19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнің құқықтық жағдайы
Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк табиғи парктер, мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер, мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерi
1. Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өз рәмiздерi (жалаулары, вымпельдерi, эмблемалары және басқалары) болуы мүмкiн, олар нақты сол аумақтың толық немесе ресми қысқартылған атауын қамтуға тиiс.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар өз рәмiздерiн пайдалануға айрықша құқыққа ие болады және оны заңды және жеке тұлғалардың ақылы негiзде пайдалануына рұқсат етiлуi мүмкiн.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерiн және оны пайдалануға рұқсат беру тәртiбiн қарамағына осы аумақ кiретiн атқарушы органдар белгiлейдi.
21-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, суын, ормандары мен жер қойнауын пайдалану ерекшелiктерi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, суы, ормандары мен жер қойнауы жердiң, судың, ормандар мен жер қойнауының ерекше санаттарына бөлiнедi.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, суын, ормандары мен жер қойнауын өзге мұқтаждар үшiн алып қоюға жол берiлмейдi.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, суын, ормандары мен жер қойнауын пайдалану осы Заңға және Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы
мемлекеттiк табиғи-қорық қорын
қорғау және қалпына келтiру
22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн ерекше қорғау құқықтық режимi не шаруашылық қызметiнiң реттелетiн режимi енгiзiледi.
2. Ерекше қорғау құқықтық режимi:
1) қорық режимi;
2) заказник режимi болып бөлiнедi.
Қорық режимi ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлiнген учаскелерде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаның табиғи жай-күйiн бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейдi.
Заказник режимi ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлiнген учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметтi белгiлi бiр маусымда, белгiлi бiр мерзiмде ғана, мұның өзi мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сақталуына қауiп төндiрмейтiндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргiзудi көздейдi.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы немесе арнайы бөлiнген учаскелердегi шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимi табиғи ресурстардың шаруашылық үшiн пайдаланылуын шектеудi көздейдi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаудың жалпы ережелерi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда:
елдi мекендердi, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы мен мелиорация, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, әскери және қорғаныс объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттары мен жұмыс iстеуiне байланысты жоқ өзге де объектiлер мен құрылыстарды орналастыруға және салуға;
өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, сондай-ақ радиоактивтi материалдарды жинау мен көмуге;
су қоймаларын салқынды сулар ағызу үшiн пайдалануға;
қоршаған ортаға қауiп туғызуы ықтимал химиялық және биологиялық заттарды, зиянды физикалық ықпал жасауды қолдануға;
пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге, пайдалы қазбаларды өндiруге байланысы жоқ жерасты құрылыстарын салу мен пайдалануға;
басты мақсатта пайдаланылатын ағаштарды кесуге, шайырды, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындалуға;
қорғалатын ландшафттардың табиғи бейнесiнiң өзгеруiне немесе экологиялық жүйелер тұрлаулылығының бұзылуына әкеп соғатын жұмыстарға тыйым салынады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың болуы оларды қорғау режимдерiнiң ерекшелiктерiне сәйкес шектеледi және осындай әрбiр аумақ туралы жеке ережелермен реттеледi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда
24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғалатын аймақтары
1. Қолайсыз сыртқы ықпалдардан қорғау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына сол аймақтар шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне және қалпына келтiрiлуіне теріс ықпал ететiн қандай да болсын қызметке тыйым салынатын қорғаныш аймақтары белгiленуi мүмкiн.
2. Қорғаныш аймақтары табиғи ресурстарының көлемiн, шекарасын, режимiн және пайдалану тәртiбiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
Қорғаныш аймақтарының жерi арнайы белгiлермен белгiленедi.
25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорғаныш шаралары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаға зиянды ықпал етудiң алдын алу және оны жою мақсатында мынадай қорғаныш шаралары жүргiзiлуi мүмкiн:
табиғи апаттардың алдын алу және оларды жою, өрттердiң алдын алу, дер кезiнде анықтау және жою;
судың зиянды ықпал етуiнiң алдын алу және оны жою;
өсiмдiктердi қорғау, зиянды жәндiктердiң өсiп-өну ортасы мен ағаш ауруларын дер кезiнде анықтау және оларға қарсы күрес, орманда санитариялық және басқа да ағаш кесу (жол төсеген, өртке қарсы белдеулер жасаған кезде жол құрылысына байланысты орман тазалау);
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және ветеринариялық қадағалауды қамтамасыз ету, iндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында жануарлар санын реттеп отыру.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорғаныш шаралары оларды қорғау режимдерiн ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде және қарамағында осы аумақтар бар атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру мақсатында мынадай шаралар жүргiзiлуi мүмкiн:
жердi эрозиядан сақтау мен бұрын бүлiнген жерлердi қалпына келтiрудi қоса, жердi қорғау;
су қоймаларының қолайлы режимiн сақтау, суды ластанудан, күл-қоқыстан және сарқылудан қорғау;
эрозиялық процестердi болғызбау және экологиялық жағдайда жақсарту мақсатында ормандарды қалпына келтiру мен орман өсiру;
жануарлардың тiршiлiк ортасы мен өсiп-өну жағдайларын, жүрiп өтетiн жолдары мен шоғырланатын орындарын қорғау;
жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау көбейту, өсiру және табиғи ортада қалпына келтiру;
жабайы өсiмдiк түрлерiн қолдан өсiру, тұқымын сұрыптау және көбейту.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қалпына келтiру шаралары, қорғау режимдерi ескерiле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдармен жасалған келiсiм бойынша жүргiзiледi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiрудi ұйымдастыру
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiрудi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйесiне зиянды әсердiң алдын алу және жою жөнiндегi қорғау шараларын ұйымдастыруды осы аумақтар қарауында болатын тиiстi табиғат қорғау мекемелерiнiң, мемлекеттiк органдардың арнаулы қызметтерi немесе оған тартылатын ұйымдар жүзеге асырады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды
5-1-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
қорғауды ұйымдастыру
27-1-бап. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң және мемлекеттiк табиғи резерваттардың табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау
1. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғауды, қызметкерлерi осы мемлекеттiк мекеменiң штатына кiретiн, олардың аумақтарын қорғау жөнiндегi арнаулы мемлекеттiк инспекция жүзеге асырады.
2. Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың директорлары және олардың орынбасарлары тиiсiнше биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң және мемлекеттiк табиғи резерваттардың аумақтарын қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлар және олардың орынбасарлары болып табылады.
27-2-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың құқықтары
1. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың осы ерекше қорғалатын аумақтарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылатын қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарындағы адамдардың аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу құқығына рұқсатты тексеруге;
мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарына жапсарлас жатқан қорғаныш аймақтары аумақтарында табиғат пайдалануды және өзге де қызметтi жүзеге асыру құқығына құжаттарды тексеруге;
мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзған адамдарды ұстауға және аталған тәртiп бұзушыларды құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың белгiленген режимiн бұзуға кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы материалдарды жiберуге;
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзушылардан заңсыз табиғат пайдалану өнiмдерi мен құралдарын, көлiк құралдарын, сондай-ақ тиiстi құжаттарды алып қоюға;
мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге;
мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарында және олардың қорғаныш аймақтарында орналасқан кез келген объектiлерге Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары талаптарының сақталуын тексеру үшiн кедергiсiз баруға;
мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi, мемлекеттiк табиғи резерваттарды және олардың қорғаныш аймақтарын ерекше қорғау режимiне сәйкес келмейтiн шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтата тұруға;
мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, олардың қорғаныш аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiне оларды қорғаудың белгiленген режимiн бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру есебiнен мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың пайдасына қаражат өндiрiп алу туралы жеке және заңды тұлғаларға талап-арыз келтiру;
заңдармен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының бұзылғандығы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жiберуге құқығы бар.
2. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға осы Заңмен өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде қызмет мiндеттерiн орындаған жағдайда қызметтiк қаруын алып жүруге және арнайы құралдарды қолдануға рұқсат берiледi.
Қызметтiк атыс қаруы мен арнайы құралдарды алу, сақтау және қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
3. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегі мемлекеттiк инспекторлар сауыт кеудешелермен және жеке қорғаныстың басқа да құралдарымен қамтамасыз етiледi.
4. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттi мемлекеттiк сақтандырылуға тиiс.
27-3-бап. Мемлекеттiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи заказниктердiң және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiн қорғау
1. Мемлекеттiк табиғи заказниктердiң аумақтарын қорғауды олар қарауында болатын орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк табиғи парктердiң аумақтары мен басқа да жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды олар қарауында болатын атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк табиғи заказниктер, мемлекеттiк табиғи парктер аумақтарын және басқа да жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды жүзеге асыратын қызметкерлер мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер және мемлекеттiк табиғи резерваттар аумақтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар пайдаланатын құқықтарды пайдаланады.
6 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдалану
28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың мақсаттары
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:
1) ғылыми;
2) мәдени-ағартушылық;
3) оқу;
4) туристiк және рекреациялық;
5) шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II; 25.05.04 ж. N 553-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен29-бап толықтырылды
29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми мақсаттарда пайдалану
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мынадай негiзгi бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн:
мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн түгендеу және зерделеу, оларды қорғау мен қалпына келтiру жөнiндегi ғылыми негiзделген шаралар әзiрлеу;
табиғи процестердiң табиғи ағымын және қорғау режимдерiнiң экологиялық жүйелерге әсерiн зерделеу;
мониторингтiң экологиялық және басқа түрлерi, "Табиғат жылнамасын" жүргiзу;
қорық iсiнiң, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң көбеюiн қалпына келтiрудің ғылыми негiздерiн әзiрлеу.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ғылыми зерттеулердi әдiстемелiк басшылық пен үйлестiрудi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган мен ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бiрлесiп жүзеге асырады.
30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мәдени-ағартушылық мақсаттарда пайдалану
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мынадай мәдени-ағартушылық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн:
табиғи-ғылыми бiлiмдер мен қорық iсi, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы жетiстiктердi насихаттау;
өлi табиғат, өсiмдiктер мен жануарлар объектiлерiн, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн көрсету;
табиғат қорғау мекемелерiнiң қызметiмен таныстыру.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мәдени-ағарту шараларын өткiзу үшiн мұражайлар, лекторийлер, экспозициялар, көрсетiлетiн учаскелер және басқа да қажеттi объектiлер құрылуы мүмкiн.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау, сақтау және пайдалану Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
31-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды оқу мақсатында пайдалану
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мынадай оқу мақсаттарында:
оқушылар мен студенттердiң оқу экскурсиялары мен сабақтарын, өндiрiстiк практикаларын өткiзу;
қорық iсi, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми кадрларды даярлау, мамандарды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.
32-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалану
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туристердi табиғи және тарихи-мәдени көрiктi орындармен таныстыру, халықтың белсендi демалысы үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреация жүргiзу үшiн арнайы учаскелер бөлiнедi, оларда туристiк соқпақтар, шолу алаңқайлары, тынығып, дамылдайтын ашық алаңдар, көлiкке арналған тұрақтар, кемпингтер, шатыр тiгiлген лагерьлер, мейманханалар, мотельдер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер болады.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туристiк және рекреациялық қызмет оларды қорғау режимдерiн ескере отырып шектеледi және Қазақстан Республикасының туризм туралы заңдарына сәйкес реттеледi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен33-бап өзгертілді
33-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды шектеулi шаруашылық мақсаттарына пайдалану
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдалануға заказник режимi бар және шаруашылық қызметiнiң режимiмен реттелетiн арнайы бөлiнген учаскелерде ғана жол берiлуi мүмкiн.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорын шектеулi шаруашылық қызметке пайдалану Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiндегi рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырылады.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда белгiленген жағдайларына шектеулi және де шаруашылық қызметке ғана оған байланысты табиғат пайдалану түрлерiне, егер мемлекеттiк табиғи-қорық қорын сақтауға және молықтыруға қауiп төндiрмесе, майдагерлiк және халықтық кәсiпшiлiкке, қарамағында осы аумақтар бар атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жол берiледi.
7 тарау. Мемлекеттiк табиғи қорықтар
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Мемлекеттiк табиғи қорық ұғымы
1. Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғи процестердiң, тұрпатты және бiрегей экологиялық, жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуан түрлiлiгi мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың бүкiл аумағында табиғи ресурстарды шаруашылық жүргiзу үшiн пайдалануды болғызбайтын қорғаудың қорықтық режимi белгiленедi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен35-бап өзгертілді
35-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтарды қорғау режимiнiң ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, осы Заңның 23-бабында көрсетiлген жалпы қорғау шараларын қоспағанда:
үйлер мен ғимараттар, көпшiлiк пайдаланатын жолдар, труба құбырларын, электр беру желiлерi мен басқа да коммуникациялар салуға;
мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және түрлi iздестiру жұмыстарына;
ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiк, гидроэнергетиканың, су көлiгiнiң суға деген қажеттерiн өтеу үшiн және өзге шаруашылық мұқтаждар үшiн жер үстi және жер асты суларын пайдалануға;
орман қорғау шараларын жүргiзу және қорықтардың қызмет етуi үшін қажеттi санитариялық және өзге де кесулердi қоспағанда, ағаштарды кесуге, шайырды, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға, орманды жанама пайдалануға және орманды сауықтыру мақсаттарына және орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалануға;
шөп шабу мен мал жаюды қоса алғанда, өсiмдiктер дүниесiн шаруашылық мақсаттарға пайдалануға;
аң аулауға, кәсiпшiлiк балық аулауға және аңшылық пен балық аулау объектiсiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарына пайдалануға;
флоралар мен фауналар үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жаңа жағдайларға бейiмдеуге;
қоршаған ортаға кез келген химиялық, биологиялық және физикалық ықпал жасауды қолдануға;
арнаулы рұқсат болмайынша табиғи ортадан жануарлар мен өсiмдiктердi алып қою арқылы коллекциялар жинауға және ғылыми зерттеулер жүргiзуге;
азаматтардың арнайы рұқсатсыз және келуге бөлiнген орындардан тыс жерлерде болуына тыйым салынады.
2. Мемлекеттiк табиғи қорықтар қызметкерлерiнiң жеке қосалқы шаруашылығы үшiн жер учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар қорықтардан тыс жерлерден немесе өздерiнiң қорғауындағы, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң шегiнен бөледi.
36-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастырудың ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк табиғи қорықтар оларда құрылатын ғылыми орталықтардың, лабораториялар мен бөлiмдердiң күшiмен жыл бойы тұрақты бақылау ұйымдастыру арқылы ғылыми зерттеулер жүргiзедi.
Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми орталықтарына, лабораториялары мен бөлiмдерiне белгiленген тәртiппен ғылыми ұйым мәртебесi берiлiп, олардың қызметкерлерiне ғылыми қызметке құқықтары қолданылуы мүмкiн.
2. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми кеңестер құрылып, олардың құрамына жетекшi ғалымдар мен мамандар, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiледi.
3. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми деректер банкi, ғылыми коллекциялар, қорлар, кiтапханалар мен мұрағаттар құрылады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар қорық iсi мәселелерi жөнiнде ғылыми, ғылыми көпшiлiк және басқа да әдебиеттер шығара алады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен37-бап жаңа редакцияда
37-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтарды мәдени-ағарту, оқу, туристiк, рекреациялық және өзге де мақсаттарға пайдаланудың ерекшелiктерi
Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, құрамына айрықша құнды экологиялық жүйелер мен объектiлер кiрмейтiн арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен:
экскурсиялық экологиялық маршруттар ұйымдастыруға және туристiк соқпақтар мен тұрақтар салуға, ашық аспан астында мұражайлар мен экспозициялар орналастыруға;
спорттық және әуесқойлық балық аулауға;
қорық қызметкерлерiнiң және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтарға өз қажеттерi үшiн саңырауқұлақ, жаңғақ, жидек, дәрiлiк өсiмдiктер жинауға, шөп шабуға;
қорық қызметкерлерiнiң, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын өзге де азаматтардың жеке малын жаюға жол берiледi.
38-бап. Мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтар
1. Мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтар ауқымды экологиялық мониторингтi жүзеге асыру үшiн жұмыс iстеп тұрған немесе жаңадан ұйымдастырылып жатқан мемлекеттiк табиғи қорықтардың базасында құрылуы мүмкiн.
2. Қоршаған ортаны бүлдiрмейтiн және биологиялық ресурстарды сарқылтпайтын ғылыми зерттеулер жүргiзу, табиғатты ұтымды пайдалану әдiстерiн сынақтан өткiзiп, енгiзу мақсатында мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтарға қорғау және жұмыс iстеу режимдерi әртүрлi биосфералық полигондар қосылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтар туралы жеке ережелер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар ескерiле отырып бекiтiледi.