Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
аумақтық органдарын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.02.01 ж. № 214; 21.07.01 ж. № 985
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес және жергiлiктi жерлерде еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының мемлекеттік еңбек инспекцияларының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау жөніндегі өкiлдiктерiнің (бұдан әрi - Аумақтық органдар) базасында жалпы штат саны 520 бiрлiк лимитiмен мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.
2. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының өкiлдерiне облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары мүлігінің бiр бөлiгiн Аумақтық органдарға беру ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі белгiленген тәртiппен:
1) Аумақтық органдар туралы ереженi бекiтсiн және оларды мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) екi айлық мерзiмде "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабын iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн;
3) бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 09.02.01 ж. № 214; 21.07.01 ж. № 985 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1)
2)
5. "Еңбек қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы № 1915-ХII қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 17 желтоқсандағы № 1270 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., 49, № 593-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары