Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 13 тамыздағы № 860 қаулысы
(2007.23.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | | | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 13 тамыздағы № 860 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 27-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек сату";
реттiк нөмiрi 31-1-жолдың 3-бағанындағы "этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа), сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi" деген I-бөлiмнiң 14-тармағындағы "этил спиртін сақтау мен сату," деген сөздер алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялаудың тәртібінде:
4-тармақтың д) тармақшасындағы "немесе этил спиртін сақтауға және сатуға" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ алынып тасталсын.
3. ҚР Үкіметінің 2007.23.08. № 733 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2007.19.07.ж. № 610 қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1127 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)