2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік
басқару және бақылау
3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,
ормандарды молықтыру мен орман
өсіру саласындағы мемлекеттік басқару
11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүйесi
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, сондай-ақ осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар кiредi.
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк орман саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) осы Кодекстiң 22-бабының 2-тармағында аталған мемлекеттiк заңды тұлғаларға орман пайдалану құқығымен мемлекеттiк жер қоры учаскелерiн бередi;
4) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;
5) мемлекеттiк орман қорын санаттар бойынша бөледi;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрiктi түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiн бекiтедi;
7) өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу тәртiбiн айқындайды;
8) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзу, орман орналастыру тәртiбiн айқындайды;
9) түбiрiмен босатылатын сүрек төлемақысының базалық ставкаларын бекiтедi, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысын есептеу тәртiбi мен оны бюджетке енгiзу мерзiмiн айқындайды;
10) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген өсiмдiктердi жинау көлемiн бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзу арқылы келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеудiң базалық ставкаларын бекiтедi;
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтердi бекiтедi;
13) ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
14) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен белгiленген өзгеде функцияларды орындайды.
13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
1. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттiк орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
2) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiнде бағдарламалар әзiрлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
3) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, мемлекеттiк орман қоры аумағында және өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалануды реттейдi;
4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттiк орман қоры аумағында есептi кеспеағаш аймақтары мен кесу жасын, шайыр, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану ережелерiн бекiтедi;
7) облыстық атқарушы органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiндегi тендерлердiң материалдарын және шарттардың талаптарын келiседi;
8) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзедi, орман орналастыруды ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органымен бiрлесiп ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) ұйымдар және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;
14) облыстық атқарушы орган өкiлiнiң қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
16) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар):
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi бойынша бағдарламалар әзiрлеуге және оны орындауға қатысады;
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, уәкiлеттi органның құзырындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалануды реттейдi;
3) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;
4) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзедi, орман орналастыру мен орман шаруашылығының жоспарлануын қамтамасыз етедi;
5) ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтата тұрады, шектейдi және тоқтатады;
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз құзыреттерi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
14-бап. Облыстық өкiлдi органдардың орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Облыстық өкiлдi органдар:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
2) облыстық бюджеттер құрамында ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiруге жұмсалатын шығыстарды бекiтедi;
3) аумақтық органдармен келiсе отырып, облыстық атқарушы органдар жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн төленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi;
4) атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандардың молықтырылуы, орман өсiру және орман пайдалану жөнiндегi есептерiн қарайды;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15-бап. Облыстық атқарушы органдардың орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Облыстық атқарушы органдар:
1) уәкiлеттi органмен келiсе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, оларды iске асырады;
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
3) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеп, iске асырады;
4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
6) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасайды;
7) шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
10) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
11) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
12) уәкiлеттi органға беру үшiн орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
13) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
14) уәкiлеттi органның және облыстық өкiлдi органдардың қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16-бап. Аудандық өкiлдi органдардың орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Аудандық өкiлдi органдар:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi бағдарламаларды жасау мен оларды iске асыруға қатысады;
2) аудандық атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, ормандардың молықтырылуы, орман өсiру және орман пайдалану жөнiндегi есептерiн қарайды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17-бап. Аудандық атқарушы органдардың орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Аудандық атқарушы органдар:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу мен оларды iске асыруға қатысады;
2) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеуге және оларды iске асыруға қатысады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
4) шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорымен iргелес аумақтардың қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
5) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты жариялануын ұйымдастырады;
6) аяқталған объектiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдайды;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18-бап. Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы функциялары
Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - орман мекемесi):
1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды орындауға қатысады;
2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындайды;
3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды;
4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;
5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi;
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;
8) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзедi, мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
9) Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектiлер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдауды жүзеге асырады;
10) отырғызылатын материалды өсiру мен орман тұқымдарын дайындау, көгалдандыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге екпелердi өсiру, орман шаруашылығы саласында консультациялық және техникалық көмек көрсету, оқу практикасын жүргiзу жөнiндегi, оның iшiнде мемлекеттiк сатып алу конкурстарына қатысу арқылы жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызмет көрсетедi;
11) орманды күтiп-баптау мақсатында кесу мен санитарлық мақсатта кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асырады және осы ретте алынған өнiмдердi, оның iшiнде жергiлiктi халықтың қатысуымен олардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда ағаш кесудi жүргiзуге жауапты лауазымды адамға жазылған ағаш кесу билетi арқылы дайындалған сүректi өткiзедi;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы
мемлекеттік бақылау
19-бап. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау
1. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның iшiнде ормандарды күзету, қорғау мен молықтыру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
20-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдары
1. Уәкiлеттi органның басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторы болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган басшысының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады.
3. Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.
4. Уәкiлеттi органның ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.
5. Аумақтық органдардың басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторлары болып табылады.
6. Аумақтық органдар басшыларының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторларының орынбасарлары болып табылады.
7. Аумақтық органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.
8. Аумақтық органдардың ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.
21-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының:
1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптiң сақталуын қадағалауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жазбаша нұсқау беру;
2) мемлекеттiк орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер жүргiзу үшiн белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiктерiн көрсете отырып, ұйымдарға кедергiсiз кiру;
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұза отырып мемлекеттiк орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қою;
6) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, ал қажет болған жағдайларда құқық қорғау органдарына оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдар беру құқығы берiледi.
2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдары:
1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шарттардың сақталуын және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртiбiн;
3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын;
4) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерiнiң басқа да түрлерiнен қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн;
5) сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiнiң, орман пайдаланудың өзге де ережелерiнiң сақталуын;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы режимдердiң сақталуын;
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарын аудандастыру ережелерiнiң сақталуын, орман тұқымдарын дайындауды, сақтауды, өңдеудi және олардың сапасын, питомник шаруашылығын жүргiзудi;
8) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң сақталуын;
9) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын;
10) Қазақстан Республикасының орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының өзге де талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
4. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нысанды киiм-кешекпен және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.