Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 21 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.3.02 ж. № 366; 09.12.02 ж. № 1293 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1125 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер оларды аумақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары - мемлекеттік мекемелерiне және көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын орталықтар - мемлекеттік мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бiр ай мерзiмде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 1, 5, 20, 25-жолдар алынып тасталсын.
5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2002 жылғы 10 қаңтардағы № 21 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретi шегiнде бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады.
2. Комитеттің мынадай аумақтық көлiктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары бар:
Көлiктегi орталық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Аймақтық темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары мен әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары;
Бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары.
3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комитет өз құзыретiнің мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтарды шығарады.
5. Комитеттi, аумақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
6. Комитет заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлерi, мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Комитеттің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттердi орындауға кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
8. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
2. Комитеттiң мiндеттерi, құқықтары мен функциялары
11. Комитеттің негiзгi мiндеттерi:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзу;
2) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу, халықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау болып табылады.
12. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық сақтау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырады;
3) өз құзыретi шегiнде жұқпалы, паразиттiк аурулар кезінде санитарлық-iндетке қарсы (алдын алу) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгiзедi;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады;
6) гигиеналық оқуларды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;
7) гигиеналық және эпидемиологиялық бейіндегі ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттар мен орталықтардың қызметiн үйлестiредi;
8) халықты жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу егулердi ұйымдастыруға және жүргiзуге бақылауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнің функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыретiнің шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесімдерді шығаруға;
2) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
3) мемлекеттік басқару органдарынан, азаматтар мен ұйымдардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпарат сұрауға;
4) мемлекеттік шекараны карантиндiк, аса қауiптi және басқа да жұқпалы аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық сақтау жөніндегі бақылау функцияларын жүзеге асыруға;
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көзi болып табылатын адамдарды жұмыстан уақытша босатуды ұсынуға;
6) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын жекелеген объектiлерде шектеу iс-шараларын (карантин) белгiлеуге;
7) халыққа мiндеттi түрде вакцинация жасауды, үй-жайларда, аумақтарда және жұқпалы және паразиттiк аурулардың ошақтарында алдын алу және ошақтық дезинфекцияны, дезинсекция мен дератизацияны жүргiзудi талап етуге;
8) санитарлық ережелердің бұзылуын жойғанға дейiн өнеркәсiптің, көлiктің, ауыл шаруашылығының, байланыстың жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк объектiлерiн, жекелеген жұмыс түрлерiн, технологиялық процестердi, жабдықтарды, құрал-саймандарды, гидротехникалық құрылыстарды, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарын, сауда және өзге де құрылыстарды, мектептердi, балалар мен емдеу-алдын алу мекемелерiн, санаторийлердi, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар мен басқа да объектiлердi пайдалануға, қалалық және ауылдық елдi мекендердің құрылысы жөніндегі жекелеген жұмыс түрлерiн жүргiзуге тыйым салуға немесе тоқтата тұруға;
9) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен шикiзаттың жаңа түрлерiн, технологиялық жабдықтарды, процестердi, құрал-саймандарды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн, өнеркәсiп бұйымдарын, құрылыс материалдарын, азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен жанасатын иондандырушы сәулелену көздерiн, биологиялық және дәрi-дәрмек құралдары мен препараттарды, ыдыстарды, орамаларды, пластикалық, полимерлiк және басқа да материалдарды, олардан жасалған бұйымдарды, кеңiнен тұтынатын басқа да тауарларды өндiруге, қолдануға, сатуға тыйым салуға;
10) белгiленген тәртiппен тiркелмеген химиялық заттарды, иондандырушы сәулелену көздерiн, медициналық және биологиялық препараттарды өндiруге, пайдалану мен қолдануға тыйым салуға;
11) адам денсаулығына зиянды әсерi анықталған жағдайда тағам өнiмдерiн өндiру және өңдеу кезiнде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауда материалдар мен реагенттердi қолдануға, сондай-ақ ауылшаруашылық өсiмдiктер мен жануарларын өсiру стимуляторларын, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердi қолдануға тыйым салуға;
12) қолдануға жарамсыз деп танылған жағдайда ауыз су мен шаруашылық сумен жабдықтау үшiн суды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн пайдалануға тыйым салуға;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдануға;
14) жеке және заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң заңды талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және негiзде сотқа шағымдануға;
15) халықтың жекелеген топтарына эпидемиологиялық көрсеткiштер мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды реттеу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды, алдын алу егулердi жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
14. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүлiктен тұрады.
15. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншікке жатады.
16. Комитеттiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын бiр орынбасары болады.
19. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауап бередi.
20. Осы мақсаттарда Комитеттің төрағасы:
1) өзiнің орынбасары мен Комитет бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн, өкiлеттiлiктерi мен жауапкершiлiгiн анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Денсаулық сақтау министрлігі бекiткен қызметтер номенклатурасына сәйкес Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртіптiк жаза қолданады;
4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттіліктердi жүзеге асырады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 10 қаңтардағы № 21 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.03.02 г. № 366; ҚР Үкіметінің 09.12.02 ж. № 1293 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң
қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
Органдар
1. Аумақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
1) Алматы аймақтық темір жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының функцияларын орындаумен орталық темір жол көлiгіндегі санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бipгe:
Шымкент бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Жамбыл бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Семей бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Защитин бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
2) Ақмола бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының функцияларын орындаумен Ақмола аймақтық темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық қадағалау басқармасы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бipгe:
Қостанай бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Қарағанды бөлiмшелік темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Павлодар бөлiмшелік темір жол көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Жаңаарқа бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Көкшетау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Атбасар бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
3) Ақтөбе бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының функцияларын орындаумен Батыс аймақтық темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық қадағалау басқармасы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бipгe:
Атырау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Орал бөлiмшелік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиолог қадағалау басқармасы;
Қызылорда бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Маңғыстау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
4) Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
5) Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
Мемлекеттік мекемелер
2. "Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттік мекемесi.
3. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер:
1) Алматы аймақтық көлiктегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
Шымкент бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
Жамбыл бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Семей бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Защита бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
2) Ақмола аймақтық темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетiлген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
Қостанай бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
Қарағанды бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
Павлодар бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
Жаңа Арқа бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
Көкшетау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
Атбасар бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
3) Батыс аймақтық темір жол көлiгіндегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетілген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге:
Атырау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Орал бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Қызылорда бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
Маңғыстау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
4) Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгіндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы;
5) Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгiндегі санитарлықэпидемиологиялық сараптама орталығы.
4. "Арал теңiзi обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi.
5. "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi.
6. "Атырау обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi.
7. "Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi.
8. "Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi.
9. "Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi.
10. "Орал обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi.
11. "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесi.
11-1. "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі
11-2. "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік кәсіпорындар
12. "М.Айқымбаев атындағы карантиндік және зооноздық жұқпалардың ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
13. "Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2002 жылғы 10 қаңтардағы № 21 қаулысымен
бекiтілген
Бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуға жататын
мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
1. Ақмола аймақтық көліктегі мемсанэпидқадағалау орталығы;
2. Батыс аймақтық көліктегі мемсанэпидқадағалау орталығы;
3. Қазақстан Республикасының әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық станциясы;
4. Қазақстан Республикасының көліктегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы.