4) жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау ережелерiн, техникалық пайдалану ережелерiн бекiту;
5) киiм нысанының (погонсыз) және айырым белгiлерiнiң үлгiлерiн, нысанды киiмдi киiп жүру тәртiбiн, қамтамасыз ету нормасын және нысанды киiм киiп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгi қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн бекiту;
6) жылжымалы құрамды тiркеу тәртiбiн белгiлеу;
7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртiбi мен шараларын белгiлеу;
8) жүру қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистралдық темiр жол желiсiнiң, темiр жолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекiту;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
11) кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
12) темiр жол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби ерекшелiк белгiсiмен марапаттау тәртiбiн бекiту;
13) жүру қауiпсiздiгi талаптары бұзылуының мемлекеттiк статистикалық есептiлiгiн жүргiзу;
14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15) темiр жол көлiгiндегi қауiпсiздiк ережелерiн бекiту;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) экспедиторлар қызметiнiң тәртiбiн айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметiнiң тәртiбiн айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетудi ұсыну тәртiбiн айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарға қойылатын талаптарды айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) магистралдық темiр жол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшiн шикiзатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсау нормативтерiн бекiту;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) тасымалдаушылардың магистралдық темiр жол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды
24) бәсекелес кiрме жолы жоқ тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушiлердiң, контрагенттердiң және басқа тұлғалардың кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткiзу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiту;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) кiрме жолдардағы жұмыс ережелерiн бекiту;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оны пайдалану режимiн айқындау және жердi бөлiнген белдеуде темiр жол көлiгiнiң қажетi үшiн пайдалану жөнiндегi ережелердi бекiту;
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды
27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындау жатады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың темiр жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешiмдi тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешiм қабылдау;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешiм қабылдау жатады.
15-бап. Ұлттық темiр жол компаниясы
1. Ұлттық темiр жол компаниясы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ұлттық темiр жол компаниясы магистралдық темiр жол желiсi операторының функциясын орындайды.
3. ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы
1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi; соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi.
16-бап. Тасымалдау процесiн басқару
1. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқаруды және ұйымдастыруды жүзеге асырады, магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiне сәйкес тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2. Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы техникалық пайдалану ережелеріне сай келмейтін жылжымалы құрамды магистралдық темiр жол желiсiне жiбермеуге мiндеттi.
17-бап. Темiр жол станциясы
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темiр жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станциялары жұмыс режимiнiң талаптарын, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртiбiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Шекара, кеден, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар темiр жол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн темiр жол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.
4. Темiр жол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткiзуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Темiр жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған
жер және қорғалатын аймақтар
18-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер
1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушысына өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.
2. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай темiр жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:
1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (темiр жол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);
2) кiрме жолдарға;
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы темiр жол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бiрге темiр жол станцияларына бөлiнген жерлер жатады.
3. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.
4. Тасымал процесiне қатысушылар өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
19-бап. Темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi бөлу мен пайдалану тәртiбi
1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жер учаскелерi темiр жолдар мен темiр жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Бөлiнген белдеудегi темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
20-бап. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары
1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелерiндегi объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.
2. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темiр жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.
3. Темiр жол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.
21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануды шектеу
1. Темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:
1) темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келiсiмiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;
2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады.
2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықта болады.
4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек
қатынастарын реттеу ерекшеліктері
22-бап. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын реттеу ерекшелiктерi
1. Темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен, осы Заңмен, бас келiсiммен, салалық (тарифтiк) келiсiмдермен, жеке еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледi.
2. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.
3. Темiр жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi жұмыс режимiнiң ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
23-бап. Темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетудiң қосымша негiздерi
1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген негiздемелерден басқа уәкiлеттi органның, магистралдық темiр жол желiсi операторының талап етуi бойынша жұмыс берушi мынадай жағдайларда:
1) магистралдық темiр жол желiсi диспетчерлiк қызметiнiң, операторының тасымалдау процесi мен поездар жүрiсiн басқаруға байланысты нұсқауларын орындамағаны үшiн;
2) жұмыс уақытының режимiн бұзғаны үшiн темiр жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.
24-бап. Нысанды киiм және айырым белгiлерi
Темiр жол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiсi бар нысанды киiм берiлуге тиiс.
ҚР 08.05.03 ж. N 414-1 Заңымен 5-тарау алынып тасталды
5-тарау. Темір жол көлігінде
жолаушыларды сақтандыру
25-бап. Жолаушыны сақтандыру
1. Тасымалдаушы жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандыруға мiндеттi.
2. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушы жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелiн мiндеттi сақтандыруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзедi.
3. Жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi мiндеттi сақтандырылған ретте жол жүру құжаты (билет) сақтандыру полисi болып табылады.
26-бап. Мiндеттi сақтандыру талаптары
1. Сақтандыру жағдайы туындаған ретте жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн нақты келтiрiлген залал мөлшерiнде сақтандыру төлемi жүзеге асырылады.
2. Тасымалдаушының сақтандырушымен жасасқан сақтандыру шарты ол жасалған күннен бастап күшiне енедi.
27-бап. Сақтандыру сыйлықақылары
Жолаушыны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын тасымалдаушы сақтандырушының пайдасына ай сайын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушылар тасымалынан алынған кiрiс сомасының 0,2 процентi мөлшерiнде төлейдi.
28-бап. Сақтандыру жағдайы
1. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы деп жолаушының өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келтiру фактiсi танылады.
2. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде тасымалдаушы Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарымен белгiленген нысан бойынша және тәртiппен сақтандырушының атауын және оның ең жақын орналасқан филиалының (өкiлдiгiнiң) заңды мекен-жайын мiндеттi түрде көрсете отырып, акт жасауға және актiнi жолаушыға немесе оның мұрагерлерiне, сондай-ақ сақтандырушыға тапсыруға мiндеттi.
29-бап. Сақтандыру төлемдерi
1. Сақтандырушы өзiне жолаушы немесе оның мұрагерлерi өтiнiш жасаған кезде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi, өтiнiшке тасымалдаушы жасаған акт қоса тiркелуге тиiс.
Қаза тапқан жолаушының мұрагерлерi болмаған жағдайда, сақтандырушы жерлеуге шығын шығарған адамдарға нақты шығарылған шығынының мөлшерiнде өтемақы төлейдi.
2. Жолаушының немесе оның мұрагерлерiнiң өтiнiш беру тәртiбi Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарымен белгiленедi.
3. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде жолаушыға немесе оның мұрагерлерiне әлеуметтiк қамтамасыз ету және ерiктi сақтандыру шарттары бойынша тиiстi сомалар есепке алынбайды.
4. Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiкпен жүрiп-тұру құқығын Пайдаланатын жолаушыларға (соның iшiнде жетi жасқа дейiнгi балаларға) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген актiнiң негiзiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырады.
5. Сақтандыру төлемi өтiнiш берiлген кезден бастап жетi банк күнi iшiнде жасалуға тиiс.
6. Сақтандыру жағдайы туындағаннан кейiнгi үш жыл iшiнде, зардап шеккен адам алған жарақаттарының салдарынан мүгедек болып қалса немесе қайтыс болса, сақтандырушы бұрын жасалған төлемдердi есепке ала отырып, төленуге тиiстi сақтандыру сомасының мөлшерiн қайта есептейдi.
6-тарау. Жүру қауіпсіздігі, темір жол көлігінің
жүктері мен объектілерін күзету, ерекше
жағдайларда жұмысты ұйымдастыру
30-бап. Жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, темiр жол көлiгiнiң көлiк және өзге де техникалық құралдарын пайдалануды ұйымдастыру
Тасымал процесiне қатысушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығына, жолаушылардың жол жүруіне қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ магистралдық, станциялық және кiрме жолдармен жүру қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға мiндеттi.
Жүру қауiпсiздiгi азаматтардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымал процесiне қатысушыларының авариясыз жұмыс iстеуiне жағдайлар туғызуға, магистралдық темiр жол желiсiн, темiр жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетiктердi ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялардың зардаптарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiледi.
31-бап. Жүру қауiпсiздiгi жөнiндегi негiзгi талаптар
1. Темiр жолдар, темiр жол станцияларының, вокзалдардың және тасымал процесiне қатысушыларының тасымалдау процесiне байланысты өзге де объектiлерiнiң аумақтары аса қауiптi аймақтар болып табылады және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес олардың белгi беретiн қоршауы болуға тиiс.
2. Темiр жол көлiгiнiң объектiлерi, сондай-ақ қауiптi жүктердi өндiру, тиеу, түсiру (жүктен босату), сақтау және тасымалдау жүзеге асырылатын объектiлер елдi мекендерден, өнеркәсiп, ауылшаруашылық кәсiпорындары мен басқа да кәсiпорындардан, жекелеген ғимараттар мен құрылыстардан уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес қажеттi қашықтықта болуға тиiс.
3. Темiр жолмен қиылысатын немесе оларға жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын жүргiзу және басқа құрылыстар салу мен пайдалану кезiнде белгiленген нормативтердiң сақталмағаны үшiн, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауiпсiздiгi үшiн олардың меншiк иелерi мен иеленушiлерi ортақ жауаптылықта болады.
Аталған құрылыстардың иеленушiлерi тасымал процесiне қатысушыларын және мемлекеттiк көлiк бақылау органдарын жүру қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.
4. Қауiптi жүктердi жөнелтiп және алып отыратын жөнелтушi (жүк жөнелтушi), алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауiпсiз тасымалдануын қамтамасыз етуге мiндеттi, оларда авариялық жағдайларды және олардың зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жұмылдыру бөлiмшелерi (соның iшiнде шарт бойынша) болуға тиiс.
Қауiптi жүктердi тасымалдау процесiнде туындаған авариялық жағдайлар кезiнде жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер), алушылар (жүк алушылар), тасымал процесiне қатысушылар аталған бөлiмшелердiң оқиға орнына жедел түрде жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Тасымалдау процесiне қатысушылар қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзғаны және олардың зардаптары үшiн (қоршаған ортаның ластануы, поездар жүрiсiндегi үзiлiстер және басқалары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
6. Жүру қауiпсiздiгi мен жылжымалы құрамды және темiр жол көлiгiн және тасымалдау процесiмен байланысты басқа да техникалық құралдарды пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылықта болады.
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсету кезiнде оның жарамды жай-күйiн, соның iшiнде пайдалануға технологиялық дайындығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
32-бап. Жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру
1. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдардағы жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 2-тармақ толықтырылды
2. Лауазымдар (кәсiптер) тiзбесiн, лауазымдарға (кәсiптерге) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби даярлық деңгейiн, лауазымға (кәсiпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Тасымалдаушының және магистралдық темiр жол желiсi операторының кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктi және жүк-багажды тиеу, түсiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырған кездегi тексеруге қатысу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
33-бап. Жүктердi және объектiлердi күзету
1. Тасымалдаушы және магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы:
1) тасымалдау кезiнде жүктердiң сақталуын;
2) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес өздерiнiң қарауындағы темiр жол көлiгi объектiлерiнiң күзетiлуiн;
3) темiр жол көлiгiнде өртке қарсы алдын алу жұмыстарының жүргiзiлуiн және өрт сөндіруді қамтамасыз етуге мiндетті.
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы тасымалдау ережелерiнде белгiленген тiзбе мен тәртiпке сәйкес жүктердiң жекелеген түрлерiн өз өкiлдерiнiң (жолсерiктердiң) жолбасшылығы арқылы тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Жүк жөнелтушi, жүк алушы осы бапта көзделген тiзбеге енбейтiн жүктердi күзетудi және оларға жолбасшылық жасауды тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыра алады.
5. Темiр жол көлiгiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын және қылмысқа қарсы күрестi iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi.
34-бап. Ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру
1. Тасымалдаушы, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы мен тармақ иеленушi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi шараларды шұғыл түрде қолдануға мiндеттi.
Осы шараларды жүзеге асыру және қолдану үшiн оларда тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын материалдық және техникалық құралдардың қажеттi қоры болуға тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. N 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi 10-шараларды жүргiзуге, төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн енгiзуге байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
35-бап. Темiр жол көлiгiнiң ерекше жағдайлардағы iс-әрекетi
1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары мемлекеттiк органдардың өз құзыретiне сәйкес қабылдаған шешiмдерi негiзiнде осы уақытқа тоқтатылуы мүмкiн.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген және тасымалдауға кедергi келтiретiн өзге де жағдайлар кезiнде магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы темiр жол қатынасының жекелеген бағыттарында тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетудi уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдай алады.
Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы мұндай шешiмнiң қолданылу мерзiмiн белгiлеуге, сондай-ақ уәкiлеттi органды, тасымалдаушыларды, клиенттерді және өзге де мүдделі тұлғаларды шұғыл түрде хабардар етуге мiндеттi.
3. Клиентке багажды, жүктi және жүк-багажды жеткiзiп беру, беру жөнiндегi шартты тиiстi тұрғыда орындамауға әкеп соқтырып, сақтаудың шектi мерзiмiнiң өтiп кетуiне ұрындырған осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған мән-жайлар туындаған кезде тасымалдаушы багажды, жүктi және жүк-багажды жөнелтушiге, жүк жөнелтушiге олардың есебiнен қайтаруға құқылы.
7-тарау. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру
36-бап. Жүк тасымалдау шарты
1. Жүк тасымалдау шартына сәйкес тасымалдаушы жүк жөнелтушi өзiне сенiп тапсырған жүктi оның тасымалдау талаптарын сақтай отырып, баратын темiр жол станциясына дер кезiнде әрi сол күйiнде жеткiзiп беруге және жүк алушыға тапсыруға мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүк тасымалына ақы төлеуге және оны қабылдап алуға мiндеттенедi.
2. Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау шарты темiр жол көлiгi жүкқұжатын толтыру арқылы ресiмделедi.
3. Жүк жөнелтушiге темiр жол көлiгi жүкқұжатының негiзiнде жүк қабылданғаны туралы квитанция берiлген кезден бастап жүк тасымалдау шарты жасалды деп есептеледi.
37-бап. Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту
1. Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту, соның iшiнде жүктiң барар жерiн өзгерту тараптардың келiсiмi бойынша тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кедендiк бақылаудағы жүктiң барар жерiн өзгерту тиiстi кеден органының келiсiмi болған кезде жүргiзiледi.