Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 3 шілдедегі N 1006 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. N 1804; 22.11.01 ж.
N 1503; 28.12.01 ж. N 1755; 22.10.02 ж. N 1138
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 100 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. N 1804 қаулысымен тақырыбы мен мәтініндегі сөздер өзгертілді
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің қару мен әскери техниканы пайдалануын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілер арасында қару мен әскери техниканы беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 3 шілдедегі
N 1006 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. N 1804; 22.11.01 ж. N 1503; 28.12.01 ж. N 1755 22.10.02 ж. N 1138 қаулысымен
Қару мен әскери техниканы пайдалануға
құқылы субъектілердің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
4. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
5. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі
6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы
8. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі
9. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi
10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары