"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын
жүзеге асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 19 ақпандағы № 213 Қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 қаңтардағы № 2823 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасындағы еркiн экономикалық аймақтардың мәселелерi" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 13 сәуірдегі № 320 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 15, 245-бап):
"Жезқазған облысындағы Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын дамыту жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 қыркүйектегi № 734 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 35, 529-бап);
"Талдықорған облысындағы Алакөл еркiн экономикалық аймағын дамыту жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 4 қыркүйектегi № 740 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 35, 533-бап);
"Талдықорған облысының Жаркент еркiн экономикалық аймағын дамыту жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 4 қыркүйектегi № 741 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 35, 534-бап);
"Талдықорған қаласындағы "Талдықорғансырткөлiк" кәсiпорнының негiзiнде еркiн экономикалық қосалқы аймақты дамыту жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 4 қыркүйектегi № 742 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 35, 535-бап);
"Маңғыстау еркiн экономикалық аймағын дамыту үшiн басым маңызы бар бiрiншi кезектегi мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы № 904 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 41, 612-бап);
"Лисаковск еркiн экономикалық аймағының дамуы үшiн басым маңызы бар бiрiншi кезектегi мәселелер туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 23 қарашадағы № 974 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 45, 656-бап);
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 шiлдедегi № 663 қаулысының № 1 қосымшасының 4 және 8-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 31, 362-бап);
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң салық салу мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және кейбіреуiнiң күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 тамыздағы № 1069 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң салық салу мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 27, 320-бап);
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 қазандағы № 1327 қаулысымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 32, 407-бап).
2. Жезқазған, Талдықорған, Қостанай облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi сондай-ақ аталған облыстардың Еркiн экономикалық аймақтарының Әкiмшiлiк кеңестерi Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы № 2823 Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлердi қайта қарасын және күшiн жойсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі 1996 жылдың 20 ақпанына дейiнгi мерзiмде мүдделi мемлекеттік органдармен келiсу тетiгi енгiзiлген "Арнайы экономикалық аймақтар құру туралы ұсыныс енгізу тәртібін", сондай-ақ тұжырымдама мен техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне ұсынсын.
4. Жезқазған, Талдықорған, Қостанай облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi бiр ай мерзiмде еркiн экономикалық аймақтар қызметiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң нәтижелерiн қарасын және жаңа экономикалық жағдайда олардың жұмыс iстеуiнiң орындылығы туралы мәслихаттармен келісілген ұсыныстары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi