Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық
маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және
облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар
қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 21 шілдедегі N 985 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. N 275; 13.12.02 ж. N 1311
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 31.01.03 ж. N 115 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын.
3. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерiне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi санының қолданылып жүрген нормативтерiн басшылыққа ала отырып, әкiмияттардың қызметкерлерi санының нормативтерiн әзiрлеу ұсынылсын.
4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 21 шілдедегі
N 985 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. N 275; 13.12.02 ж. N 1311 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерінің
аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық
маңызы бар қала, астана) әкімі орынбасарларының
шекті саны
Облыс | Әкімдер аппараттарының саны (бірлік) | оның ішінде әкім орынбасарлары (бірлік) |
Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Батыс Қазақстан Жамбыл Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Оңтүстік Қазақстан Павлодар Солтүстік Қазақстан Шығыс Қазақстан Алматы қаласы Астана қаласы Жиыны: | 68 65 75 55 64 69 75 70 61 46 84 68 67 74 291 140 1372 | 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 5 4 65 |
Ескерту. Облыс әкiмi аппаратының ең аз саны 45 бiрлiк деңгейiнде
белгiленген, бұл ретте облыс халқының саны 300-ден 600 мың адамға дейiн
болған кезде әкiм аппаратының саны халықтың 20 мың адамына 1 бiрлiк,
600-ден 1000 мың адамға дейiн - облыс халқының 50 мың адамына 1 бiрлiк,
1000 мың адамнан жоғары - халықтың 100 мың адамына 1 бiрлiк есебiмен
арттырылды. Республикалық маңызы бар қала (астана) әкiмiнiң аппараты штат
санының лимиттерiнде республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)
аудандар әкiмдерiнiң және өзге де лауазымды адамдардың лауазымдары
ескерiлдi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 21 шілдедегі
N 985 қаулысына
2-қосымша
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары
штат санының лимиттері және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі
орынбасарларының шекті саны
Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны (мың адам) | Әкімдер аппараттарының саны (бірлік) | оның ішінде әкім орынбасарлары (бірлік) |
Аудандар 50-ге дейін 50-ден жоғары Аудандық маңызы бар қалалар 10-нан 20-ға дейін 20-дан 50-ге дейін Облыстық маңызы бар қала 50-ден 100-ге дейін 100-ден 500-ге дейін 500-ден жоғары | 17 18-20 5 5-10 20-40 40-60 80-нен аспайды | 2 3 1 2 3 3 3 |
Аудан (аудандық, облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан әкімі орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. |
Ескерту. Қалалар әкiмдерi аппараттарының саны осы қалалық
әкiмшiлiктiң аумағындағы ауылдық округтер, кент әкiмшiлiктерi, кенттер,
ауылдар (селолар) ескерiлмей берiлген. Аудан әкiмi аппаратының саны оның
құрамына кiрген ауылдық округтар, кент әкiмшiлiктерi, кенттер,
ауылдар (селолар) халқы санына байланысты түзетiледi. Осы әкiмшiлiк-аумақ
бiрлiгiнiң халық саны 5 мың адамға дейiн болған кезде санды арттыру үш
бiрлiктен аспайды, халық саны 5 мың адамнан жоғары болса - әкiмнiң
орынбасарын қоса алғанда, 3-тен 5 бiрлiкке дейiн болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 21 шілдедегі
N 985 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгілік құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерінің саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iссапарларға арналған шығындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына қаражат жинауды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 840 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1425 және 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 5 маусымдағы N 930 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 қыркүйектегi N 1321 қаулысы.
5. "Ақмола қаласының мемлекеттiк органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 45 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 1920 қаулысы 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 616-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 28 шілдедегі N 421 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 сәуiрдегi N 567 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 1-тармағы.