Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер
мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 жылғы 13 қазандағы N 1327 қаулысы
(ҚР Үкiметiнiң 1996.19.02 N 213 ;1996.15.07 N 905 ;
1997.20.05 N 851 ; 1997.08.05 N 810 ; 2005.09.02 N 124 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 Заң күшi бар Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 13 қазандағы
N 1327 қаулысымен
бекiтiлген
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi
жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен
толықтырулар
1. ҚР Үкiметiнiң 1996.15.07 N 905 қаулысымен алып тасталды
2-8. ҚР Үкiметiнiң 1996.19.02 N 213 қаулысымен алып тасталды
9. ҚР Үкiметiнiң 1997.20.05 N 851 қаулысымен алып тасталды
10. ҚР Үкiметiнiң 1997.08.05 N 810 қаулысымен алып тасталды
11. "Атакент" еркiн сауда аймағының мәселелерi" деген Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 тамыздағы N 950 қаулысында /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 366 394-құжат/:
1-тармақтың екiншi абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын;
аталған қаулымен бекiтiлген "Атакент" еркiн сауда аймағының Әкiмшiлiк кеңесi туралы ережеде:
5-тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталсын;
6-тармақтың сегiзiншi абзацындағы "және тiркеу туралы оған берiлген куәлiктi олар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда жоққа шығаруға" алынып тасталсын;
аталған қаулымен бекiтiлген "Атакент" еркiн сауда аймағы аумағында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi тiркеу тәртiбi туралы ереженiң күшi жойылған деп танылсын.