Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімдер
импортын лицензиялау туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997
жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысы (ҚР Үкіметінің 27.01.98 ж. N 39;
29.12.98 ж. N 1351; 27.07.00 ж. N 1151; 28.11.00 ж. N 1773; 22.01.03 ж. N 72;
17.06.04 ж. N 663 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 13 тамыздағы N 860 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкiметiнiң 17.06.04 ж. N 663 қаулысымен тақырыбы, кiрiспесi және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Этил спиртi мен алкогольді өнімдер өндiрiсi және импорты саласында мемлекеттiк бақылауды күшейту, бюджетке салықтың толық түсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердiң мүдделерi мен тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялаудың тәртібі бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151; 17.06.04 ж. N 663 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң, Салық комитетi осы тауарларды импорттауға лицензиясы болған жағдайда, оның iшiнде этил спиртiн және арақты Кеден одағына кiретiн мемлекеттердiң аумағынан әкелетiн жағдайларда да, әкелiнетiн этил спиртi мен алкогольді өнімдерге акциз маркiлерiне өтiнiмдердi қабылдауды және берудi жүзеге асырсын.
3. ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. N 663 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. N 663 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр айдан кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында этил спиртi
мен алкогольді өнімдер импортын
лицензиялаудың тәртiбi
ҚР Үкіметінің 29.12.98 ж. N 1351; 27.07.00 ж. N 1151; 17.06.04 ж. N 663 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы және мәтінде сөздер өзгертілді
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольді өнімнің импортын лицензиялаудың тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Тәртіптiң күшi ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген орнына қарамастан, шетелдiк тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (бұдан әрi өтiнiм берушi) қолданылады.
ҚР Үкіметінің 29.12.98 ж. N 1351; 28.11.00 ж. N 1773; 22.01.03 ж. N 72; 17.06.04 ж. N 663 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Лицензиялар белгiленген нысандағы бланкiлерде ресiмделедi (1-қосымша).
Лицензия бланкiлерi ұсынушы үшiн бағалы қағаз деңгейiнде қорғалу дәрежесi, сондай-ақ есептiк сериясы мен нөмiрi бар, қатаң есептемелiк құжат болып табылады. Лицензия бланкiлерiн сатып алуды, есебiн жүргiзудi және сақтауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi Лицензиар) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 29.12.98 ж. N 1351; 27.07.00 ж. N 1151; 17.06.04 ж. N 663 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Этил спиртi мен алкогольді өнімді импорттауға лицензияны ресiмдеу үшiн өтiнiм берушi Лицензиарға мыналарды тапсырады:
а) лицензия алуға белгiленген үлгiдегi өтiнiш (2-қосымша);
б) сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келiсiм-шартының (шарттың) көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;
в) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк:
заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
г) лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат;
д) этил спиртiн импорттау кезiнде алкогольдi өнiм өндiрiсiне немесе этил спиртін сақтауға және сатуға берiлген лицензиясы;
ж) алкоголді өнімнің импорты кезінде алкогольді өнімді сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензиясы.
"в", "д", "ж"-тармақшаларында аталған құжаттардың бiрiншi басшының қолымен, өтiнiм иесiнiң мөрiмен куәландырылған көшiрмесi.
ж) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды сыра импорттаушылар ұсынбайды.
Өтiнiм берушiге тапсырылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
ҚР Үкіметінің 29.12.98 ж. N 1351 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Өтiнiм берушiнiң тапсырған құжаттары Лицензиардың деректер банкiнде тiркелуге жатады.
Лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiкпей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешікпей қабылданады.
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Лицензия шартқа кiргiзiлген тауарлар атауының санына қарамастан, ең кемi алты белгiсi бар коды көрсетiлiп, сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бiр түрiне ресiмделедi.
Лицензия берiлген күннен бастап, ол берілген күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейінгі кезеңге, бiр мәмiле бойынша импортты жүзеге асыру үшiн лицензия берiледi.
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Лицензия беруден бас тарту, күшiн тоқтату, лицензияны қайтып алу және кiдiрту "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Лицензияны қайтып алу және оның қолданылуын кiдiрту туралы шешiм қабылданған күннен бастап 3 күн мерзiмде жазбаша түрде лицензиатқа және кеден органына жеткiзiледi.
8. ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. N 663 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
9. Лицензия иелiгiнен алынбайтын, яғни лицензиат оны басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бермейтiн болып табылады.
Лицензия онда көрсетiлген мерзiмде тауардың бiр түрiн импорттауға берiлген рұқсат болып табылады.
Лицензиат этил спиртi мен алкогольді өнімнің импортын кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болып табылатын лицензиялық түпнұсқаны Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырады.
10. Лицензияның күшiнде болатын мерзiмi өтiсiмен, өзiнде оның түпнұсқасы бар кеден органы, оның орындалуы туралы тиiстi белгi қойып, мөрмен және бiрiншi басшының қолымен куәландырылған лицензияның көшiрмесiн 10 күн мерзiмде Лицензиарға жiбередi.
11. Лицензия алымының мөлшерi мен оны төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
12. Лицензиардың этил спиртi мен алкогольді өнім импортын лицензиялауға байланысты шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151; 28.11.00 ж. N 1773; 22.01.03 ж. N 72; 17.06.04 ж. N 663 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
1-қосымша
Импортқа арналған лицензия
1. Лицензия N |
2. Өтiнiм берушi ұйым, оның мекен-жайы, телефоны |________________ |
3. Тапсырумен (ұйым |__________ кәсiпорын, оның мекен-жайы, телефоны) | 7. Сатушы, оның мекен-жайы |
4. Тұтынушы | 8. Сатушының елi _______________ |
5. Баратын елi _____________ | 9. Мерзiмi | | лицензия бойынша |
6. Кеден | 10. Мәмiленiң сипаты 11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы мен толық сипаты | 13. СЭҚ ТН бойынша тауар. дың коды | 14. Өлшем бiрлiгi | 15. Саны | 16. Тауардың жалпы құны (мың) төлем |тең. валю. |ге. тасымен|мен |
|
|
17. Лицензия сұрау үшiн негiз | 19. Келiсiлдi |
18. Өтiнiм берушi ұйымнан | 20. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнің Салық комитеті аты-жөнi лауазымы қолы, М.О. күнi |
|
21. Есеп (валюта) шоттарының номерi, банк бөлiмшесiнiң атауы |
22. Лицензияның айрықша шарты |
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. N 1151; 28.11.00 ж. N 1773; 22.01.03 ж. N 72; 17.06.04 ж. N 663 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
Импортқа лицензия алуға арналған өтiнiш
| 7. Сатушы, оның мекен-жайы |
|
| |
| 9. Мерзiмi | | лицензия бойынша |
| |
6. Кеден | 10. Мәмiленiң сипаты 11. Төлем валютасы | |
|
|
12. Тауардың атауы мен толық сипаты | 13. СЭҚ ТН бойынша тауар. дың коды | 14. Өлшем бiрлiгi | 15. Саны | |
|
|
| 19. Келiсiлдi |
20. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнің Салық комитеті аты-жөнi лауазымы қолы, М.О. күнi |
21. Есеп (валюта) шоттарының номерi, банк бөлiмшесiнiң атауы |
22. Лицензияның айрықша шарты |