Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N
218 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 8 ақпандағы № 206 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 13.12.02 ж. № 1311 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 қазандағы № 459 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 13.12.02 ж. № 1311 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 наурыздағы № 218 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 61-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясы қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырып отыратын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі жұмысын бақылайтын және тексеретiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi туралы үлгі ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, оның жұмысын мемлекеттік тәртiптi нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мәселелерiн қарайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгі (бұдан әрi - Агенттiк) бақылайды және тексередi.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, осы Yлгi ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтiлiк пен әдiлдiк қағидаттарын басшылыққа алады.";
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) D және Е санаттары тобындағы әкімшiлiк мемлекеттік қызметшiлердi, қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiн, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарды, өзге де адамдарды және оларға теңестiрiлген адамдарды жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау органдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына жол берген өзге де ұйымдарда тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсынымдарды тиiсiнше облыстың, Астана және Алматы қалаларының, өзге де әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң, жергілiктi атқарушы, құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдар басшыларының қарауына енгізу.";
2) тармақша алынып тасталсын;
"3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегінде мемлекеттік тәртiптi нығайту осы тармақтың 1) тармақшасында санамаланған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауы жөнiнде әкiмге және жергіліктi атқарушы және құқық қорғау органдарының басшыларына арналған ұсыныстар әзiрлеу;";
4) тармақшадағы:
"бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ өзге де көздерден алынған ақпаратты" деген сөздермен толықтырылсын;
"мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және қызмет этикасы ережелерiн" деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшадағы:
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегі мемлекеттік комиссиясына" деген сөздер "Агенттiкке" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мемлекеттік қызметшiлер арасында қызмет этикасы нормаларын сақтауға" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Агенттiктiң тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң тәртiптiк iстерiн қарау үшiн тексерулер өткізу және материалдар дайындау";
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясына" деген сөздер "Агенттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақта:
6) тармақшадағы:
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының" деген сөздер "Агенттiктiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жұмысының нәтижелерi туралы" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде мемлекеттік қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен" деген сөздер "Агенттiкпен" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Агенттiктiң мемлекеттік қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты мәселелер жөнiндегі тапсырмаларын орындайды";
6-тармақтың 3) тармақшасында "Кеңес төрағасының шешімімен" деген сөздерден кейiн "және Агенттiкпен келісім бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
1) тармақшадағы "аймақтық мемлекеттік" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жергіліктi мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларынан лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактiлерi бойынша тексерiстер мен қызметтiк тергеулердi өткізудi талап ету;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Агенттiктiң аумақтық органдарымен сыбайлас жемқорлық терiс қылықтарын қарау мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асыру";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Кеңес жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдарда қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiне; D және Е санаттары тобындағы әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлерге, сондай-ақ лауазымды адамдарға мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттiк берiлген өзге де адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға қатысты тәртiптiк iстердi қарайды.";
10-тармақтағы:
"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегі мемлекеттік комиссиясының" деген сөздер "Агенттiктiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "екi апта" деген сөздер "үш апта" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац "алдын-ала" деген сөзден кейiн "екi апталық мерзімде" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта:
1) тармақшадағы:
"атқарушы органның" деген сөздер "атқарушы және құқық қорғау органдарының," деген сөздермен ауыстырылсын;
"аймақтық мемлекеттік органның" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы:
"аумақтық мемлекеттік органның" деген сөздер "жергілiктi атқарушы немесе құқық қорғау органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясын" деген сөздер "Агенттіктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақтағы:
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясын" деген сөздер "Агенттiктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтағы:
"мемлекеттік қызметшi" деген сөздерден кейiн "және осы Ереженiң 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген өзге де адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
"сәйкес" деген сөзден кейiн "Агенттiкке немесе сотқа" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Мемлекеттік қызметшi жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн оны тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы Кеңестiң шешiмiмен келiспеген жағдайда, ол Агенттiкке жазбаша түрде шағымдануға құқылы.
Мемлекеттік қызметшiнiң Кеңестiң шешiмiне шағымы ол келiп түскен сәттен бастап бiр айлық мерзiмде Агенттiктiң қарауына жатады.
Мемлекеттік қызметшiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша Агенттiк Кеңестiң шешiмiн бұзады, не шешiмдi өзгерiссiз қалдырады.".
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн бiр айлық мерзiмде осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі