Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерiнiң
кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 19 мамырдағы N 556 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 маусымдағы N 895 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңесi туралы үлгi ереже бекiтiлсiн.
2. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Әкiмдер аппараттарының саны (бiрлiк)" деген бағанда:
"Ақмола" деген жолда: "66" деген сан "68" деген санмен ауыстырылсын; "Ақтөбе" деген жолда: "63" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын;
"Атырау" деген жолда: "53" деген сан "55" деген санмен ауыстырылсын; "Батыс Қазақстан" деген жолда: "61" деген сан "64" деген санмен ауыстырылсын;
"Қарағанды" деген жолда: "74" деген сан "75" деген санмен ауыстырылсын;
"Қызылорда" деген жолда: "60" деген сан "61" деген санмен ауыстырылсын;
"Маңғыстау" деген жолда: "45" деген сан "46" деген санмен ауыстырылсын;
"Оңтүстiк Қазақстан" деген жолда: "82" деген сан "84" деген санмен ауыстырылсын;
"Павлодар" деген жолда: "66" деген сан "68" деген санмен ауыстырылсын;
"Солтүстiк Қазақстан" деген жолда: "64" деген сан "67" деген санмен ауыстырылсын;
"Астана қаласы" деген жолда: "138" деген сан "140" деген санмен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолда: "1351" деген сан "1372" деген санмен ауыстырылсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) тәртіптік кеңестер туралы жаңа ережелердi бекiтсiн;
2) жергiлiктi бюджетте бекiтiлген әкiмнiң аппаратын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың әкiмшiлiк шығындары шегiнде облыстар, Астана және Алматы қалалары тәртiптiк кеңестерінің хатшылықтарын қалыптастыру үшiн осы қаулының 2-тармағында көзделген қосымша штат бiрлiктерi енгiзiлсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 218 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 61-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 218 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 ақпандағы N 206 қаулысының үшінші-алпысыншы абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 65-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2002 жылғы 13 желтоқсандағы
N 1311 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының
тәртіптік кеңесi туралы үлгі ереже
Осы Ереже облыс, Астана және Алматы қалалары тәртіптiк кеңесiнің мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және оларды ұйымдастыруды әрi қызметiнiң тәртiбiн айқындайды.
1. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердің қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қызметiн үйлестiретiн консультативтік-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкiметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, осы Үлгi ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, ақиқаттылық әрi әділдік қағидаттарын басшылыққа алады.
3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) облыстар, Астана және Алматы қалалары, өзге де әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктер әкiмдерінің, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және басқа да аумақтық мемлекеттiк органдар мен ұйымдар (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) басшыларының қарауына осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын Қызметтік этика ережесiн бұзғаны немесе сыбайлас жемқорлық жасап құқық бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсынымдар енгізу;
2) әкiмдер мен мемлекеттік органдардың басшыларына тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктің шегінде мемлекеттiк тәртіптi нығайту, осы Ереженің 9-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтiк этика ережесi талаптарын сақтауы жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу;
3) Комиссияның тапсырмаларын, азаматтардың арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, сондай-ақ өзге де көздерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Қызметтік этика ережесiнiң бұзылу фактілерi туралы ақпаратты қарау;
4) Комиссияның қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастырудың және осы Ереженiң 9-тармағында аталған адамдардың Қызметтік этика ережесiн сақтауының тиiмділігiн арттыруға бағытталған ұсыныстар енгiзу;
5) осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген адамдарға қатысты тәртіптiк iстердi қарау үшiн материалдар дайындау болып табылады.
4. Кеңестi әкiмдік құрады әрi ол төраға мен мәслихаттар депутаттары, жергіліктi жұртшылық өкiлдерi және аумақтық мемлекеттiк органдар басшылары болып табылатын Кеңестiң 7 мүшесiнен тұрады.
Кеңестiң төрағасын әкiм Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Басшысымен келiсiм бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады әрi ол облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмiнiң орынбасары лауазымына теңестірiледі.
Кеңес төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлерi мемлекеттік қызметшiлер болып табылады.
Әкiм аппараты жалпы санының есебiнен құрылатын оның хатшылығы Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. Хатшылықтың санын әкiм Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша белгiлейдi.
Облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімi аппаратының бөлiм меңгерушiсi лауазымына теңестiрiлетін Кеңестiң хатшысы Кеңес хатшылығының меңгерушiсi болып табылады.
Хатшылықтың қызметкерлерi мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Кеңестiң мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады және мәжiлiстерге ауыстыру құқығынсыз қатысады.
5. Кеңестiң төрағасы:
1) Кеңестiң жеке құрамы бойынша ұсыныстарын әкiмнiң қарауына енгiзедi;
2) Кеңес қызметiн ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
3) Кеңес мәжілiстерінің күн тәртiбін белгілейдi;
4) Кеңес мәжiлiстерiн шақырады және оларға төрағалық етедi;
5) Кеңес мүшелерi iшiнен Кеңес мәжiлiсiнде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
6) тоқсан сайын Комиссия алдында Кеңес жұмысының қорытындысы туралы, соның ішінде мемлекеттiк қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қабылданған шаралар туралы есеп бередi;
7) тоқсан сайын әкiмдi Кеңес жұмысының қорытындылары туралы хабардар етедi;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған берiлген өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады.
6. Кеңестің мәжiлiстерi:
1) егер оларға Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы болып саналады;
2) қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде екi айда бiр рет өткізіледi;
3) ашық өткiзіледi, қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттiк құпияларды қозғаса, Кеңес төрағасының шешiмi және Комиссиямен келiсiм бойынша жабық өткiзiлуi мүмкін.
7. Кеңес оның мүшелерiнiң мәжiлiске қатысқан санының қарапайым көпшiлiк дауысымен шешiмдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша мәжiлiсте Кеңес мүшелерiнің бiреуi төрағалық етедi.
8. Кеңес өз құзыретi шегiнде мыналарға құқылы:
1) өз мәжiлiстерiнде мемлекеттiк органдардың, олардың бөлiмшелерi мен мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан олардың алдына қойылған міндеттердi орындау үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратуға;
3) осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген адамдардан ауызша және жазбаша түсiндiрме талап етуге;
4) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнама нормаларын және Қызметтiк этика ережесiн бұзуы фактілерi бойынша тексерулер және қызметтiк тергеулер жүргiзу туралы мемлекеттiк органдар басшыларына ұсыныстар енгiзуге;
5) қорытынды беру үшiн сарапшылар мен мамандарды, мемлекеттік органдар қызметкерлерiн тартуға;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiгінің аумақтық органдарымен бiрге сыбайлас жемқорлыққа қарсы терiс қылықтарды қарау мәселелерi бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асыруға.
9. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қызметтік этика ережесiн бұзуға жол берген аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар), республикалық маңызы бар қаладағы аудандардың (астананың), аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерiне; С (С-1, С-2, С-3 санаттарының, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволарының қызметшiлерiнен басқа), D және E санаттары топтарының әкімшілiк мемлекеттiк қызметшілеріне, сондай-ақ тәртіптiк жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған мемлекеттік органдардағы, жергiлiкті басқару органдары мен мемлекеттiк ұйымдардағы немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттiк меншiктің жалпы үлесi кемiнде отыз бес пайыз құрайтын ұйымдардағы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттi өзге де адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға қатысты тәртiптік iстердi қарайды. Кеңес прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк органдары, Президенттiң Күзет қызметi мен Республикалық ұлан қызметкерлерiне қатысты тәртіптік iстердi қарамайды.
10. Комиссияның тапсырмаларын, азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың қорытындылары бойынша Кеңес уәкілеттi органға немесе лауазымды тұлғаға тексеру жүргізуді ұсынуы мүмкін.
11. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік iстi ол iс қозғауға қабылданған күнінен бастап үш апта мерзiмде Кеңес қарауы тиiс.
Тәртіптiк іс қозғалғанға және ол Кеңес мәжілісiнде қаралғанға дейiн алдын ала екi апта мерзiмде iске қатысы бар мән-жайлар мен мәлiметтердi зерделеу жүргiзіледi, тәртіптiк жауапкершілікке тартылушы адамның жазбаша түсiндiрмесi талап етіледi, ал тәртіптiк iстi Кеңестiң мәжiлiсiнде қарау, әдетте, оның қатысуымен жүргiзiледi.
12. Тәртіптiк iстi қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мынадай шешімдердiң бiреуiн шығаруы мүмкiн:
1) жергіліктi атқарушы, аумақтық мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн өзі басқару органдары мен мемлекеттік ұйымдардың, аумақтық құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мәслихат аппаратының басшыларына лауазымды адамға тиiстi тәртiптiк жаза қолдануды ұсынады;
2) шын мәнiнде шешiм қабылдау үшiн тәртіптiк iс материалдарын құзыреттi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жібередi;
3) тәртіптiк iстi тоқтатады.
13. Осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген адамның iс-әрекетiнде қылмыс белгiлерi болған жағдайда Кеңес тиiстi құжаттар мен материалдарды белгіленген тәртiппен осы адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселенi шешу үшін құқық қорғау органдарына жiбередi. Кеңес материалдар мен құжаттардың құқық қорғау органдарына жiберiлгенi туралы Комиссияны хабардар етедi.
14. Кеңес қабылдаған шешiммен келiспеген мемлекеттiк қызметшілер мен осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген өзге де адамдар оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа шағым беруге құқылы.
15. Кеңес пен оның хатшылығы қызметiн материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етудi облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдерiнің аппараттары жүзеге асырады.