Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.12.04 ж. N 1317 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 120 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжe;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң аумақтың органдары - мемлекеттiк мекемелерінің тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне бес, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң және оның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметі комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
7) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
5. Мыналарға:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң төрағасына үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеті мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тiркеу қызметi комитеті, Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, Құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттiң атынан түсуге құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен министрдің бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Министрліктің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Министрлiктiң құрылымын, штат санын, материалдық-техникалық қамтамасыз ету шарттарын министр белгiлейдi.
6. Министрліктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 45.
7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесi;
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке кәсіпкерлiк субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс келтiретін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктің функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың қалыптастырылуын қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
ұлттық заңнаманы дамытуды;
заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыруды, заңнаманы талдауды, жетiлдiрудi, жүйелеудi, нормативтік құқықтық кесiмдердiң заң сараптамасын жүргізуді;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасасуды құқықтық қамтамасыз етудi, шетелдiк құқықтық көмек берумен байланысты iс-шараларды үйлестiрудi;
халыққа құқықтық көмек ұйымдастыру мен заң қызметтерiн көрсетудi;
зияткерлiк меншік құқықтарын қорғауды;
қылмыстық жазалардың және тергеу изоляторларында уақытша оқшаулаудың орындалуын;
заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен онымен жасалған мәмілелердi, нормативтік құқықтық кесiмдердi, азаматтық хал актілерiн мемлекеттік тiркеудi, азаматтарды, жылжитын мүлiк кепілдігін тiркеудi, Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды;
мемлекеттің мүлiктік құқықтарын қорғауды;
сот-сараптамасы қызметін, анықтау мен әкiмшілік iс жүргiзудi ұйымдастыруды;
бағалау қызметiн ұйымдастыруды;
2) мынадай салаларда мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
заң жобалау жұмысын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметiнiң, Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеудi;
халықаралық шарттардың, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын заңдық сараптауды жүргiзудi;
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша Үкiметтiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн ресми түрде түсiндiрудi;
заңнаманы жүйелеудi, нормативтік құқықтық кесімдердiң мемлекеттiк есебiн жүргiзудi, құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн құруды;
шетел мемлекеттерiмен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау және оларды жасасуды ұйымдастыруды; зияткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды;
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша мемлекеттiң құқықтық мәселелер жөнiндегi мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етудi;
мемлекеттiң мүлiктік құқықтарын қорғауды ұйымдастыруды;
заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестірудi;
халықаралық шарттарға сәйкес шетелдiк мемлекеттердiң соттық тапсырмалары мен қолдау хаттарын орындауды;
Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттердiң заңнамаларын үйлестiру, бiрiздендiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргізуді;
шетелдiк мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды орындаумен байланысты iс-шараларды үйлестірудi;
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттік тiзілiмiн жүргiзу және мемлекеттiк органдардың тiркелген нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесiн көпшілiктің назарына ұсыну үшiн жариялауды;
Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасасылған заем шарттарын заңдық сараптауды;
аумақтық әдiлет органдарының қызметіне олардың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыруды;
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк құпияларды қорғауды және жұмылдыру жұмысын қамтамасыз етудi;
орталық мемлекеттiк органдардың, мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң нормативтік құқықтық кесiмдерiн мемлекеттік тiркеудi жүзеге acырады.
11. Министрлiктiң:
жалпы ұлттық мемлекеттік даму стратегиясын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
өз құзыретiнiң шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
Министрлiктiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға;
орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдiктерде мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық кесiмдердi тексеруді жүзеге асыруға;
заң жобалау, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен консультацияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың оның iшінде шетелдiктердің мамандары мен сарапшыларын тартуға;
заңнамада көзделген жағдайларда заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
3. Министрлiктің мүлкi
12. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Әдiлет министрлігінің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзi және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны теңгерiмде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Министрлiктің мүлкi республикалық меншiкке жатады.
14. Министрлiктiң өзiне бекiтілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелік ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру
15. Министрлiк, оның органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары әдiлет органдарының бiрыңғай жүйесін құрайды.
Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын вице-министрлерi, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрі болады.
16. Министр Министрлiктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
17. Осы мақсатта министр:
Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ вице-министрлердiң, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктер ауқымын белгілейдi;
қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретіне жатқызылған адамдарды қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiн, Министрлiктiң комитеттерi басшыларының орынбасарларын, облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық әдiлет органдарының, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi аумақтық органдарының, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiкті білдiредi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы атақтар бередi;
Министрлiктiң аумақтық органдары, сондай-ақ Министрлiктiң қарамағындағы ұйымдар басшылары кесiмдерінің күшiн жояды, не толығымен, не бөлігінде тоқтата тұрады;
заңнамада белгіленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнде айрықша жағдайлар режимiн енгiзедi;
мемлекеттік тiркеуге жататын, бiрақ одан өтпеген мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiн жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданады;
әділет органдары орындауға мiндетті кесiмдердi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндетті кесiмдер шығарады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген жағдайларда заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзедi.
18. Министрлiктiң министрдің жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi министр бекiтедi.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң
ТIЗБЕСI
1. Ақмола облысының Әдiлет департаментi - Көкшетау қаласы
2. Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi - Ақтөбе қаласы
3. Алматы облысының Әдiлет департаментi - Талдықорған қаласы
4. Атырау облысының Әдiлет департаментi - Атырау қаласы
5. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi - Өскемен қаласы
6. Жамбыл облысының Әдiлет департаментi - Тараз қаласы
7. Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi - Орал қаласы
8. Қарағанды облысының Әдiлет департаменті - Қарағанды қаласы
9. Қызылорда облысының Әдiлет департаментi - Қызылорда қаласы
10. Қостанай облысының Әдiлет департаменті - Қостанай қаласы
11. Маңғыстау облысының Әдiлет департаменті - Ақтау қаласы
12. Павлодар облысының Әдiлет департаментi - Павлодар қаласы
13. Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті Петропавл қаласы
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаменті - Шымкент қаласы
15. Астана қаласының Әдiлет департаменті - Астана қаласы
16. Алматы қаласының Әдiлет департаменті - Алматы қаласы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI
1. "Cот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесi
2. "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" жабық акционерлiк қоғамы
3. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны
4. "Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiнің біліктiлігін арттыру институты" ашық акционерлiк қоғамы
5. "Заң" акционерлiк компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы
6. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне
енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тiзбесінде:
3-бағандағы реттiк нөмiрi 17-жолдағы "адвокаттық қызмет, нотариустардың қызметі" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 17-2-жолмен толықтырылсын:
"17-2. Қазақстан Республикасы адвокаттық қызмет;
Әділет министрлiгiнiң нотариустардың қызметi".
Халыққа құқықтық көмек
және заңгерлiк қызмет
көрсетуді ұйымдастыру
комитетi
2. "Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттiк лицензиялардың нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 49, 446-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттiк лицензияның нысанында:
"Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әділет министрлiгінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Әділет министрі" деген сөздер "Комитеттің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттiк лицензияның нысанында: "Әділет министрлігі" деген сөздер "Әділет министрлiгінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Әділет министрі" деген сөздер "Комитеттің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3. "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2001 ж., N 33, 433-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiнде:
2-тармақта:
бiрiншi абзацта "Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртіншi абзацта "Әдiлет министрі" деген сөздер "Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiнші абзацында "Әдiлет министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн "Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
1-тармақта "1." деген сан алынып тасталсын;
2-тармақ алынып тасталсын.
4. "Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 60-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесiнде:
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
14, 15-тармақтардағы "Әдiлет министрінің", "Әдiлет министрi" деген сөздер тиiсiнше "Әділет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi төрағасының", "Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң күші жойылған
кейбiр шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат).
2. "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 487 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 159-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 733 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 250-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетінiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 260-құжат).
5. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметі комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы N 906 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1301 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYKЖ-ы, 1999 ж., N 45, 403-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1695 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 490-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 66-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Заң шығару институты" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 ақпандағы N 314 қаулысының 4-тармағы.