- кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру, шағын кредит беру практикасын кеңейту, мұның өзi көлеңкелi жұмыспен қамтуға балама жасауға мүмкiндiк бередi;
- еңбек көші-қоны ағындарын мемлекеттік реттеу, салалар мен аумақтар арасында еңбек ресурстарын қайта бөлу үшiн жағдайлар жасау, жұмыс көп аймақтардан еңбек көшi-қонын ынталандыру;
- еңбек рыногы мониторингi жүйесiн дамыту, үй шаруашылығы жай-күйiнiң демографиялық, мүлiктік көрсеткіштерi бар әлеуметтiк картаны пайдалануды жетiлдiру және кеңейту;
- өндiрiс пен қызметтер көрсету саласын дамытудың басым қажеттілiктерiне қатаң байланыста жұмыс күшін әкелуге квотаны айқындау және құрылымдау.
әлеуметтiк шаралар:
- мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердiң арасында жауапкершілiктi оңтайлы бөлудi көздейтiн, жұмыспен қамту уәждемесiн ынталандыратын әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн қалыптастыру.
әкiмшілiк шаралар:
- еңбек заңнамасының, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту;
- көлеңкелi экономикамен айналысатын және салықтар мен әлеуметтiк төлемдер төлеуден жалтаратын азаматтарға (жұмыс берушiлерге, жалдамалы қызметкерлерге, өзiн-өзi жұмыспен қамтылғандарға) әкiмшiлiк шаралар қолдану;
- атқарушы, өкiлдi, құқық қорғау және бақылаушы органдардың заңсыз (жасырын) қызметтi, жасырын (көлеңкелi немесе астыртын) қызметті және бейресми өндiрiстi жария ету жөніндегі бiрлескен жұмыстарын күшейту;
- басқарушылық функцияларды, атап айтқанда, сыртқы еңбек көшi-қонын реттеудегi, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудегi функцияларын одан әрi орталықсыздандыру.
3.6. Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн басқаруды жетiлдiру
3.6.1. Әлеуметтiк реформаларды тереңдетудiң өңiрлiк аспектісi
Әлеуметтiк реформаларды тереңдету орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар арасында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн басқару функцияларын одан әрi оңтайландыруды және қайта бөлудi қажет етедi.
Бағдарламаны iске асыру барысындағы мiндеттер:
Орталық атқарушы органның міндеттерi әлеуметтiк қамсыздандырудың ұлттық саясатын қалыптастыру, аймақтарда ұсынылатын әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң қол жетiмділік жағдайларын кезең-кезеңiмен теңестiру әдiстерiн әзiрлеу, аймақтардың әлеуметтiк даму бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға әдiснамалық көмек көрсету болып табылады;
жергілiктi атқарушы органдардың мiндеттерi - кеңiнен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу және iс-шаралар жоспарлары мен әлеуметтік даму бағдарламаларын әзiрлеу, олар мыналарды қамтиды:
а) әлеуметтiк сақтандыруды дамыту бөлiгiнде - үш жақты аймақтық келісімдер негізiнде әлеуметтік қамсыздандырудың ерiктi және кәсiби схемаларын дамытуды ынталандыру жөнiнде шаралар қабылдау;
б) әлеуметтiк көмек көрсету бөлiгiнде - АӘК, тұрғын үй көмегi, сондай-ақ aз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейiнгi балалар жәрдемақысы жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын болады.
Көрсетiлетiн материалдық көмектiң атаулылығын күшейту үшiн әлеуметтiк картаны енгізу және аз қамтылған отбасыларының дерекқорын жасау аяқталатын болады, бұл кедейлiк мониторингiнiң сапасын жоғарылатады, аз қамтылған отбасыларының жиынтық табысын нақты белгілеу, кедейлiктi жеңудiң белсендi әдiстерiн дамыту үшiн жағдайлар жасайды.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыру ауылдық, аудандық және облыстық әкiмдiктердi тиiстi техникалық жарақтандырумен және мемлекеттің азаматтарына электронды қызмет көрсетудiң бiрыңғай жүйесi шеңберiнде аймақтарды ақпараттық қамтамасыз етудiң кiрiктiрілген жүйесiн құрумен қоса жүретiн болады;
в) мүгедектiктiң алдын алу бөлiгiнде мүгедектерге медициналық, әлеуметтiк және білім беру қызметтерiне қол жетiмдiгiн қамтамасыз eту және оларды оңалту жүйелерiн жетiлдiру
оңалтудың кешендi және облыстық бағдарламаларына қосымша оңалту қызметтерiне мүгедектердiң қол жетiмдiгiн қамтамасыз етуге және олардың тұрғылықты жерiне жақындатуға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерiне қол жетiмділiктi қамтамасыз етуге, оңалту және мүгедектердi еңбекке орналастыру мекемелерiнiң желісін дамыту жөніндегі нақты шаралар әзiрленедi.
г) әлеуметтiк қызметтер көрсету бөлiгiнде
қызметтерге мұқтаж халықтың жекелеген санаттары үшін әлеуметтiк қызметтердiң тұтастай жүйесiн кезең-кезеңiмен құру көзделедi;
д) еңбек қатынастарын дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бөлiгiнде
жұмыспен қамтудың белсендi саясатын iске асыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады: еңбек рыногы мониторингінің негiзiнде жаңа жұмыс орындарын құру, кәсiби даярлықты ұйымдастыру, еңбек рыногында нысаналы топтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсiби даярлау, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстардың экономикалық тұрғыдан тиiмдi түрлерiн дамыту және пайдалану.
3.6.2. Ақпараттық қамтамасыз етудi және әлеуметтiк
статистиканы жетiлдiру
Ақпараттық қамтамасыз етудi жетiлдiру азаматтарға электронды қызмет көрсетудiң бiрыңғай жүйесiн құру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады және ол мыналарды қамтиды:
- әлеуметтік төлемдердi және әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк төлемдер жүйесiне қатысушылар аударымдарын есепке алу мен бақылаудың бiрыңғай дербестендiрiлген жүйесiн құру;
- аз қамтылған отбасыларының олардың сандық, сапалық сипаттамасын және әлеуметтiк жағдайын көрсететiн дерекқорын жасау;
- мүгедектердiң саны, мүгедектiктiң жай-күйi мен себептерi, мүгедектердiң қажеттiлiктерi мен оларды қанағаттандыру туралы ақпараты бар мүгедектердiң дерекқорын жасау;
- әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне әкiмшiлiк етудiң тиiмдiлігін жақсарту мақсатында әлеуметтiк төлемдер (Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан зейнетақылар, мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтiк төлемдер) iстерiнiң электрондық мұрағатын жасау (2005 жыл), кейiннен зейнетақылар мен жәрдемақыларды (2007 жыл) электрондық тағайындау тетiгін енгізу;
- iрi кәсiпорындардың (еңбектi қорғау және оның қауiпсiздігін сақтау, өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптік аурулар деңгейi) дерекқорын құру.
Қазiргі бар ақпараттық жүйе және жасалған дерекқоры негiзiнде деректер алмасудың бiрыңғай форматы, ақпараттық кiшi жүйелер мен дерекқорының өзара iс-қимылдары бар ауылдық, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдi қамтитын сатылас құрылымы болатын кiрiккен ақпараттық жүйе жасалатын болады.
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жасалатын "Қазақстан ресурстары", "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар" дерекқорының интерфейсi әзiрленiп, iске асырылатын болады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың ақпараттық жүйесiнiң кiрiккен моделi әлеуметтiк статистиканы дамыту үшiн негiз болып табылады.
3.6.3. Кадрмен қамтамасыз ету
Әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң негiзгi бағыттарын iске асыру әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесi кадрларын даярлауды және біліктілігiн арттыруды қажет етедi.
Осыған байланысты:
- жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарында арнаулы факультеттер мен бөлiмшелердi аша отырып, әлеуметтiк қызметкерлердi;
- білiкті актуарийлердi қайта даярлаудың жүйесiн ұйымдастыру қажет.
Қызметкерлердiң білiктiлiгiн арттыруды және кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшiн:
- сарапшы дәрiгерлердiң білiктiлігін арттыру циклдарын Алматы мемлекеттік дәрiгерлердi жетiлдiру институтында және бейiндi ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми орталықтарда ұйымдастыру;
- орталық, аумақтық және жергілiкті атқарушы органдар әлеуметтiк қызметкерлерi үшiн жоғары және орта кәсiптiк оқу орындары мен "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі кадрларының біліктiлiгiн арттыру курстары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны базасында арнаулы бағдарламаларын әзiрлеу;
- әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерiмен айналысатын үкiметтік емес ұйымдарды және халықаралық институттарды тарта отырып, әлеуметтік саясаттың негізгi бағыттары бойынша арнаулы курстар ұйымдастыру;
- әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн актуарлық талдау мәселелерi жөніндегі озық орталықтарда тағылымдамадан өтудi пайдалана отырып, ұлттық актуарийлердi даярлауды қарастыру көзделедi.
3.7. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
Бағдарламаны орындау оны iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының негізiнде жүзеге асырылатын болады.
Iс-шаралар жоспары әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру, еңбек қатынастарын реттеу, жемiсті жұмыспен қамтуға және ұсынылатын әлеуметтiк қызметтер сапасын арттыруға жәрдемдесу жөніндегi негізгі бағыттарды айқындайды.
Кешендi iс-шаралар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік реформаларды тереңдетудiң негізгі бағыттары бойынша мақсатты және келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз етудегi атқарушы органдардың барлық деңгейлерiндегі қызметтi үйлестіруге және жұмылдыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі іс-шараларды орындау барысын бақылау арқылы Бағдарламаны iске асырудың тұрақты мониторингiн және тиiмділігiн бағалауды жүзеге асыратын болады.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 40 қаулысымен IV бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
IV бөлiм. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты, жұмыс берушінiң және/немесе қызметкерлердiң мiндетті және epiкті жарналары қаржыландырудың көздерi болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен барлығы 994599,9 млн. теңге сомасында қаражат талап етіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен:
2005 жылы - 276230,5 млн. теңге;
2006 жылы - 341203,4 млн. теңге;
2007 жылы - 363736,9 млн. теңге,
жергілікті бюджеттен:
2006 жылы - 6519,0 млн. теңге;
2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар шығыстарының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленетiн (нақтыланатын) болады. Жергілікті бюджеттерден шығыстарды жергілiктi өкiлдi органдар белгiлейтiн болады.
V бөлiм. Бағдарламаны iске асырудан
күтілетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру:
мемлекеттік бюджет қаражаты, жұмыс берушілердiң және/немесе қызметкерлердiң мiндеттi жарналары мен ерiктi қаражаты есебiнен халықты әлеуметтiк қамсыздандырудың деңгейiн арттыруға:
халықты әлеуметтік қамсыздандырумен қамтуды кеңейтуге;
кедейлiк деңгейiн азайтуға;
еңбек жағдайлары мен қауiпсiздiгiн жақсартуға;
көлеңкелi жұмыспен қамтуды қысқартуға;
жұмыссыздық деңгейiн азайтуға;
ұсынылатын әлеуметтiк қызметтер көрсету сапасын арттыруға;
әлеуметтiк қатерлердi сақтандыруды және сақтандыру рыногын дамытуға; әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнде есепке алудың бiрыңғай дербестендiрілген жүйесiн және әлеуметтiк төлемдер мен аударымдарды бақылау жүйесiн құруға ықпал ететiн болады.
Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру және халықтың табысын ұлғайту төлем қабілетіне сұраныстың артуына әкеп соғады және ол экономикалық өсудiң серпiнi болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 40 қаулысымен VI бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
VI бөлiм. Қазақстан Республикасында әлеуметтiк
реформаларды одан әрi тереңдетудің 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
Iс-шаралар жоспары
┌────┬─────────────────────┬──────────┬─────────┬───────┬──────┬──────┐
│ p/c│ Iс-шаралар │ Аяқталу │Орындалуы│ Орын- │ Бол- ├Қаржы-│
│ N │ │ нысаны │ (iске │ далу │жамды │ланды-│
│ │ │ │асырылуы)│ (iске │шығыс-│ ру │
│ │ │ │ үшiн │ асыру)│ тар, │көзi │
│ │ │ │жауапты- │мерзімi│ млн. │ │
│ │ │ │ лар │ │теңге │ │
├────┴─────────────────────┴──────────┴─────────┴───────┴──────┴──────┤
│ 1. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1.1. Ең төмен күнкөрiс Ведомство- ЕХҚМ, 2005 Талап │
│ көлемін айқындау лық норма- СА, жылғы етіл- │
│ әдiстемесiн тивтiк ДСМ, І мейді │
│ жетiлдiру құқықтық БҒМ тоқсан │
│ кесiмдер │
│ жобасы │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1.2. Ең төмен мемле- Қазақстан ЕХҚМ, 2005 Талап │
│ кеттiк әлеуметтік Республи- ДСМ, БҒМ жылғы етіл- │
│ стандарттарды касы ІІІ мейді │
│ белгілейтін, жәр- Заңдарының тоқсан │
│ демақылар мен жобалары │
│ басқа да әлеумет- │
│ тік төлемдердiң │
│ мөлшерін айқындай- │
│ тын нормативтік │
│ құқықтық кесiмдер- │
│ дiң түгендемесiн │
│ жүзеге асыру және │
│ оларды "Ең төменгi │
│ күнкөрiс деңгейi │
│ туралы" Қазақстан │
│ Республикасы │
│ Заңымен сәйкес │
│ келтiру │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1.3. Ең төмен күнкөрiс Қазақстан ЕХҚМ, Тоқсан Талап │
│ көлемiн айқындау Республи- МАСМ, сайын етіл- │
│ әдiстемесін халық- касының облыс- мейді │
│ аралық тәжiрибе Үкіметіне тардың, │
│ негізiнде және ақпарат Астана │
│ халықаралық ұйым- және │
│ дармен бірлесіп Алматы │
│ жетілдіру жөнінде қалала- │
│ жүргiзiлетін жұмыс рының │
│ туралы халық әкімдері │
│ арасында түсіндіру │
│ жұмыстарын жүргi- │
│ зудi қамтамасыз │
│ ету │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2.1. Әлеуметтік қамсыздандырудың базалық деңгейі │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2.1.1. Әлеуметтік қамсыз- Қазақстан ЕХҚМ, 2005- 2005 ж.- Рес- │