Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін
өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі
комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 28 қарашадағы № 1773 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.09.02 ж. № 981 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.01.03 ж. № 72 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 06.09.02 ж. № 981 қаулысымен 1-тармақтын 1) тармақшасының күші жойылды
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 28 қарашадағы
№ 1773 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 06.09.02 ж. № 981 қаулысымен ереженің күші жойылды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң
Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын
мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық әрi бақылау-қадағалау қызметтерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі кесiмдерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгіде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болып мемлекет атынан түсуге, егер ол заңнамаға сәйкес бұған уәкiлеттi болса, құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитет штат санының шегiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.
7. Комитеттiң толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитет қызметiн қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитет қызметi болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитеттің кәсiпкерлiк субъектiлерi мен шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.
Заңнамалық кесiмдермен Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқықтар берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен
айналымы саласындағы мiндеттерi, негiзгi қызметтерi және құқықтары
10. Комитеттiң этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымы саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) этил спиртi және алкоголь өнімі өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына бақылау жасаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
3) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеудi жүзеге асыру;
4) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттік органдар қызметiн ведомствоаралық үйлестiру.
11. Комитеттiң этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымы саласындағы негiзгi қызметтерi мыналар болып табылады:
1) алкоголь өнiмi рыногының жағдайы туралы мониторингтi жүзеге асыру, ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өндiрілген және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген этил спиртi және алкоголь өнiмi көлемiнiң қозғалысына бақылау жасау;
3) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымының көлемiн есепке алуды ұйымдастыру;
4) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiретiн кәсiпорындардағы акциздiк қосындар жұмысына бақылау жасау;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымын лицензиялау, берiлген, тоқтатылған және қайтарып алынған лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес импорты лицензиялауға жататын этил спиртi және алкоголь өнiмi импортына бақылау жасау және лицензиялау;
7) этил спиртi және алкоголь өнiмi импортының көлемiн лицензиялар алу үшiн өтiнiшкерлер арасында өз құзыретi шектерiнде конкурстық орналастыру;
8) мемлекеттік медициналық мекемелерге, сондай-ақ емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектердi өндiрушiлерге этил спиртiнiң берiлу көлемiн өз құзыретi шектерiнде белгiлеу;
9) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына, акциздiк маркалардың өткiзiлуiне, этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымынан акциздердiң бюджетке түсуiне талдау және теңгерiмдер жасау;
10) есепке алу-бақылау маркаларының жасалуына, сақталуына, сатып алынуына және есепке алынуына, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес маркалауға жататын алкоголь өнiмi акциздiк алым маркаларының сақталуына, сатып алынуына және есепке алынуына басшылық жасау;
11) акциздер түсiмi және этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау мәселелерi бойынша өз өкiлеттiктерi шектерiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу, қабылдау, шығару және мүдделi мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға жеткiзу.
12. Комитеттiң этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымы саласында өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен қызметтердi жүзеге асыру кезiнде мынадай құқықтары бар:
1) этил спиртi және алкоголь өнiмi өндiрiсi мен айналымы саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бұзушыларға заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау;
2) бақылау жасалынатын объектiлерде өндiрiлген дайын этил спиртi және алкоголь өнiмi көлемiнiң осы салада қолданылатын нормативтерге сәйкестiгiн өз құзыретi шектерiнде тексеру, осы мақсаттарда осы объектiлердiң есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуына, технологиялық процесс, этил спиртiнiң және алкоголь өнiмiнiң сақталуы мен айналымы нормалары мен ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау;
3) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн шығаратын, сақтауды әрi өткiзудi, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру;
4) нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң орындалуын тексерудi жүзеге асыру және орындалуы мiндеттi нұсқаулар беру;
5) этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен өткiзудi, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыру;
6) мемлекеттік медициналық кәсiпорындардың, сондай-ақ емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмектер өндiрушiлердiң этил спиртiн пайдалануына өз құзыретi шектерiнде бақылау жасау;
7) Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын этил спиртi және алкоголь өнiмi (сырадан басқа) көлемiн белгiленген тәртiппен реттеу;
8) лицензиаттарға қойылатын лицензия ережелерiн әзiрлеу;
9) Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген этил спиртi және алкоголь өнiмi көлемiнiң қозғалысына бақылау жасау.
3. Комитеттiң бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны
айналымы саласындағы құзыретi
13. Бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымы саласында заңнамалық кесiмдерге сәйкес Комитеттiң мынадай құзыретi болады:
1) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымына бақылау жасаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
3) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымына бақылау жасау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеудi жүзеге асыру;
4) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттік органдар қызметiн ведомствоаралық үйлестiру.
14. Комитеттiң бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымы саласындағы негiзгi қызметтерi мыналар болып табылады:
1) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны рыногының жағдайы туралы мониторингтi жүзеге асыру, ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау;
2) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны көлемiнiң қозғалысына бақылау жасау;
3) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымының көлемiн есепке алуды ұйымдастыру;
4) бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны айналымын лицензиялау, берiлген, тоқтатылған және қайтарып алынған лицензиялардың мемлекеттік тiзілімiн жүргiзу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес импорты лицензиялауға жататын бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны импортына бақылау жасау және лицензиялау;
6) бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымына талдау және теңгерiмдер жасау.
15. Комитеттiң бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымы саласында өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен қызметтердi жүзеге асыру кезiнде мынадай құқықтары бар:
1) бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымы саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бұзушыларға заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау;
2) бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын сақтауды әрi өткiзудi, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру;
3) бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны айналымын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортталатын бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны көлемiн белгiленген тәртiппен реттеу;
5) Комитет лицензиялайтын қызмет түрлерiне қойылатын лицензия ережелерiн әзiрлеу;
6) Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны көлемiнiң қозғалысына бақылау жасау.
4. Комитеттiң акцизделетiн өзге де өнiмдер жөніндегі мiндеттерi,
негiзгi қызметтерi және құқықтары
16. Комитеттiң акциздер түсiмiне бақылау жасау саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) акциздер түсiмiне бақылау жасау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) акциздер түсiмiне бақылау жасаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
3) акциздер түсiмiне бақылау жасау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеудi жүзеге асыру;
4) акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымынан түсетiн акциздерге бақылау жасау және есепке алу мәселелерiнде мемлекеттік органдар қызметiн ведомствоаралық үйлестiру;
5) акцизделетiн өнiмдер акциздерi бойынша республикалық және жергіліктi бюджеттердiң кірiс бөлiгiнiң орындалуын нормативтiк реттеудi және бақылау жасауды жүзеге асыру.
17. Комитеттiң акциздер түсiмiне бақылау жасау саласындағы негiзгi қызметтерi мыналар болып табылады:
1) есепке алу-бақылау маркаларының жасалуына, сақталуына, сатып алынуына және есепке алынуына, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес маркалауға жататын акцизделетiн өнiмдер бойынша акциздік алым маркаларының сақталуына, сатып алынуына және есепке алынуына басшылық жасау;
2) акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымынан акциздер түсiмi мәселелерi бойынша өз өкiлеттiктерi шектерiнде нормативтiк-құқықтық кесiмдер әзiрлеу, қабылдау, шығару және мүдделi мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға жеткiзу.
18. Комитеттiң өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен қызметтердi жүзеге асыру кезiнде мынадай құқықтары бар:
1) акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымынан түсетiн акциздер түсiмi саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
2) акцизделетiн өнiмдердi сақтауды әрi өткiзудi, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымынан түсетiн акциздер түсiмiнiң толықтығы және уақтылығы бөлiгiнде тексерудi жүзеге асыру;
3) акцизделетiн өнiмдер акциздерi түсiмiнiң мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң орындалуын тексерудi жүзеге асыру;
4) акцизделетiн өнiмдер акциздерi түсiмiне бақылау жасау мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан, азаматтардан ақпараттар сұрату және алу;
5) мемлекеттік кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігіне енгізу, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi қызметiн жүзеге асыру;
6) басқа мемлекеттік органдар мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшыларды және тиiстi саланың құзыреттi мамандарын жұмысқа тарту;
7) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы өз құзыретi шегiнде ұсыныстар енгізу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үкіметінiң кесiмдерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
5. Комитет мүлкi
19. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшау мүлкi болады.
Комитет мүлкi оған мемлекет берген мүлiктер есебiнен құралады және негiзгi қорлардан әрi айналым қаржыларынан, сондай-ақ құны Комитет теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiктерден тұрады.
20. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
21. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де жолмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
6. Комитет қызметiн ұйымдастыру
22. Комитеттi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет Төрағасының ұсынымы бойынша Мемлекеттік кiрiс министрi Төрағаның орынбасарын және комитеттiң аумақтық басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
23. Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады әрi басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
24. Осы мақсаттарда Төраға:
өзiнiң орынбасарлары мен Комитет құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
заңнамаға сәйкес Комитет жүйесi қызметкерлерiн қызметке тағайындайды (Төраға бекiтетiн қызметтер номенклатурасына сәйкес) және қызметтен босатады;
заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет жүйесi қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
Комитет бұйрықтарына қол қояды;
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет өкiлi болады;
заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
25. Орынбасарлар өздерiне Төраға жүктеген қызметтердi орындайды, Төраға болмаған кезде оның мiндеттерiн орынбасарлардың Төраға уәкiлеттiк берген бiреуi орындайды.
7. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
26. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 28 қарашадағы
№ 1773 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 ақпандағы № 173 қаулысына:
1-тармақтың 7) және 8) тармақшаларының күшi жойылды деп танылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 34-жолдың 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат):
3-тармақтың екiншi абзацында "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмнiң (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртібінде:
3-тармақтың екінші абзацында "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларда 20-тармақта "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):
4-тармақта "министрлігінiң" деген сөзден кейiнгi "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулының 5-қосымшасында:
"Сусындарды өндiру 2106 90 200 Мемкiрiсминiнiң
кезiнде пайдаланылатын Алкогольдi өнiмдердiң
хош иiстi заттардың өндiрiсi мен айналымын
негiзіндегі өнiмдерден мемлекеттік бақылау
басқа, құрамдас жөніндегі комитетi"
спирттiк жартылай деген жолда:
фабрикаттар
3-бағанда "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын.