Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгі Мұрағаттар мен құжаттаманы
басқару жөнiндегi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 445 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Мемлекеттiк мекемелер:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттік мұрағаты;
2) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетiнiң Орталық мемлекеттiк кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты;
3) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты;
4) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетiнiң Мемлекеттiк мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы;
5) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) көрсетiлген мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтудi және олардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 184-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi туралы ережеде:
22-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 44, 477-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мұрағат ұйымдары" деген бөлiм және реттік нөмiрi 41-жол алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 445 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1999 жылғы 7 мамырдағы N 543 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгі Мұрағаттар мен
құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың
тiзбeci
Мемлекеттiк мекемелер
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттiк мұрағаты.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттiк кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар
мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Орталық мемлекеттiк ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.