«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 және 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 40 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 587-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жолдың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен барлығы 994599,9 млн. теңге сомасында қаражат талап етіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен:
2005 жылы - 276230,5 млн. теңге;
2006 жылы - 341203,4 млн. теңге;
2007 жылы - 363736,9 млн. теңге;
жергілікті бюджеттен:
2006 жылы - 6519,0 млн. теңге;
2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.»;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген III бөлімде:
«Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру» деген 3.1-кіші бөлімнің оныншы абзацындағы «зейнетақылар мен жәрдемақылардың және басқа да әлеуметтік төлемдердің ең төмен мөлшерін» деген сөздер «мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру» деген 3.2-кіші бөлімде:
«Әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі деңгейі» деген 3.2.1-тарауда:
«- жерлеуге арналған мемлекеттік жәрдемақы (тек негізгі әлеуметтік төлемдер алушылар үшін).« деген алтыншы абзац алынып тасталсын;
тоғызыншы абзацтағы «2006 жылдан» деген сөздер «2005 жылғы 1 маусымнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацта:
«2006» деген сандар «2005» деген сандармен ауыстырылсын;
«күнкөріс минимумының (КМ) 20%-тен 25%-ке дейінгі» деген сөздер «3000 теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Негізгі әлеуметтік қатерлерді әлеуметтік сақтандыруды дамыту (қарттықтың басталуы, еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу)» деген 3.2.2-тарауда:
«А» тармағының «- міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең көп табыстың мөлшерін ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен алпыс еселенген мөлшеріне дейін азайту» деген тоғызыншы абзацы алынып тасталсын;
«Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетілдіру» деген 3.2.3-кіші бөлімде:
«А» тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«А. Балалы отбасыларға бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы төлеміне қосымша:
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - жан басына шаққандағы орташа кірісі азық-түлік себетінің құнынан төмен, аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы;
2006 жылғы 1 шілдеден бастап - отбасының кірісіне қарамастан, бала бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы төленетін болады. Жәрдемақы мөлшері балалардың санына қарай сараланып белгіленетін болады.»;
«В» тармағының «- әлеуметтік көмектің әр алуан түрін алуға үміткер адамдар үшін жиынтық табысты есептеудің бірыңғай әдістемесі әзірленетін (тұрғын үй көмегі, АӘК, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы);» деген yшінші абзацы алынып тасталсын;
«Г» тармағы «жәрдемақы» деген сөзден кейін «және жерасты әрі ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген IV бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен барлығы 994599,9 млн. теңге сомасында қаражат талап етіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен:
2005 жылы - 276230,5 млн. теңге;
2006 жылы - 341203,4 млн. теңге;
2007 жылы - 363736,9 млн. теңге,
жергілікті бюджеттен:
2006 жылы - 6519,0 млн. теңге;
2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.»;
«Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары» деген VI бөлімде:
«2. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру» деген бөлімде:
«2.1. Әлеуметтік қамсыздандырудың базалық деңгейі» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 2.1.1-жолдың 6-бағанындағы «2005 ж. - 13128,7; 2006 ж. - 44372,1; 2007 ж. - 55508,6» деген сандар «2005 ж. - 82483,0; 2006 ж. - 121371,2; 2007 ж. - 126636,7» деген сандармен ауыстырылсын;
«2.2. Негізгі әлеуметтік тәуекелдерді сақтандыруды дамыту» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 2.2.1-жолдың 6-бағанындағы «2005 ж. - 9490,0; 2006 ж. - 15933,7; 2007 ж. - 19016,7» деген сандар «2005 ж. - 180050,6; 2006 ж. - 193348,2; 2007 ж. - 199757,5» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.2.2-жолдың 2-бағанындағы «- міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың мөлшерін азайту бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 2.2.5-жолдың 6-бағанындағы «Бөлінетін қаражат шегінде» деген сөздер «2006 ж. - 250,0; 2007 ж. - 249,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«2.3. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетілдіру» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 2.3.1 -жолдың 6-бағанында:
«2007 ж. - 15291,0» деген сандар «2006 ж. - 6339,7; 2007 ж. - 14335,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бөлінетін қаражат шегінде (атаулы әлеуметтік көмекке арналған қаражатты азайту есебінен)» деген сөздер «2006 ж. - 6519,0; 2007 ж. - 6910,1» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.3.3-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 2.3.6-жолда:
2-баған «мүгедектері» деген сөзден кейін «, кәмелетке толмаған, бірге тұратын 4 немесе одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе І және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар» деген сөздермен, «жәрдемақылардың мөлшерін» деген сөздерден кейін «2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 4000 теңгеге дейін» деген сөздермен толықтырылсын;
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«2005 жылғы І тоқсан, 2006 жылғы І тоқсан»;
6-бағандағы «2005 ж. - 2791,1; 2006 ж. - 2338,4; 2007 ж. - 1854,6» деген сандар «2005 ж. - 12582,3; 2006 ж. - 19891,4; 2007 ж. - 20716,9» деген сандармен ауыстырылсын;
«4. Әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру» деген бөлімде:
4.2-кіші бөлімдегі 4-бағандағы «МСА» деген аббревиатура «Қаржымині» деген сөзбен ауыстырылсын;
«6. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін басқаруды жетілдіру» деген бөлімде:
«6.3. Кадрмен қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 6.3.2-жолдың 6-бағанындағы «2006 ж. - 5,3; 2007 ж. - 5,6» деген сандар «2006 ж. - 2,9; 2007 ж. - 3,1» деген сандармен ауыстырылсын;
ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік бюджеттен барлығы - 994599,9 млн. теңге қаражат талап етіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен:
2005 жылы - 276230,5 млн. теңге;
2006 жылы - 341203,4 млн. теңге;
2007 жылы - 363736,9 млн. теңге,
жергілікті бюджеттен:
2006 жылы - 6519,0 млн. теңге;
2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.»;
2) «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көлемі мен көздері» деген абзацта:
«35688» деген сандар «35,7» деген сандармен ауыстырылсын;
«182500» деген сандар «182,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
«35688» деген сандар «35,7» деген сандармен ауыстырылсын;
«182500» деген сандар «182,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімнің кестесінде:
реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағанындағы «2-тоқсан» деген сөздер «4-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдың 6-бағанындағы «35688», «182500» деген сандар тиісінше «35,7», «182,5» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 12-жолдың 5-бағанындағы «3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | Д. Ахметов |