қазынашылық органдарына заем туралы шарт (келiсiм) бойынша төртiншi топтың мiндеттемелерiн тiркеу үшiн заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушiлерге аудару туралы қарыз шотынан көшiрме ұсынады.
105. Қазынашылық органдары Өтiнiмнiң шарттың және заем туралы шарттың (келiсiмнің) ережелерiне сәйкестiгiн тексередi.
Бұдан басқа, үшiншi топтың мiндеттемелерiн тiркеу кезiнде берушiлер туралы деректер, қазынашылық органдарында тiркелген шарттар тексерiледi. Егер берушiлер туралы деректер мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға қайшы келсе, Хабарлама (Тапсырыс) тiркелмейдi және бұл туралы мемлекеттiк мекемеге хабарланады.
106. Қаржы министрлiгi және оның аумақтық органдары Өтiнiмнiң дұрыс жасалғандығын тексередi және олар осы ережеде көзделген шарттарға сәйкес келген кезде Өтiнiмдi орындауға қабылдайды.
Болмаған жағдайда, Қаржы министрлiгi немесе оның аумақтық органдары Өтiнiмдi қателерiн жою үшiн орындауға алмастан мемлекеттiк мекемеге тапсырады.
107. Хабарламаны (Тапсырысты) қалыптастыру мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудің екiншi сатысы болып табылады. Мемлекеттiк мекемелердiң Өтiнiмдерi негiзiнде Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырылады.
108. Хабарлама (Тапсырыс) республикалық бюджет туралы заңның және ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы мәслихаттардыңшешімдерiнің шеңберінде және бюджеттiк бағдарламаның паспортына, мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландырудың егжей-тегжейлi жоспарына, берілген рұқсаттарға және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне сәйкес қабылданатын мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудi растайтын құжат болып табылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара)
109. Хабарлама (Тапсырыс) осы Ережеде белгiленген нысанда екі данада қалыптастырылады және Өтiнiмнiң және мемлекеттік мекеме мен бюджет қаражатын алушы арасындағы Шарттың негiзiнде қазынашылық органдары бекiтедi.
Барлық төрт данаға қазынашылық органдарының жауапты орындаушысы бұрыштама соғады, оның мөртабаны қойылады, Хабарламаның (Тапсырыстың) екінші данасы (12-2-қосымша) мемлекеттiк мекеменiң жауапты қызметкерiнiң бұрыштамасымен қазынашылық органдарында қалады, ал бiрiншi данасы (12-1қосымшасы ) мемлекеттiк мекемеге берiледi.
110. Хабарламаға (Тапсырысқа) мемлекеттiк мекеменiң басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және бас бухгалтер қол қояды. Хабарламалар (Тапсырыстар) мемлекеттiк мекеменің мөрімен куәландырылады.
Бiрiншi басшы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтер болмаған жағдайда Хабарламаға (Тапсырысқа) мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысының оларға мiндеттер жүктеу туралы бұйрығына сәйкес жауапты тұлғалар жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 111-тармақ алынып тасталды (бұр. ред қара)
111. алынып тасталды
Ақы төлеудің қолма-қол нысанында қабылданған мiндеттемелер бойынша ақы төлеудi жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк мекеме Хабарламаның (Тапсырыстың) бiрiншi данасын өзiне қалдырады.
112. Хабарламаларды (Тапсырыстарды) мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер және төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарын орындау бойынша бухгалтерлiк есептi жүргiзу үшiн пайдаланады.
11-тарау. Төлемдердi ұлттық және шетел валютасында ақы төлеудiң
қолма-қол емес және қолма-қол түрiнде жүзеге асыру рәсімдерi
113. Бюджет қаражатының есебiнен, осы Ережеде айтылған ақылы қызметтерден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың және депозиттiк қаражаттың есебiнен төлемдердi ақы төлеудiң қолма-қол емес және қолма-қол түрiнде жүзеге асыру рәсiмдерi Ақы төлеуге шоттары және төлем құжаттарын қалыптастыру мен бекiтудi қамтиды.
114. Ақы төлеуге шот - мемлекеттiк мекемелер қабылдаған және қазынашылық органдары тiркеген мiндеттемелердiң орындалғанын растайтын құжат, оның негiзінде қазынашылық органдары ақы төлеудiң қолма-қол емес және қолма-қол түрiнде төлемдердi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мекеме - ақшаны жiберушi - Ақы төлеуге шотты белгiленген нысанның бланкілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемнiң негiздiлiгiн растайтын тиiстi құжаттарды міндеттi қоса бере отырып, екi данада Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынады.
Ақы төлеуге шот қолдар мен мөр бедерiнің үлгiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi органдарының және оның мөр бедерiн қамтуы тиiс.
Ақы төлеуге шотты онда көрсетiлген төлем күнiнен он күнтiзбелiк күн iшiнде қазынашылық органдары қабылдауы мүмкiн.
115. Ақы төлеуге шотты мынадай құжаттардың:
мiндеттемелердің бiрiншi тобы үшiн Қаржы министрлiгi белгiлеген нысандар бойынша мемлекеттiк мекеменiң төлем және есеп-төлем ведомостерінің;
бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерінің стипендияларды, мемлекеттiк білім және студенттік несиелердi аударуын қоспағанда, бюджет қаражатын алушының шот-фактурасының және міндеттемелердің үшiншi тобы үшiн орындалған жұмыстар актiсiнiң;
кредитордың банк-заемшылардың қаражатын алуға арналған өтінiмi;
міндеттемелердiң төртiншi тобы үшін заем туралы шарттың (келiсiмнің) ережелерiне сәйкес республикадан тыс жерде ашылған банктiк шоттар арқылы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн ақы төлеу қажет болған жағдайда, кредит шотынан көшiрменің;
мiндеттемелердiң төртiншi тобы үшiн тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеу кезiнде заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған банк шоттары арқылы тауарларға (жұмыстар мен қызметтерге) ақы төлеу қажет болған жағдайда инвестициялық жобаның арнайы шотынан көшiрменің;
оны ұсынған жағдайда, инкассалық өкiмнiң;