Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы № 556 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.28.07. № 785 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптiк кеңестерінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңесi туралы үлгi ережеде:
мәтiнде "Комиссия", "Комиссияның", "Комиссиямен", "Комиссияны" деген сөздер тиiсiнше "Агенттiк", "Агенттiктiң, "Агенттікпен", "Агенттіктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөніндегi комиссия (бұдан әрi Комиссия)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi (бұдан әрі - Агенттiк)" деген сөздермен ауыстырылсын, "үйлестiретiн" деген сөзден кейiн ", бақылайтын және тексеретiн" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшада:
"мен ұйымдар" деген сөздер алынып тасталсын;
"(бұдан әрi - мемлекеттік органдар)" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада "Комиссияның" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөніндегi комиссияның және" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алынып тасталсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзацта:
"7" деген сан алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Кеңес мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан кем болмауға тиiс.";
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Басшысымен" деген сөздер "Агенттік төрағасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы "төрағасының" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
8-тармақта:
6) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң" деген сөздер "Агенттiктiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Кеңестiң жұмыс органы өз құзыретi шегiнде Кеңес төрағасының өкімімен тексерулер жүргізедi, осы Ереженiң 9-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты тәртіптiк iстердi қарау үшiн материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
9-тармақтағы "С (С-1, С-2, С-3 санаттарының, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволарының қызметшiлерiнен басқа), D және E санаттары топтарының" деген сөздер "орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi сот кеңселерiнiң (басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа), жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ "Комиссияның" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшiлердің қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөніндегі комиссияның және" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "үш апта" деген сөздер "екi аптаға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңестiң отырысында тәртiптiк iстi қарағанға дейiн оның хатшылығымен алдын-ала бiр айға дейiнгi мерзiмде iске қатысты мән-жайлар мен мәлiметтер зерделенетiн тексеру жүргiзiледi, тәртiптiк жауапкершілiкке тартылатын адамдардан жазбаша түсiнiктемелер талап етіледi, ал Кеңестiң отырысында тәртіптiк iстi қарау, әдетте, олардың қатысуымен өтедi.";
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы Ереженiң 9-тармағында көрсетілген адамдарға тиiстi тәртіптiк жаза қолдануды ұсынады;";
14-тармақтағы "сотқа" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | | | Д. Ахметов |