Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 421 Жарлығын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 27 сәуірдегі № 567 Қаулысы
(2013.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын тарату туралы» 2000 жылғы 28 шілдедегі № 421 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 3872 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 440 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 27 сәуірдегі
№ 567 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 21.07.01 ж. № 985 қаулысымен алынып тасталды
2. ҚР Үкіметінің 2013.02.07. № 673 Қаулысымен күшi жойылды (бұр. ред. қара)
3. «Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1316 қаулысында:
2-тармақтағы «Ақмола арнайы экономикалық аймағының Әкімшілік Кеңесі» деген сөздер алынып тасталсын.
4. «Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы № 1770 қаулысында:
1-тармақтағы»- Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының,»деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтағы»- Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесінің төрағасы» деген сөздер алынып тасталсын.