Алдағы айдағы қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің өтінімiне бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi басшы қол қояды және енгiзiлген өзгерiстердiң тиiстi есептемелерiмен қоса Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға ағымдағы айдың 20 күнiне дейiнгi, ал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілiктi атқарушы органның шешiмдерi бойынша - сол сияқты және ағымдағы айдың 20-күнiнен кейiн мерзiмде берiледi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi алдағы айларға арналған Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге тиiстi өтiнiмдердi Қаржы министрлiгiне бередi. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiм қағаз және магниттiк түрде, ал мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарларына - магниттiк түрде беріледі.
Ағымдағы қаржы жылының соңғы айында мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерi бойынша ұсынылатын өзгерiстерге тиiстi есептеулермен ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi атқарушы органға берген Өтiнiмнiң негiзiнде - ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кейiн жүзеге асырылады.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерi және ведомстволық бағыныстағы мекемелер алдағы айға арналған тиiстi қаржыландыру жоспарларына айына кемiнде бiр рет өзгерiстер енгiзе алады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 220-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
220. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу үшiн Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмiн қарайды және 18-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы (бұдан әрi - Анықтама) қалыптастырады.
Анықтаманы қалыптастыру кезінде мынадай нормаларды сақтау керек:
қаржыландырудың жиынтық жоспарларының сомаларына өзгерiстер енгiзуге Қазақстан Республикасының заң актiлерiне және Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына өзгерiстер енгiзуге сәйкес мемлекеттiк мекемелердің ұйымдық құрылымы өзгертiлгенiн қоспағанда тиiстi қаржы жылының алдындағы айлары үшiн рұқсат етуге және кассалық шығыстарға жол берiлмейдi;
жыл басынан берi өсу қорытындысымен жыл бойынша және жылдың әр айы бойынша жалпы тепе-теңдiктi немесе шығыстардан жоғары түскен түсiмдердің аспауын сақтау;
жоспарлы мақсаттар, рұқсаттар және кассалық шығыстар сомаларының арасындағы сәйкестiктi сақтау қабылданған, бiрақ орындалмаған мiндеттемелердiң есебi;
инкассалық өкiмдердің есебi;
осы Ережеде көзделген, бюджеттік ақшаны қайтарып алуға арналған алғы шарттардың есебi;
ағымдағы айда шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы берілген сомалар мен рұқсаттарды азайту қабылданған мiндеттемелердi шегере отырып жоспарлы мақсаттардың сомасына жүргiзiледi. Бюджеттiң тиiстi шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы сомасының артуы және рұқсаттар беру басқа ерекшелiктер бойынша оларды азайту есебiнен бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылуы мүмкiн;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша республикалық бюджет шығыстарының жылдық сомасына өзгерiстер енгiзу ағымдағы қаржы жылына арналғалы республикалық бюджет туралы заңда көзделген бағдарламалар, Үкiмет актiлерiнде көзделген кiші бағдарламалар бойынша бекiтілген сомалар шегiнде жүзеге асырылады;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жергiлiктi бюджет шығыстарының жылдық сомасына өзгерiстер енгiзу ағымдағы қаржы жылына арналған жергілiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде көзделген бюджеттік бағдарламалар және ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi атқарушы органның актiлерiнде көзделген кiшi бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомалар шегiнде жүзеге асырылады;
түсiм көлемiнiң өзгеруi және бюджет тапшылығын қаржыландыруды өтеу (профициттi пайдалану) тек бюджет тапшылығын қаржыландыруды өтеудiң (профициттi пайдаланудың) бекiтiлген көлемiн сақтаған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 220-1-тармақпен толықтырылды
220-1. Қаржы министрлiгi Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдердi қарайды. Егер өзгерiстер түсiмдердiң жиынтық жоспарына енгiзiлген жағдайда Түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтама қалыптастырылады.
Қаржы министрлiгi Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiмдi қабылдамаған кезде жiберiлген ұсыныстарды қабылдамау себептерiнiң негiздемесiмен Өтiнiм берген мемлекеттiк органды бас тарту туралы хабардар етедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 220-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
221. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсінiң өтiнiмдерiн Қаржы министрлiгiне олардың түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен артық емес мерзiмде Қаржы министрлiгi қарайды.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсiнiң өтiнімдерiн уәкiлеттi органға олардың түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен артық емес мерзiмде уәкiлеттi орган қарайды.
Мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органның және кеден iсiне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның өтiнiмдерiн Қаржы министрлiгi бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қарайды.
Қаржы министрлiгi немесе жергілiктi уәкiлеттi орган осы Ереженің 200-тармағында белгiленген ұсынылатын өзгерiстер бойынша және тәртiптi сақтай отырып негiздеменi және есептемелерді тексередi.
Егер Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi өтiнiмдерiнiң сомасы бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша бекітілген жылдық соманың ұлғаюына және жыл басынан берi түзетiлетiн айға күтiлетiн бюджеттiк түсімдердiң артуына әкелсе, онда Қаржы министрлiгi немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган олардың кейiнге қалдырылғаны туралы бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 222-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
222. Осы Ереженiң 220-тармағында көрсетiлген нормалар сақталған жағдайда Қаржы министрлiгi немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган Анықтаманы беттедi. Жергiлiктi уәкiлеттi орган бекiткен Алдағы ай қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған анықтама қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына ағымдағы ай аяқталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 223-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
223. Қаржы министрлiгi бекiтілген Анықтаманың негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландырудың жиынтық жоспарларына және Өтiнiмдердiң негiзiнде 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекемелер-республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзедi.
Жергiлiктi уәкiлеттi орган бекiтiлген Анықтаманың негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерiстердi мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзедi.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерi Өтiнiмдердiң негiзiнде 16 және 17-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 224-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
224. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiнiң Өтiнiмдерi негiзiнде 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi қалыптастыратын Анықтамаларға (бұдан әрі - Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң анықтамалары) сәйкес енгiзiледi.
225. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң анықтамасын қалыптастыру кезінде мынадай-талаптар:
құжатпен бекiтiлген iс-шаралардың жоспарын сақтау;
азайтылатын ерекшеліктер бойынша не өзгерiстiң қатысы жоқ басқа ерекшелiктер бойынша орындалмаған мiндеттемелер жоқ болған жағдайда;
азайтылған сомаға азайтылатын ерекшелiктер бойынша тiркелген міндеттемелер жоқ болған жағдайда;
мемлекеттiк мекемелердің белгiленген тәртiппен тiркелген міндеттемелерiнің атқарылуына байланысты емес жоспарлы сомасы қалдықтарының бар-жоғы сақталуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 226-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
226. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң анықтамаларын осы Ереженiң 225-тармағында санамаланған нормалар сақталған кезде жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiтедi және ағымдағы ай аяқталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық органдарына қағаз және магниттiк түрде беріледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 227-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
227. Қазынашылықтың аумақтық органы Бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсінің анықтамасы негiзінде:
мемлекеттiк мекемелердің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарына өзгерiстер енгiзедi;
мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының тиiстi кодтары бойынша сомасына мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарының бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының тиiстi кодтары бойынша сомасының сәйкестiгін тексередi. Жоғарыда сипатталған сәйкестiктер сақталмаған жағдайда Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің анықтамасы тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне қайтарылады.
22-тарау. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
және жергiлiктi атқарушы органдардың актiлерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 228-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
228. Бюджеттiк бағдарламалардың құжаттарына сәйкес және кiшi бағдарламалар бойынша және кiшi бағдарлама бойынша бекiтiлген жылдық сома шегiнде iс-шараларды iске асыру мүмкiн болмаған жағдайда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк бағдарламалардың кiші бағдарламалары арасындағы соманы қайта қарау жөнiндегi ұсынысты (бұдан әрi - актiлерге енгiзiлген өзгерiстер бойынша ұсыныс) Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне немесе жергiлiктi атқарушы органға жолдайды.
Қаржы министрлiгi және жергiлiктi атқарушы орган актiлерге енгiзiлген өзгерiстер бойынша ұсынысты қарайды және олардың негiзiнде тиiстi Бюджет комиссиясына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қолданылып жүрген актiлерге және жергiлiктi атқарушы органның актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстарды жолдайды.
229. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қолданылып жүрген актілеріне және жергіліктi атқарушы органның актілеріне өзгерiстер енгiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
230. Бюджеттiк бағдарламалардың құжаттарына сәйкес және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бағдарламасы бойынша бекiтілген жылдық сома шегінде бюджеттiк бағдарламалардың мақсатына жетуiне мүмкiндiгi болмаған жағдайда Yкiметке және тиiстi жергiлікті атқарушы органға хабарланады.
23-тарау. Бюджеттi нақтылау
231. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы ақпараты негiзiнде бюджеттiк комиссия заңдарда белгiленген тәртіппен бюджеттi нақтылау, бюджеттiк бағдарламалардың құжаттары және оларды одан әрi iске асыру жөнiнде қарайды және ұсыныс әзiрлейдi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 232-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
232. Бюджет нақтыланған жағдайда Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдар бюджетi бағдарламалардың әкiмшiсiмен бiрлесе отырып, Бюджет жүйесi туралы заңға сәйкес тиiстi актiлердiң жобаларын әзiрлейдi.
233. Қазақстан Республикасының Yкiметi ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгiзедi, ал жергілікті атқарушы органдар тиiстi Бюджеттiк комиссияның ұсыныстарына сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы шешімге өзгерiстер енгiзу туралы ұсынысты тиiстi мәслихаттарға енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 234-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
234. Бюджеттi нақтылау Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа заң шығарушылардың бастамасының негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу кезінде қаржы жылының iшiнде жергiлiктi бюджеттердi нақтылау жүргiзiлмейдi.
235. Ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылау кезінде:
eгep бюджеттi нақтылау құнға мақсатқа, міндетке және iс-шараларға, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламалардың күтiлетiн нәтижелерiне ықпал етсе нақтыланған құжаттарға өзгерiстер енгiзiледi;
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарын мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттiк бағдарламалар әкімшiсiнің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарын, ал Қаржы министрлiгi және жергiлiктi атқарушы органдар - қаржы жылына арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарын нақтылайды.
Егер ағымдағы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы мәслихаттың шешiмiн нақтылау кезiнде жоспарлы сомаларды, берiлген рұқсаттардың және жасалған төлемдердің сомаларын - кассалық шығыстарды бiр бағдарламадан, кiшi бағдарламадан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiктерiнен басқасына жылжыту талап етіледi, яғни мемлекеттiк мекеменің, ұсынысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен шарттарды қайта тiркеу жүзеге асырылады.
Белгiленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi енгiзген ұсыныс негiзiнде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары жоспарлы сомаларды, берілген рұқсаттардың және жасалған төлемдердің сомаларын кассалық шығыстарды бiр бағдарламадан, кiші бағдарламадан, экономикалық сыныптаманың ерекшелiктерiнен басқасына жылжытуды жүзеге асырады.
236. Ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет нақтыланған жағдайда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың құжаттарын, мемлекеттiк мекемелердiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарын және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспарын, Қаржы министрлiгi және жергiлiктi атқарушы орган - осы Ережеге сәйкес оларға өзгерiстер енгiзу арқылы қаржыландырудың жиынтық жоспарын нақтылайды.
Бұл орайда:
міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарының жоспарлы сомасы жасалған төлемдердің - кассалық шығыстар сомасынан аз болмайды;
бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша, бұрын бекiтiлген мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары өзгертілмеген жылдық жоспарлы сомалар алдыңғы айлар ішінде оларды ай сайын бөлудi нақтылау қажет етiлмейтiн болса нақтыланбайды;
жылдық жоспарлы сомалар өзгертiлген бюджеттiк бағдарламалардың кiшi бағдарламалары бойынша Анықтама жасалады және бекiтiледi, осы Ереженің 219-тармағына сәйкес оларға сай міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары нақтыланады; қосымша бюджеттiк бағдарламалар бойынша мiндеттемелер мен төлемдер бойынша мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жоспары осы Ереженiң 26-32-тармақтарына сәйкес жасалады және бекiтiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 237-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
237. Қаржы министрлiгi мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң нақтыланған жоспарын жеткiзедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 238-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
238. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдары бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiн қаржыландыруды оның мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары Шығыстардың бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша да және айлар бойынша да оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң тиiстi жоспарларының сомасына сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуға құқығы бap.
7-бөлiм. Операцияларды есепке алу
24-тарау. Бюджеттiң атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу
239. Операцияларды есепке алу - бюджеттің және мемлекеттiк мекемелердің міндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларының атқарылуын, кiрiстер жоспарының және ақылы қызметтердiң қаражаты есебiнен қаржыландырудың атқарылуын, демеушілік пен қайырымдылықтан түсетiн қаражаттың және депозиттiк қаражаттың түсуiн және жұмсалуын есепке алуды қамтамасыз ететiн рәсімдердiң жиынтығы.
240. Республикалық бюджеттiң, үкiметтiк борыштың және мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес борыштың, қайтарымды негiзде республикалық бюджет қаражатын алушылар борышының атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды Қаржы министрлiгi, жергiлiктi бюджет бойынша жоғарыда аталған операциялар бойынша есепке алуды - Қаржы министрлiгi органдарының ақпараттары негiзінде жергiлiктi уәкілеттi органдар жүргiзедi.
Мемлекеттік мекемелердің мiндеттемелерi мен төлемдерi, мемлекеттiк мекемелердің қабылдаған міндеттемелерi мен кредиторлық берешегi, бюджет қаражатын алушылардың мемлекеттік мекемелер алдындағы орындалмаған мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарларының, ақылы қызметтер қаражаты есебiнен кiрiстер мен қаржыландыру, демеушiлік көмектен және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың, депозиттiк қаражаттың, бюджет қаражатының есебiнен де, сол сияқты ақылы қызметтер, демеушiлiк және қайырымдылық көмек қаражаты есебiнен де сатып алынған активтер мен материалдық құндылықтар есебiнен түсiмдер мен жұмсалу бойынша жоспардың атқарылуы жөнiндегi операцияларды есепке алуды мемлекеттiк мекеме жүргiзедi.
241. Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған операцияларды есепке алуды мемлекеттiк мекемелер деректерiнің, БҚЖ бойынша, ҚҰБ, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған шоттар бойынша және елiмiзден тыс жерлердегi банктерде ашылған шоттар бойынша электрондық төлем құжаттары мен жазбалары негiзiнде жүргiзедi.
Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды қазынашылықтың аумақтық органдары мен мемлекеттiк мекемелердің ақпараттары негiзiнде жүргiзедi.
Мемлекеттiк мекемелер бюджеттің атқарылуы және мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары жөнiндегi операцияларды есепке алуды:
мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бекiтiлген қаржыландыру жоспарының көрсеткiштерi;
берiлген рұқсаттар туралы, қазынашылық органдарында тiркелген мiндеттемелер туралы, бюджет қаражаты есебiнен де, ақылы қызметтер, демеушiлiк және қайырымдылық көмектің қаражаты есебiнен де сатып алынған активтер мен материалдық құндылықтар туралы қазынашылық органы ақпараты;
мемлекеттiк мекеменiң кассасында бар қолма-қол ақша түрiндегi бюджет қаражатын есепке алу негiзiнде жүргiзедi.
242. Мемлекеттiк мекемелердегi есептi жүргiзуге жауапты адамдар оның басшысының бұйрығымен тағайындалады және мемлекеттiк мекемелердегi операцияларды есепке алудың уақытылы және дұрыс жүргiзiлуiне жауап бередi.
243. Бюджеттің атқарылуы жөнiндегi операцияларды есепке алу Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
244. Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен, өзiнiң құзыретi шегiнде бухгалтерлiк есептi жүргiзу жөнiндегi нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бюджеттiң атқарылуы және мемлекеттiк мекемелердегi есепке алу бойынша операцияларды есепке алуды жүргiзу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
25-тарау. Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген заемды
және кредит берудi есепке алу рәсiмдерi
245. Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген заемды, бюджеттерден кредит берудi есепке алу мемлекеттiк және мемлекет кепілдік берген борышты уақытылы басқару үшін және мемлекеттiк функцияларды орындау үшiн жүргiзiледi.
Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты, бюджеттерден кредит берудi есепке алуды жүргiзу үшiн мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген заемдар мен бюджеттен кредит берулердi тiркеу және есепке алу жүргiзiледi.
246. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды және олардың нәтижесінде туындаған борыштарды тiркеудi және есепке алуды Шоттардың бiрыңғай стандарты жоспарына сәйкес Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен өзi жүргiзедi.
247. Мыналар тiркеуге және есепке алуға жатады:
Қазақстан Республикасының Yкiметi,
ҚҰБ,
Қазақстан Республикасының жергіліктi атқарушы органдары тартқан:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заемдары (бұдан әрi мемлекеттiк заемдар);
Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген заемдары (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген заемдар).
248. Заем туралы шарт (келiсiм) жасасу нысанында тартылған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу кезiнде Қаржы министрлiгi 19 және 20-қосымшаларға сай нысанда тiркеу куәлiктерiн бередi.
249. Тiркелген құжаттарға, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеуге өздерi негiз болған құжаттарға енгiзiлген өзгерiстер туралы ақпараттарды заемшы мұндай өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн 10 күн iшiнде Қаржы министрлiгінде есепке алу үшін ұсынуы тиіс.
26-тарау. Yкiметтiк заемдарды тiркеу және есепке алу
250. Қазақстан Республикасының Yкіметі тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу:
заем туралы шарт (келiсiм) жасасу нысанында - заем туралы шарт (келiсiм) негiзiнде жүзеге асырылады;
Капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылған бағалы қағаздар эмиссиясы нысанындағы - мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясы және оларды орналастыру нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады;
капиталдың iшкi рыноктарында орналастырылған мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясы нысанында - аукцион жүргiзу немесе жазылу әдiсi және мемлекеттiк заемдарды орналастырудың көлемiн "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамының қуаттауы арқылы мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
251. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан заемдарды тiркеу заемға тiркеу номерiн беру және оны мемлекеттiк заемдар тiзiлiмiне енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
252. Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан заемдарды есепке алу заем туралы шарттың (келiсiмнің) немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының (заемды ресiмдеудің номерi және күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақылардың ставкасы) негiзгi есептiк сипаттамасын дерекқорға енгiзу арқылы жүргiзiледi.
253. Мынадай нысанда Қазақстан Республикасының Үкiметi тартқан үкiметтiк заемдарды тiркеу:
заем туралы шарт (келiсiм) жасасу - заем туралы шартқа (келiсiмге) қол қойылған күннен кейiн 15 күн iшiнде жүзеге асырылады;
Мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиясы - Қаржы министрлiгі эмиссияларды жүргiзгеннен кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады.
27-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
заемдарын тiркеу және есепке алу
254. ҚҰБ тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу: