Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 4 желтоқсандағы № 1804 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тақырыптағы және мәтіндегі «қару-жарақ пен» деген сөздер «қару мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесіндегі:
тақырыптағы «қару-жарақ пен» деген сөздер «қару мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi