Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 1997 жылғы 15 шiлдедегі N 162-I
Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР 11.05.99 ж. N 381-1; 23.01.01 ж. N 151-II; 24.12.01 ж. N 276-II;
26.05.04 ж. N 553-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2 тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң (6 - 7 баптар)
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
3 тарау. Мемлекеттiк өкiмет органдарының (8 - 11 баптар)
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы құзыретi
4 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (12 - 21 баптар)
ұйымдастыру
5 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы (22 - 27 баптар)
мемлекеттiк табиғи-қорық қорын
қорғау және қалпына келтiру
5-1 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (27-1 - 27-3 баптар)
қорғауды ұйымдастыру
6 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (28 - 33 баптар)
пайдалану
7 тарау. Мемлекеттiк табиғи қорықтар (34 - 38-1 баптар)
8 тарау. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер (39 - 40 баптар)
8-1 тарау. Мемлекеттiк табиғи резерваттар (40-1 - 40-3 баптар)
9 тарау. Мемлекеттiк табиғи парктер (41 - 42 баптар)
10 тарау. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi (43 - 45 баптар)
11 тарау. Мемлекеттiк қорық өңiрлерi (46 - 48 баптар)
12 тарау. Мемлекеттiк табиғи заказниктер (49 - 51 баптар)
13 тарау. Мемлекеттiк зоологиялық парктер (52 - 55 баптар)
14 тарау. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар (56 - 59 баптар)
15 тарау. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер (60 - 61 баптар)
16 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (62 - 64 баптар)
орманы
17 тарау. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе (65 - 66 баптар)
ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары
18 тарау. Халықаралық маңызы бар (67 - 68 баптар)
сулы-батпақты алқаптар
19 тарау. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, (69 - 70 баптар)
мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды
учаскелерi
20 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (71 - 72 баптар)
мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастры
21 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (73 - 79 баптар)
қаржыландыру және экономикалық
жағынан ынталандыру
22 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (80 - 83 баптар)
саласындағы бақылау
23 тарау. Дауларды шешу және ерекше қорғалатын (84 - 86 баптар)
табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаны
үшiн жауапкершiлiк
24 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (87 - 88 баптар)
саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектiлерi Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.
Осы Заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiнiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимi бар не мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.
ҚР 11.05.99 ж. N 381-1; 23.01.01 ж. N 151-II Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры
1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - қоршаған ортаның генетикалық резервтегі табиғи эталондар, уникумдар мен реликттер, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру iсi, туризм және рекреация мәні ретiнде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды мемлекеттiк қорғауға алынған объектiлерiнiң жиынтығы.
2. алынып тасталды
3-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау мен қалпына келтiру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан, басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
4-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының принциптерi
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:
мемлекеттiк табиғи-қорық қорын, биологиялық алуан түрлiлiктi және табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану;
ғылымды, мәдениеттi, ағарту мен бiлiм беру iсiн дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану;
әлеуметтiк-экономикалық факторларды және жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттiк қолдау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ақы төлеп пайдалану;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзушылықпен келтiрген залалды өтеу;
халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласына қатысуы;
мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күй туралы ақпаратпен еркiн танысу;
халықаралық құқық негiзiндегi халықаралық ынтымақтастық.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға меншiк
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк меншiкте болады.
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының жер учаскелерi және оларда орналасқан объектiлерi жекешелендiруге жатпайды.
2 тарау. Азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Азаматтардың:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгiленген тәртiппен пайдалануға, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi шараларға қатысуға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық бiрлестiктерi мен қоғамдық қорларын құруға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға;
мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi жөнiнде хат, шағым, арыз жазуға және ұсыныстар жасауға, олардың қаралуын талап етуге құқығы бар.
2. Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға мiндеттi.
3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген құқықтарды пайдаланады және солар сияқты мiндеттi болады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламаларды әзiрлеп, насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды қорық iсi саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тартуға;
уәкiлеттi органдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, қабылдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру бағдарламаларын, оларды құру жөнiндегi негiздемелер әзiрлеу iсiнде ұсыныстар енгiзiп, оған қатысуға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттiк сараптамалар жүргiзудi талап етуге және қоғамдық сараптама жүргiзуге;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау, қалпына келтiру мен пайдалану жөнiндегi жұмыстарға белгiленген тәртiппен қатысуға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық қорларын құруға;
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен алуға;
айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтарға келтiрiлген зиянды өтеу жөнiнде сотқа талап-арыз беруге;
өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
2. Қоғамдық бiрлестiктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
3 тарау. Мемлекеттiк өкiмет органдарының
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы құзыретi
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II; 25.05.04 ж. N 553-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында:
бiртұтас мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережелерiн, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзiрлейдi;
мемлекеттiк бағдарламалар жасап, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық етедi, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын қамтамасыз етедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды белгiлейдi;
республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiтедi;
жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызудың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жер резервiн жасаудың тәртiбiн белгiлейдi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын бекiтедi;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бейтарап үй-жайларды, ғимараттар мен объектiлердi бұзудың (көшiрудiң), барлық санаттағы жердiң есебiнен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және оларды кеңейту үшiн жер учаскелерiн алып қоюдың (сатып алудың), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызмет үшiн жалға берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
осы Заңға сәйкес осы аумақтарды пайдаланғаны және олар көрсететiн қызметтер үшiн ақы алудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда; ҚР 25.05.04 ж. N 553-II (бұр. ред. қара) Заңымен 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi;
қорық iсi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргізеді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелердi бекiтедi;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiнде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелер әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жiбередi;
өзiнiң қарауындағы мемлекеттiк мекемелер нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы жеке ережелердi бекiтедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын тiркейдi;
өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 10-бап өзгертілді; ҚР 25.05.04 ж. N 553-II (бұр. ред. қара) Заңымен 10-бап жаңа редакцияда
10-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар
өзге де орталық атқарушы органдардың құзыретi
Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдар:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге және орындауға қатысады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi әзірлеуді ұйымдастырады, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етедi және оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк мекеме нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы жеке ережелердi бекiтедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын жасайды және тiркеуге жiбередi;
өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша күзет қызметiн құрады және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 25.05.04 ж. N 553-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламаларын қарайды және келiсiп отырады;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттарына жұмсалатын шығыстарды бекiтедi;
атқарушы органдар басшыларының өз қарауындағы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер шегiнде орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен қызметi туралы есептерiн тыңдайды;
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режимi жөнiндегi мiндеттi ережелердi қабылдайды. Ережелер олар жария етiлгеннен кейiн екi аптадан кешiктiрiлмей күшiне енедi;
жергіліктi атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн төлем ставкаларын белгiлейдi.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар:
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламалары жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, осы аумақтарды құру жөнiндегi негiздемелердi келiсiп отырады;
мемлекеттiк табиғи-қорық қорық пен жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектiлерiнiң тiзбелерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататын жерлердiң резервiн жасауды белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез-келген қызметке осы аймақтардың шегiнде тыйым сала отырып, қорғаныш өңiрлерiн белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырады;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөнiндегi шараларды жергiлiктi бюджеттер қаражатынан қаржыландыруды қамтамасыз етедi;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын жергiлiктi өкiлдi органдардың бекiтуiне ұсынады.
4 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
ұйымдастыру
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi
1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорына мына объектiлер енгiзiледi:
зоологиялық объектiлер - жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлерi, жануарлардың құнды түрлері, жануарлардың типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы;
ботаникалық объектiлер - өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлері, өсімдіктердiң құнды түрлерi, өсiмдiктердiң типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн тобы;
орман объектiлерi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар, орман-дақылдық өндiрiсi мен егiстiктi қорғайтын орман өсiрудiң бiрегей үлгiлерi;
дендрологиялық объектiлер - ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар жекелеген ағаштар немесе олардың топтары, бау-парк дақылдарының бiрегей үлгiлерi;
халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар объектiлерi теңiз айдындарын қоса алғанда, дағдылы өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, әсiресе су құстары мекендейтiн жер ретiнде пайдаланылатын табиғи және жасанды су қоймалары;
геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлер - жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi;
топырақ объектiлерi - әртүрлi топырақ аймақтарындағы типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн топырақтар;
ландшафттық объектiлер - типтiк, бiрегей және сирек кездесетiн ландшафттар, ту табиғаттың эталондық учаскелерi, ерекше рекреациялық маңызы бар ландшафттар;
мемлекеттiк ерекше маңызы немесе ғылыми ерекше құндылығы бар су қоймалары.
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң құрылу мақсатына, қорғау режимiне және пайдалану ерекшелiктеріне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадай түрлерi құрылады:
биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтар;
мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;
мемлекеттiк табиғи резерваттар;
мемлекеттік табиғи парктер;
мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
мемлекеттiк қорық өңiрлерi;
мемлекеттiк табиғи заказниктер;
мемлекеттiк зоологиялық парктер;
мемлекеттiк ботаникалық бактар;
мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер.
Қазақстан Республикасының заңдарымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң құндылықтарына қарай жергiлiктi және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттары болып бөлiнедi.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбесiнен шығаруға жергiлiктi атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның келiсiлген шешiмi бойынша ғана, ал республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбесiнен шығаруға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары бойынша ғана жол берiледi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 14-бап алынып тасталды
14-бап. алынып тасталды
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға арналған жерлердiң резервiн құру
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастырудың бекiтiлген бағдарламаларына сәйкес осы аумақтарды құруға арналып белгiленген жерлердiң резервi жасалады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға арналған жерлердiң резервiн жасаған кезде оларды пайдаланудың мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн шектеулер көзделедi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негiздемелерi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бiрыңғай әдiстемелер бойынша әзiрленетiн жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негіздемелерге сәйкес құрылады.
2. Жаратылыс-ғылыми негiздеме табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгiн және маңыздылығын анықтайды, табиғи кешендердiң экологиялық жай-күйiне баға бередi және оларды қорғау, қалпына келтiру мен пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгізедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның шекараларының, алаңдарының және функционалдық аймақтарының түрi мен санатын таңдауды негiздейдi.
3. Техникалық-экономикалық негiздеме және оның құрамына енетiн жер бөлу жобасы:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына берiлетiн жерлердiң шекарасы мен көлемiн;
осы жердiң меншiк иелерiнен жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алып қоюдағы залалдарды жабуға байланысты шығындарды;
осы аймақтардың шегiнде аумақты функционалдық аймаққа бөлудi, табиғи ресурстарды қорғау режимi мен реттелетiн рекреациялық және шектелген шаруашылық пайдалану шарттарын;
ерекше қорғалатын табиғи аумақты ұйымдастыру, ұстау және дамыту жөнiндегі шаралар мен шығыстарды анықтайды.
4. Жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобалары, жер бөлу жобалары мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлуге және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда бекiтiлуге тиiс.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдер қабылдау
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптама мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындылары болған жағдайда мүдделi орталық атқарушы органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты
1. Қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар берiлетiн атқарушы органдар осындай әрбiр аумақ бойынша белгiленген үлгiде паспорт жасап, оны ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда тiркейдi.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында мыналар көрсетiледi:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың және оның қорғаныш аймағының схема-картасы бар орналасқан жерi, шекараларының, алаңының сипаттамасы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сан көрсеткiштерiмен қоса алғандағы тiзбесi;
бөлiнген өңiр мен қорғау режимдерi, ерекше қорғалатын табиғи аумақта осы режимдердi сақтау жөнiндегi мiндеттеме;
ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдалану түрлерi;
қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар табиғат қорғау мекемесiнiң немесе атқарушы органның атауы мен мекен-жайы.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты қарамағында осы аумақ орналасқан табиғат қорғау мекемесiнде, атқарушы органда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда сақталады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда