қолма-қол ақы төлеу нысаны болған кезде төлемдердi жүзеге асыру үшін чектердің негiзінде белгiленген 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық валютада мемлекеттiк мекемелер қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 116-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара)
116. Ақы төлеуге шоттарда мiндеттi тәртiппен мынадай деректемелер көpceтіледi:
ақы төлеуге шоттың нөмiрi;
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы бойынша мемлекеттiк мекеменiң коды, ҚҰБ белгілеген ақшаны жіберушiнің коды, салық төлеушiнiң толық атауы және СТН;
мемлекеттiк мекемеге есеп-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын қазынашылық органының атауы;
қаржыландыру көзi:
1 - бюджеттің есебінен,
3 - ақылы қызметтерден түceтін қаражаттың есебiнен,
4 - демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың есебінен,
5 - депозиттiк қаражаттың есебiнен,
8 - ерекше шығыстардың есебінен,
S - есептік кезеңде бюджеттік бағдарламалардың шығыстарына жұмсалатын бюджет қаражатының есебiнен,
І - Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық жүйесiнде ашылған аккредитивтiң есебінен;
санат:
01 - республикалық бюджет,
02 - облыстық бюджет және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi, 03 - аудандық (қалалық) бюджет,
05 - арнайы;
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодында мыналар:
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнің коды (үш белгi),
бюджеттiк бағдарламаның коды (үш белгi),
бюджеттiк кiшi бағдарламаның коды (үш белгi),
және
бюджет қаражатының есебiнен төлемдердi жүзеге асыру үшiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң коды (үш белгi),
немесе ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен төлемдердi жүзеге асыру кезiнде:
ақылы қызметтер түрiнiң коды (екi белгi);
тиiстi Өтiнiм мен Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмiрлерi және күндерi;
берушiнің толық атауы, ҚҰБ белгiлеген бенефициардың коды, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
банктiң атауы және коды (банктiк сәйкестендiру коды), банк шотының коды (жеке сәйкестендiру коды), делдал банктiң (банктiк сәйкестендiру коды) және делдалдың банктiк шотының коды (жеке сәйкестендiру коды);
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама шығыстарының жiктеу коды;
ҚҰБ бекiткен Бiрыңғай төлемдi тағайындаудың сыныптаушысына сәйкес төлемдi тағайындаудың коды;
тиiстi Хабарлама бойынша соңғысы төлеген ақы төлеуге шоттың нөмiрлерi мен күнi;
тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өлшем бiрлiктерi;
Хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес тауардың әрбiр түрiнiң (жұмыстың, қызметтің) саны, бiр бiрлiгi үшiн немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) тобы үшiн бағасы, тауардың (жұмыстың, қызметтің) әрбiр түрi бойынша немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) әрбiр тобы бойынша теңгедегi құны және ағымдағы және түпкi төлемнің сомалары көрсетіледi.
Ақы төлеуге шотта тиiстi Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмiрi және күнi бiрiншi және екiншi топтар үшiн толтырылмайды.
Ақы төлеуге шоттың "Тауардың (жұмыстың және қызметтiң) атауы" алаңында қосымша мыналар:
төлемдi жүргiзу үшiн негiз болып табылатын құжаттың түрi (орындалған жұмыстардың кесiмі, шот-фактура, чек, инкассалық өкiм және т.c.c.);
құжаттың нөмiрi және күнi;
төлемдi жүзеге асырудың мақсаты көрсетiледi.
Ақы төлеуге шоттың "Төлеу күнi" алаңында төлемдi жүзеге асырудың күнi, ал мемлекеттiк (үкiметтiк) сыртқы заемның қаражаты есебiнен операцияны жүргiзген жағдайда - қаражатты несие шотынан алу көрсетiледi.
Ақы төлеуге көрсетiлген шығыстардың бюджеттiк жiктелiмiнiң коды Өтiнiмде көрсетілген шығыстардың бюджеттiк жіктелiмiнiң кодына ұқсас болуы тиiс, ақы төлеуге шотта көрсетілген төлемдi iске асыру мақсаты бюджет шығыстарының экономикалық ерекшелiгi құрылымы шығыстарының тiзбесiне сәйкес келуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара)
117. Ақы төлеуге шотта төлемдердi шетел валютасында жүзеге асыру үшiн тауардың (жұмыстың, қызметтiң) әрбiр түрiнiң бiрлiгi үшiн бағасы, ондағы құны және жалпы сомасы төлем күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
118. Ақы төлеуге шотта бюджетке түсетiн түсiмдердi және мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына аудару бойынша сома тұтастай теңгеде көрсетіледi, тиындармен түпкi есеп айырысу жылына бiр рет желтоқсан айында жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 119-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара)
119. Барлық топтардың қабылданған мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме Ақы төлеуге шотты Қаржы министрлiгiнiң органдарын ұсынады.
Бұдан басқа, мемлекеттiк мекеме Қаржы министрлiгiнiң органдарына басшы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және бас бухгалтердiң қолымен, оның мөрімен куәландырылған Хабарламаның (Тапсырыстың) бiр данасын ұсынады.
Жергілікті бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме Хабарламаның (Тапсырыстың) бірінші данасының көшірмесін тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегі бухгалтерлік есепті жүргізу үшін жергiлiктi уәкілеттi органға береді.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 120-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара)
120. Бiрiншi топтың қабылданған міндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн есептіден кейiнгi келесi айдың 26-сы күнiне дейiн Ақы төлеуге шотқа міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн белгiленген тәртiппен екi данада Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес қалыптастырылған мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің тізімі қоса берiледi.
Жоғарыда санамаланған тiзiмдердiң жасалуының және қалыптастырылуының дұрыстығына мемлекеттiк мекеменің басшысы жауап бередi.
Мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегi тiзiмнің бiр данасында оның қабылданғандығы туралы қазынашылықтың аумақтық органы қызметкерлерiнiң белгiсi қойылады және мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 121-тармақ толықтырылды (бұр. ред қара)
121. Субсидияларды төлеудi жүзегe асыру үшiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазынашылық органдарына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiмен белгiленген құжаттарды береді.
Субсидияларды төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.
Заңды тұлғалардың шығындарын жабуға байланысты қабылданған мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес Ақы төлеуге шотқа бюджеттiк бағдарламаны және кiшi бағдарламаны орындауға пайдаланылған жалпы сома туралы ақпарат, сондай-ақ заңды тұлғалардың кiрiстерi есебiнен бюджеттiк бағдарламаның және кiшi бағдарламаның жалпы құнын жабуға пайдаланылған сома туралы ақпарат қоса берiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 122-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара)
122. Шетел валютасындағы төлемдердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер ақы төлеуге арналған шоттан басқа, 13-1 және 14-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Шетел валютасын айырбастауға және аударуға өтiнiм бередi.
Шетел валютасында төлемдердi жүргiзу мемлекеттiк мекеменiң сыртқы экономикалық қызметiмен байланысты және бюджеттiк бағдарламаның паспортында сипатталған iс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.
123. Қазынашылық органдары Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен:
Ақы төлеуге шотты қабылдайды, онда күнiн және жауапты қабылдайтын қызметкердің тегiн көрсетедi;
ақы төлеудiң деректерiн тиiстi Хабарламаның (Тапсырыстың) деректерiмен салыстырады; берушінің деректерiн тексередi;
осы Ереженің 5-бөлiмiнiң 11-тармағында санамаланған мемлекеттiк мекемелер ұсынған құжаттарды тексередi.
Алдын ала төлеу нысанында төлемдердi жүзеге асыру үшiн қазынашылық органдарына Ақы төлеуге шот қана ұсынылады.
Белгiленген талаптарға сәйкес келмеу табылған кезде ұсынылған құжаттар жою үшiн қателерi көрсетiле отырып, мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
124. Ақылы қызметтерден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың, депозиттiк қаражаттың есебiнен барлық топтардың қабылданған міндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн төлем құжаттары тиісті ҚБШ бос қалдықтардың шегiнде қазынашылықтың аумақтық органдарында, ал үкіметтік борышқа, республикалық бюджеттен несиелендіруге және ресми трансферттерге байланысты мiндеттемелер бойынша - Қазынашылық комитетінде қалыптастырылады.
Тиiстi ҚБШ ақша жетпеген жағдайда қазынашылық органдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешімдерімен анықталған бюджет шығыстарының басым бағыттарына сәйкес немесе төлем құжаттары түсiмдерiнiң кезектiлiгi тәртiбiмен анықталған басымдықтарға сай төлемдердің пакеттерiн қалыптастырады.
125. Қазынашылық комитетi қалыптастырылған төлемдердi оларға белгiленген тәртiппен тауар және заттай түрде бюджетке түсетiн түсiмдердiң есебiнен жүзеге асырылатын төлемдердi қоспағанда, ҚБШ-тен қаражатты бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банк шоттарына аудару үшiн төлем жүйесiне жiбередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 126-тармақ алынып тасталды (бұр. ред қара)
126. алынып тасталды
127. Мемлекеттiк мекемелердің жалақысы бойынша және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша төлемдердi жүргiзу кезiнде төлем құжатымен бiрге Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің тiзімi берiледi.
128. Төлемдердi жүргiзгеннен және төлем жүйесi расталғаннан кейiн жүргiзiлген операциялар туралы ақпарат Шоттардың бiрыңғай стандартты жоспарына сәйкес тиiстi ҚБШ-да көрсетiледi.
129. Келесi банк күнi төлем жүргiзу күнi және нөмiрi көрсетiле отырып, Ақы төлеуге шоттың екiншi данасын және бiр күнде жүргiзiлген төлемдер бойынша қалыптастырылған есептердi қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысының қолымен және мөртабанымен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 130-тармақ толықтырылды (бұр. ред қара)
130. Дұрыс жүргiзiлмеген төлемдердi қалпына келтiру және берушiлердiң мемлекеттiк мекемелерге ағымдағы жылдың дебиторлық берешегiн өтеуi (бұдан әрi қалпына келтiру) бiр қаржы жылы шегiнде Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша орындалмаған мiндеттемелердің сомасын арттыру және кассалық шығыстарды азайту жолымен жүзеге асырылады.
Қалпына келтiруге арналған төлем құжатын қазынашылықтың аумақтық органы тиiстi мемлекеттiк мекемеге бередi.
Бюджет шотына арналған қалпына келтiрудi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекеме қалпына келтiруге арналған төлем құжатын алған күннен бастап 3 күннiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органына негiздемелiк-хатты әкелiп бередi.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегiн өтеу сомасы Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының тиiстi коды бойынша бюджетке есептеледi.
131. "Сайлауларды өткiзу" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша төлемдер Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
132. Қаржы министрлiгi және оның аумақтық органдары жүргiзiлетiн төлемдердiң сомалары тиiстi бюджеттiк бағдарлама, кiшi бағдарлама, ерекшелік бойынша қабылданған мiндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыруды тоқтатады.
133. Мемлекеттiк мекемелердiң кассалары арқылы ақы төлеудiң қолма-қол түрiндегi төлемдер Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
12-тарау. Инкассалық өкiмдердi орындау рәсiмдерi
134. Мемлекеттiк мекемелердiң шотынан олардың келiсiмiнсiз ақша алу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша кассалық өкiмдердi пайдалана отырып жүргізіледі.
Инкассалық өкiм салық қызметi және кеден органдарының инкассалық өкiмдердi беру жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нормалардың негiзiнде атқарушы құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшiрмелерi қоса беріле отырып Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органына ұсынылады.
Инкассалық өкiмде төлем тағайындауы көрсетіледi және ақша жіберушінің келісімінсіз ақша алу құқығын көздейтiн заң актiсіне сілтеме жасалады.
135. Ақшаны жiберушiнiң келiсiмiнсiз ақша алу үшiн инкассалық өкiм соттардың атқарушы парақтары немесе шешімдерi, үкiмдерi, анықтаулары және қаулылары бойынша берiлетiн атқарушы парақтарының немесе бұйрықтарының немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
136. Салық берешегiнiң сомасын өндiрiп алуға арналған инкассалық өкiм бiрiншi кезектегi тәртiппен және көрсетілген өкімдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрiлмей бюджеттік сыныптаманың тиiстi коды бойынша бөлiнген лимиттердiң қалдығы шегiнде орындалады.
137. Мемлекеттiк мекемелерге қойылған талаптарды қанағаттандыруды ағымдағы қаржы жылына бөлiнген бюджет қаражатының есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес инкассалық өкім қойылған шығыстардың сыныптамасының бағдарламасы, кіші бағдарламасы және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгi бойынша атқару құжаттары бойынша, салық және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi бойынша - шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша ақылы қызметтерден мемлекеттiк мекемелер алатын қаражаттың есебiнен соңғысы жүргiзедi.
138. Атқарушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдi алып Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары үш банк күнi iшiнде атына өкiм қойылған мемлекеттiк мекеменi (бұдан әрi - Борышкер), ал соңғысы - өзінiң жоғары тұрған мекемесiн - бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн (егер Борышкер бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi болмаса) жазбаша хабардар етедi.
Қабылданған мiндеттемелердi не бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгi бойынша ақылы қызметтердi көрсетуден түсетiн қаражатты шегере отырып берiлген рұқсаттар болған кезде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары Борышкердi хабардар еткен күннен бастап нұсқау ережелерiмен өзге мерзiм қойылмаса, нұсқау акцептiнен кейiнгi операциялық күннен кешiктiрмей өкiмдi орындайды.
Болмаған жағдайда, бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгi бойынша бөлiнген рұқсаттарды шегере отырып жоспарлы сомалар (бұдан әрi - жоспардың қалдығы) болған кезде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары өкiмдi орындайды.
155 ерекшелiк бойынша жоспарлы сомалар жетiспеген не жоқ болған жағдайда инкассалық өкімнiң атқарылуы шығыстардың экономикалық сыныптамасының осы ерекшелiгi бойынша мемлекеттік мекеменің мiндеттерi мен төлемдерi жөнiнде қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жолымен мүмкiн болады.
139. Үшiншi тұлғалар үшiн бюджетке түсетiн төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкiмдерiн қабылдау тiркелген шарттар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Үшiншi тұлғалар үшiн бюджетке түсетiн төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкiмдерi бөлiнген лимиттер қалдығының (не ол болмаған жағдайда бөлiнген бюджет қаражатының) және оған шарт жасалған және мемлекеттiк мекеменiң дебитор алдындағы берешегi пайда болған шығыстардың тиiстi ерекшелiгi бойынша ақылы қызметтердің шоты бойынша бос қаражаттың және мемлекеттiк мекеменiң дебитормен салыстыру актiсiнiң шегінде орындалады.
13-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау және тiркеу және құпиялық грифi
бар төлемдерi жүзеге асыру рәсімдерi
140. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртiбi белгiленген мемлекеттiк органдардың міндеттемелерiн қабылдау мен төлемдердi жүзеге асыру Қаржы министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп анықтаған тәртiпке сәйкес жүргiзіледi.
14-тарау. Бюджеттік алуларды аудару тәртiбi
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 141-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред қара)
141. Қазынашылықтың аумақтық органы күн сайын тиiсті бюджетке күн сайын түсетiн түсiмдер туралы ақпараттың негiзiнде 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бюджеттiк алулар туралы анықтаманы қалыптастырады және оны тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға жеткiзедi.
Облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi уәкiлеттi органы күн сайын Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулар туралы анықтаманың негiзiнде жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен төлемдердi жүзеге асырғанға дейiн Қазынашылықтың аумақтық органына ақы төлеуге шот табыс етедi.
Бюджеттiк алулар республикалық бюджет туралы заңда және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес бюджеттiк алуларды айлар бойынша бөлуде белгiленген соманың шегінде қаржы жылының iшiнде жүргiзіледi. Бiр айдың iшінде республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулар сомасы мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық, жоспарында анықталған бюджеттiк алулардың сомасынан асқан жағдайда осы Ережеде белгiленген тәртiппен мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстер енгiзiледi.
Тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгi жете атқарылмаған жағдайда республикалық бюджетке бюджеттiк алулар Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiлген тиiстi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң атқарылу процентiне тепе-тең жүргiзiледi.
Тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ҚБШ қаражат және жергiлiктi бюджеттiң қаржыландырудың жиынтық жоспарында анықталған бюджеттiк алулар бойынша жоспарлы тағайындаулар болған кезде қаржы жылының ағымдағы айында бюджеттік алуларды республикалық бюджетке мерзiмiнен бұрын аударуға жол берiледi.
Ағымдағы қаржы жылында бюджеттiк алулар бойынша түпкi есеп айырысу ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ағымдағы қаржы жылында тиiстi жергiлiктi бюджеттерге iс жүзiнде қалыптасқан түсiмдердi ескере отырып, есептiк кезеңде жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 142-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред қара)
142. Бюджеттiк алулардың сомасын есептеу кезiнде бiр күннiң қорытындысы бойынша мыналардың:
жергiлiктi инвестициялық жобаларға берiлген кредиттep бойынша сыйақылардың (мүдделердiң);
бұрын жергiлiктi бюджеттен алынған пайдаланылмаған қаражаттың қайтарылуының түсiмi ескеріледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 142-1-тармақпен толықтырылды
142-1. Бюджеттiк алулардың толық және уақытылы аударылуын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
15-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң кассалары арқылы
қолма-қол ақшаны пайдалану рәсімдерi
143. Қаржы министрлiгi мемлекеттiк мекемелердің кассалары арқылы қолма-қол ақшаны пайдалану үшiн:
тиiстi шектеумен қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлем жүргiзу рұқсат етiлетiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тiзбесiн;
қолма-қол ақшаны алуға шектеу қойылмайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн;
қолма-қол ақшаны қабылдау, беру және кассалық құжаттарды ресімдеу тәртiбiн;
мемлекеттiк мекемелердің кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн;
қолма-қол ақшаның кассада сақталу мерзiмiн анықтайды.
16-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне және
стипендиаттарға жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерiн
төлеудiң рәсiмдерi
144. Алушыларға жалақы, стипендиялар және басқа ақшалай төлемдердi (бұдан әрi - ақшалай төлемдер) төлеудi алушы олардың сомаларын салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарға есептеу жолымен алушының таңдауы бойынша екіншi деңгейдегi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырады.
145. Ақшалай төлемдердi алушы Банк/Агентпен салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарға есептеу жолымен оған тиесiлi соманы төлеу жөнiнде шарт жасайды.
Шарт екі данада жасалады, оның бiреуi алушыда қалады, ал екiншiсi Банк/Агентте қалады.
Банк/Агент жалақыны, стипендияны алушыға қызметтердi ұсыну жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбiн, сондай-ақ Банк/Агенттiң карточкаларын пайдалану тәртiбiн толық түсiндiредi.
Банк/Агенттің ақшалай төлемдердi және басқа ақшалай төлемдердi салымдар бойынша дербес шоттарына немесе алушылардың карт-шоттарына есепке алу жөнiндегi қаржылық қызметтерi мемлекеттiк бюджеттен төленедi.
146. Алушы Банк/Агентте ашылған салымдар бойынша дербес шотының нөмірлерін немесе карт-шоттардың нөмiрлерiн, Шарттың нөмiрлерiн және күнiн және Банк/Агенттiң деректемелерiн көрсете отырып, тиесiлi ақшалай төлемдердiң сомаларын аударуға өтiнiш ұсынады.
147. Мемлекеттiк мекеме Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен алушыларға қызмет көрсету бойынша әрбiр Банк/Агентпен Агенттiк келiсiм жасасады және оған қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар қолдарының үлгiлерi және мөр бедерi бар құжатты ұсынады.
148. Мемлекеттiк мекеменiң басшысы ақша алушыларды жалақыны, стипендияларды салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарына аудару туралы ақпараттандыратын жауапты тұлғаларды анықтайды.
149. Алушыларға қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк келiсiм жасасқаннан кейiн мемлекеттiк мекеме Банк/Агенттермен келісiлген нысан бойынша ақшалай төлемдердің тиесілi сомасын салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға есепке алу үшін өтiнiш берген өз қызметкерлерінің тізімдерін қалыптастырады.
150. Ақшалай төлемдердi салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға аудару тәртiбiн Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
17-тарау. Үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржы
операцияларын жүзеге асыру тәртiбi
151. Үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртiбiн сипаттау үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
несие шоты - заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi заемының сомасы көрсетiлетiн шот, оның есебiне Қазақстан Республикасының Үкiметi инвестициялық жобаны қаржыландыру мақсатында үкiметтiк сыртқы заемның қаражатын алуға құқылы;
уәкілеттi банк - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, онда инвестициялық жобаның арнайы шотына қызмет көрсетiледi;
шетелдiк несие берушiнің арнайы міндеттемесi - заем туралы шарт (келiсiм) шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттың ережелерiн орындау үшiн бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi осы банкте ашқан аккредитивтi қамтамасыз ету мақсатында заем туралы шарттың (келiсiмнің) талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегi банкке берiлетiн шетелдік несие берушiнің кепілдігi.
152. Несие шотынан үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен қаржы операцияларын нысан бойынша және заем туралы шартта (келiсiмде) көзделген қаржы рәсiмдерiне сәйкес, сондай-ақ осы ережеге сәйкес шетелдiк несие берушiнiң атына жiберілген қаражатты алуға арналған өтiнiмдердiң негiзінде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жүзеге асырады. Бұл ретте үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражатын бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi тиiстi заем туралы шартта (келiсiмде) көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
153. Несие шотынан қарыз алуға арналған өтiнiмдерге қолдардың екi топтары бұрыштама қояды, онда бiрiншi тобы Қаржы министрлiгiне, ал қолдардың екiншi тобы бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне бекiтiлген. Бұл ретте қолдардың бiрiншi тобының мәртебесi бюджеттiк бағдарламалардың шеңберiнде үкiметтiк сыртқы заемы қаражатының пайдаланылуын реттеумен және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен, қолдардың екiншi тобының мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мақсатты пайдаланылуына толық жауап берумен анықталады.
154. Бiрiншi топтың қолын алу үшiн несие шотынан үкiметтiк сыртқы заем қаражатын алуға өтiнiмде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi қаражатты алуға өтiнiммен бiрге Қаржы министрлiгiне:
төлемнiң тағайындалуын көрсете отырып iлеспе хатты;