сату немесе басқа біреуге беру мақсатында жердің құнарлы қабатын қазып алуға жол бермеуге;
жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қазып алынатын топырақтың құнарлы қабатын сақтауға және пайдалануға;
уақытша пайдаланылған жерлерді қайтарудың мерзімдерін сақтауға;
орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың тәртібін сақтауға, тарих, сәулет ескерткіштерін және жер учаскесіне орналасқан мемлекеттің қорғауындағы басқа да объектілердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
мемлекеттік органдарға жер туралы заңдарда белгіленген жерді пайдалану туралы мәліметтерді уақытылы ұсынуға;
басқа жер иелері мен жерді пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
жол құрылыс материалдарын жинап қою мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмудің ережелерін сақтауға міндетті.
7. Автомобиль жолдарының мұқтажына жер беру, оларды пайдалану және құрылыс салу "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
2. Автомобиль жолдарының бойында құрылыстар
салу және жер учаскелерін пайдалану
8. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының бақыланатын аймағының шегінде, олардың перспективалық құрылысына, қайта жаңартылуына және жөнделуіне жағдай жасау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол бойындағы ландшафтың бүлінуін болдырмау мақсатында жол органдарымен алдын ала келіспестен:
жергілікті маңызы бар жолдардың жолақ бөлігінің екі жағынан 100 метрден кем қашықтыққа;
халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың жолақ бөлігінің екі жағынан 200 метрден кем қашықтыққа елді мекендерді, үйлерді, құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды және басқа да объектілерді жобалауға және құрылысын салуға тыйым салынады.
Осы аймақта жер учаскелері автомобиль жолындағы қозғалысқа қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған үйлер мен құрылыстарды салуға ғана берілуі мүмкін.
9. I-III санаттардағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын елді мекендерді айналып өтіп төсеген кезде жердің қабатының жиегінен құрылысқа дейінгі ара қашықтық кем дегенде 200 м болады.
10. Автомобиль жолдарын мемлекеттік орман қоры жерлерінде төсеген кезде автомобиль жолдарының бойында жолдың әр жағындағы ені кемінде 250 м, құрайтын қорғаныс белдеуі бөлінуі тиіс.
11. I-III санаттардағы автомобиль жолдарының топырақ төсенішті жиегінен сәндік көшеттерге дейінгі қашықтық кем дегенде 25 м, IV-V санаттардағы жолдар үшін -15 м, қар тоқтату көшеттеріне дейін қар жиналуының көлеміне қарай белгіленеді.
12. Жол жиегіндегі оларды автомобиль жолдарын су басуға және жолақ бөліктің батпақтануына әкеп соқтыратын ауылшаруашылығы дақылдарын суару және суды резервтерге ағызу үшін суландырғыштар ретінде пайдалануға тыйым салынады.
13. Жалпы пайдаланудағы I-III санатты автомобиль жолдарының бойына тұрақты тамақтану және демалыс пункттерін топырақ төсемінің жиегінен 100 метрден жақын жерге орналастыруға рұқсат етілмейді.
14. Автомобиль жолының жолақ бөлігінен 2,5 шақырымнан жақын қашықтықтағы өзендер жайылмасынан, көпірлер және басқа құрылыстар орналасқан жерлердің жалпы таралған пайдалы қазбаларды (құм, қиыршық тас) дайындайтын кеніш өндірісіне жерлер беруге тыйым салынады.
15. Жолдың жолақ бөлігінен ені 30 м белдеуді атмосфера мен топырақтың улы заттармен үнемі ластануының ең жоғары шектеулі деңгейінен асып түсетін аймақ ретінде ауыл шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалануға тыйым салынады.
3. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына
жер берудің ерекшеліктері
16. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салу үшін әдетте, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер беріледі.
Орман қоры жерлерінен жер учаскелерін беру көбіне ағашсыз алаңдар немесе бұталы өсімдік және бағасы төмен бұталар өсетін алаңдардың есебінен жүргізіледі.
17. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге жер беру және алу заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Автомобиль жолдарын, көпірлерді және басқа да жол құрылыстарын су объектілерінде және су жағасындағы белдеулерге (аймақтарға) орналастыру кезінде міндетті түрде суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі органдарымен және балық қорын қорғау мен санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен қосымша келісім жасалады.
19. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға жер беру кезінде қосымша жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың қорытынды шешімін алу қажет.
20. Жер учаскелерінің автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге беруге және алуға мүдделі жол органдары көзделіп отырған автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту немесе жөндеу орындарын алдын ала келісу туралы, оны салудың мүмкін болатын нұсқаларын, жол белдеулерінің шамамен алғандағы мөлшерлерін, сондай-ақ жерді пайдалану мерзімін көрсете отырып, тиісті мемлекеттік атқарушы органға өтінішпен барады.
Өтінішке:
автомобиль жолы трассасын орналастыру нұсқаларының техникалықэкономикалық салыстырмасы және таңдап алынған неғұрлым оңтайлы нұсқа;
сұралынып отырған жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылар бойынша алаптар тұрғысындағы пайдаланылуы;
жер қойнауын қорғау жөніндегі аумақтық басқару органының таңдап алған учаскеде қазба байлықтарының жоқтығы туралы қорытындысы, ал олар болған жағдайда - жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органының осы учаскеде құрылыс салуға рұқсаты;
жоспар-картографиялық материал және топырақтың және геоботаникалық зерттеулердің деректері қоса беріледі.
21. Автомобиль жолдары өтуінің болжалған вариантын жерге қарап таңдап алу:
су қорғау, экологиялық және басқа шарттар мен талаптар;
топырақтың құнарлы қабатын қазып алу қажеттігі, оның қуаттылығы, пайдалану мақсаты;
уақытша пайдалануға берілген, бүлінген жерлерді қайта өңдеуге қажеттігі, оларды жер учаскелерінің бұрынғы иелері мен жерді пайдаланушыларға қайтарып берудің шарттары;
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің зияндары мен шығындарының мөлшері көрсетілетін актімен рәсімделеді.
Ауыл шаруашылығы мен орман алаптарын автомобиль жолдарымен құрылыстарды салу үшін алу кезінде меншік иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың зияндарымен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің шығындары белгіленген тәртіппен өтеледі.
22. Автомобиль жолының жерлері арқылы өтуінің варианты мен автомобиль жолдарын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) кейіннен жер беру шарттары жерлерді алу көзделген жер учаскелерінің иелерімен және жерді пайдаланушылармен, тиісті жерге орналастыру органдарымен, табиғат қорғау, сәулет органдарымен және көзделіп отырған жер берілуі мүдделерін қозғайтын басқа да ұйымдармен және мекемелермен алдын ала келісіледі.
23. Автомобиль жолы жерлер арқылы өтуін алдын ала келісу жобалау зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін негіз болып табылады.
24. Тиісті атқарушы орган автомобиль жолының өтетін жерін жергілікті жерлерге бекіткенге дейін жобалау-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жол берілмейді.
25. Жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жоба белгіленген тәртіппен бекітіледі, ал салынуға, (қайта жаңартуға, жөнделуге) автомобиль жолы салынатын, қайта жаңартылатын және жөнделетін жолдың титулдық тізіміне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірілген автомобиль жолдарын басқару жөніндегі орган тиісті атқарушы органға автомобиль жолы өтетін жердің алдын ала келісілген нұсқасына жер алу және жерді осы автомобиль жолын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) беру жөнінде өтініш жасайды.
Өтінішке:
автомобиль жолының (жол құрылыстарының) өтетін жерін таңдау жөнінде алдын ала келісу материалдары;
автомобиль жолын салу жобасы - объект құрылысының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауды, жер беруді, жерді қайта өңдеу, шаруашылық және өзге де қызметтің қолайсыз әсерін болдырмау жөніндегі шараларды және қоршаған табиғи ортаны сақтаудың, сондай-ақ сауықтыруды және жақсартуды қамтитын "Қоршаған табиғи ортаны қорғау" бөлімі;
жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылардың шеккен зияндарын, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын жерді алуға немесе уақытша пайдалануға байланысты басқа да шығындарды өтеу туралы міндеттеме қоса беріледі.
26. Тиісті атқарушы орган жерді қайтарып алу және автомобиль жолына беру туралы шешім қабылдайды.
4. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру
27. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіруді жер учаскесі берілетін автомобиль жолдарын басқару органдары мен жер учаскелері алынатын жер иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың қатысуымен жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар жүзеге асырады.
28. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру автомобиль жолына берілген жер учаскесінің шекарасын анықтау және оны басқа жер иелерінің, жерді пайдаланушылардың жерінен белгіленген үлгідегі таңбалармен шектеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
N 845 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде
сервис объектілері мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру
тәртiбi және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастырғаны үшін төлем ставкалары
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Тәртіп автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде жол қозғалысына қатысушыларға ақылы қызмет көрсету бойынша сервис объектілерін (автомобильге жанар-жағармай құятын стансаларды, тамақтандыру және сауда пункттерін, техникалық қызмет көрсететін жол стансаларын, автомобильдерді жуу пункттерін, демалыс және түнеп шығу пункттерін, кемпингтер мен оларға барар жолдарды) және плакаттар, стендтер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiндегi сыртқы (көрнекi) жарнама мен жарнаманы тұрақты орналастырудың басқа да объектiлерін орналастыру шарттарын, орналастыруды келiсу тәртiбiн, сондай-ақ республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлем ставкаларын белгілейді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Жол қозғалысы ұйымдастырылуының, автомобиль жолдары параметрлерінің өзгеруін, инженерлік-коммуникацияларды салуды, немесе жолақ бөліктің шекарасын өзгертуді және жер алуды талап ететін сервис объектілерін орналастыру кезінде жергілікті атқарушы органдармен келісу жүргізу арқылы дербес жобалау, белгіленген тәртіппен жер беруді немесе тапсыруды ресімдеу төлқұжат жасау жүзеге асырылады. Жолақ бөліктегі бар сервис объектілеріне белгіленген тәртіппен жол органдарымен келісім, жоба құжаттамасы, төлқұжат ресімделуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Автомобиль жолдары жолақ бөлігінің құрылыс жобасымен қарастырылған және жол органдарымен пайдаланбайтын жерлерінде сервис объектілерін және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жол органдарымен шарт және объектіні автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде орналастыруға төлқұжат бойынша жер учаскелерінің мақсатты пайдалану бағдарын өзгертпестен оларды уақытша қысқа мерзімдік жер пайдалануға беру жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Сервис объектілері мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шарттарының және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен стандарттар талаптарының сақталуы жағдайында жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетуге жол берiлмейтiн ретте жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сервис объектілерін және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары қарауындағы жол органдарын орналастыру орнын және өз деректерін көрсете отырып, объектіні орналастыруды ресімдеу туралы өтініш береді. Өтінішке объектінің түрлі түсті орындалуымен және өлшемдерімен бірге нобайы қоса беріледі.
Жол органдары өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын анықтайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ объектілердің өлшемдері мен көркемдік орындалуының қолданылып жүрген нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Мәселе оң шешілген жағдайда объектіні жолға орналастыру жүзеге асырылады және бұл төлқұжатта: төлқұжат қызметінің мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде көлік жүруінің ұйымдастырумен бірге объектіні жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына орналастырудың сызбасы мен объектінің нобайы көрсетілетін төлқұжат ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Төлқұжатты жол органы береді және тиісті облыстың Жол полициясы бөлімшесімен келісіледі.
Төлқұжаттың қолданылу мерзімі автомобиль жолдарын дамыту бағдарламаларына қарай анықталады, бірақ, әдетте бір жылдан аспайды. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі оның аяқталуына қарай ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда төлқұжат қайта ресімделуге жатады.
Төлқұжаттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшерлері төлқұжатқа енгізілген мөлшерлерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 8-тармақ алынып тасталды
8. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды
9. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 10-тармақ алынып тасталды
10.алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 11-тармақ алынып тасталды
11.алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. Бетінің алаңы 3 м2 дейінгі республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшін ақының ай сайынғы ставкасы мыналарға тең белгіленеді:
Жолдардың санаты | Ақының айлық есепті көрсеткіштердегі ставкалары |
қалаға кіреберіс | 25 |
I, II | 20 |
III | 10 |
IV | 5 |
Көлемнен тыс жарнамалық ақпаратты орнату кезінде ақының ай сайынғы ставкасы ақпараттық парақтың көлемінің 3 м2 - қатысты өсуіне бара-бар көбейеді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 13-тармақ алынып тасталды
13. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. N 711 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң иелерiнен алынатын төлем республикалық бюджетке енгiзiлуi тиiс.
15. Сервис объектілері мен жарнаманы тиісті құжаттамаларды ресімдеместен және оны жол органдарымен, Жол полициясы органдарымен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен келіспестен өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.
16. Сервис объектілері мен жарнаманы өз бетінше орналастырған иелері қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.
Жолақ бөлікті өз бетімен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.