40. Қаржы министрлiгi және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары республикалық бюджет туралы заңмен және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекiтiлген көлем шегіндегi бюджеттік алымдардың сомасын бөлудi тиiстi бюджеттер бекiтiлгеннен кейiн жетi жұмыс күнi iшiнде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi уәкiлеттi органдарына ұсынады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
41. Республикалық бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарларын Қаржы министрлiгiнiң бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, жергiлiктi бюджеттер бойынша - тиiстi жергiлікті уәкілеттi органның бiрiншi басшысы бекiтедi, олардың әзiрленуіне жауапты бөлімшенiң бiрiншi басшысы қол қояды және олардың мөрімен расталады.
Қаржы министрлiгiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның және жергiлiктi уәкілеттi органдардың бiрiншi басшылары болмаған жағдайда, қаржыландырудың жиынтық жоспарын оларға мiндеттердi жүктеу туралы бұйрыққа сәйкес жауапты тұлғалар бекiтедi.
42. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне шығыстардың ведомстволық және экономикалық сыныптамасы бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарларының бекiтілген сомасын, ал бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерi - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге бередi.
43. Жергiлiктi уәкілеттi орган жергіліктi бюджеттi қаржыландыру жиынтық жоспарының бiр данасын ол бекiтілгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады.
Жергiлiкті бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарын қазынашылықтың аумақтық органдарына уақытылы беруге тиiстi уәкiлеттi жергiлiктi органның басшысы бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 44-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
44. Қаржыландырудың жиынтық жоспары бекiтiлгеннен кейiн Қаржы министрлiгi мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органға және кеден iсiне басшылық етудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органға республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жоспарын жібередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
45. Мемлекеттік мекеме қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіткеннен кейiн бес жұмыс күнi ішiнде бекітілген мемлекеттiк мекеменің мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын қазынашылықтың аумақтық, органына жiбередi.
46. Қазынашылықтың аумақтық органдарына бекiтiлген мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларын уақытылы ұсынуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мемлекеттiк мекеменiң басшысы жауап бередi.
4-бөлiм. Бюджетке түсетiн түсімдер бойынша және мемлекеттiк
мекемелердiң түсiмдерi бойынша бюджеттiң атқарылу рәсiмдерi
4-тарау. Ұлттық валютада түсетiн түсiмдер бойынша бюджеттiң
атқарылу рәсімдерi
47. Бюджет жүйесi туралы заңға, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңына және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы мәслихаттардың шешiмдерiне және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының бекiтiлген кiрiстер сыныптамасы кодтарына сәйкес Бiрыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрi - БҚШ) есептеледi.
48. БҚШ-ға бюджеттен түсетiн түсiмдердi аудару Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi (бұдан әрi - ҚҰБ) белгiлеген нысанда төлем құжатының негiзiнде жүзеге асырылады. "Бюджеттiк сыныптама кодтары" жолындағы деректемелердi төлеушiлерге Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен аумақтық салық органдары жеткiзедi.
49. Қаржы министрлiгi облыстық, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен алынатын бюджеттiк алымдарды республикалық бюджетке аударудың күн сайынғы мөлшерiн анықтайды.
Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттен алынатын бюджеттік алымдарды тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi бекiту туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген соманың шегiнде облыстық бюджетке аудару сомасын анықтайды, бюджеттiк алымдарды күн сайын аударудың ақпаратын қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына жеткiзедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
50. Қаржы министрлiгi:
күн сайын уақыттың нақты режимiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (бұдан әрi - ҚБЕО) арқылы екiншi деңгейдегi банктерден және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетiн түсiмдер бойынша электронды төлем құжаттарын қабылдайды;
күн сайын белгiленген тәртiппен кiрiстердi бөлудiң нормативтерi бойынша республикалық бюджет пен облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнің арасындағы бюджетке түсетiн iс жүзiндегi түсiмдердi бөлудi жүргiзедi;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы Жарлығымен (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы) белгiленген тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша) (бұдан әрi - шикiзат секторының ұйымдары) республикалық бюджетке түсетiн бекiтiлген жылдық көлеммен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына оларға бекiтілген жергiлiктi бюджетке түсетiн тоқсандағы көлемнен үдемелi қорытындымен асып түсетiн салық және бюджетке төленетiн өзге де төлемдердiң бөлiгiн аударады;
шикiзат секторы ұйымдарынан жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген тоқсандық көлемдерi болмаған жағдайда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жылдық сомалар шегiнде түсiмдердің бөлігін аударады.
51. Қазынашылықтың аумақтық органы кiрiстердi бөлудiң нормативтерi бойынша облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттерi арасындағы облыстың бюджетiне түсетiн iс жүзiндегi түсiмдердi бөлудi жүргiзедi.
Егер, тиiстi қаржы жылының басына дейiн облыстық бюджет бекiтiлмеген жағдайда, бөлу алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен белгіленген кiрiстердi бөлудің нормативтерi бойынша жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
52. Бюджетке артық төленген, қате немесе дұрыс түспеген соманы қайтару, аумақтық салық органдарының арасында кiрiстердiң бiр сыныптама кодынан екiншiсiне түсiмдердi көшiру (бұдан әрi - қайтару және/немесе көшiру) Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен аумақтық салық органдары қорытындыларының және төлем құжаттарының негiзiнде жүргiзiледi.
Қайтаруға немесе көшiруге арналған құжаттар аудан, қала бойынша Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама бюджеттiң кiрiс сыныптамасының тиiстi iшкi сыныбы бойынша жылдың басынан бастап iс жүзiнде түскен сома шегiнде қабылданады.
Егер, бюджет кiрiстерiнiң тиiстi сыныптама ерекшелiгi (iшкi сыныбы) бойынша қаланың, ауданның бюджетiне түсетiн түсiмдердiң iс жүзiндегi көлемi қайтаруды немесе көшiрудi жүзеге асыруға жол бермесе, онда аумақтық салық органы тұтастай алғанда облыс бойынша бюджет кiрiстерiнiң тиiстi сыныптама ерекшелiгi (ішкi сыныбы) бойынша жылдың басынан бастап бюджетке түскен iс жүзiндегi түсiмдердiң сомасы шегiнде қайтаруды және көшiрудi жүзеге асыруға арналған жоғары тұрған салық органының шешiмiн тиiстi аумақтық қазынашылық органына ұсынады. Егер, қайтару немесе көшiру сомасы тұтастай алғанда облыс бойынша бюджет кiрiстерiнiң тиiстi ерекшелiгi (iшкi сыныбы) бойынша жылдың басынан бастап бюджетке iс жүзiнде түскен түсiмдердiң сомасы артық болса, онда қайтару немесе көшiру тұтастай алғанда республика бойынша бюджет кiрiстерiнің тиiстi ерекшелiгiмен (iшкi сыныбымен) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң рұқсаты бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, бюджет кiрiстерiнiң осы сыныптама ерекшелігi (iшкi сыныбы) бойынша дебеттiк қалдықтарға жол берiледi.
5-тарау. Шетел валютасында түскен түсімдер бойынша
бюджеттiң атқарылу рәсiмдерi
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
53. Шетел валютасындағы бюджетке түсетiн түсiмдер ҚҰБ келiсiм бойынша Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен Қаржы министрлiгiнiң ҚҰБ шетел валютасындағы корреспонденттiк шоттарына есептеледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 54-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
54. Қаржы министрлiгiнiң шетел валютасындағы корреспонденттiк шоттарынан кейiннен БҚШ аудара отырып, шетел валютасын айырбастауды ҚҰБ келiсiм бойынша Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен ҚҰБ жүргiзедi.
55. Несие шотынан мемлекеттiк (үкiметтiк) сыртқы заемдар қаражатын алу бюджеттi атқару кезiнде мынадай түрде:
инвестициялық жобаның арнайы шотына аударған кезде Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама кiрiстерiнің бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсiмдер түрiнде;
берушiге тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) аударған кезде Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы кiрiстерiнiң сыныптамасына (бұдан әрi - кiрiстер сыныптамасына) сәйкес түсiмдер түрiнде ескерiледi.
56. Осы Ережеде көзделген инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражатты аударуды заем туралы шарттың (келiсiмнің) ережелерiне сәйкес несие шотынан алуға арналған бюджеттiк бағдарлама әкімшісінің өтiнiмi негiзiнде Yкiметке заем қаражатын немесе кепілдер беретiн шетел несие берушiсi немесе донор жүргiзедi.
57. Инвестициялық жобаның арнайы шотына осы шоттан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес көрсетілген шотты толықтыруға арналған мемлекеттiк заем қаражатынан басқа, өзге қаражат есептеле алмайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 58-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
58. Шоттарға инвестициялық жобаның арнайы шотының валютасынан өзгешеленетiн валютада тек инвестициялық жобаның арнайы шотынан айырбасталған қаражат қана есептеледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 59-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
59. Шоттан осы шоттардан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, ұлттық немесе шетел валюталарындағы инвестициялық жобалармен байланысты бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) қаржыландырылады.
60. Бюджетке түсетiн түсiмдер қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында көрсетiледi.
6-тарау. Зат түрiндегi түсiмдер бойынша бюджеттiң атқарылу рәсiмдерi
61. Зат түрiнде бюджетке түсетiн түсiмдер заң актiлерiне сәйкес қазынашылық органдарында ашылған бюджеттiк шоттарда ақшалай нысанда көрсетіледi.
62. Бюджетте зат түрiндегi түсiмдердi көрсету үшiн заңдарда бюджеттердiң алдында тауар немесе зат түрiндегi мiндеттемелердi орындайтын заңды және жеке тұлғалардың тiзбесi және бюджет алдындағы мiндеттемелердiң сомасы анықталады.
63. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес зат түрiнде бюджеттердiң алдында мiндеттемелердi орындайтын заңды тұлғалар (бұдан әрi - заңды тұлға) қазынашылықтың аумақтық органдарына олардың бюджет алдындағы мiндеттемелердi орындағанын растайтын олардың мемлекеттiк мекемелерге жеткiзiп берген тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) бойынша төлеуге шот түрiнде ұсынады.
64. Қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекеттiк мекемелерге тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) заңды тұлғалардың бюджет алдындағы мiндеттемелерiн растайтын беруi бойынша ақы төлеуге берiлген Шоттың негiзiнде оларды Қаржы министрлiгiнде ашылған шотта көрсетедi.
7-тарау. Мемлекеттiк мекемелердiң түсiмдерi бойынша операцияларды
көрсету рәсiмдерi
65. Мемлекеттiк мекемелер заң актiлерiне сәйкес ақылы қызметтi, демеушілiк және қайырымдылық көмектi iске асырудан түскен қаражатты алады және депозиттік қаражатқа иелiк етедi.
66. Мемлекеттiк мекемелерін ақылы қызметтi, демеушiлiк және қайырымдылық көмектi iске асырудан түскен қаражат, депозиттiк қаражат Бiрыңғай шоттар жоспарының стандарттарына сәйкес тиiстi шоттарға есептеледі.
67. Ақылы қызмет, демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсетуден түскен қаражатты аудару "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
68. Төлеу құжатында ақылы қызметтi, демеушiлiк және қайырымдылық көмектi iске асырудан алынған қаражатты, депозиттiк қаражатты алушының деректемелерi төлеушілерге дейiн мемлекеттiк мекемелерге жеткізіледi.
69. Мемлекеттiк мекемелердің ақылы қызметтердi iске асырудан түскен қаражаты (бұдан әрi - ақылы қызметтен түсетiн қаражат), демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражат, депозиттік қаражат берушіден аудару арқылы, не қолма-қол ақшаны мемлекеттiк мекеменiң кассасына тiкелей енгiзуi арқылы түседi.
70. Ақылы қызмет демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң және депозиттiк қаражаттың қаражаты есебiнен қате жүргiзiлген төлемдердi қайтару (бұдан әрi - қалпына келтiру) бюджетке қаражатты өтеу жолымен жүзеге асырылады.
71. Мемлекеттiк мекеменiң қолма-қол ақшасын кассаға қабылдауды мемлекеттiк мекеменің басшысы тағайындаған жауапты тұлға жүзеге асырады. Қолма-қол ақшаны қабылдау туралы төлеушiлерге мемлекеттік мекеме төлеу құжаттарымен бiрдей сақтайтын қолма-қол ақшаның тағайындалуын көрсете отырып, кассалық кiрiс ордерлерiне белгiленген үлгідегi түбiртектер немесе түбiртек түбiршектерi берiледi. Мемлекеттiк мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақша қабылданған күннен бастап үш банктiк күннен кешiктiрiлмей БҚШ-ның тиiстi шоттарына есептелуi тиiс.
Мемлекеттiк мекемелерге кассадан қолма-қол ақшаны оларды тиiстi шоттарға алдын ала тапсырмастан жұмсауға тиым салынады.
72. Ақылы қызметтен, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен қаражатты және депозиттiк қаражатты аудару және қолма-қол ақшаны БҚШ-ның тиiстi шоттарына есептеу үшiн төлем құжаттарының дұрыс ресiмделуiне мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi жауап бередi.
73. Бюджетке түсетiн түсiмдер қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында (бұдан әрi - ҚБШ) көрсетiледi.
5-бөлiм. Рұқсаттар беру, мiндеттемелер қабылдау,
төлемдерді жүзеге асыру рәсiмдерi
Шығыстары бойынша бюджеттiң атқарылуы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы актiлерiне және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бeкітy туралы шешiмдерге, бекiтiлген бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына, Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына және қаржыландырудың жиынтық жоспарына, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердің мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша тиiстi қаржыландыру жоспарларына және оларға есептемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
8-тарау. Бюджетке ақша түсiмдерiнің күтiліп
отырған көлемiн анықтау
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
74. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган кезеңдер бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджетке ақшалай түсiмдердiң күтiлiп отырған көлемiн мына деректер негiзiнде айқындайды:
Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң статистикалық деректерi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы;
капитал рыногында сатылатын мемлекеттiк бағалы қағаздардың пайыздық ставкасы;
тиiстi қаржы жылына арналған, бекiтiлген немесе нақтыланған бюджет;
үкiметтiк заемдар туралы келiсiмдер (негiзгi үкiметтiк борышты өтеу, үкiметтiк борышқа қызмет көрсету кестесi);
жеке және заңды тұлғаларды бюджет қаражаты есебінен кредиттеу туралы келiсiмдер (бюджет алдындағы борыштың негiзгi сомасын өтеу, сыйақыларды (мүдделердi) төлеу кестесi);
мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру кестелерi туралы ақпарат;
тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-дағы қаражаттардың қалдығын;
келесi айлардағы бюджетке түсетiн түсiмдердiң ай сайынғы жоспарын.
75. Бюджетке түсетiн ақшалай түсiмдердің күтiлiп отырған көлемi Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 9-тарауының 5-Бөлiмiне сәйкес рұқсаттар берудiң жалпы сомасын анықтау және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын жүргізу үшін пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 76-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
76. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган:
республикалық және тиiстi жергiлiктi бюджеттерге ақша түсiмдерiнiң күтiлiп отырған көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында тиiстi бюджеттердiң мiндеттемелерi бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкес келесi айда мемлекеттiк мекемелер қабылдайтын көлемiн нақтылайды;
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес алдағы айлары төлемдер жүргiзу үшiн алдағы айларда бюджетке ақша түсiмдерiнен күтілiп отырған көлемi жеткілiксiз болған жағдайда мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, қарыз алу және бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сату арқылы ақша таратудың процесiн ұйымдастырады;
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру, қарыз алу және бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында мемлекеттiк бағалы қағаздарды сату арқылы ақша тарту процесін ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда осы Ереженiң 5 және 6-Бөлiмдерiнде белгiленген тәртiпте қабылдаған мiндеттемелердi және жасалған төлемдерді ескере отырып, тиiстi бюджеттердi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi туралы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне ақпарат бередi.
9-тарау. Рұқсаттар беру рәсiмдерi
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 77-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
77. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылының бiрiншi және соңғы айын қоспағанда, ай сайын ағымдағы айдың 10-күнiне дейiн:
тиiстi бюджеттерге ақшаның күтiлетiн түсу көлемiн ескере отырып, тиiстi бюджеттердiң бекiтiлген паспорттары және мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары болған кезде 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерiне рұқсаттар бередi;
оларды Қаржы министрлiгiнің аумақтық органдары арқылы бюджеттік бағдарламалардың тиiстi әкімшiлерiне жеткiзедi.
Ағымдағы қаржы жылының бiрiншi айында Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкілеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарларының бекiтілуiне қарай бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi.
Ағымдағы қаржы жылының соңғы айында Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкілеттi орган ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бере алады.
Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiне сәйкес Қаржы министрлiгi және жергілiктi уәкілеттi орган ағымдағы айдың 10-күнiнен кейiн, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн рұқсаттар бере алады.
9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатын мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн нұсқамалар түсуiне қарай Қаржы министрлiгi және жергiліктi уәкілеттi орган тиiстi бюджеттердiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi.
78. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган оларға рұқсаттар бергеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге рұқсаттар бередi.
Мемлекеттiк мекемелерге рұқсаттар бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiнің мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарына, паспорттарына сәйкес бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерінің рұқсаттары шегiнде берiледi және қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткiзiледi.
79. Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы "Сайлаулар жүргiзу" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес рұқсат бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 80-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
80. алынып тасталды
81. Есептi кезеңде қаржыландырылатын бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) жөнiндегi рұқсаттардан басқа рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн әрекет етедi.
10-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау және тiркеу рәсiмдерi
82. Мемлекетке қызмет көрсететiн заңды және жеке тұлғалардың алдындағы мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттiк бюджет есебiнен (бұдан әрi - бюджет қаражатын алушылар) мiндеттемелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне сәйкес қабылданады.
83. Бекiтiлген паспорттарға сәйкес бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау және бюджеттiк бағдарламалардың, мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарлардың және мемлекеттiк мекемелерге берiлген рұқсаттардың бекiтiлген сомадан тыс мiндеттемелерiн қабылдауға жол бермеу мақсатында мемлекеттiк мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлермен жасасқан шарттарына (бұдан әрi - берушiлер) қабылданған мiндеттемелердi тiркеудi жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
84. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудi жүзеге асыру рәсiмiнiң мәнi 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мiндеттемелердi қабылдауға арналған өтiнiмдi және бюджет қаражатын алушылардың алдында 12-1, 12-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мiндеттемелердi Тiркеу туралы хабарламаны (Тапсырысты) қалыптастыру және бекiту болып табылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
85. Мiндеттемелердi тiркеу рәсiмi шығыстардың мынадай топтасуын көздейдi:
бiрiнші топ - өтеусiз негізде мемлекеттiк мекеме мен жеке тұлғалардың - бюджет қаражатын алушының арасындағы азаматтық құқықтардың және мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
екіншi топ - стипендияларды, зейнетақыларды және жәрдемақыларды қоса алғанда, оның қызметкерлерiнен басқа, мемлекеттiк мекеме мен бюджет қаражатының алушыларының арасындағы шарт жасалмайтын азаматтық құқықтар мен мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
үшiншi топ - тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алуға арналған шарттарды (бұдан әрi - шарт) жасаса отырып, өтeyciз негiзде мемлекеттiк мекеме мен бюджет қаражатын алушылардың арасындағы азаматтық құқықтар мен мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi;
төртiншi топ - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде қайтарымды негiзде шарт жасасу жолымен және көрсетiлген шарттың ережелерiне сәйкес Қаржы министрлiгi немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган мен бюджет қаражатын алушылардың арасында азаматтық құқықтар мен мiндеттемелердiң туындауына әкеп соқтыратын шығыстардың түрлерi.
Мемлекеттiк талаптар тiзiлiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар талаптарының тiзiлiмiн қамтиды, олар уәкiлеттi орган мемлекеттiк кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты бюджеттен берілген кредиттер бойынша бюджетке қаражатты және бюджеттен алынған қаражатты қайтару жөнiндегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органның талаптарын тiркеудi жүргiзетiн құжат болып табылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 86-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
86. Шарт жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тiзбесiн және олар бойынша шарттар жасасуды талап етпейтiн шығыстардың тiзбесiн Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
87. Бірінші және екінші топтардың мiндеттемелерiн тiркеу қазынашылықтың аумақтық органдары оны Өтiнiм түрiнде қабылдау жолымен мемлекеттiк мекемелердiң ақы төлеуге берiлген Шотының негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте, мемлекеттiк мекеме оны Ақы төлеуге шот қалыптастыру кезінде пайдалану үшiн Өтiнiмге нөмiр бередi.