ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен38-1-баппен толықтырылды
38-1-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер
1. Мемлекеттiк табиғи қорық-сепортер - қорық режимiмен қорғалатын, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ол табиғи қайта түлеуге бейiмi жоқ, адам әрекетiнен бұзылған бiрегей табиғи кешендердi қалпына келтiруге және зерделеуге арналған.
2. Мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлердi қорғау режимi олардың ғылыми қызметiн және оларды мәдени-ағарту, оқу және туристiк мақсаттарға пайдалануды ұйымдастыру мемлекеттiк табиғи қорықтар үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
8 тарау. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен39-бап өзгертілді
39-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк ұғымы
1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - айрықша экологиялық, рекреациялық және ғылыми жағынан ерекше құнды табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектiлердi сақтауға, қалпына келтiруге және сан-салалы пайдалануға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер республикалық маңызы бар санатқа ие.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен40-бап өзгертілді
40-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумақтарын аймақтарға бөлу және оларды пайдаланудың ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде табиғи кешендердi қорғау режимiне және пайдалану мақсаттарына қарай мынадай функционалдық аймақтар мен шағын аймақтар ерекшеленедi:
1) қорық режимiндегi;
2) мынадай шағын аймақтары бар заказдық режимдегi:
рекреациялық пайдалану;
әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы;
келушiлер мен туристерге қызмет көрсету;
шектеулi шаруашылық қызмет.
2. Ұлттық парктердiң қорық аймақтарының шегiнде кез-келген шаруашылық қызметке, рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және онда мемлекеттiк табиғи қорықтардың ерекше қорғалатын аумақтарының режимiне сәйкес келетiн режим қолданылады.
Заказдық режим аймақтарында табиғи кешендер мен объектiлердi сақтауға арналған жағдайлар қамтамасыз етiлiп, сол аумақта оларды қатаң реттей отырып пайдалануға, соның iшiнде: рекреациялық пайдалану, шектеулi шаруашылық қызмет, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы және келушiлерге қызмет көрсету шағын аймақтарында спорттық және әуесқойлық аң аулау мен балық аулау, рекреациялық орталықтардың, қонақ үйлердiң, кемпингтердiң, мұражайлар мен туристерге қызмет көрсететiн басқа да объектiлердiң құрылысын салуға және пайдалануға беруге жол берiледi.
3. Шектеулi және дәстүрлi шаруашылық қызмет өңiрлерiнде мемлекеттiк ұлттық парктердiң тұрақты пайдаланылуына берiлген жер учаскелерi сияқты, бұл жер учаскелерiн меншiк иелерi мен жердi пайдаланушылардан алып қоймай, соларға бекiтiлген жер учаскелерi де енгiзiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде ғылыми зерттеулер, мәдени-ағарту және оқу шаралары мемлекеттiк табиғи қорықтар үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен8-1-тараумен толықтырылды
8-1-тарау. Мемлекеттiк табиғи резерваттар
40-1-бап. Мемлекеттiк табиғи резерват ұғымы
1. Мемлекеттiк табиғи резерват - осы аумақтағы ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiктi сақтауға және қалпына келтiруге, табиғи ресурстардың тұрақты дамуы мен теңгермелi пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған әртүрлi қорғау режимдерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың республикалық маңызы бар санаты болады.
40-2-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың аумақтарын
аймақтарға бөлу және оларды қорғау режимiнiң
ерекшелiктерi
Мемлекеттiк табиғи резерваттарда мынадай функционалдық аймақтар бөлiп көрсетiледi:
1) қорық ядросының аймағы дегенiмiз адамдардың араласуынан неғұрлым аз бұзылған қорық режимiнде қорғалатын, ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн табиғи даму жағдайында сақтауға арналған аумақ бөлiгiн бiлдiредi;
2) буферлiк аймақ қорық ядросының айналасында құрылады, заказдық режимi болады және ядро аймағына шаруашылық және рекреациялық қызмет ықпалын төмендетуге арналған;
3) бұзылған ландшафттарды қалпына келтiру аймағы дегенiмiз табиғи қалпына келу әлеуетi төмен, қатты тозып кеткен полигон-учаскелердi бiлдiредi әрi олардың ландшафттық және биологиялық алуан түрлiлiгiн қайта жандандыру, сондай-ақ шаруашылық маңызын қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға арналған. Қалпына келтiру аймағында қорық немесе заказдық қорғау режимi болады;
4) мемлекеттiк табиғи резерваттың тұрақты даму аймағының ерекше қорғау режимi болмайды және ол жер пайдаланушылардың жерлерiн алмай құрылады. Сонымен қатар, ол аймақтың аумағында ядро аймағындағы және табиғи резерваттың буферлiк аймағындағы қоршаған ортаға жағымсыз өзгерістер әкелуі мүмкiн шаруашылық қызметтiк барлық түрiне тыйым салынады. Бұл аймақта табиғи ресурстарды теңгермелi пайдалану принциптерiне негiзделген ауыл және орман шаруашылығының, жергiлiктi кәсiпшiлiк пен туризмнiң ұтымды нысандарын дамытуға басымдық берiледi.
40-3-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттарды ұйымдастыру
және басқару ерекшелiктерi
Мемлекеттiк табиғи резерваттар жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк табиғи қорықтар мен мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер негiзiнде құрылуы немесе олар бiртұтас басқарудағы кешендi ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып бiрiктiрiлуi мүмкiн.
9 тарау. Мемлекеттiк табиғи парктер
41-бап. Мемлекеттiк табиғи парк ұғымы
Мемлекеттiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нақ сондай мiндеттер қойылатын және нақ сондай қызмет атқаратын, бiрақ жергiлiктi маңызы бар табиғат қорғау мекемесi мәртебесiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ санатына жататын түрi болып табылады.
42-бап. Мемлекеттiк табиғи парктердi өңiрлерге
бөлу және оларды пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк табиғи парктерде өңiрлер мемлекеттiк ұттық табиғи парктер сияқты бөлiнедi.
2. Мемлекеттiк табиғи парктер мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер сияқты тәртiппен және нақ сондай жағдайларда пайдаланылады.
3. Қарамағында Мемлекеттiк табиғи парктер бар атқарушы органдар нақты табиғи және әлеуметтiк-экономикалық факторларды, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүдделерiн ескере отырып, осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiнiң жеке ерекшелiктерiн белгiлеуге қақылы.
10 тарау. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi
43-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi ұғымы
1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - мемлекеттiк табиғи-қорық қорының жекелеген объектiлерiн табиғи қалпында сақтауға арналған, қорық режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi зоологиялық, ботаникалық, орман, дендрологиялық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафты және кешендi болуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
44-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн құру
ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi жер учаскелерiнде оларды жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен оны пайдаланушылардан алып қоймай құрылады.
2. Қарамағында мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi бар атқарушы органдар оларды жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе оны пайдаланушыларға осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау жөнiнде мiндеттеме жүктеп бередi.
3. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн қорғау мен қалпына келтiру жөнiндегi шығыстар жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе оны пайдаланушыларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiн қаржыландырудың белгiленген көздерi есебiнен өтеледi.
45-бап. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiн қорғау
мен пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң табиғи жай-күй мен сақталуын бұзатын қызметтiң қандайына болса да тыйым салынады.
2. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкiн.
11 тарау. Мемлекеттiк қорық өңiрлерi
46-бап. Мемлекеттiк қорық өңiрi ұғымы
1. Мемлекеттiк қорық өңiрi - мемлекеттiк табиғи қорықтарға және мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерге арналып не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтiру үшiн резервке алынған жер учаскелерiндегi мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауға арналған, сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк қорық өңiрiнiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен46-1-баппен толықтырылды
46-1-бап. Мемлекеттiк қорық аймақтарын құру тәртiбi
Республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын ұйымдастыру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi маңызы барларын ұйымдастыру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсыныстары бойынша барлық мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген ғылыми негiздемелер негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
47-бап. Мемлекеттiк қорық өңiрлерiн қорғау мен пайдалану ерекшелiктерi
1. Егер қорғалатын ландшафтардың табиғи бейнесiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң тұрақтылығын бұзуға әкелiп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстардың сақталуы мен молығуына қауiп төндiрсе, мемлекеттiк қорық өңiрлерiнде кез келген қызметке тыйым салынады.
2. Мемлекеттiк қорық өңiрлерiнде қорық және заказник режимiндегi, сондай-ақ шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимiндегi учаскелер бөлiнуi мүмкiн.
Ерекше қорғаудың мiндеттi жалпы шараларынан басқа, әрбiр мемлекеттiк қорық өңiрi үшiн арнайы экологиялық талаптар енгiзiледi.
3. Мемлекеттiк қорық өңiрлерi қорғау режимдерiнiң ерекшелiктерi және арнайы экологиялық талаптар ескерiле отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн көзделген барлық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн.
48-бап. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық өңiрi
1. Едiл (Қазақстан Республикасының шегiнде) мен Жайық өзендерiнiң атыраптарын қоса Солтүстiк Каспийдiң шығыс бөлiгiнiң су айдыны Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi балық қорын сақтау мен бекiре тұқымдас және балықтың басқа да бағалы түрлерiнiң мекендеуi мен табиғи молығуына оңтайлы жағдай жасауға арналған мемлекеттiк қорық өңiрiне кiредi.
2. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағында балық шаруашылығын, су көлiгiн дамытуға, мемлекеттiк геологиялық зерттеуге, барлауға және арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып көмiрсутектi шикiзатты өндiру мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi.
12 тарау. Мемлекеттiк табиғи заказниктер
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен49-бап өзгертілді
49-бап. Мемлекеттiк табиғи заказник ұғымы
1. Мемлекеттiк табиғи заказник - мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiр немесе бiрнеше объектiлерiн сақтау мен молықтыруға арналған, заказник режимiндегi немесе шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк табиғи заказниктер зоологиялық, ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафтты және кешендi болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк табиғи заказниктер республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен50-бап өзгертілді
50-бап. Мемлекеттiк табиғи заказниктердi құру ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк табиғи заказниктер жер учаскелерiнде оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардан алып қоймай құрылады.
Меншiк иесi немесе пайдаланушы мемлекеттiк табиғи заказник орналасқан жер учаскесiн нысаналы түрде шектеп пайдалану құқығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Қарауында мемлекеттiк табиғи заказниктер бар орталық атқарушы орган арнайы қызметтердiң күшiмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiн қаржыландыру үшiн белгiленген көздер есебiнен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау және қалпына келтiру iс-шараларын ұйымдастырады.
51-бап. Мемлекеттiк табиғи заказниктердi қорғау және пайдалану режимiнiң ерекшелiктерi
1. Егер мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сақталуына қауiп төндiрсе немесе олардың молықтырылуын нашарлатса, мемлекеттiк табиғи заказниктерде кез келген қызметке тыйым салынады.
2. Мемлекеттiк табиғи заказниктер белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту, оқу және шектеулi шаруашылық мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылар белгiленген шектеулердi сақтай отырып, мемлекеттiк табиғи заказниктерде шаруашылық қызметтi жүзеге асыра алады.
13 тарау. Мемлекеттiк зоологиялық парктер
52-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парк ұғымы
1. Мемлекеттiк зоологиялық парк- жануарлар дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми зерттеу мекемелерi мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк зоологиялық парктiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
53-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi өңiрлерге бөлу және оларды қорғау ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк зоологиялық парктерге әдетте елдi мекендердi жерiнен белгiленген тәртiппен тұрақты пайдалануға жер учаскелерi берiледi.
2. Мемлекеттiк зоологиялық парктер мынадай:
1) экспозициялық - жануарларды ұстау мен өсiруге, сондай-ақ жануарларды келушiлерге көрсетуге арналған;
2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;
3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсетуге арналған;
4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.
3. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде оның мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда ұсталатын жануарлардың жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.
54-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде жануарларды өсiру
1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер отандық және дүние жүзiлiк фаунадағы жануарлар коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуы қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк зоологиялық парктер белгiленген тәртiп бойынша жануарлармен импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық саладағы басқа мекемелермен айырбастауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк зоологиялық парктерде малдәрiгерлiк және зоотехникалық қызмет, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарларға арналған питомниктер құрылады.
55-бап. Мемлекеттiк зоологиялық парктердi пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
2. Мемлекеттiк зоологиялық парктердегi ғылыми зерттеулер жануарларды қамап немесе жартылай еркiндiк жағдайында ұстау мен өсiру саласында жүргiзiледi.
Мемлекеттiк зоологиялық парктер ғылыми деректер банкiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да әдебиет шығара алады.
3. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, зоологиялық дүкендерi және осы мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да объектiлерi болуы мүмкiн.
14 тарау. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар
56-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақ ұғымы
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң мәртебесi бар және өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
57-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды өңiрлерге бөлу және оларды қорғау ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшiн белгiленген тәртiппен жер учаскелерi берiледi.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар мынадай:
1) экспозициялық - өсiмдiктердi егуге және оларды келушiлерге көрсетуге арналған;
2) ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған;
3) қорықтық - табиғи өсiмдiктердiң бiрегей, типтiк және сирек кездесетiн топтарын сақтауға арналған;
4) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсетуге арналған;
5) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық өңiрлерге бөлiнедi.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың мiндеттерiн орындаумен байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылуына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген iс-әрекетке тыйым салынады.
58-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда өсiмдiктер егу
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзiлiк флораның табиғи және мәдени өсiмдiктер коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар өсiмдiктермен импорттық және экспорттық операциялар жүргiзудi, оларды ботаникалық саладағы басқа мекемелермен айырбастауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.
59-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар белгiленген тәртiппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи флораның бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және жерсiндiрiлген дақылды өсiмдiктердi қолдан өсiру, тұқымын сұрыптау және көбейту саласында жүргiзiледi.
Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ғылыми деректер банкiн, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кiтапханалар мен мұрағаттар құрып, ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және осы мекемелер қызметiнiң мәселелерi бойынша басқа да әдебиеттер шығара алады.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар ұсынылған жерсiндiрiлген өсiмдiктердi және олардың қайталама түрлерiн халық шаруашылығына енгiзу мақсатымен өндiрiстiк сынақтан өткiзу үшiн шаруашылық эксперименттiк базалар құра алады.
4. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, өсiмдiктер сататын мамандандырылған дүкендерi және осы мекемелер бағдарына сәйкес келетiн шаруашылық қызметке қажеттi басқа да объектiлерi болуы мүмкiн.
15 тарау. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер
60-бап. Мемлекеттiк дендрологиялық парк ұғымы
1. Мемлекеттiк дендрологиялық парк - табиғат қорғау мекемесiнiң мәртебесi бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған өңiрлер бойынша сараланған қорғау режимiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң жергiлiктi және республикалық маңызы болуы мүмкiн.
61-бап. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердi өңiрлерге бөлу және оларды пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк дендрологиялық парктерде өңiрлер мемлекеттiк ботаникалық бақтар сияқты мақсат пен қорғау режимдерi ескерiле отырып бөлiнедi.
2. Мемлекеттiк дендрологиялық парктер мемлекеттiк ботаникалық бақтар сияқты тәртiппен және нақ сондай шарттармен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
16 тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
орманы
62-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы ұғымы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы қорғаныш санаттары ерекше қорғалатын құқықтық режимге сәйкес келетiн не экологиялық, ғылыми, мәдени және шаруашылық жағынан ерекше құнды шаруашылық қызметi режимiмен реттелетiн арнаулы нысаналы мақсаттағы ормандар болып табылады.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен63-бап өзгертілді
63-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарының қорғаныш санаттары
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы мынадай қорғаныш санаттарына бөлiнедi:
мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк орман табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлерiнiң ормандары;
ерекше құнды орманды алқаптар - тұқымдық құрамы жөнiнен реликтi және эндемиялық тұқымдық бiрегей ормандар; өнiмдiлiгi мен генетикалық сапасы бойынша бiрегей ормандар, күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныш мiндеттерiн атқаратын ормандар;
ғылыми маңызы бар ормандар - орман шаруашылығы ғылымы мен практикасы жетiстiктерiнiң үлгiсi болып табылатын ормандар; ұзақ мерзiмдi перспективаға ғылыми зерттеулердiң объектiсi болатын ормандар, плюстiк көшеттер мен ағаштар отырғызуды қамтитын орманды генетикалық резерваттар; басқа да сұрыптау - генетикалық объектiлер;
жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарының ормандары - жаңғақ дайындау және аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру үшiн шикiзат базасы ретiнде маңызы бар ормандар;
орман-жемiс өсiру - шаруашылық маңызы бар, құрамында бағалы жемiс-жидек және жаңғақ-жемiс тұқымдық ағаштары мен бұталары өнiп шығатын орман қорының жерiне табиғи немесе қолдан отырғызылған ормандар;
субальпiлiк ормандар - тау шыңдары мен жоталарының жоғарғы ағашсыз бөлiгiмен шекаралас орналасқан, қорғаныштық және эрозияға қарсы маңызды мәнi бар биiк таудағы ормандар.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен64-бап өзгертілді
64-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар күзету мен пайдалану ерекшелiктерi
1. алынып тасталды
2. Ерекше бағалы орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар мен субальпiлiк ормандар үшiн режимдер бөлiнген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әрқайсысының ерекшелiктерi негiзге алына отырып белгiленедi.
3. Жаңғақ кәсiпшiлiгi өңiрлерiнiң орманы мен ағаш-жемiс екпелерi үшiн бөлiнген ерекше қорғалатын табиғи аумақтың әрқайсысының ерекшелiктерi негiзге алына отырып, шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимi белгiленедi.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарын бұл ормандардың арнайы нысаналы мақсатын ескере отырып, осы Заңда көзделген пайдалану түрлерiне жол берiледi.
17 тарау. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе
ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары
ҚР 11.05.99 ж. N 381-I; 23.01.01 ж. N 151-II Заңдарымен65-бап өзгертілді
65-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары ұғымы
1. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар не ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларына ерекше қорғалатын құқықтық режимiндегi арнаулы нысаналы мақсаттағы немесе шаруашылық қызмет режимiмен реттелетiн су қоймалары жатады.
Шаруашылық тұрғысынан ерекше құнды су қоймалары; шекарааралық сулар; табиғи шипалы факторлары мен рекреациялық қасиеттерi бар су қоймалары; ұзақ мерзiмдi перспективадағы ғылыми зерттеулер объектiлерi болып табылатын су қоймалары; ықтимал сел қаупiн төндiретiн су қоймалары ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары болып табылады.
2. алынып тасталды
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен66-бап өзгертілді
66-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларын қорғау мен пайдалану ерекшелiктерi
1. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларын пайдалануға беруге iшiнара шек қойылуы немесе толық тыйым салынуы мүмкiн.
2. алынып тасталды
18 тарау. Халықаралық маңызы бар
сулы-батпақты алқаптар
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен67-бап өзгертілді
67-бап. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар ұғымы
1. Теңiз айдынын қоса алғанда, дағдылы өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, әсiресе су құстары мекендейтiн жер ретiнде пайдаланылатын табиғи және жасанды, су қоймалары халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар болып табылады.
2. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар мемлекеттiк табиғи қорықтарға, мемлекеттiк ұлттық парктерге, мемлекеттiк табиғи резерваттарға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiне кiредi.
ҚР 23.01.01 ж. N 151-II Заңымен68-бап өзгертілді
68-бап. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарды қорғау мен пайдалану ерекшелiктерi
1. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға негiзiнен су құстары мекендейтiн жердi қорғау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн қорық және заказник режимдерi немесе шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимi белгiленедi.
2. алынып тасталды
19 тарау. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми,
мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi
ҚР 11.05.99 ж. N 381-I; 23.01.01 ж. N 151-II Заңдарымен69-бап өзгертілді
69-бап. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерi ұғымы
1. алынып тасталды
2. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелерiне мыналар жатады:
геологиялық объектiлер - тiренiштi немесе сипатты кескiндiлер, сипатты тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетiн тау жыныстары мен минералдар, метеориттер, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң сақталып қалған қазба қалдықтары бар табиғи және жасанды жолмен аршылған орындар;
геоморфологиялық объектiлер - жер бедерiнiң құрылу процестерiн айқын көрсететiн және туризм мен рекреация үшiн ерекше құнды террасалар, жайылма сулар, үңгiрлер, шатқалдар, каньондар, сарқылмалар және басқа да жер бедерiнiң нысандары;