Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 қазандағы № 1138 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 шілдедегі № 1006 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |